19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Амәнту

Ислам дінінде сенілуі қажет болған алты негізгі шарт.

Амәнту және мағынасы: «Амәнту биллаһи уә Мәлаикәтиһи уә Кутубиһи уә Русулиһи уәл-яумил-ахири уә бил-қадари, хайриһи уә шәрриһи мин Аллаһи та’ала уәл-баъсу баъдал мәути хаққун, Әшһәду ән лә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһү уә Расулуһү».

Аллаһу та’алаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ахирет күніне, тағдырдың, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігіне сендім. Өлгеннен соң тірілу хақ. Аллаһтан басқа илаһ жоқ екендігіне және Мұхаммед алейһиссалам Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін,- деген сөз.

Амәнтуде білдірілген алты шарттың мағыналарын біліп, ұнатып қабыл еткен адамға мүмин делінеді. (Кәмахлы Фәйзуллаһ)

Мұсылман емес адам кәлимаи тәуһидті айтып, мағынасына қысқаша сенген кезде, сол сәтте мұсылман болады. Бірақ барлық мұсылмандар сияқты мүмкін болса, Амәнтудың шарттарын жаттап, мағынасын жақсылап үйренуі қажет. (Дамад)

Бала кішкентай кезінде ата-анасының дініне тәуелді болып мұсылман болады. Балиғат жасына толғанда ата-анасының дініне тәуелді болмайды. Ислам дінін білмей балиғатқа толған бала мүртәд болып, мұсылмандықтан шығады. Сол себептен балиғат жасына толмастан бұрын кәлимаи тәуһидті, Амәнтуды және бұлардың мағыналарын үйрету керек. Бала осыларға және ислам дініне мойынсұну керек екендігіне сену керек. (Ибн Абидин)