БІРІНШІ ТОМ, 10-ші, 33-ші, 34-ші ХАТТАР
Мұхаммед Масум Фаруқидың «Мәктубат» кітабы үш томнан тұрады. Парсы тілінде жазылған. Бірінші томында 239, екіншісінде 158, үшіншісінде 255 хат бар. Осы 652 хаттың он бірі төменде жазылған.
БІРІНШІ ТОМ, 10-ШЫ ХАТ Ең үлкен бақыт – екі жаһанның ең үстем адамы болған Мұхаммед алейһиссаламға бағыну. Тозақ азабынан құтылу үшін Аллаһу та’аланың таңдалған, сүйікті адамдарының басшысына мойынсұну керек. Жәннат ниғметтеріне қауышу Оған бағынғандарға тән. Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне қауышу үшін Оған бағыну шарт. Оған бағынбайтындардың [мәселен, намаз оқымайтындардың, әурет жерлері ашық күйде жұрттың алдына шыққандардың] тәубелері, тақуалықтары, тәуекелдері және дұғалары, ғибадаттары қабыл болмайды. Оның жолында болмағандардың зікірлері, пікірлері, ықыластары мен зауықтары қадірсіз. Пайғамбарлар Оның өмір дариясынан бір мөлшеріне қауышу арқылы сондай дәрежелерге көтерілген. Әулиелер Оның таусылмас теңізінен бір жұтым ішкеннің арқасында мақсаттарына жеткен. Жер жүзіндегі періштелер – Оның қызметшілері, көктегілер Оның ғашықтары. Барлық нәрсе Оның құрметіне жаратылған, бүкіл болмыстар Оның мүбәрәк рухынан фәйз алған. Аллаһу та’аланың болмысын әлемге Ол түсіндірген, барлық нәрсенің жаратушысы Оның разылығын алуды қалаған. Оған және Оның отбасына, сахабаларына бізден дұғалар болсын. Ол ұлы пайғамбар баршамыздан разы болсын! [Ей, бақытқа қауышуды қалайтын ақыл иелері! Бар күштеріңмен Оған бағынуға тырысыңдар! Бұл дәулетке, бұл ниғметке кедергі болатын барлық нәрселерден қашыңдар! Ғажайыптар көрсететін дүмшені және жоғары мансаптарға, дипломдарға қол жеткізген мәңгүртті, яғни Оған мойынсұну абыройынан мақрұм болған бір наданды, бір ғапілді көрсеңдер, оның сөздерінің, жазбаларының, радиолардағы, теледидардағы сандырақтарының, өтіріктерінің адамды пәлекетке жетелейтіндігін және мүлдем осындай көз бояушылық жасамайтын, бірақ қатты мән беріп, ұқыптылықпен Оған мойынсұнған адамға сенудің, Оны жақсы көрудің пәлекеттерден құтқаратын өте құнды дәрі екенін біліңдер!]
БІРІНШІ ТОМ 33-ШІ ХАТ Біліп алыңыз, бақытқа қауышу үшін бір әулиеге рухани байланыс арқылы байлану қажет. Ал бұл дегеніміз – оның Аллаһу та’аланың сүйікті құлы екеніне сену және оны жақсы көру деген сөз. [Аллаһу та’аланың ниғметтерін, ихсандарын ойлаған адам Оны жақсы көреді. Өйткені, ихсан иесін (жақсылық жасаған, сый-сияпат бергенді) жақсы көру адамның табиғатына тән. Оның сүйіспеншілігіне қол жеткізу үшін Ислам дініне бағынған және бір мүршидті жақсы көрген адамға «Салих» (жақсы адам) делінеді. Аллаһтың сүйіспеншілігіне қол жеткізген адамға «Әулие» делінеді. Басқалардың да қол жеткізуіне тырысатын әулиеге «Мүршид» делінеді.] Әулиемен рухани байланыс (яғни махаббат) артқан сайын, [Расулуллаһтың мүбәрәк жүрегінен шығып] әулиенің жүрегі арқылы келген фәйздерден, берекеттерден алу да артады. Әулиені көріп, дауысын естісе және ол да тәуәжжух етсе, яғни фәйз беруді қаласа, одан да көбірек фәйз алады. Алайда, әрбір адамға өз қабілетіне қарай жүрекке фәйз келеді. Қабілет Ислам дініне мойынсұну арқылы артады. Ислам дініне мойынсұнбаған адамға фәйз келмейді. Рухани рабытасы қате болған, мүршидті танымайтын адам өзіне келген фәйздерді ала алмайды. Жылдар бойы риязат (нәпісті қинау) жасау да оны бұл бақытқа қауыштыра алмайды. [Фәйз келген жүрек дүние өмірін қиял сияқты көреді.]
БІРІНШІ ТОМ 34-ШІ ХАТ Дүние өмірінде сезім мен әрекет бар. Қабір әлемінде тек сезім ғана бар. Әрекетке қажеттілік жоқ. Ал дүние мен ахирет өмірлерінде әрі сезім, әрі әрекет қажет. |