ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ, ҚҰМАР, САҚТАНДЫРУ
213 – Жасыл ай, Қызыл ай, Бөбек қоры, Ихлас қоры сияқты әр түрлі атаулармен құрылған қайырымдылық ұйымдары діннің «Хибе» үкіміне жатады. Яғни бұлар жәрдем беретін мекемелер. Қор (уақыф) емес. Қор мүлкі қорға берген (уақыф еткен) адам қойған шарттары бойынша басқарылады. Ал қайырымдылық ұйымдары (мекемелері) бастықтарының бұйрығына, қалауына қарай іс атқарады. Ұйымда жиналған сыйлықтар [мал-мүлік, ақша] басқа біреудің мүлкі. Бұлар бастықтың бұйрығымен кедейлерге, апатқа, зиянға ұшырағандарға, әр түрлі қайырымдылықтарға және діни, ғылыми, әдеби кітаптар басылып таратылуына, мектептерге, ауруханаларға жұмсалады. Басқару алқасының мүшелері – бастықтың кеңесшілері. Бірігіп қабылданған шешімдер дінде бастықтың әмірі дегенді білдіреді. Ақылы және ақысыз жұмыс істейтіндер – бастықтың қызметкерлері, өкілдері болып табылады. Басқа біреу бастық болып сайланғанда, алдыңғы бастықтың оған барлық мал-мүлікті тапсыруы қажет. Мекемеге берілген әрбір қайыр бастықтың өзіне хибе етілген болады. «Ихтияр» атты кітапта «Хибе» жайында былай баяндалған: Хибе – сыйлық беру, қайтарымсыз тапсыру, сыйға тарту деген сөз. Қайыр берген адамдар «бердім» дейді, бастық [немесе өкілдері] «алдым» дейді және келісілген жерде немесе кейін хибе жасаған кісінің рұқсатымен алады. Яғни қабылдап алады. Қабылдап алуға дейін ұсынудан немесе қабыл етуден бас тарта алады. Осы ұсыну, қабыл ету және алу рәсімдері жасалғаннан кейін қайыр бастықтың мүлкі болады. Кішкентай балаға берілген сыйлықты өзі, анасы немесе уәлиі алуына болады. Бөлу мүмкін болмаған мүлікті хибе ету жаиз. Мүліктің өзін хибе етуге болады. Үстіндегі пайдасын хибе етуге болмайды. Бір мүліктің тек пайдасын, яғни қолданылуын хибе етуге«Арийат» делінеді. Бұл мүлік қолданушының қолындағы аманат болады. Үйді тұру үшін арийат ретінде беру жаиз. Бөлінуі мүмкін болған мүліктің бөлшегі бөлінгеннен кейін хибе етіледі. Ғимараттың бір бөлігі, ағаштағы жеміс және егістіктегі егін осыған жатады. Екі адам ортақтасып иеленген бір мүлікті [мысалы, бір үйді] бір кісіге хибе етуі жаиз. Бір адамның [бір мүлікті] екі [немесе одан да көп] адамға хибе етуі жаиз болмайды. [Бөлінуі мүмкін болса, ажыратып, бөліктері әрқайсысына бөлек-бөлек беру керек. Ол үшін қайырды қайырымдылық ұйымына емес, ұйымның бастығына берілуі қажет. Қайыр үкім тұрғысындағы адамға емес, шынайы адамға берілген кезде сахих болады.] [Бір мүліктің] екі кедейге садақа ретінде берілуі жаиз. Кедейге хибе етілгенде бұл садақа болады. Байға садақа деп берілгені хибе болады. Махрем туысы немесе некелесі болмаған адамға хибе етілген мүлікті кері қайтару жаиз. Бірақ, қайтарымы берілген және қабылданған болса, берілген зат көбейген болса немесе екеуінің бірі өлген болса немесе берілген адамның мүлкінен шыққан болса, кері қайтарылмайды. Жануардың қартаюы, үлкеюі, өсімдіктің өсуі, матаның боялуы, кесіліп пішілуі, көбею болып саналады. Берілген заттың мөлшерінің немесе құнының төмендеуі кері қайтарылуына бөгет болмайды. Баламасын басқа біреу де бере алады. Баламасы екендігі айтылмастан берілген зат баламасы болып саналмайды. Баламасы аз немесе көп болуы мүмкін. [Хибені алған адам берген квитанция қайтарым болады.] Белгілі бір нәрсені қайтарым ретінде беру шартымен хибе ету жаиз. Қайтарымын қабылдап алудан бұрын кез келген бірінің бас тартуына болады. Қабылдап алынғаннан кейін тек екеуінің де разылығымен ғана бас тартуға болады. Біреуге «Өлгенге дейін үйімде тұр!» деп айту жаиз. Өлген кезде үй иесіне, өлген болса мирасқорына қайтарылады. «Үйімде тұра бер. Екеуімізден біріміз өлгенде, үй тірі қалған адамдікі болсын!» деп айту қате. Бір-бірінің өлгенін күтетіндіктен, бұған «Руқби» делінді. Мүлік иесі болуды өлімге және басқа да қауіпті нәрселерге байлау сахих емес. [Өрт, өлім, қаза сияқты сақтандырулар осы тұрғыдан жаиз болмағанындай, құмар болғаны үшін де харам болып табылады.] Садақа ретінде берілген нәрсе ешқашан кері қайтарылмайды. Мал-мүлкінің бір бөлігінен садақа беруді атаған кісі бұл садақаны зекет мүлкінен береді. [Сауда мүлкі жоқ болса, алтын немесе күмістен өтетінін береді.] Басқа мүліктерден бере алмайды. Мөлшерін білдірмеген болса, әр түрлі зекет мүлкінен меншігіндегілердің барлығын береді. [Қағаз және әр түрлі металлдан жасалған ақша зекет мүлкіне жатпайды. Алтын мен күмістен ақша ретінде өтетіннің баламасы ретінде қолданылатын құжаттар. Бұлардың орнына құны шамасында алтын, күміс беріледі.] Үйін [немесе белгілі бір мүлкін] садақа қылып беруді атаған адам сол нәрсені немесе құнындай алтын, күміс садақа береді. «Ихтияр»кітабынан аударма тәмәм болды. 