Ғадр21 – Ашуды келтіретін себептердің бірі «Ғадр», яғни берген ахдында және мисақында (сөзінде) тұрмау. Бір жақтың сөз беруіне «Уәде» делінеді. Екі жақтың уәделесуіне «Ахд» (келісім) делінеді. Антпен қуатталған уәде «Мисақ» деп аталады. Екі жақтама келісіп, сөз берісіп, алдын ала хабарласпай сөзін бұзу «ғадр» болады. Мемлекет басшысы, кәпірлермен жасаған келісімді бұзу қажет екеніне көз жеткізсе, оларға хабарлауы уәжіп. Хабар бермей келісімді бұзуы жаиз емес. Хадис шәрифте: «Ғадр еткен адам, қиямет күні ауыр түрде жазасын көреді» делінді. Ғадр ету - харам. Кәпірлермен де жасасқан келісімді қорғау уәжіп. Хадис шәрифте: «Сенімді болмаған адамда иман жоқ. Уәдесін бұзған адамда дін жоқ» делінген. Бұл хадис шәрифте аманатқа қиянат еткен адамның иманы кәміл болмайды, бұған мән беремесе, иманы қалмайды делінген. |