Әділеттен туындаған жақсы мінездерӘділеттен он екі мінез туындайды: 1) Садақат (адалдық, сенімділік, беріктік). Досын жақсы көру. Оның жақсылығын, рахатын қалау. Оны зияннан қорғау. Оны қуантуға тырысу. 2) Улфәт. Бір қоғамның дін мен дүние түсінігі, сенімдері бір-біріне сай болулары. 3) Уәфа. Жақсы қарым-қатынаста болу, жәрдемдесу. Сөзінде тұру, құл ақысына мән беру деп те айтылады. 4) Шафқат. Басқаларға дерт, пәлекет келгенінде мұңаю, ренжу. Барлығының қиыншылықтан құтылуы үшін ат салысу, тырысу. 5) Сила-и рахм. Туыстарға, жақындарға қамқорлық жасау, олардан хабар алып тұру, хал-жағдайын сұрау, араласу және жәрдем беру. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” бір хадисте: «Пұттарды, табынылатын мүсіндерді сындыру үшін және туыстарға жақсылық жасау үшін жіберілдім» деді. 6) Мукафат. Жақсылық жасағанға жақсылық жасау. 7) Хусн-и ширкат. Құл ақысына мән беру, әділ болу. 8) Хусн-и қаза. Барлық адамның, барлық нәрседе ақыларына мән беру, істегенін міндетсінбеу және кейін өкінетін іс жасамау. 9) Тәуаддуд. Тәуаддуд – махаббат деген сөз. Достарын жақсы көріп, сыйлық беру, өзін жақсы көргізу. 10) Тәслим. Исламның әмірлері мен тыйымдарын және ислам ахлағын, тәтті келмесе де, қабыл етіп разы болу. 11) Тәуәккул. Адамның қолынан келмейтін және өзгерте алмайтын қайғылы (ренішті) уақиғаларды, болған нәрселерді, бұрын тағдырына жазылғанын біліп, қамықпау, Аллаһу та’аладан келгенін ойлап, қуана-қуана қарсы алу. 12) Ғибадат. Ғибадат – барлық нәрсені жоқтан бар еткен әрбір жандыны әрқашан көрінетін-көрінбейтін қазалардан, бәлелерден қорғайтын және әр сәтте түрлі ниғметтер мен жақсылықтар жіберіп, жетілдірген Аллаһу та’аланың әмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау. Оған қызмет еткенде кемшілік жасамауға тырысу. Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне қауышқан расулдарға, нәбилерге “алейһимуссалауату уәттәслимат”, әулиелерге, ғұламаларға “рахимәһумуллаһу та’ала” ұқсауға тырысу керек. [Мұсылмандар екі түрлі: Хауас [ғалымдар] және ауам [сауатсыздар]. "Дурр-и йәкта" кітабында былай делінеді: «Ауам – сарф пен наһу және әдебиет білімдерінің әдісін, қағидаларын білмейтін адамдар. Олар фәтуа кітаптарын түсінбейді. Олардың "иман" мен "ғибадат" білімдерін іздеп, сұрап, үйренулері парыз. Ғалымар болса, сөздерімен, уағыздары және жазуларымен әуелі иман, кейін діннің тірегі болған бес ғибадатты үйретулері парыз. "Заһирә" және "Татарханийә" кітаптарында иманның шарттарын және "Әһли сүннет сенімін" үйрету барлық нәрседен бұрын қажет екені айтылады. Сол себептен, үлкен ғалым, заһир мен батин білімдерінің маманы Сәйид Абдулхаким Аруаси “рахметуллаһи алейһ” қайтыс болардан алдын «Станбул мешіттерінде отыз жыл тек Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарында жазылған иманды, яғни Әһли сүннет ақидасын және исламның көркем ахлағын түсіндіруге тырыстым. Әһли сүннет ғалымдары, бұл мағлұматтарды Сахабалардан, ал олар болса, расулуллаһтан үйренді»,- деген. Иман білімдеріне "Ақаид" және "Итиқад" (ақида) делінеді. Сол себепті біз де бүкіл кітаптарымызда Әһли сүннет ақидасын, исламның көркем ахлағын түсіндіруге тырысып, адамдарға жақсылық жасау және өз елінің үкіметін қолдап, оларға мойынсұну арқылы көмек беру қажет екенін білдіріп жатырмыз. Сәйид Құтб және Мәудуди сияқты дін жаһилдерінің және "тәблиғи жамағат, уаххаби, сәләфи" сияқты бидғатшылардың, яғни мазһабсыздардың үкіметке қарсы арандатушы, бауырды бауырға дұшпан қылушы, айдап салушылардың жазғандарын құптамаймыз. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” «Дін, қылыштардың көлеңкелері астында» деп айтып, мұсылмандардың үкімет пен заңның қамқорлығы аясында тыныш өмір сүретіндерін білдірді. Үкімет күшіне енген сайын рахаттық және тыныштық артады. Европа, Америка сияқты кәпір мемлекеттерде де рахат өмір сүрген, діннің міндеттерін еркін орындап жүрген мұсылмандар да, өздеріне еркіндік берген үкіметке, заңдарға қарсы келмеуі керек, фитнаға, анархияға құрал болмауы керек. Әһли сүннет ғалымдары “рахимәһумуллаһу та’ала” мұндай болмауымызды әмір етеді. Ғибадаттардың ең үстемі, ең қадірлісі, фитна-бүлгіншілік отымен ойнамау және қарсы шыққандарға, фитна, анархия шығарғандарға құрал болмау, «Әһли сүннәт ақидасын» үйреніп, иманының осыған сай болуына тырысу. Иманын осылай түзетіп, «бидғатшылар» деп аталатын жетпіс екі түрлі бұзық, іріткі салушы, қате сенімдерден құтылғаннан кейін, ғибадаттарда да бидғат істеуден сақтану керек. Исламның әмір етпеген нәрселерін ғибадат деп ойлап жасауға «ғибадатта бидғат» делінеді. Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына «Ахками Исламийә» (Ислам үкімдері) делінеді. Ислам үкімдеріне ұюға «ғибадат ету» делінеді. Ғибадаттардың дұрыс орындалуын үйретіп білдірген «төрт мазһаб» бар. Бұлардың төртеуі де хақ, дұрыс. Бұл төрт мазһаб, Ханафи, Шафии, Малики, Ханбали мазһабтары. Әрбір мұсылманның осы төрт мазһабтың біреуінің «Ғылымхал» (кәлам, фиқһ, ахлақ) кітабын оқып, ғибадаттарын осы кітапқа сай орындауы қажет. Осылайша, сол мазһабқа кірген болады. Бұл төрт мазһабтың біріне кірмеген адамға «мазһабсыз» делінеді. Мазһабсыздар Әһли сүннет емес. Ал Әһли сүннет болмағандар не бидғатшы немесе кәпір болады. Хазреті Әли “кәрималлаһу уәжһәһ” былай деген: «Өлгеннен кейін қайта тірілуге сенбейтін біреуді көрсең оған былай де: Мен сенемін, иман келтіргенмін. Сенің айтқаның дұрыс болса, мен бұдан еш зиян көрмеймін. Менің айтқаным дұрыс шықса, сен мәңгілікке отта жанасың!» Европада, Америкада бүкіл жаратылыстанушылар, үкімет адамдары, профессорлар, қол басшылар ахирет өміріне сенеді. Барлығы шіркеулеріне барып табынады. Яһудилер, Буддистер, Брахмандар, отқа табынушалыр, пұтқа табынушылар, мәдени өркендегендер де, өркениеттен тыс (жабайы) қалғандар да барлығы Құдайдың бар екеніне сенеді. Тек бірнеше коммунист мемлекетті басқарған, өтірікші, азғын диктаторлар және солардың жанындағылар және басқа мемлекеттердегі ақшаға сатылған солардың қызметкерлері ғана ешнәрсеге сенбейді. Өмір сүрулері үшін және ләззәті үшін дінге дұшпандық жасап жүрген бірнеше жаһилдің (наданның), ақымақтың, дүние жүзіндегі халықтың тоқсан пайызын құраған сенушілер арасында хақ болатындығы ақылға сыйа ма? Сенбейтін имансыз бір адам өлсе, өзінің сенімі бойынша жоқ болады. Ал сенетін иманды адамның көзқарасы бойынша, ол жаһаннамда мәңгі азап шегеді. Сенетін иманы бар бір адам өлсе имансыздардың көзқарасы бойынша жоқ болады, ал өз сенімі бойынша шексіз ләззаттар, ниғметтер ішінде өмір сүреді. Ақылы, білімі бар адам осы екеуінің қайсысын таңдайды? Әлбетте екіншісін емес пе? Дүние істеріндегі және әлемдегі жүйелілік пен заңдылық, ақыл иелеріне Аллаһу та’аланың бар екенін хабар беріп көрсетіп тұр. Ал ахиреттің бар екенін де Аллаһу та’ала хабар беріп тұр. Олай болса, ақылы, ілімі бар адамның Аллаһу та’аланың бар екеніне және бір екеніне сенуі қажет. Сенбеу, ақымақтық және надандық болады. Аллаһу та’алаға иман келтіру – Оның «Улуһият сипаттарына» яғни Оның «Заттық сипаттарына» және «Субути сипаттарына" және жіберген хабарларына сену және Оның дініне мойынсұнудан тұрады. Исламға мойынсұнған адам дүниеде рахат және бақытты өмір сүреді. Барлық адамдарға жақсылық жасайды. Аллаһу та’ала құлдарына көп мейірім еткені үшін, пайдалы нәрсені жасауды әмір еткен. Бұл әмірлерге «парыз» делінеді. Зиянды нәрселерге тыйым салған. Оған «харам» делінеді. Парыздар мен харамдардың барлығына «Ислам үкімдері» делінеді. Діндер, Аллаһу та’аланың құлдарына рахымы, жақсылығы. Дінге сенген және мойынсұнған адам дүниеде және ахиретте Аллаһу та’аланың жақсылығына қауышады, бақытты болады. Сенбеген адам ақылы мен дүниеде пайдалы болған үкімдеріне ұйыса, тек дүниеде бақытты, рахат өмір сүреді. Қазір европалықтардың бір бөлігі сол себептен рахат және бақытты өмір сүруде, исламға ұйымаған мұсылмандар төмен, қор күйде өмір сүруде.] |