ҚАЗА НАМАЗДАРЫ
Уақытында оқылған намаздың қасиеті өте көп. Бұл қасиеттерінің біршамасы мыналар: 1) Жүзі нұрлы болады. 2) Өмірінің берекесі болады. 3) Дұғасы қабыл болады. 4) Адамдардың қайырлысы болады. 5) Барлық мүминдер оны жақсы көреді. Намазды тәрк етудің, яғни үзірсіз уақыты өтіп кеткеннен кейін оқудың он бес зияны бар. Бұл зияндардың бесі осы дүниеде, үші қайтыс боларда, үші қабірде, төрті арасат алаңында болады. Осы дүниедегі бес зияны: 1) Жүзінде нұр болмайды. 2) Өмірінде берекет болмайды. 3) Дұғалар қабыл болмайды. 4) Мүмин бауырына жасаған дұғасы қабыл болмайды. 5) Орындаған басқа да ғибадаттарына сауап берілмейді. Сәкәрәти мәут кезінде (өлер алдында) көретiн үш зиян: 1) Аш болып өледi. 2) Шөлдеу азабымен өледі. 3) Қорланады, қанша тамақ жесе де тоймайды және қанша су ішсе де қанбайды. Қабiрде болатын үш зиян: 1) Қабір оны қатты қысады және сүйектерi бiр-бiрiне кiрiп кетедi. 2) Қабiрi отқа толады. 3) Аллаһу та’ала қабiрiне дүниедегi жыландарға ұқсамайтын өте үлкен бiр айдаһар жiбередi. Бұл айдаһардың аты Акра. Оның қолында бір қамшы болады. Сол қамшымен бір рет ұрғанда жердің астына кіргізіп жібереді, қайта шығады, тағы да ұрады. Бұл жағдай қияметке дейін жалғасады. Бұл адам осы азапты қияметке дейін шегеді. Арасат алаңындағы төрт зиян: 1) Есебі өте қиын, ауыр болады. 2) Аллаһу та’аланың ашуына лайық болады. 3) Тозаққа тасталады. 4) Оның маңдайына үш қатар жазу жазылады, олар мыналар: Біріншісі «Бұл адам Аллаһтың азабына лайық.» Екіншісі «Бұл адам Аллаһу та’аланың ақысын зая етуші.» Үшінші қатар «Сен Аллаһтың ақысын зая еткен болсаң, енді Аллаһу та’аланың мейірімінен ұзақ боласың.» Намаз – діннің тірегі. Бір адам намаз оқыса, діннің тірегін тұрғызған болады. Осы жолмен үстіне көлеңке құрады. Және мұның астында саламатта болады. Бір адам, бір уақыт намазды біліп тәрк етсе, кейіннен қазасын да өтемесе, бұл адамға үш мазһаб бойынша өлтірілуіне пәтуа беріледі. Ханафи мазһабы бойынша өлтірілуі қажет емес. Бірақ өте үлкен күнә істеген болады. Намазды бастағанға дейін қамауға алынады. Намазды маңызды деп санамағандықтан, бірінші міндет екендігіне сенбегендіктен оқымаған адам кәпір болады. Бір адам, бір уақыт намазды біліп тәрк етсе, одан кейін қазасын өтесе, жәһаннамда бір хуқба мөлшері, яғни сексен жыл жанса керек. Бұл азаптан құтылуы үшін бөлек тәубе етіп жалбарынуы, кешірілуін сұрауы қажет. (Ахиреттің бір күні – бұл өмірдің мың жылы шамасында. Ахиреттің жылдары осы бойынша есептеледі.) [Мұхаммед Әмин ибн Абидин “рахметуллаһи алейһ” «Рәддул-мухтар» кітабында былай деген: Сәмәуи діндердің барлығында намаз оқу әмір етілген. Адам алейһиссалам екінді, Яқуб алейһиссалам ақшам, Юнус алейһиссалам құптан намаздарын оқитын еді делінді. Барлық парыздарға және харамдарға сену – иманның шарты болғанындай, намаз оқудың да міндет, парыз екендігіне сену – иманның шарты болып табылады. Бірақ намаз оқу иманның шарты емес. Ақылы орнында және балиғатқа толған әр мұсылман еркек пен әйелдің, үзірі жоқ болса, күніне бес рет намаз оқуы парыз болып табылады. Бес уақыт намаз миғраж түнінде парыз болды. «Муқаддимат-ус-салат», «Тәфсири Мазһари» және «Хәлеби-и кәбир»-дегі хадис шәрифте былай делінген: «Жәбірейіл алейһиссалам Қағба есігінің жанында екі күн маған имам болды. Екеуіміз таң атқанда таң намазын, күн тал төбеден ауғанда бесінді, барлық нәрсенің көлеңкесі өзінің бойымен