29 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     1 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Жақсы мінездерден болған әділет

Жақсы мінездерден болған әділет

БЕСІНШІ БАП

Енді әділеттің не екенін білдірейік: Әділет – жақсы мінездердің ең құндысы. Әділ адам – адамдардың ең жақсысы. Әділет – келісушілік, тепетеңдік деген сөз. Әділет болғанда екі нәрсенің не өздері немесе сипаттары тең болады. Бұл ұқсас жерлерінде біріккен деген сөз. Демек, әділет бірліктен, тек бір болудан, яғни уахдеттен [таухид] туындайды. Ал уахдет немесе таухид – ең қадірлі сипат, ең үстем хал. Өйткені, барлық болмыстар осы бір ғана құдіреттен пайда болған. Әлемде кездесетін әрбір бір болу, шынайы жалғыздың болмысына ұқсайды. Әр болмыс, сол бір болған болмыстан пайда болғаны сияқты, әр бірлік те сол бірден пайда болады. Ал өлшеу, салыстыру істерінде теңдік сияқты құрметтісі, қадірлісі жоқ. Музыка саласында бұл мәселе кеңірек зерттелуде. Міне осы себептен, жақсылықтардың ең қадірлісі – әділет. Әділет – ортада болу деген сөз. Ортадан айырылатын болса, әділет болмайды. Мына үш жерде әділеттің болуы қажет:

1) Бір мүлікті, бір ниғметті бөлетін кезде әділетпен бөлу керек.

2) Келісім-шарттарда, сауда-саттықта әділет қажет.

3) Уқубатта, яғни жаза беруде әділет керек. Бір адам біреуді қорқытса, ұрса, ол адамға да солай жасалуы тиіс. [Бірақ, бұл теңдік жазасын тек үкімет қана жасайды. Біреуден жәбір көрген адам оған қарсы өзі әрекет етіп өшін алмай, оны полицияға, сотқа хабарлау керек. Мұсылман әрі Исламға мойынсұнады, күнә істемейді. Әрі заңға мойынсұнып қылмыс істемейді.] Егер бір елде әділет бар болса, ол жердің халықы уайымсыз-қорқынышсыз өмір сүреді. Әділет – қорықпау деген сөз.

Әділет деген не? Бұны адамның ақылымен табуы өте қиын болғаны үшін, Аллаһу та’ала құлдарын есіркеп, мемлекеттерді қорғау үшін бір өлшем құралын жіберді. Осы илаһи өлшеммен әділетті өлшеу оңай болды. Бұл өлшем пайғамбарлардың “алейһимуссалауату уаттаслимат” алып келген діндері. Ислам дініне намус-и илаһи да делінеді. Бүгін және қияметке дейін қолданылуы әмір етілген илаһи өлшем – Мұхаммед алейһиссаламға жіберілген дін. Бұл өлшемнен кейін тағы екінші өлшем берілген. Ол – сөзі өтетін басқарушы. Адам мәдени болып жаратылды. Яғни бір-бірімен араласуға, бір жерде өмір сүруге, бір-біріне жәрдемдесуге бейім болып жаратылған. Ал хайуандар мәдени болып жаратылмады. Олар қалада бірге өмір сүруге мәжбүр емес. Адам нәзік, әлсіз болып жаратылғаны үшін, піспеген тамақ жей алмайды. Азық, киім және үй дайындалуы қажет. Яғни кәсіпке қажеттілік бар. Сондықтан іздену, ойлану және тәжірибе жасау, жұмыс істеу керек.

[Ислам діні ғылымды, техниканы, жұмыс істеуді, жақсы мінезді қолдауда, әмір етуде. Ағылшындар мен коммунистер Ислам дініне жауыздықпен жала жабуда. Ислам діні адамдарды топастандырып жатыр, жұмыс істеуді тежеп жатыр деп, бетпақтықпен өтірік айтып жатыр. Ислам мемлекеттерінде қармақтарына ілінген, алданған надан, тексіз адамдарға көп ақша мен мансап беріп, оларды да осылай сөйлетіп жатыр. Жаратылыстануды, ғылымды, жұмыс істеу керектігін әмір еткен, жұмыс істейтіндерді мадақтаған аяти карималар мен хадис шәрифтер ортада тұрса да, бұл опасыз, арсыз жалалар күнді балшықпен сылауға ұқсайды. Мысалы ағылшындар Исламға жасырын түрде шабуылдауда. Ислам дінін іштен құлатып жатыр. Өтіріктеріне жастардың оңай алданулары үшін Ислам ілімдерін, діни кітаптарды жойып жатыр. Ислам дініне шабуылдау үшін Лондонда «Отарлау министрлігін» құрды. Сол жерде жауыз жоспарларын дайындады. Мыңдаған тыңшы жетілдірді. Тұзақтарына түскен надан, тексіз дін адамдарынан Нәждтік Абдулуәххаб ұлы Мұхаммед және Дәрийа әмірі Сууд ұлы Мұхаммедпен серіктестік құрып миллиардтаған ақша мен қару күшімен «Уаххабилік» атты бидғат ағымын құрды. Мұсылмандардың қамқоршысы, күзетшісі болған Осман империясын ішінен құлатты. «Ағылшын тыңшысының мойындаулары»кітабын оқыңыз!