214 – Төмендегі жазбалар «Мәжәллә» кітабынан алынған: 833) Бір мүлікті қайтарымсыз біреуге беру «Хибе» деп аталады. Мүлікті қабыл алған кезде ол алушының мүлкі болады. 834) Хибе ету мақсатында біреуге әкелінген немесе жіберілген мүлікке«Сыйлық» делінеді. [Біреуге сыйлық жіберу – оған деген сүйіспеншілікті білдіреді. Хадис шәрифте: «Бір дін бауырларыңды жақсы көрсеңдер, жақсы көргендеріңді оған білдіріңдер!» делінген. Сол себептен, сыйлық беру және сыйлық қабыл ету сүннет болып табылады.] 835) Сауап алу мақсатында кедейге хибе етілген мүлікке «Садақа»делінеді. 836) Бір нәрсені біреуге қайтарымсыз жеуіне рұқсат беру «Ибаха» ету деп аталады. 839) Ештеңе демей қайтарыммен беру хибе болады. 840) Біреудің жіберуі, екіншісінің қабыл алуы хибе болады. 841) Біреу «Мына мүлікті саған хибе еттім» десе, ал екіншісі сол жерде мұны қабыл алса, хибе толық болады. 845) Сатып алушы мүлікті қабыл алмай тұрып басқа адамға хибе етуіне болады. 847) Біреу алашағын қарыздарға хибе етсе немесе қарыздарды«ибра» етсе, яғни «Алашағым жоқ» десе, қарыз қалмайды. 849) Мүлікті қабыл алудан бұрын екеуінің бірі қайтыс болса, хибе бұзылады. 850) Ақыл есі дұрыс, балиғатқа толған баласына хибе еткен жағдайда, баланың қабыл алуы қажет. 853) Балиғатқа толмаған, ақыл есі дұрыс баланың да қабыл алуы қажет. 854) «Келесі айдың басында мына мүлікті саған хибе еттім» деу сахих болмайды. 855) Бір адам өз қарызын өтеу шартымен біреуге бір затты хибе еткен болса, қарыз өтелгеннен кейін хибе қажет болады. Өтемесе, хибеден бас тартуына болады. Өмірінің соңына дейін напақасын беру және өзіне қызмет ету шартымен үйін біреуге хибе етіп, тапсырған жағдайда, қызметті бастаса, үйді кері ала алмайды. 856) Хибе еткен кезде мүліктің бар болуы шарт. Көз алдында болуы шарт емес. 857) Басқа біреудің мүлкін егесінің рұқсатынсыз хибе етуге болмайды. 858) Мүлік мәлім және белгілі болу керек. 859) Хибе етушінің ақыл есі дұрыс және балиғатқа толған болуы шарт. [Осы себептен мәйіттің күнәларының, қарыздарының исқаты үшін дәур жасалғанда кедейлердің арасына кішкентай баланы отырғызбайды.] Бірақ, кішкентай балаға хибе ету сахих. 860) Жәбірлеу және мәжбүрлеу арқылы жасалған хибе сахих емес. 861) Хибе қабыл алынған кезде мүлікке айналады. Ал сатып алынған мүлік келіскен сәтте, қабыл алмай тұрып алушының мүлкіне айналады. 862) Қабыл алынбаған хибені кері қайтаруға болады. 873) Алашағын қарыздарына немесе басқа біреуге хибе еткен адам бұдан бас тарта алмайды. 876) Тойларға алып келінген сыйлықтың кімнен келгені белгісіз болса, мемлекеттің әдетіне қаралады. 879) Өлім халіндегі науқас мирасшыларының бір бөлігіне хибе ете алмайды. Мал-мүлкінің үште бірін мирасшыларынан басқаларына хибе және өсиет етуіне болады. Бір адам бірнеше кісінің арасынан қалағанына хибе жасай алғанындай, олардың арасында жеребе тартып, сәйкес келген кісілерге де жасай алады. Жеребе өзге адам тарапынан жасалған сыйға, жәрдемге қол жеткізуді қалағандар арасында тартылады. Жеребеге қатысушылардың ешқандай қайтарым сұрамауы шарт. Бір нәрсе алса, алғанын таратқан болады. Алғандары мойнында аманат болып, бұларды иелеріне беруі қажет еді. Қолдануы харам еді. Ал ол қолданды және көбінің ақысын өтемей, өзгелерге берді. Харам қылып бергендеріне өзінің мал-мүлкін де қосты. 215 – Бір нәрсе сатқан адамның келісім жасағанда, яғни келіскенде сатып алушыға сыйлық беретіндігін шарт қылуының жаиз емес екендігі, бірақ фасид шартты келісімнен бұрын айтып, келіскен кезде айтпаған болса, жаиз болатындығы «Сә’адати Әбәдийа» кітабының «Фасид болған сатылымдар» бөлімінде жазылған. Осы үкім бойынша, кейбір сатып алушыларына бөлек сыйлық беретіндігін және сыйлық берудің қанша сатылымға дейін жалғасатынын алғашқы сатылымнан бұрын хабарлап, келісім жасалған кезде шарт ретінде қоспаса, келісімнен кейін осы уәдесін айтып, мұны орындауы жаиз болады. Өйткені сыйлықты осы түрде шарт қылуы келісімнен кейін бағасының бір мөлшерін төмендету болып, бұл жаиз болады. Егер ақшасы алынып қойған болса, бұл арзандату жаңа келісім болады. Арзандатылған құнынан айырмашылығы сатып алушыға қайтарылады. Ақшасы алынбаған болса, бірінші келісім арзандатылған бағамен жасалған болады. Екі жағдайда да сыйлық сатып алушының мүлкі болуда. Сатып алушылардың арасында лотерея ойнатып, сыйлықты тек ұтқандарға ғана беру харам. Себебі, ұтпағандардың мүлкін тартып алып, бұларды ұтқандарға берген болады. Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” «Рәддул мухтар» кітабының төртінші томы, Мысыр басылымының жүз жиырма бірінші бетінде былай делінеді: «Сауданың талабы болмастан, сатушыға немесе сатып алушыға пайдасы болған бір шартпен жасалған сатылым фасид болады. Сатушыдан бидайды ұн қылғаннан кейін немесе жемісті жинағаннан кейін тапсыруын немесе қолма-қол саудаласқан кезде ақшасын бермей тұрып мүлікті тапсыруын немесе ақшасын басқа ауылда беруді немесе сатушының сатып алушыға бір нәрсені сыйлауын, мәбиді (сатып алынып, мүлкі болған, бірақ әлі қабыл алмай, қолдануы рұқсат болмаған мүлік) белгілі бір уақыттан кейін тапсыруын шарт қылу сауданы бұзады. Фасид сауда жасау харам болып табылады. Бұдан бас тарту уәжіп. Бір адам басқа жердегі біреуге «пәленше затымды саған пәлен ақшаға саттым» немесе «сені некеледім» деп жазса немесе хабаршы жіберсе, ол да ұсынысты түсініп, қабыл етсе, сахих болады.» Аңғарылып тұрғанындай, сатушының алушыларға бір мүлікті сыйлайтындығын газет арқылы алдын ала жариялауы, оқығандардың да бұл мүлікті осы себептен сатып алуы фасид сатылым болмайды. Мысалы, сатып алынған тауардың ішінен шыққан қағазда «Сізге пәлен сыйлығымыз беріледі. Келіп алыңыз!» деп жазылған болса, мұны алуы жаиз болады. Газет алдын ала хабарлап, газет сатып алатын кезде айтылмаса, алуы жаиз болады. Саудагер және газет шарт қылған сыйлықтар ілім кітабы болса, әмри ма'руф та болады. «Хиндийа» кітабында былай делінеді: «Пәленшеден алатын ақшаммен деп сатып алу фасид болады.» Қарыздарынан алған «Боно»деп аталатын құжатты беріп, бір нәрсе сатып алудың жаиз емес екендігі осы жерден де аңғарылып тұр. Өзі жаңадан жазып беруі керек. 216 – Бірнеше адам өзара ақша, мүлік жинап, лоторея ойнап, ұтпағандардың ұтқандарға мүлік, ақша беруді келісуіне «Құмар» делінеді. Ойын, жарыс, қоржыннан есім, номер тарту, ішінде өзінің есімі жазылған бір нәрсеге қол жеткізу немесе бір зиянға, пәлекетке ұшырау, бір сұрақтың жауабын таба алу сияқты шарттардың пайда болуы түрлерінде лотореялық ойындар бар. Сатушылар ұйымдастырған лотореялар және зиян, бәле-жала сақтандырулары – халықты, кедейлерді, жұмысшыларды қанаудың бір құралдары. Өйткені, зиян мен бәле-жала сақтандырулары, құмарханалар мен банкирлер көптеген адамдардың мал-мүлкін қолдарынан алып, мұны құмар және пайызбен басқаларға беруде, басқалардан алған харам ақшаның ең үлкен үлесі лоторея ұйымдастырушылардың, банкирлердің қалталарына кетіп жатыр. Жұмысшы сақтандыруын жоғарыдағыдай ойламау керек. Бұл сақтандыруларда және аманатшыда жиналған және айлықтардан ажыратып алған мүліктердің, ақшалардың «Луката» үкіміне кіретіндігін үлкен ғалым Абдулхаким мырза уағыздарында айтқан. Луката – жердегі мүлік деген сөз. Бұлар және хабис мүліктер иелеріне кері қайтарылады. Иелері табылмаса, кедейлерге беріледі. Қолына түскен кедейдің мүлкі болады. Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” бесінші томда былай дейді: Оқ ату және ат шаптыру жолымен жарысу жаиз. Жарысқан екі адамнан тек бірі «Менен озсаң, саған мынаны беремін. Мен озсам, сенен ештеңе сұрамаймын» деп айтуы немесе бұл жарысқа араласпаған үшінші адам «Екеуіңнен озғанына мынаны беремін. Ұтылғаны ештеңе бермейді» деп айтуы жаиз. «Ұтпаған адам ұтқанға мынаны береді» десе, бұл құмар болады. Харам болады. Құмар сөзі «қамәр» (ай) деген сөзден шығады. Құмар ойнаушылардың әрбірінде мал-мүлкінің арту және азаю ықтималы бар. Бірінің мал-мүлкінің тек артуы, екіншісінің тек азаюы ықтималы бар болса, бұл құмар болмайды. Егер үшінші бір адам екеуінің аттарын озуы күмәнді болған бір атпен жарысқа қатысып, «Сендерден озсам, екеуіңнен де аламын. Сендер менен озсаңдар, сендерге еш нәрсе бермеймін, екеуіңнен