бірдей болғанда екіндіні, күн батқанда (үстіңгі шеті көрінбей қалғанда) ақшамды және шапақ қарайғанда құптанды оқыдық. Екінші күні де, таң намазын дала жарық болғанда, бесінді барлық нәрсенің көлеңкесі өз бойынан екі есе ұзарғанда, екіндіні дереу осыдан кейін, ақшамды оразада ауыз ашатын кезде, кұптанды түннің үштен бірі болғанда оқыдық. Бұдан кейін “Йа Мұхаммед, сенің және бұрын өткен пайғамбарлардың намаз уақыттары осындай. Үмбетің бес уақыт намаздың әрбірін осы оқыған екі уақытымыздың арасында оқысын” деді.» Күніне бес рет намаз оқылуы әмір етілді. Жеті жастағы балаға намаз оқуды әмір ету, он жасында оқымаса ата-анасына баланы қолмен ұрып оқыту керек. Шәкірттерді үш реттен артық ұру және таяқпен ұру жаиз емес. Ораза ұстауы және ішкілік ішпеуі үшін де баланы осылай ұру керек. Намаздың парыз екендігіне, яғни бірінші міндет екендігіне сенбеген адам кәпір болады. Парыз екеніне сеніп, бірақ жалқаулықпен оқымаған адам кәпір болмайды, «пасық» болады. Намаз оқуды бастағанға дейін қамауға алынады. Мүлдем жазакешім, рақымшылдық жасалмайды. Намаз бастамаса, өлгенге дейін қамауда қалады. Қан шыққанға дейін ұрылады дегендер де бар. Шафии мен Малики мазһабтарында да жалқаулықпен намаз оқымаған адам кәпір болмаса да, жаза ретінде өлім жазасына қиылады. Ханбали мазһабында кәпір болады және өлтіріледі делінді. Шафии мазһабында да осылай ижтиһад еткен ғалымдар бар. Бір намазды уақытылы жамағатпен оқыған адамның мұсылман екендігі аңғарылады. Себебі, басқа діндерде намаз жалғыз оқылатын, жамағатпен оқылмайтын еді. Қажылықты та орындайтын еді. Намаз – тек қана денемен жасалатын ғибадат болғандықтан, басқа біреудің орнына намаз оқуға болмайды. Зекет – тек қана мүлікпен жасалатын ғибадат болғандықтан, үзірі болмаған адам үшін басқа біреудің оның мүлкі және әмірімен зекет беруіне болады. Қажылық – әрі денемен, әрі мүлікпен жасалғандықтан, үзірі болған адамның орнына оның ақшасымен және әмірімен басқа біреу қажылыққа бара алады. Өмірінің соңына дейін ешқашан ораза ұстай алмаған өте кәрі адам, оразаның орнына әр күннің оразасы үшін кедейге фидйа деп аталатын мүлік бере алады. Ал намаз үшін фидйа беру жаиз емес. Намаз оқи алмаған адам өсиет етсе, өлгеннен кейін оның намаз қарыздарының исқаты үшін қалдырған мүлкінен фидйа берілгені жақсы болады. Қалдырылған мүлік исқат үшін жеткілікті болмаса, «дәуір» жасау жаиз болады. Ал ораза үшін исқат жасау уәжіп болып табылады. Жаз мезгілдерінде, солтүстіктегі мемлекеттерде шапақ орны қараймай тұрып таң ататын жерлерде, құптан және таң намаздарының уақыттары басталмағандықтан, Ханафиде бұл екі намазды оқу керек емес. Үлкен мүжтәһид болған имам Шафии “рахимә-һуллаһу та’ала” намаз оқу керек деп ижтиһад еткен. Бірақ, ғалымдардың көбісінің айтуынша, ол жақтағыларға таң мен құптан намаздарын оқу парыз болмайды. Қазасын өтеуі де қажет емес. Өйткені екі намаздың да уақыты кірмейді. Уақыты кірмей тұрып намаз оқу парыз болмайды. Бірақ оразаның үкімі мұндай емес. Бір мемлекетте хилал (жаңа ай) көрінген кезде барлық мемлекеттерде Рамазан айы басталады. Өз мазһабы бойынша бір парызды орындау кезінде немесе бір харамнан сақтану барысында «Хараж» (мүшкілдік) пайда болса, хараж болмаған басқа мазһабты тақлид етіп (үкімдерінен пайдаланып), бұл хараждан құтылу керек. Хараж – бір істі өте ауыр қиыншылықпен, мүшкілдікпен жасау немесе мүлдем жасай алмайтындай