Қазандық Абдуррашид Ибрахим мырза 1328 (м.1910) жылы Стамбұлда басылған түрікше «Әлеми ислам» (Ислам әлемі) атты кітабының екінші томында «Ағылшындардың Исламға деген дұшпандығы» деген жазбасының бір жерінде былай дейді: «Ислам халифалығының бір сәт болса да ертерек құлатылуы – ағылшындардың бірінші мақсаттары еді. Қырым соғысына себепші болулары және сол жерде түріктерге жәрдем беріп жақсы көрінулері халифалықты жоқ қылу үшін бір айла еді. Париж келісімі бұл айланы ортаға шығарған. [1923 жылы жасалған Лозан бейбіт келісімінің жасырын бөлімдерінде бұл дұшпандықтарын ашық түрде білдірген.] Әр уақытта мұсылмандардың басына келген пәлекеттер, қай пердемен жасырылса да, барлығы ағылшындардан келген. Ағылшын саясатының негізі – Ислам дінін жоқ қылу. Өйткені олар Ислам дінінен қорқады. Олар мұсылмандарды алдау үшін олардың арасынан таңдап алған сатқындардан, өз дінін білмейтін надандардан ұсталықпен пайдалануда. Тіпті ондай опасыздарды өз елінің патриоты, қаһарманы және Ислам ғұламасы ретінде танытуда. Сөзіміздің қорытындысы – Ислам дінінің ең үлкен дұшпаны – ағылшындар.) Абдуррашид мырза 1363 (м.1944) жылы Жапонияда қайтыс болды.

Ислам діні ғылымға, техникаға, жұмыс істеуге кедергі бола ма? Адам әр қажеттілігін дайындауға мәжбүр. Мұны дайындайтын нәрсе – ғылым, кәсіп және жұмыс істеу. Бір адамның барлық кәсіпті үйреніп-менгеріп алуы мүмкін емес. Әрбір кәсіпті белгілі адамдар үйренеді, жасайды. Әркім өзіне қажет болған нәрсені, осы кәсіп иесінен барып алады. Бұл кәсіп иесі де өзіне қажет болған басқа бір нәрсені сонымен айналысатын басқа кәсіп иесінен алады. Осылайша, адамдар бір-бірлерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Осы себепті, адам жалғыз өмір сүре алмайды. Бір жерде өмір сүруге мәжбүр. Мәдениет дегеніміз – Мемлекетті өркендеткізу және халықтың рахат өмір сүруін қамтамасыз ету үшін бір жерде қоғам болып өмір сүру деген сөз.]

Адамдар бір жерде өмір сүрген кезде ашкөз болғандар басқалардың ақысына қол сұғады. Зұлымдық жасайтындар да болады. Өйткені, әр нәпіс өз қалауына жеткісі келеді. Өзіне ләззатты болғанды алуға тырысады. Осы нәрселерді қалаған бірнеше адам тартыса бастайды. Бір өлексенің алдында жиналған иттердің бір-бірімен ырылдасқаны сияқты, бұлардың да араларында ұрыс басталады. Бұларды ажырату үшін күшті төреші қажет болады. Сауда-саттықта әркім өзінің жасағанын құндырақ екенін айтады. Жасалған нәрселердің өзіне лайықты, салыстырмалы құнын әділетпен өлшеу керек болады. Заттың салыстырмалы құнын өлшейтін нәрсе – алтын мен күміс, яғни ақша. Алтын мен күміске «Нақдәйн» делінеді. Әр мемлекеттің қолданып жүрген қағаз ақшаларының барлығы қазір алтынның баламасы. Яғни алтыны көп болған мемлекеттер қағаз ақшаны көп баса алады. Алтыны аз болғандары қағаз ақшаны көп басса, олардың құны болмайды. Өйткені, Аллаһу та’ала алтын мен күмісті ақша ретінде жаратқан. Басқа ешбір зат алтынның орнын баса алмайды. Сондықтан зекеттің алтын мен күміс ретінде есептелуі және берілуі әмір етілген. Заттардың құнын алтын және күміспен, әділетке мән беріп өлшейтін әділ төреші қажет. Бұл сөзі өтетін төреші – үкімет. Әділ үкімет, зұлымдықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алады. Аллаһу та’ала әмір еткен әділетті жүзеге асырады. Заттың құнын әділетпен анықтап, белгілейді.

