ҒҰСЫЛ БАБЫ
Ғұсылдың парызы Ханафиде үш, Маликиде бес, Шафииде екі, Ханбалиде бір. Ханафи мазһабындағы ғұсылдың үш парызы: 1) Бір рет ауызды шаю. Тістердің арасына және тіс шұңқырларының ішіне су тигізу парыз. [Ханафи мазһабын ұстанатын адам, зәрулік (мәжбүрлік) болмастан тісіне пломба және қаптама жасай алмайды. Алмалы-салмалы тістер жасатады және ғұсыл алатын кезде, бұларды шешіп астын жуады. Зәрулік болса, пломба немесе қаптама жасату жаиз болады. Бірақ, ғұсыл мен дәрет аларда және намазға тұрарда «Шафии немесе Малики мазһабын тақлид еттім» деп ниет етуі қажет.] 2) Бір рет мұрынды шаю. 3) Бір рет бүкіл денесін жуу. Дененің жуылуы хараж (қиын, мүмкін емес) болмаған жерлерін жуу парыз. Дененің бір жері зәру болған, яғни адамның өзі жасамай, жаратылысынан болған қандай-да бір себеппен суланбаса, жуылмаса, кешіріледі, ғұсыл сахих болады. «Дуррул мухтар»-да былай делінген: «Тістердің арасында немесе тіс шұңқырында қалған тамақ ғұсылдың сахих болуына кедергі болмайды. Фәтуа осындай. Өйткені, бұлардың асты суланады. Тіс арасында, шұңқырында қалған нәрсе (тамақ) қатты болса, судың өтуіне кедергі болады делінді. Дұрысы осы.» «Ибн Абидин» “рахимә-һуллаһу та’ала” мұны түсіндірген кезде былай деген: «Хуласа» кітабында да «Кедергі болмайды. Өйткені су сұйық болғандықтан, тамақтың астына өтеді» делінген. Судың өтпейтіндігі белгілі болса, бұл ғалымдардың үкімі бойынша да, ғұсыл сахих болмайды. «Хилийа» кітабы мұны анық білдірген. Тіс арасында, шұңқырында қалған нәрсе, ауызда езіліп, жиналып қатып қалған болса, суды өткізбейтіндіктен ғұсыл сахих болмайды. Себебі, бұл жерде зәрулік жоқ. [Яғни, өздігінен пайда болған бір нәрсе емес. Бұларды тазалауда] қиындық, ауыртпалық жоқ. «Халеби-и сағир»-да былай делінген: «Бір адамның тістерінің арасында нан, тамақ және басқа да нәрселердің қалдықтары бар кезде ғұсыл алатын болса, фәтуалар бойынша, астына су өтпейді деп ойласа да, ғұсыл сахих болады. Өйткені, су – сұйық зат болғандықтан, жабысқан нәрсенің астына өтеді. Осындай фәтуа берілгендігі «Хуласа»-да жазылған. Кейбір ғалымдардың айтуынша, жабысқан нәрсе қатайып қамырдай немесе сағыздай боп қалса, ғұсыл жаиз болмайды. «Захира» кітабында да осылай жазылған. Ең дұрыс болғаны да осы. Өйткені ондай заттардың астына су өтпейді. Бұларды тістің тесіктеріне бітеп қою зәру іс емес және оны тазалауда қиындық та жоқ.» «Дурр-ул-мунтәқа»-да былай делінген: «Тістің шұңқырында тамақ жабысып қалған күйінде ғұсыл алған адамның ғұсылы сахих болады, бірақ сахих болмайды деген ғалымдар да бар. Сақтық үшін тістерді тамақтың қалдықтарынан алдын-ала тазалау керек. «Мәрақил-фәләһ»-тың«Тахтауи» хашиясында былай делінген: «Тіс шұңқырында немесе тістерінің арасында тамақтың қалдығы жабысқан болса, ғұсыл сахих болады. Өйткені, су – сұйық зат болғандықтан барлық жерге өтеді. Қалдықтар шайнай беріп қатқан болса, ғұсылға кедергі болады.» «Фәтх-ул-қадир»-де де осылай