тығырыққа тірелу деген сөз. Хараж болмайтын басқа мазһаб жоқ болса, харажға себеп болған нәрсе зәрулікптн алдымызға шығып тұрған болса, бұл парызды орындау және харамнан сақтану кешіріледі. Зәрулік болмаса, бұл нәрсені тәрк етіп, хараждан құтылу керек. Таң намазына кешігіп келген адам, жамағатты жіберіп алмау үшін сүннетті тәрк етеді. Намаз уақытын жіберіп алмау үшін де сүннетті тәрк ету керек. Жамағатқа үлгере алатын болса, сүннетті мешіттің сыртында немесе тіректің артында оқиды. Ондай жер болмаса, жамағаттың қасында оқымайды. Сүннетті тәрк етеді. Себебі, мәкрух жасамау үшін сүннет тәрк етіледі. Қандайда бір үзір (кешірімді) себебімен оқыла алмаған парыздарға«Фәуаит» делінеді, бұл "өткізіп алынған намаздар" деген сөз. Үзірсіз, жалқаулықпен оқылмаған намаздарға «Мәтрукат» делінеді, бұл "себепсіз тәрк етілген" деген сөз. Фиқһ ғалымдары қазаға қалған намаздарға "фаитәлер" деген, "тәрк етілген намаздар" демеген. Өйткені үзірсіз, себепсіз бір намазды өз уақытында оқымау үлкен күнә. Қазасын өтеумен бұл күнә кешірілмейді. Одан бөлек тәубе ету немесе қабыл болған қажылық жасау керек. Қазасын өтеген кезде тек тәрк ету, оқымау күнәсі ғана кешіріледі. Қазасын өтемей жасалған тәубе сахих болмайды. Себебі, күнәдан бастарту – тәубенің шарты. Намазды өз уақытынан кейінге қалдыру үшін бес үзір (кешірімді себеп) бар: Дұшпанның алдында отырып, құбыладан басқа жаққа қарап және жануардың үстінде кетіп бара жатқанда да оқуға мүмкіндік болмаса; сафари (жолаушы) жолда намаз оқуға тоқтаған жағдайда ұрыға, қарақшыға, жыртқыш жануарға тап болатын болса; ананың немесе баласының өміріне қауіп төнген кезде акушердің намазды кешіктіруі үзір болады. Төртінші үзір – ұмыту, бесіншісі – ұйықтап қалу. Намаз, уақыты шықпай тұрып ифтитах тәкбірін ала алса Ханафиде, ал бір рәкат оқи алған жағдайда Шафииде намаз өз уақытында «ада» етілген (өтелген) болады. Парыздардың қазасын өтеу парыз. Уәжіптің қазасын өтеу уәжіп. Сүннеттің қазасы оқылса, сүннет сауабы беріледі. Бес уақыт намаздың парыздары және уітірдің оқылуы мен қазасының өтелуінде тәртібіне мән беру керек. Бірақ уақыттың соңында қажет болмайды. Яғни қазаны оқу үшін, уақыттың парызы тасталмайды. Фаитәсі бар екенін ұмытса немесе фаитә саны алты болса, тәртіпке мән беру міндеті мойынынан алынады. Фаитәлердің саны алтыдан аз болса, тәртіп бойынша оқу міндеті кері қайтпайды. Тәртіпсіз оқылған парыздар фасид болатын болса да, саны алты болғанда, бесінші уақыт шыққанда барлығы сахих болады. Мәселен, өмірінде қазасы болмай, бір таң намазын оқымаған адам, бұл есінде болса да, бесінді, асрды, ақшамды, құптанды және уітірді оқыса, ешбірі сахих болмаса да, күн шыққаннан кейін барлығы сахих болады. Фаитә намаздарды дереу өтеу қажет. Тек қана бала-шағасының напақасын табатындай шамада, бес уақыт намаздың сүннеттерін және духа, тәсбих, тәхийатул мәсжид намаздарын оқитындай шамада кешіктіру жаиз болады. Ибн Абидин дәреттің сүннеттерінде былай деген: «Жаиз дегеніміз – тыйым салынбаған нәрсе деген сөз. Тәнзиһан мәкрух болған нәрсеге де жаиз делінеді.» Сондықтан жаиз делінген нәрсені істемеу, сол сүннет намаздардың сылтауымен бұл қазаларды кешіктірмеу керек. Рамазан оразасының қазасын өтеу асығыс емес. Дарул-харбта (мұсылмандық жайылмаған мемлекетте) мұсылман болған адам парыз екендігін білмегендіктен тәрк еткен намаздардың, оразалардың және зекеттердің қазасын