қайбірі озса, ұтылғанынан алады» деп айтуы жаиз болады. Екі ілім адамы бір сұраққа екі түрлі жауап айтқандарында мал-мүлік келісімдері де осындай. Әуқаф (Қорлар) басқару мәжілісінің төрағасы Кәмал Атиф бек “рахимә-һуллаһу та’ала” 1330 [м.1912] жылғы «Мәжәллә шәрһі» кітабының 1151 бөлімінде былай дейді: «Жеребенің үш түрі бар: Ортақтардан кейбірінің ақысын жарамсыз қылу, оны ақысынан мақрұм қалдыру үшін жасалғандықтан, батыл (қате) болады. Бұл харам болып табылады. Дәл осындай сипаттарға, шарттарға ие болған адамдардың арасынан біреуді таңдағанда, ренжіп қалмасын деген оймен араларында жеребе тарту жаиз. Бір мал-мүлікке ортақтаса ие болған адамдардан әрбірінің өз үлесін ажырату үшін жеребе тарту жаиз.» 217 – Үлкен фиқһ ғалымы Ибн Абидиннің “рахимә-һуллаһу та’ала”«Уқуд-уд-дурриййа» атты пәтуа кітабында былай делінеді: "Бір мешітке уақыф (мұсылмандардың жалпылама қолдануына берілген садақа) немесе сыйға берілген шамның жартысынан азы қалса, имамның, муәззиннің (азаншының) оны үйіне алып кетуі әдет болған жерлерде алуы жаиз болады." Егістіктен алатын өнімнің белгілі бір бөлігін Омарға беретініне уәде етсе, беруі қажет болмайды. Бергені жақсы болады. Бөтен әйелмен бір жерде оңаша қалуға «Қылует» делінеді, бұл харам болып табылады. Бірақ қарыздар әйел қашатын болса, артынша үйіне кіріп, қарызды алу, қарт әйелмен оңаша қалу және арада перде бар болғанда оңаша қалу жаиз болады. Еркектің некелесуі мәңгі харам болған әйелдердің, мысалы енесінің, әжелерінің, өз әпкесінің, нағашы әпкесінің және ата-анасының әпкелерінің, нағашы әпкелерінің басына, қолына және аяқтарына шәхуатсыз қарауы жаиз. Сүт арқылы туыстық та қан арқылы туыстық сияқты. [Ахиреттік бауыр мұндай туыс емес.] Сазды және ойын аспаптарын сату, сатып алу және бұларды және сазды аспап шалушы, әнші адамдарды, зина етуші әйелді жалдау жаиз емес. Әулиенің қабірлеріне жапқыш, сәлде қою, үстіне кесене жасау надандарды, ғапілдерді әдепті, тәрбиелі қылатындықтан, жаиз болады. Олардың мубәрәк рухтары қабірлерінде болады. Бұл жерде әдепті, тәрбиелі болғандар олардың рухтарынан фәйз, берекет алады. [Қабірсандық, кесене жасау, жапқыш, сәлде қою өлілер үшін емес. Тірілердің оларды көріп, әдеп сақтап фәйз алуы, пайдалануы үшін қолданылады. Аңғарылып тұрғанындай, бұлар өлілерге емес, тірілер үшін жасалынуда.] Тірілер жасаған дұғалардың өлілерге пайда беретіндігін ғалымдар бірауыздан айтқан. Құран кәрім оқып, сауабын мәйіттердің рухтарына бағыштағанда, оларға пайдасы тиетіндігін үш мазһабтың ғалымдары білдірген. Айтта, қасиетті түндерде мұнараларды және басқа жерлерді көп мөлшерде жарықтандыру жаиз емес. Әйелдің сұлулығын және басқа харам нәрселер жайында жазылған өлең айту, бұларды әуендету харам болып табылады. Ғалымның дәлелдерін біліп [дінге қызмет ету ниетімен] мазһаб ауыстыруы жаиз. Наданның дүниелікке, шәхуатына қол жеткізу үшін басқа мазһабты тақлид етуі жаиз емес, мәкрух. Ғалымның осылай жасауы харам. Ұстанып жүрген мазһабының фиқһ білімдерін үйренуі қиын болған адам үйренуі оңай болған мазһабқа өтуі уәжіп болады. Өйткені, төрт мазһабтан бірінің фиқһ білімдерін үйрену, сауатсыз қалудан қайырлы. Жағымсыз иісті нәрсе жегендердің және үсті-басы, жарасы жағымсыз иіс бөлетін адамдардың мешіттерге және жиналыстарға кіруі жаиз емес. Битті, шаянды және барлық жануарларды тірідей жағу жаиз емес. Ішінде құмырсқа бар болуы мүмкін болған отынды [бір жерге ұрып сілкігеннен кейін] жағу жаиз. Құтырған ит сияқты зиянды жануарларды қинамай өлтіру жаиз. Басқа шарасы болмаған жағдайда жағу жаиз болады. Зияны тимейтін жануарларды өлтіру мәкрух. Сөзімізді тыңдайтын, қабыл етуі мүмкін болған адамға әмри маруф жасау уәжіп. Бұл құл ақысына жатады. Хадис шәрифте: «Сақалдарыңды өсіріп, мұрттарыңды қысқартып, мүшриктерге қайшылық жасаңдар!» – делінеді. Үсті-басы, киімі таза, әдемі болған адамның сөзі, насихаты әсерлі, қадірлі болады. Осындай болу сүннет. Осы себептен мұрттың қысқа болуы сүннет. [Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” «Рәддул мухтар» кітабында оразаның мәхрухтары бөлімінде былай дейді: «Хадис шәрифте "Сақалды өсіріңдер!" делінген. Бұл әмір "сақалды бір тұтамнан қысқа қылмаңдар және қырмаңдар" дегенді білдіреді. Сақалды бір тұтам, яғни төрт саусақтың