МҰСЫЛМАНДЫҚ ЖӘНЕ ХРИСТИАНДЫҚ (Алғы сөз)
-ІІ- МҰСЫЛМАНДЫҚ ЖӘНЕ ХРИСТИАНДЫҚ Алғы сөз Кітабымыздың «Мұсылмандық және христиандық» бөлімін жазуды Бисмиллаһ айтып бастаймыз. Аллаһу та’алаға хамд болсын. Оның сүйікті пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламға және Оның әулетіне, сахабаларының барлығына бізден қайырлы дұғалар болсын! Аллаһу та’ала жандыларды, жансыздарды, барлық нәрсені жоқтан бар етті. Жалғыз жаратушы – Ол. Адамдарға мейірімділік танытқандықтан, олардың дүниеде және өлгеннен кейін бақытты болуына, яғни рахаттануына, бақытты өмір сүрулері үшін қажетті болған нәрселердің барлығын жаратып жіберуде. Бұл нәрселерге «Ниғмет» делінеді. Таусылмайтын ниғметтерінің ең үлкені, ең құндысы ретнде бақытқа қауыштыратын дұрыс жолды және азаптарға, қиыншылықтарға, ауыртпалықтарға себеп болатын адасқан жолды бір-бірінен айырған. Әрдайым жақсылық жасауды, еңбек етуді, барлық нәрсеге пайдалы болуды әмір еткен. Адамдарды өлгеннен кейін қайта тірілтіп, бәрін есепке тартатынын, иман келтіріп, жақсылық жасағандарды жәннатта ләззаттар ішінде мәңгі өмір сүретінін және пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттәслимат) білдіргендеріне сенбегендерді тозақта шексіз азаптар ішінде қалатынын хабар берген. Міне, осы кітапты жазуға ұлы Аллаһтың есімін еске алып, Оның көмегіне жүгініп бастаймыз. Адамдарға бақыт жолын көрсету үшін хабаршы ретінде таңдаған, пайғамбар деп аталатын үстем адамдарға және олардың ең үстемі болған соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламға алғысымызды, сүйіспеншілігімізді білдіруді де міндет деп білеміз. Кітабымыздың бұл бөлімі Ислам дінінің қалай таралғанын білмейтін мұсылман бауырларымыз бен басқа діннен болып, Ислам дінінің негіздерін үйренгісі келетін адамдар үшін «Ашушы кілт» ретінде жазылды. Әлемдегі діндердің ең соңғысы және ең кемелі болған Ислам діні көптеген адамдық және логикалық негіздерге сүйенеді. Бұл бөлімде Ислам дінінің негіздері туралы айтылып, басқа діндермен салыстырылған. Ислам дініне қатысты айтылған сындарға жауаптар берілген және жақсы мұсылман болу үшін қажетті болған негіздер қысқа да нұсқа түсіндірілген. Бұл мәліметтерді үйренгеннен кейін Ислам діні жайында Ислам ғалымдары (рахимә-һуллаһу таала) тарапынан жазылған құнды еңбектерді оқығысы келгендерге Стамбұлда Хақиқат Кітап үйі түрлі тілдерде таратып жатқан кітаптарымызды оқуына кеңес береміз. Бұл кітаптардың атаулары кейбір кітаптарымыздың соңында жазулы. Кітаптың бұл бөлімін ақырындап, мұқият және түсініп оқыңыз! Басқаларға да оқытыңыз! Сауатсыз адам жақсы мұсылман бола алмайды. Алайда Ислам дінінің негіздерін үйренгеннен кейін оған бүкіл жүрегімен байланбауы мүмкін емес. Бұл бөлімді оқығаннан кейін сіз де Ислам дінінің қаншалықты жоғары, қасиетті, қисынды және нұқсансыз дін екендігін жақсырақ түсініп, дүние мен ахиретте саламаттық пен бақытқа қауышу үшін шын көңілмен оған берілесіз. |