жазылған.» «Бахр-ур-раиқ»-та былай делінген: «Тіс шұңқырында немесе тістердің арасында тамақ қалған болса, ғұсыл сахих болады. Себебі, су сұйық болғандықтан, барлық жерге өте алады. «Тәжнис»-те де осылай жазылған. Садр-уш-шәһид Хусамеддин: «Ғұсылы сахих болмайды. Тістерді тамақ қалдықтарынан тазалап, сумен шаю қажет» – деді. Тазалап сумен шаю сақтық болады.» «Фәтауа-и Хиндийа»-да былай делінген: «Тіс шұңқырында немесе тістерінің арасында тамақтың қалдығы қалған адамның ғұсылы сахих болады деген сөз дұрысырақ. «Захиди»-де де осылай жазылған. Бірақ, тамақ қалдықтарын алып, тіс шұңқырына су тигізу сақтық болады.«Қадихан»-да: «Тістерінде тамақтың қалдығы қалған адамның ғұсылы толық болмайтыны «Натифи»-де жазылған, тістерін қалдықтардан тазалап, астын жуу қажет» – делінген.» «Әл-мәжмуат-уз-зухдийа»-да былай делінген: «Көп болса да, аз болса да, тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары, қатқан қамыр сияқты болып, судың өтуіне кедергі болса, ғұсылға да кедергі болады.«Халеби»-де де осылай жазылған. «Тамақтың қалдықтарын тазалауда қиындық, ауыртпалық жоқ. Ал пломба мен қаптама алынбайды. Алынуында қиындық бар» деуге болмайды. Қиындық бар екені рас. Алайда, адам жасаған бір нәрсе қиындыққа себеп болса, бұл басқа мазһабты тақлид ету үшін үзір болады. Парызды тәрк ету үшін үзір болмайды. Парыздың сақыт болуы (мойындарынан алынуы, орындалмауы) үшін басқа мазһабты тақлид етуге мүмкіндік болмауы және бұл жағдайда зәрулік пен қиындықтың бірге болуы қажет. «Тістің пломбалануы немесе қапталуы, тіс ауруының алдын алу және тістің жойылуынан құтқару үшін жасалады. Осы себептерден зәрулік болмай ма?» делінетін болса, жауап ретінде, зәрулік (мәжбүрлік) болу үшін, басқа мазһабты тақлид ете алмау шарт. (Ал бұл жағдайда басқа мазһабты тақлид ету мүмкіндігі бар.) «Ғұсыл алғанда, тістердің жуылуы парыз деген үкім үшін қаптама мен пломбаның сыртының жуылуы жеткілікті» деп айту – Ислам дініне сай болмаған сөздер. Тахтауи, «Имдад» хашиясында: «Дәрет алғаннан кейін мәсілерін киген адамның дәреті бұзылса, дәреттің бұзылуы аяққа емес, мәсілерге өтеді» деген. Фиқһ кітаптарының тек дәрет алуға қатысты және тек мәсі үшін айтылған осы сөздерін, тіс қаптамасы үшін, әрі ғұсыл үшін айту, өз тарапынан ойдан шығарылған фәтуа беру болып табылады. Пломбаланған немесе қапталған тісті, қалың сақалға ұқсату да дұрыс емес. Өйткені, дәрет алғанда қалың сақалдың түбін жуу мәжбүр болмаса да, ғұсылда мұның астындағы теріні де жуу парыз. «Дәрет алғанда қалың сақалдың астындағы теріні жуу парыз болмағандықтан, ғұсылда да қалың сақалдың түбін жуу парыз болмайды» деген адам, ғұсыл алғанда қалың сақалының астын жумайды. Осылайша бұл адамның және оған сенгендердің ғұсылдары, сәйкесінше намаздары да сахих болмайды. Қаптама мен пломбаны, табанындағы жарық (сызат) ішіне құйылатын майға немесе жара мен сынған мүшенің үстіне қойылатын лубоктарға (тақталарға), гипстен