еніндей өсіру сүннет. Одан артығын қысқарту сүннет. Бір тұтамнан қысқа болуына ешбір ғалым рұқсат бермеген. Бір тұтам жақты астыңғы еріннің шетінен бастап ұстау арқылы өлшенеді. Қырыну да яһудилерге және мәжусилерге ұқсау болып саналады.» Кәпірлердің жаман әрекеттеріне еліктеудің мәкрух екендігі намаздың мәкрухтарында жазылған. Заманға сай болу үшін қырыну мәкрух. Сақалды әйелдерге ұқсау үшін қыру харам. Қандай да бір үзірмен қырыну жаиз. Кейде фитнаға себеп болмау үшін қырыну қажет болады. Сақалды бір тұтамнан қысқа қылып, сүннет болған сақалды өсірдім деп ойлау бидғат болады. Бидғат істеу харам болып табылады. Яғни үлкен күнә. Осындай қысқа сақалды бір тұтамға дейін ұзарту уәжіп болады.] Пайғамбарымыздың “саллаллаһу алейһи уәссәлам” аталары, әжелері, Адам алейһиссаламға дейін, барлығы мүмин еді. Малики ғалымдарынан болған Әбу Бәкір Араби “рахимә-һуллаһу та’ала” «Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәссәлам” мубәрәк әкесі тозақта деген адам малғұн» деді. Бұл сенім мәселесі емес. Жүрекке (көңілге) ешқандай қатысы жоқ. Расулуллаһты “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” ренжітетін сөз айту жаиз емес. Мүжтәһид табылмаған кезде алдымен қайтыс болып кеткен мүжтәһидтің пәтуасымен амал ету жаиз. Жеке пайдасы бар болған бір нәрсенің харам екендігі білдірілмеген болса, ол нәрсе мубах болады. Зиянды болған нәрсені ішіп-жеу харам. Пайдасы және зияны мәлім болмаған нәрсеге халал делінеді. Сондықтан, темекі шегуге харам деп айтпау керек. Сондай-ақ, бұл дінде бидғат емес. Әдетте бидғат. Кейбір адамдарға зиянын тигізіп жатқан болса, тек соларға зияны тиетіндей мөлшерде шегу харам болады. Бір нәрсенің, уақыттың, мекеннің жаман ырымды болуы яһудилікте бар. Ислам дінінде жаман ырым деген нәрсе жоқ. Сауатсыздардың сүннет немесе уәжіп деп санайтын нәрселерін жасау мәкрух болады. Ауамның, яғни сауатсыздардың фиқһ кітаптары бойынша амал етулері қажет. Аяти карималардан және хадис шәрифтерден үкім шығарулары жаиз емес. 199-шы бетке қараңыз! Фиқһ кітаптарына сай келмейтін бір аяти карима немесе хадис шәриф кездескенде, мұның мәнсуһ немесе тәуилді, яки мәржух болғанын аңғару керек. Осы себептен, имам Ағзам Әбу Ханифаның “рахимә-һуллаһу та’ала” бір сөзі бір хадис шәрифке сәйкес келмесе, "Бұл хадис шәрифті білмеген екен" деп айту жаиз емес. Өйткені, "Бұл хадис шәрифті естіген, бірақ сахих екеніне сенбеген немесе тәуил етілуі қажет болғанын аңғарған" деп айту керек. [Бұл қатарлар «Бәриқа» кітабының 94-ші бетінде де жазылған. Уаххабилердің, Сәйид Кутубшылардың және Тәблиғ-и жамағат деп аталатын мазһабсыздардың адасқан жолда және қате пікірде екендігін көрсетуде.] Жаиз дегенміз – сахих, халал болады дегенді білдіреді. Әркімнің ұстанған мазһабына берік болуы, әрбір ісін мазһабы бойынша орындауы уәжіп. Бірақ, таассуб ету жаиз емес. Таассуб – басқа үш мазһабты бұрыс деп біліп, оларды ренжіту деген сөз. Себебі, төрт мазһабтың әрбірі хақ, дұрыс. [Бір мазһабты ұстанатын адам басқа үш мазһабтағы мұсылмандарды бауыр деп біледі. Оларды ренжітпейді. Бір-бірлерін жақсы көріп, жәрдем береді. Аллаһу та’ала мұсылмандардың иманда бірігуін, сахабалар сияқты сенулерін әмір етеді. Асхаби кирамның “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” имандарын үйреніп, кітаптарына жазғандарға «Әһли сүннет» делінеді. Барша мұсылмандардың Әһли сүннет ғалымдары “рахимә-һумуллаһу та’ала” білдіргендей иман келтіруі қажет. Кейіннен шыққан сәләфия және мазһабсыздық сенімдерінің қате екенін білуіміз қажет. Сенімдері бір-біріне сай болмаған және Асхаби кирамның “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” сенімдеріне мүлдем ұқсамайтын адамдардың бірігуі, бауыр болуы ақылға сыйымсыз. Олар мұсылмандарды алдау үшін, өздерінің пәлекет жолына тарту үшін бауырмашылдық бетпердесімен жабынып, арандатушы, бөлуші әрекеттерін іске асырып жатыр. Барша мұсылмандардың жалғыз және дұрыс болған Әһли сүннет сенімінде бірігіп, Аллаһу та’аланың әміріне мойынсұнуы, осы ортақ сенімнен пайда болатын Аллаһу та’аланың мейіріміне, бауырластыққа, сүйіспеншілікке қол жеткізуі қажет. Әһли сүннеттің амалда төрт мазһабқа бөлінуін дініміз әмір етуде, осы бөлінудің рақымдылық пен мейірімділік нәтижесі екенін білдіруде. Амалда мазһабтардың