29 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     1 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / МӘСІНІҢ ҮСТІНЕ МӘСІҺ ТАРТУ

МӘСІНІҢ ҮСТІНЕ МӘСІҺ ТАРТУ

18 - МӘСІНІҢ ҮСТІНЕ МӘСІҺ ТАРТУ: Тобық пен аяқты жауып тұратын аяқ киімге және қалың (престелген жүннен немесе теріден жасалған) шұлыққа мәсі делінеді. Мәсілердің үстіне дәрет алғанда мәсіһ тарта алу үшін бұларды дәрет бар кезде киген болу керек. Мәсіһ тарту үшін - мәсінің үсті аяқ саусақтарының ұшынан бастап, тобық тұсына дейін сулы үш саусақпен сипалады. Ішінде аяқ болмаған бөлікке жасалған мәсіһ сахих болмайды. Муқим болған адамның жиырма төрт сағат, Ал жолаушының (сафаридің) үш күн, үш түннен кейін мәсілерін шешіп, аяқтарын жуып бір рет дәрет алуы керек. Осы мерзімнен бұрын мәсінің бірі шешілген жағдайда, дәреті бар болса, тек аяғын ғана жуады. Маликиде мәсіһ етудің мерзімі жүніп болғанға дейін. Дәретте аяқтарды жуу мәсінің үстіне мәсіһ тартудан сауаптырақ. Дәрет алғанда мәсінің үстіне мәсіһ тарту әйел мен еркекке барлық уақытта, ешқандай үзірсіз де жаиз (рұқсат). Ғұсылда мәсінің үстіне мәсіһ тарту жаиз емес. Мәсінің бір сағат жүруге жарамды болған нәрседен жасалған болуы керек. Тақтай, шыны немесе матадан жасалған мәсінің үстіне мәсіһ тартуға болмайды. Бір мәсіде үш саусақ сиятындай тесіктің болмауы керек. Жүргенде ашылмайтын ұзын жарықтың (жыртықтың) зияны жоқ. Екі мәсідегі тесіктер бірге есептелмейді. Ал нәжіс пен әурет жерлері бірге есептеледі. Мәсінің суды өткізбеуі керек. Аяғының саусақтары болмаған адам мәсіһ тарта алмайды. Бір аяғы кесілген адам екінші аяғындағы мәсінің үстіне мәсіһ тарта алмайды. (Фәйзийа).

Мәсіһ ету мерзімі жиырма төрт сағат. Мәсінің мерзімі дәрет бар кезде киілгеннен емес, дәретті күйде киіліп, бірінші дәрет бұзылған уақыттан басталады. Мәсі киген күйде сапарға шыққан адамның мерзімі үш күн және үш түн болады. Бір күн, бір түн мәсіһ еткен жолаушы егер бір елді мекенге барып муқим болса, мәсіге мәсіһ тарта алмайды. Бір мәсінің үстіне үш саусақтың көлеміндей жерді бір рет мәсіһ тарту шарт. Сулы матамен, губкамен сүрту, су төгу арқылы мәсіһ тартуға болады, дегенмен сүннет сауабы болмайды. Үш саусақпен қоныштан саусақтарға қарай немесе оңнан солға қарай, яки бір саусақпен үш рет мәсіһ тарту сахих болса да, сүннетке сай емес. Мәсінің бірі аяқтан шешілген жағдайда, екі аяқты да жуу қажет болады. Мәсінің сыртынан киілген етік, резеңке боттың үстіне де мәсіһ етуге болады. Етік шешілгенде, астындағы мәсінің мәсіһ ету уақыты өзгермейді. Бір мәсіге су кіріп, аяқтың басым бөлігі суланса, аяқтарды жуу керек болады. Бас киім, қолғап, [саусақтағы лак], бетперде (ниқаб), [қапталған тіс] үстіне мәсіһ тартылмайды.

Маликиде мәсінің асты мен үстіне толық мәсіһ тарту керек. Бұл үшін қолын сулап оң алақан оң аяқтағы мәсінің үстіне, ал сол алақан астына қойылып, ұшынан тобыққа қарай тартылады. Тобықтың екі жағы бас және кіші саусақтармен қапталады. Кейін, сол алақан сол аяқтағы мәсінің үстінен, ал оң алақан астынан тартылып, қапталады. Мәсінің таза болуы Маликиде де парыз.

