Силсилә-и алийа деген не?
Сұрақ: «Силсилә-и алийа деген не? Жауап: Силсилә сөзі «Бір-біріне байланған, бір-біріне қатысты нәрселерді ұластырушы тізбек, шынжыр, рет» деген мағынаны береді. Мүршиди кәміл, яғни ғалым немесе әулие болған адамдар жетілдірген және өзгелерді де жетілдіре алатындай жағдайға келген шәкірттеріне халифалық және ижазат береді. Кейін олар да шәкірт жетілдіріп, жетілген шәкірттеріне осылай ижазат береді. Осылайша ғалымдардың шежіресі пайда болады. Бұл шежіре пайғамбарымызға дейін ұласады. Бахауддин Бұхари, Имам Раббани, Мәулана Халид Бағдади сияқты тұлғалардан құралған шежіре «Силсилә-и алийа», яғни ұлы шежіре деп аталады. «Силсиләт-уз-зәһәб», яғни алтын шежіре де делінеді. Ислам ғалымы жерден шөп сияқты, қозықұйрық сияқты өсіп шықпайды. Ұстазсыз, ижазатсыз ғалым болмайды. Міндетті түрде Расулуллаһқа сүйенетін бір шежіресі болу керек. Мысалы Имам Раббани және Абдулқадир Гейлани хазреттері сияқты әрбір Әһли сүннет ғалымының пайғамбарымызға дейінгі барлық ұстаздары белгілі. Тек қана осындай бір әулиеге байланып, Оның кітаптарын оқу керек. Жазғандары дұрыс болса да, алдынан шыққан кездейсоқ адамдардың кітаптарын оқи беруге болмайды. Ондай ғалым таба алмаған адам шежіресі белгілі және ижазаты бар болған ғалымның кітаптарын оқып, оны өзіне ұстаз, жол көрсетуші ретінде қабылдау керек. Қазіргі заманда силсиләлердің әр түрлі болуы болса, ұстаздары ижазат бермеген болса да жол құрып кетуінен туындады. Имам Раббани хазреттері төрт ғасыр бұрын былай деді: «Осы ұлы жолдың жолаушылары ғаріп болды, азайды. Қазіргі тариқатшылардың жолына бидғаттар араласқандықтан және жолы бұзылғандықтан, Расулуллаһтың сүннетін ұстануға берілген әулиелерді ешкім танымайтын болып қалды. Осы танымаушылықтың кесірінен, көбі ұзақты көре алмайтын қысқа ойлы болғандықтан, осы ұлы жолға бидғаттар араластырды. Осы бидғаттар арқылы халықтың көңілінен шығуға тырысты. Осы тірліктерімен Ислам дінін дамытып жатырмыз деп ойлады. Олар бұл ұлы жолды құлатуға тырысып жатыр.» (2/62)
Жолдың соңын басына қою Сұрақ: «Силсилә-и алийада жолдың соңы басына қойылған» сөйлемі қандай мағынаны береді? Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген: «Бұл жол – нағыз Асхаби кирамның жолы, өйткені ол ұлылар Расулуллаһтың сұхбатында бірінші күні-ақ сондай дәрежелерге қауышты, кейіннен келген ең үлкен әулиелер де ең соңында мұның бір бөлшегіне ғана қауыша алды. Міне осы себептен хазреті Уахши хазреті Хамзаны шәһид еткен болса да, мұсылман болған кезде Расулуллаһтың сұхбатымен қадірленгендіктен, табииндердің ең үстемі болған Уәйсәл Қараниден үстемірек болды. Расулуллаһтың сұхбатының бастамасында хазреті Уахшиға нәсіп болған нәрселерге Уәйсәл Қарани, соншалықты жоғары дәрежелі болса да, ең соңында да қауыша алмады. Демек, замандардың, ғасырлардың ең жақсысы – Асхаби кирамның ғасыры. Міне әулиелеріміздің жолы да – алтын шежіре. Бұл жолдың басқа жолдардан үстемдігі, Асхаби кирам заманының кейінгі замандардан үстемдігі сияқты. Бұл жолдың әулиелері сондай адамдар, әлі бастапқы дәрежеде ең соңғы дәреженің дәмін татты. Олардың дәрежелерін өзгелері түсіне алмайды. Олар жеткен мәртебелер өзгелер жеткен мәртебеден әлдеқайда жоғары.» (1/66)
Силсилә-и алийаны оқу Сұрақ: Силсилә-и алийа ғалымдарының есімдерін оқу пайдалы ма? Жауап: Өте пайдалы. Айрықша мына үш пайдасы бар: 1) Фәйздің келуіне себеп болады. 2) Қиыншылық пен қайғыны кетіреді, шаттыққа бөлейді. 3) Қажеттіліктердің және қалаулардың орындалуына себеп болады.
Мүршиди кәмілдер Сұрақ: Силсилә-и алийа әулиелерінің бәрі мүршиди кәміл болған ба? Мүршиди кәмілдің бәрі мүжтәһид па? Жауап: Иә. Силсилә-и алийа ғалымдарының бәрі мүршиди кәміл болған. Мүршиди кәмілдердің бәрі де мүжтәһид болып табылады. Абдулқадир Гейлани және Имам Раббани хазреттері де Имам Ағзам мен Имам Шафии сияқты мүжтәһид болған. Төрт мазһабтың имамы және басқа да мүжтәһид болған ғалымдардың бәрі мүршиди кәміл. Араларында міндеттерді өзара бөліскендіктен, кейбірі фиқһта, кейбірі тасаууфта аты шыққан. |