өтемейді. Бірақ, Дарул-исламда болғандардың парыздарды, харамдарды білмеуі үзір емес. Мүртәд иман келтірсе, мүртәд болып жүрген уақытында оқымаған намаздарының қарызын өтемейді. Өйткені кәпірлер Ислам дінінен жауапкер емес. Бір жас бала кұптанды оқығаннан кейін жүніп болса және фәжрден (таң атқаннан) кейін оянса, құптанның қазасын оқуы керек болады. Өйткені кеше өзі әлі бала болғандықтан оқығаны нәпіл еді. Ұйқыда алғаш рет балиғатқа жеткенін білдіретін белгі көрініп, намаз да парыз болды. Дені сау кезде оқылмаған намаздарды ауырған кезде тәйәммуммен, ишаратпен қазасын өтеу жаиз болады. Қазаға қалған төрт рәкат парыз, сафари (жолаушы) кезде де төрт рәкат қылынып қаза етіледі. Сапарда қаза болған екі рәкат бесіннің парызы, мұқим (үйіне оралып келгенде) болғанда да екі рәкат қылынып қаза етіледі. Бесіннің парызын оқитын кезде "бүгінгі бесін намазының парызын" немесе тек "бесіннің парызын оқуға" деп ниет етіледі. Фаитә намаздар саны бірден артық болған адам «Алғашқы қаза болған» немесе «Соңғы қаза болған» бесіннің парызының қазасын оқуға деп ниет етіп оқыса болады. Бірақ, бір Рамазан айының бірнеше күнінің қазасын өтейтін кезде күндердің ретін сақтау қажет емес. Тәрк етілген намаздардың қазасын өтегенде басқаларға білдірмеу керек. Себебі, намазды уақытылы оқымау күнә. Күнәні басқаларға хабар беру, жариялау болса, бөлек күнә болады. Түнде жасырын жасалған күнәны күндіз басқаларға айту да күнә болады. Ибн Абидиннен аударма тәмам болды. Көрініп тұрғанындай, Ханафи мазһабында фаитә намаздардың қазасын дереу өтеу керек. Шафии мазһабында да осылай. Шафии ғалымдарынан болған Шәмсуддин Мұхаммед Рәмли “рахметуллаһи-алейһ” пәтуасында былай деген: «Үзірмен фәут етілген (шариғат рұқсат еткен кешірімді бір себеппен қазаға қалған) намаздары бар болған адам Рамазанда тарауих оқып, фаитәлердің қазасын Рамазаннан кейін өтеуі күнә болмайды. Бірақ, үзірсіз тәрк етілген (ешқандай себепсіз қазаға қалған) намаздары бар болған адамның бұлай жасауы күнә болады. Өйткені тәрк етілген намаздарды дереу өтеу қажет.» Алдымен үзірсіз тәрк етілген намаздарды оқымай, сүннеттерді, мәселен алдымен тарауихты оқудың күнә болатындығын, сүннеттердің орнына осы намаздардың қазасын оқу қажет екендігін Шафии мазһабының ғалымдары анық түрде айтқан. Ханафи мазһабында да осылай. Ханафиде үзірмен оқыла алмаған фаитәлердің қазаларын сүннет оқуға кететіндей уақыт кешіктіруге жаиз делінуі, бұлардың қазаларын кешіктірмеу жақсырақ болатындығын көрсетуде. Өйткені, жаиз – Ислам дінінде тыйым салынбаған деген сөз. Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” "ағын суды ысырап ету жаиз болады" деген үкімді, "тәнзихан мәкрух болады" деп түсіндірген. Үзірмен фәут етілген намаздардың қазасын өтеу осындай асығыс болғаннан кейін, үзірсіз тәрк етілген намаздарды да сүннеттердің орнына оқу қажет болады. Ибн Абидин “рахимә-һуллаһә та’ала” «Дәретте мүшелерді үш рет жуу муаккәд сүннет болып есептеледі. Су бағасының жоғары болуы, судың суық болуы, суға мұқтаж болу сияқты үзірлермен бұл сүннетті тәрк ету мәкрух болмайды» деген. Тәрк етілген намазды бір сәтке болса да ертерек өтеп, үлкен күнәдан құтылу үшін, таң намазынан басқа 4 уақыт намаздардың сүннеттерінің орнына, сол уақытқа қатысты қазаға қалған намаздардың қазасын оқу керек екендігі осыдан да аңғарылады. Сүннеттер орнына қаза оқу жайында 291-ші бетте жазылған.] |