біреу ғана емес, төртеу болуының қажетті, пайдалы екендігі ақылмен де оңай түсініледі. Адамдардың жаратылысы бір-біріне ұқсамауымен қатар, ыстық шөлде өмір сүретіндердің бір мазһабты ұстануы оңай болса, ал полюске жақын аймақтарда өмір сүретіндердің басқа мазһабты ұстануы қолайлы келеді. Тауда өмір сүретіндердің белгілі бір мазһабты ұстануы оңай болса, теңізшілердің дәл сол мазһабты ұстануы қиын келеді. Бір ауруға бір мазһаб оңай келсе, басқа ауруға басқа мазһаб оңай келеді. Егістікте жұмыс істейтіндер мен фабрикада, әскерде қызмет ететіндерде де осындай айырмашылық байқалуда. Әркім өзіне жеңіл келетін мазһабын таңдап, тақлид етуде немесе бұл мазһабқа толығымен өтуде. «Таблиғи жамағат» деп аталатын мазһабсыздар, Мәудудишілер, Абдух пен Сәйид Кутб сияқтылар қалағандай жер бетінде жалғыз бір мазһаб болғанда еді және бүкіл адамзат жалғыз бір мазһабты ұстануға мәжбүрленгенде еді, бұл жағдай өте қиын, тіпті мүмкін емес болатын еді.] Ақысын қорғау үшін және залымнан құтылу үшін өтірік айту [және пара беру] жаиз болады. Арабшадан басқа тілде жазылған фиқһ кітаптары дәлел, құжат бола алмайды. Бұларда аударма қателігі кетуі мүмкін. Намаздан кейін айтылатын тәсбихтердің дәл отыз үш болуына мән беру қажет. Ислам дінінің әмірлерінде хикметтер мен пайдалар бар. Бұл белгіленген мөлшер, яғни санаулар дәрінің мөлшері сияқты. Артық немесе кем болса, күтілген пайдасы да болмайды. Нанды сүю – әдеттегі бидғат. Ниетке байланысты мүстаһаб немесе мәкрух болады. Имам Мұхаммед Ғазали “рахимә-һуллаһу та’ала” өз заманындағы фиқһ ғалымдарының ең үстемі еді. Шафии фиқһ кітаптарының бәрі оның кітаптарынан дәлелдер келтірген. [Кәпірлер, мазһабсыздар, уаххабилер осы үлкен Ислам ғалымына және ол сияқты басқа да ғалымдарға «Ислам философы», олардың еңбектеріне және барлық «Кәлам ілімі», яғни «Ақаид» кітаптарына «Ислам философиясы» дейді. Алайда, Ислам дінінде философия жоқ. Ислам ғалымдары философ емес. Философия деп – діни, рухани және қоғамдық салада әркімнің жеке пікір қозғауына, осы білімдерден өз қысқа ақылымен, замандарындағы ғылыми жаңалықтарға қарап түсінгендеріне, яғни жылдан жылға өзгеріп тұратын қате пікірлерге айтылады. Ал Ислам ғалымдарының кітаптары – ондай емес, керісінше ілім иелерінің Құран кәрім мен хадис шәрифтерден шығарған үкімдерінен тұрады. Ислам білімдеріне "философия" деу гауһар тасты шыныға ұқсатудай орынсыз іс. Ислам ғалымдарына философ деп айту да арыстанды мысыққа ұқсату сияқты болып, осы үлкен ғалымдарды мазақтау болып саналады.] Хадис шәрифтер Құран кәрімнің астарлы, жабық мағыналарын айқындап түсіндіреді. Мүжтәһидтердің ижтиһадтары осы екеуін айқындап түсіндіреді. Ханафи мазһабындағы мүжтәһидтер Имам Ағзамның “рахимә-һуллаһу та’ала” сөздерін айқындап түсіндіруде. Фиқһ және пәтуа кітаптары осы имамдардың сөздерін айқындап түсіндіруде. Басқа үш мазһабта да осындай. Пәтуа беру және білім үйрету фарзи кифая болып табылады. Мұсылмандар арасында жыл санағы хазреті Омардың “радиаллаһу та’ала анһ” әмірі арқылы басталды. Жыл санағының бастамасы хижри жылы Мухаррам айының бірінші күні болуы Асхаби кирамның “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” сөз бірлігімен қабыл етілді. Бақшадағы жеміс ағаштары кесіліп сатылса, мұның ұшыры берілмейді. Жемістерінің ұшыры беріледі. Жемісі болмай, тек сату үшін өсірілген ағаштардың және пайдаланылған тұт жапырақтарының ұшыры беріледі. Бақшадағы жеміс-жидектердің ұшыры берілмейді. Намаз қарыздарының исқатын өтеуіне өсиет ету және исқатты жерлеуден кейін жасау сахих. [Мазһабсыздардың, уаххабилердің «Дінімізде исқат деген нәрсе жоқ. Исқатты, дәуірді молдалар ойдан шығарған» деген сияқты сөздеріне сенбеу керек.] Қажылық жасамаған кедейдің басқа біреудің орнына қажылыққа баруы жаиз болады, дегенмен қағбаны көрген кезде өзінің де қажылық жасауы парыз болады. Сондықтан Меккеде қалып, кейінгі жылы өзінің қажылығын орындауы қажет болады. Бірінші қажылығында мемлекетіне қайтпағандықтан, мәйіттің қажылығы нұқсан қалған болады. Қажылық жасауына уәкіл қылынған адамға ақша берілген кезде «Қалағаныңды істе» деп айтылса, оның мәйіт үшін басқа біреуді уәкіл етуі жаиз болады. Балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс және кәмелетке жеткен қызды әкесі оның