жасалатын қалыптарға, бинттерге ұқсату да фиқһ кітаптарына сай емес. Өйткені, бұларды жара мен сынған мүшенің үстінен алуда қиындық немесе зиян болғанымен қоса, басқа мазһабты тақлид ету мүмкіндігі жоқ. Осы үш себепке байланысты, астын жуу қажеттілігі мойындарынан алынады. Қатты ауыратын шіріген тісті жұлу, оның орнына алмалы-салмалы жасанды тіс, жартылай немесе бүтін таңдайлы тістер жасатуды қаламай, қаптама жасатуда адам өз еркінде болғаны үшін, пломба, қаптама немесе мостик деп аталатын берік тіс жасатуда зәрулік болмайды. Зәрулік екенін айту, астының жуылмай-ақ қоюына онсыз да себеп болмайды. Өйткені, басқа мазһабты тақлид ете алады. Зәрулік, қажеттілік болғандықтан, фиқһ кітаптарындағы үкімдерге мойынсұнып Шафии мен Маликиді тақлид ететін адамдарға тіл тигізуге ешкімнің ақысы жоқ. Адамды бір нәрсе жасауға мәжбүрлейтін сәмәуи себепке, яғни адамның қолында болмаған себепке «Зарурат» (зәрулік) делінеді. Ислам дінінің әмір етуі мен тыйым салуы және қатты ауру және бір мүшенің немесе өмірінің жойылу қаупі және басқа ештеңе істей алмау мәжбүрлігі – бұлардың бәрі зәрулік болып саналады. Жасалған бір нәрсенің бір парызға кедергі болуының немесе харам істеуге себеп болуының алдын алудың машақатты, қиын болуына «Хараж» (қиындық) делінеді. Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына «Ислам үкімдері» делінеді. Ислам үкімдерінен бір үкім орындалатын кезде, яғни бір әмірді орындағанда немесе бір тыйымнан сақтанған кезде өз мазһаб ғалымдарының мәшһүр болған, таңдаулы болған қаулыларына мойынсұну керек. Адам жасаған бір нәрсенің кесірінен ғалымдардың осы сөздеріне мойынсұнуда хараж (қиындық) болса, таңдалмаған, зайыф (әлсіз) қаулыларына мойынсұнылады. Бұған мойынсұнуда да хараж (қиындық) болса, бұл үкім басқа мазһабты тақлид ету арқылы орындалады. Басқа мазһабты тақлид етуде де хараж (қиындық) болса, харажға себеп болған нәрсенің орындалуында зәруліктің бар немесе жоқтығына қаралады: 1) Харажға себеп болған нәрсенің орындалуында зәрулік бар болса, ол парызды орындау міндеті мойнынан алынады. 2) Харажға себеп болған нәрсенің орындалуында зәрулік жоқ болса (тырнақты бояйтын лак сияқты) немесе зәрулік болған кезде, бірнеше жолмен жүзеге асыру мүмкін бола тұрып, бұлардың арасынан хараж болған нәрсені орындауды қаласа, бұл ғибадаты сахих болмайды. Хараж болмаған нәрсені істеп, сол парызды орындауы қажет болады. Зәрулік болса да, болмаса да, тек хараж (қиындық), машақат бар болғаны үшін ғана басқа мазһабты тақлид етуге болатындығы «Фәтәуал-хадисийа»-да,«Хуласат-ут-тахқиқ»-та, Тахтауидың “рахимә-һуллаһу та’ала” «Мәрақил-фәлах» хашиясында және молда Халил Әсирдидің “рахимә-һуллаһу та’ала” «Ма’фуат» кітабында жазылған. Молда Халил 1259 (м.1843) жылы қайтыс болды. Ауыратын, шіріген тісін жұлдырып, алмалы-салмалы тістер немесе протез жасатуды қаламай, пломба немесе қаптама салдырған бір Ханафидегі адам, ғұсыл алғанда Шафии