Жұма сұхбаты:
Жүректер Жаратқанды ұмытса...
Бүкіл жамандықтардың басы – жүректің Раббысын ұмытуы. Ахирет күні харамның азабы болғанындай, халалдың да есебі болады. Имам Ғазали (рахметуллаһи алейһ) «Ихия-ул Улум» кітабында осы тақырыпта мына хикаяны баяндайды:
Бір адам Иса алейһиссаламмен дос болғысы келеді. Ұлы пайғамбар оның көңілін қалдырмай, өзімен бірге ертіп, екеуі бірге жолға шығады. Біраз жол жүрген соң судың қасына тоқтайды. Оларда үш нан бар еді. Екі нанды жейді. Иса алейһиссалам су ішіп келуге барып, қайтып келгенінде үшінші нанның жоқ екенін байқап сұрайды:
- Нан қайда?
- Білмеймін, - деген жауап алады.
Хазреті Иса пайғамбар досымен жолды жалғастырады. Біраз жол жүрген соң әбден қарындары ашады. Сол кезде екі киікті көріп қалады...
Сұрап үйренген ғалым:
Қазіргі ажырасулардың себебі
Сұрақ: Қазір ажырасу күн сайын артып барады. Отбасының жүгі ортақ деп әйелдер әртүрлі жұмыстарда істеуге мәжбүрленуде және осының нәтижесінде отбасылар құлдырауда. Әйелдер жұмыс істеуге міндетті ме?
Жауап: Зәрулік туындамастан әйелімен ажырасып, үй-жайын, жанұясын бұзып, бақыттан айрылу және ажырасқан әйеліне мәһір ақшасын өтеу ер адамға оңай емес. Әйел күйеуіне ыстық тамағын дайындап, киімін жуып, жыртығын жамап, балаларына діни білім мен тәрбие беріп, күйеуінің бейқам және бақытты өмір сүруін қамтамасыз етеді. Жылы сөздерімен күйеуіне шаттық береді. Әйелімен ажырасқан ер адам осы ниғметтерден мақұрым қалады. Ажырасқан кезде әйелдің напақасын беру әкесінің, әкесі болмаса бай туысының мойнына парыз болып жүктеледі...