рұқсатынсыз және уәкілдігін алмастан некелестірсе, қыз хабар алған кезінде қарсы болып, бұза алады. Балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс, кәмелетке жеткен қыз әкесінен, көкесінен рұқсат алмастан өзінің теңіне некелесуіне болады. Білімге, дінге және діндарлыққа ие болған адамның қызын уәкілі болған кісі бір наданға, пасыққа некелестірсе, жаиз болмайды. Себебі, қыз бен жігіттің тең болуы қажет. Қайтыс болған кісінің әйеліне, иддеті уақытында, сол кісі қалдырған мал-мүлкінен напақа беру қажет емес. [Өйткені бұл мүлікте мирасшыларының ақысы да бар.] Иддет уақыты – төрт ай, он күн. Бұл уақыт өтпегенше әйел басқаға үйлене алмайды. Әйелін тастап қашқан адамның әкесінің келініне напақа беруі уәжіп болмайды. Әйелінің біреуден қарыз алуы, күйеуі келгенде өтеуі қажет болады. Науқас әйелдің күйеуі бай болса, әйелінің және қызметші әйелдерінің напақасын беруі қажет болады. Кедей болған жетімдерге көкелерінің ұлының напақа беруі қажет емес. Өйткені, олар бұлардың мирасшысы болса да, махремдері емес. Жұмыс істей алмайтындай жағдайдағы кедей адамның қызының ұлдары, пітір беретіндей шамада бай болса, оның және әйелінің напақаларын береді. Кедей және әлсіз болған әйелдің ер бауырының жетім ұлы бай болса, оның мүлкінен әйелге напақа беруі үшін өсиетті қабыл еткен кісіге әмір етіледі. Бидай үгіте алмайтын және тамақ пісіре алмайтын әйелге күйеуінің дайын нан және тамақ алып келуі қажет. Анасы сәбиін емізуді қаламаса, әкесінің сүт ана жалдауы қажет болады. Қызының бала-шағасын тамақтандырған адам шығынын әкелерінен талап ете алады. Кедей және әлсіз болған әйелдің напақасын бай болған ер және қыз балалары тең мөлшерде береді. Кедей, науқас адамның напақасын бай болған бауыры береді. Бай болған туысқандары жоқ болса, Бәйт-ул-мал (үкімет қазынасы) береді. [Науқас немесе кәрі болғандықтан жұмыс істей алмайтын адам және барлық әйел кедей болса, бай болған жеті махрем туыстарының оларға қарауы уәжіп болады. Егер қарамайтын болса, сот тағайындаған айлық төлем осы туыстардан алынады. Бай болған туыстары жоқ болса, мемлекет бәйт-ул-малдың ұшыр және жануар зекеттері құны жиналған бөлігінен мол ақша береді. Дар-ул-Исламда (Ислам мемлекетінде) тұратын әрбір мұсылман кедейге осындай жәрдем көрсетілуін Ислам діні әмір етуде. Осы себептен дар-ул-исламда мұқтаждар жоқ. Ислам дінінің осы ниғметінен пайдалану үшін дар-ул-харбтағы (кәпір мемлекеттегі) мұсылмандардың дар-ул-исламға көшіп келуі уәжіп. Дар-ул-исламдағы және дар-ул-харбтағы мұсылмандардың зекеттерін оңай бере алуы үшін «Зекет жинау орталықтарын» құрғандары жақсы болады.] Мүртәд болған (діннен шыққан) адамның некесі бірден бұзылады. Талақ саны азаймайды. Неке жаңаламай тұрып туылған баласы уәләд-и зина (зинадан туылған) болады. [Бір әйелмен некелеспей тұрып жыныстық қатынас жасау зина болады. Зинадан пайда болған бала «Уәләд-и зина» болады. Оның әкесі болмайды (Фәйзийа). Осы әйелмен кейіннен некелессе, бұл бала осы еркектің шариғи баласы болады.] Мүртәд әдетпен кәлима-и шаһадат айтумен мұсылман болмайды. Күпіріне себеп болған сөзіне тәубе етуі қажет. Сөзінің күпірге себеп болатындығын білмеуі үзір болмайды. Бөліп төлеу немесе кейіннен өтеу шартымен жүзеге асқан сатылымда ақшаның құны өзгерсе, келісілген мөлшерде өтелуі қажет болады. Қарызға алу да осындай. «Уқудуд-дуррийа» кітабынан аударма бітті. Осы аударманың араб тіліндегі негізі Хақиқат Кітап үйі басып шығарған «Хабл-ул-мәтин» атты кітаптың соңына қосылып басылған. Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” хазар бөлімінің соңында былай дейді: «Кей жерлері алтын және күміспен капталған затты, қапталған жеріне тиместен қолдану жаиз болады. Үсті жалатылған болса, мұны ұстап қолдану да жаиз. Әр кәпірдің мұсылманнан сатып алғанын айтып берген етін жеуге болады. Мәжусиден (отқа табынушыдан), мүртәдтан алғанын айтса, жеуге болмайды. Өйткені, бұл сөздері дүниелік істерді хабар беруде [Себебі, бұрын қасаптар етті өздері сойып сататын еді.] Бұл етті сатып алған болса, сауда батыл (бұзылған) болмайды. Бағасын кәпірге өтеп береді. Бұл етті мұсылман немесе мүртәд сойды деп айтса, бұған сенілмейді. Өйткені, бұл сөз діни мәселені хабар беруде. Кәпірдің, пасықтың муамәлаттағы (қарым-қатынастағы) сөзі қабыл