немесе Малики мазһабтарының бірін тақлид етеді. Өйткені бұл екі мазһабта ғұсыл алғанда ауыз бен мұрынды жуу парыз емес. Шафии немесе Малики мазһабтарының бірін тақлид ету өте оңай. Ғұсылда, дәретте, намаздың басында немесе ұмытса намаздан кейін, есіне түсірген кезде Шафии немесе Малики мазһабтарының бірін тақлид еткеніне ниет етуі, яғни көңілінен өткізуі керек. Бұл адамның дәретінің, ғұсылының және намазының Шафии немесе Малики мазһабтары бойынша сахих болуы қажет. Шафии мазһабы бойынша сахих болуы үшін некелесуі мәңгі харам болған 18 әйелден басқа бір әйелдің терісіне өз терісі және өзінің әурет жеріне алақаны тиетін болса, дәрет алуы керек және имамның артында тұрғанда ішінен Фатиханы оқуы керек. Басқа мазһабты тақлид ету мазһаб ауыстыру деген сөз емес. Басқа мазһабты тақлид еткен бір Ханафи кісі, Ханафи мазһабынан шықты деген сөз емес. Тек қана сол ғибадаттың, сол мазһабтағы парыздары мен муфсидтеріне мойынсұнады. Уәжіптерді, мәкрухтарды және сүннеттерді өз мазһабы бойынша ұстанады. Фиқһ ғалымдарының ғұсылға қатысты баяндамалары тұрғанда, тіс мәселесін абыройсыз, тіпті мазһабсыз адамдардың жазбаларымен шешуге тырысатындардың пайда болғанын есітудеміз. Олар, тісті пломбалаудың жаиз екендігін, Сәбил-ур-рәшад журналының 1332 (м.1913) жылғы нұсқасында жазылған фәтуада айтылған дейді. Алдымен бір нәрсені айтып өтейік, бұл журнал реформашылардың, мазһабсыздардың жазбаларына толы. Жазушыларынан Монастырлық Исмаил Хаққы – зымиян бір масон. Ал бұлардың арасынан Измирлік Исмаил Хаққы, діни мәдениеті әлсіз. Бірдей пікірде болған адамдардың көзіне түсіп, медреселерде ұстаз болған, дәрістері мен кітаптарында Абдухтың реформалық, іріткі салушы пікірлерін жаюға тырысқан. Уланған, адасқан шәкірттерінен Ахмед Хамди Ақсекидің «Тәлфиқи мәзаһиб» деп аталатын мазһабсыз Мысырлық Рашид Ризаның аударма кітабына жазған мақтау кітабының өзі де Исмаил Хаққының түпкі мақсатын әшкерлеуде. Міне осы Исмаил Хаққы, есімі өткен журналда, тістерді алтын сыммен байлаудың жаиз болуы немесе болмауы туралы, фиқһ ғалымдарының әртүрлі пікірлерін ұзақ жазған, тістерді күмістің орнына алтын сыммен жалғаудың зәрулік екендігіндегі ғалымдардың сөзбірлігін білдірген кітаптары, мысалы «Сияри Кәбир» шәрһін алға қойып, «тіс мәселесі – зәрулік» деген. Алайда, оған қойылған сұрақ – тістердің алтынмен немесе күміспен байлану мәселесі емес, «пломба немесе қаптамасы болған адамның ғұсылы сахих бола ма?» деген сұрақ еді. Измирлік Исмаил Хаққы өзінен сұралмаған, бәрі білетін нәрсені ұзыннан ұзақ қылып жазып, мұның нәтижесін сұраққа жауап ретінде білдірген. Бұл әрекеті оның ілімінің жасандылығын білдіреді. Өзінің көзқарастарын Ислам ғалымдарының фәтуасы ретінде жазуға құмарланған. Бұл жетпегендей, фиқһ ғалымдарының ғұсылға қатысты жазбаларын жазып, өзінің көзқарастарын бұларға ұқсатқан. Мысалы «Бахрда түсіндірілгені бойынша, су жеткізу қиын болған жерге су тигізу шарт