2 - Жамазиәл-әууәл, 1443 жыл.
     6 - Желтоқсан, 2021 жыл.   


  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Ғұсыл алу қажет болғанда асығу керек

Ғұсыл алу қажет болғанда асығу керек

Сұрақ: Ғұсыл алуы қажет болған жағдайдағы адам бой дәрет алуға асығу керек пе? Болмаса қашанға дейін кешіктіруге болады?

Жауап: Жүніп (ғұсылы жоқ) кісі оқымаған намазының уақыты шыққанға дейін ғұсыл алмаса, күнә болмайды. Одан кейін кешіктіруі үлкен күнә. Хадис шәрифте:

«Ластанған кезде дереу ғұсыл құйыныңдар! Өйткені кирамән катибин (амалдарды жазатын) періштелері жүніп күйде жүретін адамнан мазасызданады» делінген. Имам Ғазали хазрет айтқан:

«Бір адам түсіме кіріп маған: «Біршама уақыт жүніп күйде (ғұсылсыз) жүрдім. Қазір үстіме отты көйлек кигізілді. Әлі оттың ішіндемін» деді».

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген:

«Ғұсыл алуға тұрған адамға үстіндегі қыл санындай, яғни өте көп сауап беріледі. Сол шамада күнәлары кешіріледі. Жәннаттағы дәрежесі көтеріледі. Ғұсылы үшін оған берілген сауап дүниедегі барлық нәрседен қайырлырақ болады. Аллаһу та'ала періштелеріне «Мына құлыма қараңдар! Түнде ерінбей тұрып, менің бұйрығымды ойлап жүніптіктен ғұсыл құйынып жатыр. Сендер куә болыңдар, бұл құлымның күнәларын кешірдім және өшірдім» дейді».

 

Сұрақ: Жүніп (ғұсылы бұзылған) адамның бой дәрет алмастан бір нәрсе ішіп-жеуіне бола ма?

Жауап: Жүніптің қолын және аузын жумастан ішіп-жеуі тәнзиһән мәкрух. Өйткені аузына, қолына тиген су мустамәл (қолданылған) болады. Ал мустамәл суды ішу мәкрух. Етеккірі (хайзы) келген әйелге бұл қатысты емес. Өйткені етеккірі келген әйелге ғұсыл алу әмір етілмеді.

 

Сұрақ: Жүніп күйде ұйықтаудың діни тұрғыда зияны бар ма?

Жауап: Жүніп күйде ұйықтау күнә емес.

 

Сұрақ: Ер кісі әйелімен бірге бір ыдыстан су алып бой дәрет құйынуына бола ма?

Жауап: Әйелімен бірге бір ыдыстан ғұсыл алу рұқсат.

 

Сұрақ: Намаз оқуды бастарда ниетті қай кезде жасау керек?

Жауап: Ифтитах тәкбірі айтылатын кезде ниет етіледі. Одан бұрын ниет етуге де болады. Тіпті жамағатпен намаз оқу үшін үйінен шыққан адам ниет етпей имамға ұйып кетсе, рұқсат болады. Бірақ жолда намазды бұзатын ештеңе істемеуі керек. Жүрудің және дәрет алудың зияны жоқ.

 

Сұрақ: Хайз (етеккір) күйіндегі әйел баласын емізе ала ма?

Жауап: Хайз күйіндегі әйел көкірегін жумай-ақ баласын емізе алады. Жүніп болған (ғұсылы бұзылған) әйелдің көкірегін жумастан емізуі мәкрух болады.

 

Сұрақ: Дәреті бар кезде баласын емізген әйелдің дәреті бұзыла ма?

Жауап: Баласын емізген әйелдің дәреті бұзылмайды.