етіледі. Діни істердегі сөзі қабыл етілмейді. Діни істерде әділ мұсылманның сөзі қабыл етіледі. Мүліктің алынуы үшін хабар берушінің екі кісі болуы қажет. Пасықтың және жағдайы беймәлім адамның муамәлаттағы хабарының дұрыс не бұрыс екендігі «Тәхарри» етіледі, яғни іздестіріліп, ойының ауыр басқан тарапы бойынша әрекет етеді. Бір әділ кісі бір суға таза десе, екінші әділ кісі нәжіс десе, таза деп қабылданады. Бірі етке таза десе, екіншісі нәжіс десе, нәжіс деп қабылданады. Екі әділдің сөзі бір әділдің сөзінен басым болады. Тахтауи “рахимә-һуллаһу та’ала”«Мәракил фәлах» хашиясының басында «Тәхарри» бөлімінде былай деген: «[Дарул-харбтағы немесе бір елсіз жердегі] бір етке бір әділ мұсылман "Мұны мүртәд сойды" десе, басқа бір әділ кісі мұсылман болып, "Мұны мұсылман сойды" десе, жеу халал болмайды. Себебі, бұл жануардың өздігінен өліп немесе дінсіз тарапынан сойылып, ұрылып, өлексе болғаны негізге алынады. Мұсылманның Ислам үкімдеріне сай сойғаны мәлім болғанда [немесе солай ойлағанда жеу халал болады. Дарул-харбта мұсылман қасап іздеу керек. Одан осы ниетпен сатып алу керек.] халал болады. Бұл мысалда мұсылманның сойғандығы мәлім болмаған, негізге алынған харамдық жалғасқан. Мұсылмандар және дінсіздер аралас болған бір жерде алынған етті мұсылманның сойғаны мәлім болмағанша жеу халал болмайды. Өйткені, харам болу ықтималы негізге алынады. Харам болмау ықтималы нақты емес, күмәнді. Мұсылмандар көп болса, жеу халал болады. Бір судың нәжіс екендігі күмәнді болса, таза деп қабыл етіледі. Себебі, судың негізі таза. Мал-мүлкі хараммен араласқан адамның осы мүлкін сатып алу, сол мүліктің өзі харам екені мәлім болмағанша, жаиз болады. Өйткені, мүліктің негізінің қандай екені беймәлім болуда. Осы себептен одан сатып алу мәкрух болады.» [Сиыр, қой, тауық сияқты еті желінетін жануарлардың етін жеу халал болуы үшін, Ислам үкімдеріне сай сойылуы қажет. Яғни бір мұсылманның немесе әһли кітаптың (кітапты кәпірдің) союы және соярда Аллаһтың есімін айтуы қажет. Ислам үкімдеріне сай сойылмаған жануар өлексе болады. Мұның етін жеу және сату харам болады. Мал союшылардың және ет сатушы мұсылмандардың мұны жақсылап білуі керек. Ет сатып алғанда оның қалай сойылғанын сұрау қажет емес. Себебі мұсылманға хусни зан жасау керек (яғни дұрыс сойылды деген ойда болу керек.] Той асына шақырылған адамның бұған баруы сүннет. Басқа шақырылған астарға бару мүстаһаб. Харам өлең, [музыка, құмар, ішкілік, әйел], би, бидғат, ғайбат бар болған шақыруларға баруға болмайды. Той, мейрам күндері жерге жібек маталар жаю және алтын, күміс әшекей бұйымдарын сөреге қою, сұлтанның әміріне бағыну үшін болып, тәкәппарлану, мақтану үшін болмаса, жаиз болады. Алайда, бұларға тиіспеу, қолданбау қажет. Шам, шырағдан, электр шамдарын жағу ысырап болғандықтан, жаиз емес. Осындай нәрселерді жасау тек үкіметтің жазалауынан, айыптауынан қорыққан кезде ғана жаиз болады. Харам нәрселер бар болған, еркектер мен әйелдер аралас болған жерге «Фыск мәжілісі» делінеді. Бұларға бару да осындай. Тәғанни – түзу сөзді түзу дауыспен оқу деген сөз. Әйел, ішкілік, сазды аспап, ғайбат араласқан сөзді немесе осылар бар болған жерде айту харам болады. Тойларда, сәре уақытын жариялауда, моншаға шақыруда дабыл қағу және соғыста, ресми жерлерде, белгілі уақыттарда (музыка, әнұран және әскери) әуендер шалу жаиз. Мешіттерде, ғибадатханаларда сазды аспаптың барлық түрі харам болып табылады.» 218 – Осы «"Әй, ұлым" илмихалы» кітабында жазылған хадис шәрифтер және сөздер сахих. [Латын әріптерімен басылғанда қосылған анықтамалар да «Әһли сүннет» ғалымдарының кітаптарынан алынған. Бұл кітапты жүрегіңе орналастыр! Мұсылмандықты мазһабсыздардың кітаптарынан үйренген адамдардың сөздеріне, жазбаларына және шетелдегі уаххаби кітаптарынан аударылған мәліметтерге алданып, иманың мен амалыңды зая етпе!] Бұл еңбекті жинақтаған кезде жазушы Сүлейман ибн Жәзаның “рахимә-һуллаһу та’ала” пайдаланған әдебиеттері төменде: Ихйа-и Улум, Жами-ул-Усул, Расул-и Әнуар, Бостан-ул арифин, Мәсабиһ, Мәшарик, Иршадуссабирин, Кутул қулуб, Жами-и Тирмузи, Жами-ул-Жинан, Бәһжәт-ул Әнуар, Мәу'иза-и Муса, Уасийат-и Әбу Хурайра. Осы он үш кітаптан қысқартып шығарған бұл еңбегімді мұсылмандардың балалары үшін дайындадым. |