емес» дейді. Алайда, «Бахр» кітабында «Дененің суды жеткізу қиын болған жерлеріне» деп жазылған. Адамның зәрулік ретінде жасаған нәрсесін, адамда зәрулік болған нәрсесіне ұқсатқан. «Дуррул-мухтар»-дың «Әйелдің басын жууы зиян беретін болса, жумайды» деген жазуын, тіс пломбасы болған адамның ғұсылының жаиз болатындығына дәлел ретінде көрсетуі де дұрыс емес. Су тиюдің басына зиян тигізуі – денедегі бір ауру. Тістегі қаптама, пломба болса, адамның жасаған нәрсесі. Осы себептен «Даррул-мухтар»-да тіс шұңқырында тамақ қалдығы қалған адамның ғұсылының жаиз болуы немесе болмауы жөнінде бөлек жазылған. Измирлік Исмаил Хаққы, осындай қулық және қателерімен шектелмеген, Ислам ғалымдарын өзіне жалған куәгер ретінде көрсетуден тартынбастан «Суды, алтын немесе күміс қаптаманың, пломбаның астына жеткізу, ол жерлерді жуу шарт емес. Тіс мәселесінде зәруліктің бар екендігін және зәрулік болған жерлерге суды жеткізу шарт емес екендігін фиқһ ғалымдары сөзбірлігімен білдірген» дейді. Тіс қаптамасының және пломбаның зәрулік екенін Ханафи мазһабының фиқһ ғалымдарының ешбірі айтпаған. Онсыз да фиқһ ғалымдарының заманында тіс қаптау, пломба жасату жоқ еді. Дәлел ретінде айтқан «Сияри кәбир шәрһі»аудармасының 64-ші бетінде, имам Мұхаммед Шайбанидің “рахимә-һуллаһу та’ала”, тісі түскен адамның оның орнына алтын тіс қоюы немесе ойнап тұрған тістерді сыммен бірбіріне байлауы жаиз дегені жазылған. Тісті қаптау жазылмаған. Мұны Измирлік Исмаил Хаққы енгізген. Кейіннен шыққан масон дін адамдары, мазһабсыздар, адасқандар, мұсылмандарды алдау, іріткі салу үшін әртүрлі қулықтар жасады. Қате және бұзылған нәрселер жазды. Имам Мұхаммед “рахимә-һуллаһу та’ала” түбінен босап ойнап тұрған тісті күміспен байлауға болатынындай, алтын сыммен де байлауға болатынын айтқан. Алтынмен қаптау, пломбалау жаиз болады демеген. Бұларды Исмаил Хаққы сияқтылар өздері қосқан. Измирлік Исмаил Хаққының жоғарыдағы қате болған және қулық араластырылған жазбаларына сол замандағы мүфтилер мен құрметті дін адамдары жауап берген, ақиқатты бетке шығарған. Осы қадірлі ғалымдардың бірі – Болвадиндік мұғалім Юнусзада Ахмед Уәһби мырза “рахимә-һуллаһу та’ала”. Діни білімі мол болған бұл кісі, тіс шұңқырын пломбалағандардың ғұсылы сахих болмайтындығына ғалымдардың ауызбірлігі бар екендігін дәлелдеген. «Сәбил-ур-рәшад» журналы, Измирліктің жазбасының толығымен айлакерлік екені мәлім болмауы үшін «Мәжмуа-и жадида» деп аталатын фәтуа кітабының 1329 [м 1911] жылғы екінші басылымындағы «ғұсыл жаиз болады» деген фәтуасын да дәлел ретінде қосуды қажет деп көрген. Алайда, бұл фәтуа сол кітаптың 1299 жылғы бірінші бысылымында жоқ. Екінші басылымға иттихадшылардың (саяси партиясы) шейхул-исламы (масон) Мұса Казим қосқан. Сәбил-ур-рәшад журналы реформашының жазбасын бір масонның жазбасымен дәлелдеуге тырысқан. Ешбір фиқһ ғалымы тіс қаптатуға, пломба жасатуға зәрурат демеген. Мұны тек масон болған