Жамағатпен намаз және Та’дили әркан
ЖАМАҒАТПЕН ОҚЫЛҒАН НАМАЗДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ Бір адам жамағатпен екі рәкат намаз оқыса, жалғыз өзі жиырма жеті рәкат намаз оқыса, жамағатпен оқыған екі рәкаттың сауабы өзі оқыған намаздарынан көбірек болады. Бір риуаятта жалғыз өзі мың рәкат намаз оқыса да, жамағапен оқылған екі рәкаттың сауабы одан көбірек болады делінген. Жамағатпен намаз оқудың сауабы мол. Бұлардың бірнешесі төменде: 1) Мүминдер бір араға жиналғанда, бір-біріне деген махаббат пайда болады. 2) Надандар ғалымдардан намаздың мәселелерін үйренеді. 3) Кейбір адамдардың намазы қабыл болады, ал кейбірлерінің намазы қабыл болмаса, қабыл болғандардың құрметіне қабыл болмағандардың да намазы қабыл болады. Хадис шәрифте: «Ей, үмбетім және асхабым! Сендер үшін екі жол қалдырдым: бірі – Құран кәрім, екіншісі – сүннетім. Бұлардан басқа жол ұстанған адам менің үмбетім емес!» деді. [Абдулғани Наблуси “рахимә-һуллаһу та’ала” «Хадиқа»-ның тоқсан тоғызыншы бетінде былай деген: «Аллаһу та’ала Ислам дінінің бір бөлігін Құран кәріммен білдірген болса, қалған бөлігін пайғамбарының “саллаллаһу та’ала алейһи уәсәлләм” сүннетімен білдірген. Расулуллаһтың сүннеті – Оның сенгендері, айтқандары, істегендері, мінезі және біреудің сөзі мен ісіне қарсылық білдірмеуі (осылайша мақұладағанының аңғарылуы)» Бұл хадис шәриф «Әдиллә-и шарийа»-ның екіншісін көрсетуде.]
НАМАЗДА ИМАМДЫҚ Сондай-ақ, имамға ұйығандар төрт түрлi болады.Бұларға Мудрик, мұқтади, масбуқ және лахиқ делінеді. 1) Мудрик – ифтитах тәкбiрiн имаммен бiрге алған адам. 2) Мұқтади – ифтитах тәкбiрiне үлгермеген адам. 3) Масбуқ – имам бiр немесе екі рәкат оқығаннан кейін ұйыған адам. 4) Лахиқ – ифтитах тәкбiрiн имаммен бiрге алған, бiрақ кейiннен намазда дәретi бұзылып, дәрет алып, қайтадан имамға ұйыған адам.Бұл адам алдындағыдай, қыраатсыз, руку мен сәжде тасбихтарын айтып намазын оқиды. Ол адам дәрет алуға барып келгенде дүниелік сөздер айтпаған болса, имамның артында тұрғандай болып есептеледi. Алайда мешiттен шыққаннан кейiн ең жақын жерде дәрет алуы керек. Көп ұзақтап кетсе, намазы бұзылады дегендер де бар. Бір адам, мешітке кірген кезде имамның рукуда тұрғанын көрсе, рукуға үлгерейін деп асығып ифтитах тәкбірін рукуға иіліп бара жатқанда алатын болса, имамға ұйыған болмайды. Имам рукуда болғанында имамға ұюға ниет етеді, тік тұрып тәкбір алады, содан соң рукуға иіледі және имаммен бірге, арқасымен бір деңгейде болып тәсбих айтса, сол рәкатқа ұйыған болады. Бірақ рукуға иілген кезде имам көтерілетін болса, сол рәкатқа үлгермеген болады.
НАМАЗДА ТА’ДИЛИ ӘРКАН Намаздың бес жерінде орындалуы тиісті болған та’дил әрканды ұмытпаған болып, әдейі тәрк еткен адамның Имам Әбу Юсуфтің үкімі бойынша “рахимә-һуллаһу та’ала” намазы бұзылады. Тарафәйннің үкімі бойынша бұзылмайды. Бірақ уәжіпті әдейі тәрк еткендіктен, намаз нұқсан болады және қайта оқу қажет болады. Ұмытып тәрк етілген болса «Сәһу сәждесі» қажет болады. [185-ші бетке қараңыз!] Та’дили әрканды тәрк етудің жиырма алтыға жуық зияны бар: 1) Кедейлікке себеп болады. 2) Ахирет ғалымдары оны жек көретін болады. 3) Әділ болудан шығып, куәлігі қабыл етілмейді. 4) Намаз оқыған жері қиямет күнінде оған қарсы куәлік етеді. 5) Бір адам та’дили әркансыз намаз оқып жатқанда, басқа біреу мұны көріп ештеңе айтпаса күнәһар болады. 6) Сол намазды қайта оқу уәжіп болады. 7) Имансыз өлуіне себеп болады. 8) Намаздың ұрысы болады. 9) Оқыған намазы ескі шүберек сияқты жазалау күнінде бетіне тасталады. 10) Аллаһу та’аланың мейірімінен мақрұм болады. 11) Аллаһу та’алаға жалбарынуда әдепсіздік жасаған болады. 12) Намаздың үлкен сауабынан мақрұм қалады. 13) Басқа ғибадаттарына сауап берілмеуіне себеп болады. 14) Тозаққа лайықты болады. 15) Надандардың одан қайталап та’дили әрканды тәрк етуіне себеп болады. Осы себептен дін адамдарының күнә істеуі көбірек азап шегуіне себеп болады. 16) Имамына қарсы шыққан болады. 17) Осы күнге дейін жетіп келген сүннеттерді тәрк еткен болады. 18) Аллаһу та’аланың ашуына душар болады. 19) Шайтанды қуантқан болады. 20) Жәннаттан ұзақ болады. 21) Тозаққа жақын болады. 22) Өз-өзіне зұлымдық жасаған болады. 23) Өз-өзін ластаған болады. 24) Оң және сол жақтағы періштелерді жәбірлеген болады. 25) Расулуллаһты “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” мұңайтқан болады. 26) Барлық жаратылысқа зияны тиеді. Себебі бұл адамның күнәсінің кесірінен жаңбыр жаумайды, жерге егін шықпайды және жаңбыр мезгілсіз, қажетсіз кезде жауып, пайда келтірудің орнына зиянын тигізген болады. |