Сынған сүйектің үстінен байланған тақтайға (лубок) жәбира дейді. Жараға оралған матаға (пластырьге) исаба делінеді. Қан алдыру, сүлік қолдану, инемен дәрі егу, құлау сияқты бір себеппен жарақаттанып, жараланып, сүйегі сынып, дәке таңытқан адам, жараны жылы сумен де жуа алмаса, мәсіһ тарта алмаса, үстіндегі нәрсенің көбісін бір рет мәсіһ етеді. Таңғыш арасында қалған ашық сау тері де мәсіһ етіледі. Бұл мәсіһтің мәсіге тартылатын мәсіһтегідей белгілі бір мерзімі болмайды. Жара жазылғанға дейін мәсіһ тартылады. Жараһаттың үстіне бинт немесе гипс алдын ала дәретті күйде оралған болуы да шарт емес. Бір аяқты жуып, екінші жараланған аяққа мәсіһ тарту жаиз. Жара жазылса да, таңғышты шешу қанауға, ауруға себеп болатын болса, мәсіһ ету мерзімі бітпейді. Жара суланса, таңғыштың мәсһі бұзылмайды. Дәке ауыстырылса, жаңасына қайта мәсіһ тарту қажет болмайды. Бинт үстіне мәсіһ тарту және мәсілерге мәсіһ етуге ниет ету қажет емес. Дәрет алар кезде денедегі жара, жарық сияқты жарахаттың бетіне жағылған дәрі, мазь сияқты нәрселерді сүртіп тастау егер денсаулыққа зиянды болса, маздің үстінен жуу керек. Егер судың тиюі зиянды болса, үстінен мәсіһ тартылады. Мәсіһ тарту да зиян тигізетін болса, мәсіһ те тәрк етіледі. Басқа үш мазһабта да осындай болғандықтан, бұл мәселеде басқа бір мазһабты тақлид етуге де мүмкіндік жоқ.

Истихаза қаны, зәр, іш өту, жел, үздіксіз мұрынның қанауы және жарадан сарысу, ірің ағу Ханафи мазһабында бір намаз уақытының ішінде тоқтамай жалғасса, ол адам «үзір иесі» (үзірлі) болады. Көзі ауыратын адамның көзі үнемі суланса, құлағынан, емшегінен, кіндігінен үздіксіз бір нәрсенің ағуы да осындай. Ондай кезде дәрімен мақта қою, таңу арқылы, намазды отырып оқу арқылы әлгі ағындыны тоқтату уәжіп болады. Сонда да тоқтата алмаса, әрбір намаздың уақыты кіргеннен кейін дәрет алып, намазды солай оқиды. Сау кезде оқымаған намаздарының қазасын үзірлі кезде оқуға болады. Үзірмен алынған дәрет клесі намаз уақытысына дейін жарамды болады. Намаз уақыты шығуымен дәрет бұзылады. Ханафиде үзір иесі болу үшін денедегі ірің, қан, сарысу секілді үзірдің бір намаз уақыты ішінде дәрет алып, сол уақыттың тек парызын оқитындай уақыт тоқтамай, үздіксіз ағуы керек. Үзір иесі болғаннан кейін бір намаз уақытында бір рет ағып, тоқтаған болса да үзір иесі болу халі жалғаса береді. Бір намаз уақыты бойынша мүлдем ақпаған болса, үзір иесі болу халі аяқталады. Шафииде де осындай екендігі «Әл-ма’фуват» шәрһінде жазылған. Шафииде одан бөлек тағы төрт шарты бар. Үзір иесінен аққан нәрселер осы екі мазһабта «Ауыр нәжіс» болғандықтан, намаз оқитын кезде киімге жұққаны Ханафиде бір дирхамнан көп болса, мұны жууы парыз болады. Намаз оқитындай уақыт бойы тоқтамай жұғатын болса, жумастан оқи беруге рұқсат берілген. [Дирхам мөлшері – қатты нәжістерде бір мисқал, яғни 4,8 грам. Сұйық нәжістерде – ашық алақанның ішін толтыратын судың көлеміндей жер деген сөз.] Дәретті бұзатын нәрсе бір намаз уақытында және намаздың ішінде шығып, үздіксіз жалғаспайтын болса да, «Малики мазһабында» үзір иесі бола алады. Оның дәреті мен намазы бұзылмайды. Ханафи мазһабында осындай жағдайға тап болған адам бұл мәселеде Малики мазһабын тақлид ету арқылы сол мазһабтың жеңілдіктерінен пайдалана алады.

