3) Амина Мослер ханымНеліктен мұсылман болдым? Баламның менен сұраған көптеген сұрақтарына жауап бере алмайтынмын. Ол менен: «Ана, неге құдай үшеу?» деп сұрағанда, өзім де үш тәңірге сенбегенім үшін оған сендіретін жауап бере алмайтын едім. Ақыр соңында 1346 [м.1928] жылы есейген сайын дамыған балам маған жылап келді де: «Ана, мен мұсылмандықты зерттедім. Олар жалғыз бір құдайға (жаратушыға) сенеді. Олардың діні – ең дұрыс дін. Мен де мұсылман болуға шешім қабылдадым. Сен де маған қосыл!» деп жалбарына бастады. Оның өтініші бойынша мен де Ислам дінін зерттей бастадым. Берлиндегі мешітке бардым. Мешіт имамы мені жылы қабылдап, маған мұсылмандықтың негіздерін түсіндірді. Ол түсіндірген сайын сөздерінің қаншалықты дұрыс, қаншалықты қисынды екенін көрдім. Бұдан былай мен де ұлым сияқты Ислам дінінің ең дұрыс дін2) Доктор Хамид Маркус (неміс) Доктор Маркус атақты ойшыл және жазушы, Берлин қаласында «Moslemische Revue» атты журналды құрған. Әлі бала кезімде мұсылмандыққа қызығушылық танытып, Ислам діні туралы мәлімет жинай бастаған едім. Туған қаламның кітапханасынан 1164 [м.1750] жылы басылған ескі Құран кәрімнің аудармасын таптым. Риуаят бойынша, Гёте де Ислам дінін зерттеген кезінде осы Құран кәрімнің аудармасын оқып, бұл кітапқа деген таңданысын білдірген. Құран кәрімді оқыған сайын оның өте қисынды, сонымен қатар адамның рухына жағымды, тартымды түсіндірмелері маған қатты әсер етті. Ислам діні белгілеген қағидалардың қаншалықты дұрыс, қаншалықты пайдалы екендігін, Исламды қабылдау абыройына ие болған халықтардың аз уақыт ішінде тұтас өркениетке қол жеткізгенін айқын дәлелдеп тұрған еді. Өз елімнен кетіп, Берлинге барған кезімде сол жақта мұсылмандармен достастым және олармен бірге Ислам орталығы мүшелерінің тартымды, тағылымы мол дәрістерін үлкен қызығушылықпен бақыладым. Ислам орталығы мүшелерімен жақынырақ қарым-қатынас жасауды және Ислам дінін жақыннан зерттеуді бастадым. Біраз уақыттан кейін бұл діннің мен іздеген хақ дін екендігіне толық сеніп, мұсылмандықты қабылдадым. Ислам дінінде Аллаһ бір және жалғыз жаратушыға сену – Исламның ең қасиетті сенімі. Ислам дінінде ақылға сыймайтын, сенілуі мүмкін болмаған ешбір сенім жоқ. Аллаһу та’аладан басқа ешқандай жаратушы жоқ. Ислам дінінде заманауи ғылымдарға сай келмейтін, оларға қайшы келетін ешбір нәрсе таба алмайсыз. Бұйырған нәрселерінің барлығы толығымен логикаға сай және пайдалы. Ислам дінінде, басқа діндердегі сияқты, иман мен логика арасында ешбір қайшылық жоқ. Сондықтан да мен сияқты табиғи ғылымдармен өмір бойы айналысқан адамның осы еңбектерден шығарған ғылыми нәтижелеріне толықтай сәйкес келген Ислам дінін, бұларға сәйкес келмеген басқа діндер арасынан таңдауы әрине табиғи нәрсе. Екінші себеп ретінде мынаны да қосып кетейін, басқа діндер тек руханиятқа мән беретін бірқатар әбес, қате түсініктерге толы. Олардың шынайы өмірмен ешқандай қатысы жоқ. Ал Ислам діні адамның өмірде не істеу керектігін үйрететін практикалық дін болып табылады. Ислам дінінің әмірлері адамға тек ахиретте ғана емес, сондай-ақ дүниеде де дұрыс жолды көрсетеді, бірақ ешқашан адамның еркіндігін шектемейді. Қаншама жылдар бойы мұсылман ретінде дінімді зерттеп келемін. Әр кезінде оның ең кәміл дін екенін көріп, жаным рахат табады. Ислам діні – жеке тұлға мен қоғамдық өмір арасындағы қандай тамаша жол! Ислам осы екі бөлек өмірді реттеуде. Ислам діні – толықтай әділетті және тек адамдардың жақсылығын қалайтын дін. Әлемде қаншама қоғамдық ағымдар бар болса да, солардың барлық жақсы тұстары Ислам дінінде бар. екеніне сене бастадым. Бәрінен бұрын жас кезімде де еш түсіне алмаған, ақылыма еш сыймаған үш тәңірді мұсылмандық теріске шығарған еді. Мұсылмандықты мұқият зерттегеннен кейін күнә шығарудың, попты күнә істемейтін пәк болмыс ретінде танудың, шоқындырудың, яғни күнәні кетірудің және осыларға ұқсас көптеген рәсімдердің қаншалықты мәнсіз екенін түсіндім, бұлардың бәрін жоққа шығарып, қуана-қуана мұсылман болдым. Барлық ата-бабаларым түгелдей христиан еді. Мен католик монастырында өстім. Толығымен христиан тәрбиесін алдым. Бірақ, бұл алған діни тәрбием мені Аллаһу та’алаға апаратын хақ дінді таңдауыма көмектесті. Өйткені, тәрбиелену барысында маған үйретілген барлық ізгіліктерді мен христиан дінінен емес, Ислам дінінен таптым. Мұсылмандықты қабыл етуім мен үшін үлкен бақыттылық болды. Қазір мен әжемін. Немеремнің мұсылман болып дүниеге келгеніне бақыттымын. Аллаһу та’аланың тура жолға түсірген адамдарына әрдайым жол көрсететінін білемін.
|