дін адамдары, діндегі реформашылар, мазһабсыздар және уаххаби азғындарына сатылған немесе алданған дін надандары ғана айтып және жазып жүр. Ахмед Тахтауи “рахимә-һуллаһу та’ала” «Мәрақил-фәлаһ»кітабының хашиясында былай дейді: «Басқа мазһабтағы бір имамға ұюдың сахих болуы үшін, ұйыған адамның мазһабы бойынша намазды бұзатын бір нәрсенің имамда болмауы, егер бар болса, ұйыған адамның мұны білуі қажет. Сенімді болған қаулы осы. Екінші қаулы бойынша, имамның өз мазһабы бойынша намазы сахих болса, ұйыған адамның мазһабы бойынша сахих болмағаны байқалса да, оған ұюы сахих болады.» Ибн Абидинде де осылай жазылған. Тахтауидің және Ибн Абидиннің “рахимә-һумуллаһу та’ала” бұл сөздерінен мәлім болғаны – қаптамасы немесе пломбасы болмаған Ханафидің, қаптамасы немесе пломбасы бар болған имамға ұюының сахих болуы немесе болмауы жайында ғалымдардың екі түрлі қаулысы бар. Бірінші қаулы бойынша қаптамасы, пломбасы болмаған Ханафидің қаптамасы, пломбасы бар болған имамға ұюы сахих болмайды. Себебі, бұл имамның намазы Ханафи мазһабы бойынша сахих емес. Екінші қаулы бойынша, бұл имам Шафии немесе Малики мазһабтарының бірін тақлид еткен болса, қаптама мен пломбасы жоқ болған Ханафидің оған ұюы сахих болады. Имам Хиндууани “рахметуллаһи алейһ” осылай ижтиһад еткен. Малики мазһабында да осылай. Қаптамасы немесе пломбасы бар болған бір салих имамның Малики немесе Шафии мазһабын тақлид етпегені белгілі болмағанша, қаптамасы, пломбасы болмаған Ханафилердің де бұл имамға ұюы керек. Одан Маликиді немесе Шафииді тақлид еткенін немесе етпегенін сұрау, іздестіру жаиз емес. Осы екінші қаулы қаншалықты заиф (әлсіз) болса да, хараж (қиындаық) туындаған кездерде заиф қаулымен амал ету керектігі жоғарыда білдірілген еді. Фитнаға тосқауыл болу үшін де заиф қаулымен амал етілетіні «Хадиқа»-да жазылған. Мазһабтарды маңызсыз деп есептейтін, фиқһ кітаптарына сай ғибадат етпейтін адамның Әһли сүннет емес екендігі аңғарылады. Әһли сүннет болмаған адам да бидғатшы, адасушы немесе иманы кеткен, мүртәд болады. Біз пломба, қаптама жасатпаңдар деп жатқан жоқпыз. Жасатып қойған бауырларымыздың ғибадаттарының қабыл болуы үшін жол көрсетіп жатырмыз. Оларға жеңілдік көрсетіп жатырмыз. Ғұсыл он бес түрлі болады: бесеуі парыз, бесеуі уәжіп, төртеуі сүннет, біреуі мүстаһаб. Парыз болған ғұсылдар: әйелдің хайз және нифастан тазарғанында, еркектің жима жасағанында, яғни өз әйелімен жыныстық қатынасқа түскенде, шәһуетпен мәни шыққанда, ұйқыда ихтилам (поллюция) болып, төсегінде немесе киімінде мәни көргенде, оқымаған намазының уақыты шықпай тұрып, ғұсыл алуы парыз болады. Уәжіп болғандар: мәйітті жуу, бір бала балиғатқа толғанда ғұсыл алуы, бірге жатқан ер мен әйелдің арасынан табылған мәнидің қайбірінен шыққаны белгісіз болса, екеуінің де ғұсыл алуы және бір адамның өзінің үстінен мәни көріп, мұның қай уақытта болғанын білмегенде ғұсыл алуы. Және бір әйел босанғаннан