Намаздың он екі парызының екіншісі «Нәжістен таһарат».Доңыздан басқа жануарлардың барлығы тірі кезінде таза деп есептеліп, өлгенде нәжіс болады. Ал доңыздың терісі де және барлық паршасы да нәжіс болып саналады. Басқа жануарлар өлгенде нәжіс болады. Ханафиде ит те таза болғандықтан сатылуы, жалға берілуі және сыйға тартылуы жаиз. Біреудің итін өлтірген адам құнын төлеуі тиіс. Өлген иттің терісі иленгеннен кейін таза болып саналады. Үсті нәжіс емес мысық, ит, құдыққа, хауызға түсіп, тірі шығарылса, аузы суға тимеген болса, су нәжіс болмайды. Иттің еті мен сілекейі нәжіс болып табылады. Жүні таза. [Шафии мазһабында (тірі кезінде) итте доңыз сияқты нәжіс. Маликиде, екеуі де таза.] Суға түскен немесе жаңбырдан үсті су болған ит сілкінгенде, үстінен шашыраған нәрселер, Ханафиде нәжіс болмайды. [Шафииде нәжіс болады және шашыраған жерлерді сумен жеті рет жуу қажет болады. Осы жеті реттің біреуінде, суға топырақ араластырып жуылады. Су тиген жерлерге топырақ сеуіп кейін үстіне су себіледі. Ысқылап суменен топырақты кетіреді. Немесе сулы жерге топырақ сеуіп ысқылайды. Немесе топырақпен суды араластырып, осы балшықты жағып ысқылайды.] Нәжіс болған суды, мысалы, спирт, дәрі, иіс су [су немесе топырақ] сияқты нәрселерге [бір пайда, мүдде үшін] араластырғанда, қосынды таза болады. [Бірақ дәрі үшін болмағандарын ішу харам болып табылады.] Сол себептен йод және иіс су Ханафиде таза болып саналады. Шафииде құлақ, мұрын, көз сияқты табиғи қуыстардан шыққан қан, аз болса кешіріледі. Сыздауық, жара мен жарақаттан болса және басқа жерге жайылмаған болса, көбі де кешірімді.] Балық және суда өмір сүретін барлық жандылар, қансыз шыбын-шіркейлер, өлгенде өлексе болмайды. Дінімізге сай сойылған немесе ауланған жануарды жеу халал болғанындай, еті мен терісі де таза болып саналады. Жеу харам болған жағдайда, тек қана терісі таза болады. Өлексенің терісі иленгенде таза болады. Доңыздан басқа жануарлардың терісі және өлексенің жүні, тырнағы, мүйізі, сүйегі, тұмсығы сияқты қан болмаған жерлері таза болады. Сіңірлері лас болады. Адам тірі кезінде де, өлгенде де таза. Бірақ, өлерде барлық жандылар сияқты, ол да нәжістенеді. Сол себепті жуылып, тазаланады. Құдыққа түсіп өлсе, суды нәжіс қылады. Суға, тісі, тырнағы, қылы, қаны тамса нәжіс болмайды. Жеу халал болған жануарлардан және адамнан, тірі кезінде жұлынған немесе кесіп алынған парша нәжіс болады, жеуге болмайды. Сойылған жануарлардың таза жерлерін қолдану мубах, сатып алынады. Адамның паршаларын, [шашын, бүйрегін, сүтін зәруліксіз] қолдану, сату харам. [Ауруға басқа адамның органын алып салудың жаиз екендігі осы жерден аңғарылады.] Өлі тауықтан шыққан жұмыртқа таза саналады, жеуге болады. Шафииде қабығы қатпаған болса, нәжіс саналады, жеуге болмайды. Өлген қойдан шыққан сүт те таза болады, ішіледі. Ал Шафииде нәжіс. Өлген қойдан шыққан өлген қозы нәжіс болады. Мұның ішек-қарнынан жасалған ірімшік ашытқысы таза болып табылады. Ет иістенгенде, тамақ ашығанда нәжіс болмайды. Бірақ зиянды болғандықтан, жеу халал емес. Май да ашығанда жеу харам болмайды. Ет, ірімшік, иістеніп құрттаумен нәжіс болмайды. Таза бауыр, құдыққа түсіп, иістеніп, құртаса, бауыр мен құдықтағы су лас (нәжіс) болмайды.

Жаңбыр, қар, бұршақ суы, теңіз, өзен, құдық, көл, бұлақ суларына, «Мутлақ су» делінеді. Бұлармен дәрет алуға да, нәжісті тазалауға да болады. Гүлдің суы, қауын-қарбыз суы, жүзімнің суы, еттің суы (сорпа) сияқты суларға «Муқаййад су»делінеді. Бұлардың сұйық болғандарымен тек нәжіс тазаланады. Сүт, зәйтүн майы сияқты қою сұйықтықтармен және зәр сияқты нәжіс нәрселермен ештеңе тазартылмайды.«Нимети Ислам» кітабынан алынған жазулар тамам болды.