кейін қан келмеген болса да ғұсыл алуы. (Қан келсе, ғұсыл алу парыз болады.) Сүннет болғандар: Жұма күні және айт мейрамы күндері үшін, ихрамға киінерде (қандай ниетпен болса да) және Арафатқа шығудың алдында ғұсыл алу. Мүстаһаб болған ғұсыл: бір кәпір иман келтіргенде кәпір кезінде жүніп болған болса, ғұсыл парыз болады және жүніп болмаса, ғұсыл алуы мүстаһаб болады. Ғұсылдың үш харамы бар: 1) Еркектердің еркектерге және әйелдердің әйелдерге, ғұсыл алып жатқанда кіндігінің астынан тізесінің астына дейінгі болған жерлерін бір-біріне көрсету. 2) Мұсылман әйелдердің кәпір әйелдерге ғұсыл алып жатқанда жалаңаш көрінуі (басқа уақыттарда да үкім осындай.) 3) Суды ысырап ету. Ғұсылдың Ханафиде он үш сүннеті бар: 1) Сумен истинжа жасау. Яғни алдыңғы және артқы әурет мүшелерін жуу. 2) Қолдарын білектеріне дейін жуу. 3) Денесінде шынайы нәжіс бар болса кетіру. 4) Мазмаза (ауызды жуу) мен истиншақта (мұрынды шаюда) шамалы қаттырақ жуу. Ауыз қуысы мен мұрын ішінде жуылмаған ине ұшындай құрғақ жер қалса, ғұсыл сахих болмайды. Басында дәрет алу. 5) Ғұсылға ниет ету. 6) Әр мүшені сумен құйынған кезде ысқылау. 7) Алдымен басына, содан соң оң, кейін сол иығына үш реттен су құю. 8) Қол мен аяқ саусақтарының арасын хилалдау. Яғни саусақ араларын жуу. 9) Алды мен артын құбылаға қаратпау. 10) Ғұсыл алып жатқанда дүниелік сөздер сөйлемеу. 11) Ауыз бен мұрынды үш реттен шаю. 12) Әр мүшені жуарда оңнан бастау. 13) Ғұсыл алатын жерінде зәр жиналатын болса, кіші дәрет сындырмау. Осы атап өткендерімізден басқа сүннеттер де бар. «Әл-фиқһу аләл-мәзаһиб-ил-әрбә’а»-да былай делінген: «Жүніп болған еркектің және әйелдің ғұсыл алудан бұрын, дәретсіз орындалуы жаиз болмаған шариғи амалдардың бірін істеуі төрт мазһабта да харам. Мысалы, жүніп кезде парыз немесе нәпіл намаз оқуы халал емес. Су таба алмайтын болса немесе ауру сияқты бір себеппен суды қолдана алмайтын болса, тәйәммум алуы қажет болады. Жүніп кезінде парыз немесе нәпіл ораза ұстауы сахих болады. Құран кәрімді ұстауы және оқуы харам болып табылады. Құран кәрімді дәретсіз ұстау да халал емес. Мешітке кіруі де харам. Дұшпаннан қорғану үшін немесе бір үкім шығару үшін, бір екі қысқа аят оқу, мешіттен шелек, жіп, су алу үшін немесе басқа жол таба алмағандықтан кіріп, дереу шығуы жаиз болады. Дұға ниетімен бір қысқа аят, мысалы Бимилләһ-ті оқуға болады. Мешітке кірмей тұрып тәйәммум алады.»
ТӘУХИД ДҰҒАСЫ Йа Аллаһ! Йа Аллаһ! Лә илаһә иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ. Йа Рахман, йа Рахим, йа афуу йа Кәрим, фә’фу анни уәрхамни йа әрхамәррахимин! Тәуәффәни мүслимән уә әлхиқни биссалихин. Аллаһуммәғфирли уә ли-әбаи уә үммәхати уә ли абаи уә үммәхати зәужати уә ли-әждади уә жәддати уә ли-әбнаи уә бәнати уә ли-ихуәти уә әхауати уә ли-а’мами уә аммати уә ли-ахуали уә халати уә-ли узтази Абдулхаким Аруаси уә ли кәффатил мү’мининә уәл-мү’минат. «Рахметуллаһи та’ала алейһим әжма’ин.» |