Демек, адамдар арасында әділетті жүзеге асыру үшін үш нәрсе қажет: Намуси раббани (Аллаһтың діні), хакими инсани (адамгершілік) және динари мизани (алтын). Бұлардың ең қүштісі, ең ұлысы – намуси раббани болған Ислам діні. Діндер – Аллаһу та’аланың әділетті орнату үшін жіберген заңдары. Басқарушылардың әділетті орнатулары үшін Аллаһ осы илаһи заңдарды жіберді. Хадид сүресі, 25-ші аятының мағынасында:«Оларға әділет орнату үшін кітап пен таразы жібердік» делінген. Бұл жердегі кітап дегеніміз – дін деген сөз. Өйткені дін – Құран кәрімдегі әмірлер мен тыйымдардың атауы. Ал таразы – алтынға ишарат. Өйткені алтын салмағымен өлшенеді. Құран кәрімнің әмірлері мен тыйымдарын ұнатпаған адам кәпір және мұнафиқ болады. Ал ол адам төреші болса, үкіметті тыңдамаған дұшпан болады. [Мұсылман Дарул харбтегі (кәпір мемлекеттеріндегі) кәпірлердің заңдарына да қарсы келмейді. Қылмыс жасамайды.] Алтынның құнын қабыл етпегендер де опасыз және ұры болады.

Ескерту: Адамның ең алдымен өзіне, әрекеттеріне, мүшелеріне әділет жүргізуі керек. Екінші, бала-шағасына, көршілеріне, достарына әділ болуы қажет. Әділет басқармасының және үкімет адамдарының да, халыққа әділет жасауы керек. Демек, бір адамда әділет мінезінің болуы үшін, алдымен өз әрекеттерінде, ағзасында әділет болуы керек. Барлық күш-қуаты, әр мүшесі не үшін жаратылған болса, сол үшін қолдануы керек. Аллаһу та’аланың әдетін өзгертіп, бұларды ақыл және Ислам діні ұнатпайтын жерлерде қолданбау керек. Бала-шаға бар болса, олардың алдында да, ақыл мен дінге сай әрекет ету керек, дін көрсеткен жақсы ахлақтан адаспау керек. Жақсы ахлақпен мінездену қажет. Төреші, әкім, басқарушы, қолбасшы және қандай да бір әмір болса, ғибадаттарды орындауы және орындатуы керек. Мұндай адам бұл дүниеде Аллаһу та’аланың халифасы болды деген сөз. Қияметте де, әділ адамдар үшін уәде етілген ниғметтерге қауышады. Осындай қайырлы адамның қайыр мен берекеті, оның бақытты заманына, мүбәрәк жеріне және сол жерде өмір сүру арқылы бақытты болған адамдарға, жануарларға, тіпті өсімдіктер мен ризықтарға таралады, жайылады. Бірақ, Аллаһ сақтасын, бір жердегі өкімет адамдары мейірімді, жақсы мінезді, әділ болмаса, адам ақыларын жеп, зұлымдық, зорлық-зомбылық жасаса, бұлар әділ адамдар емес, ібілістердің досы, шайтандардың жолдастары деген сөз. Өлең:

 

Алдамасын сені сірә, залымның үй, сарай, бақшасы,

Ондағы байлық пен қымбат киімдер  мазлұмдардың көз жасы.

 

Қол астындағыларға мейірім жасамаған адамдар қиямет күні Аллаһу та’аланың мейірімінен ұзақ болады.

«Мән, лә йәрхам, лә йурхам!» делінген, аямағандарға аяушылық көрсетілмейді деген сөз. Мұндай залымдардың ұжымына үкімет емес, қарақшылар делінеді. Олар, бірнеше жылдық, уақытша болған дүниелік ләззаттары үшін миллиондаған адамдарға азап береді. Бірақ, олар зұлымдықтарының жазасын тартпағанша бұл дүниеден кетпейді. Сондай молшылық пен ләззаттар арасында өмір сүрсе де, әлбетте қатты қиыншылықтарға, үлкен дерттерге тап болады. Сол билік ешқайсысының қолында қалмайды. Көбінесе биліктері дұшпандарының қолына өтеді. Өздері де бұл жағдайды көреді, қатты күйінеді. Мәриәм сүресінің 81-ші аятының мағынасында: «Иесі, басқарушысы екенін айтқан нәрселерінің барлығын қолынан аламыз. Алдымызға жалғыз өзі келеді»делінген.Бұл жерде білдірілгеніндей, Аллаһу та’аланың сотына ондайларды қарабет қылып, сүйретіп алып келеді. Жасаған жамандықтарын жоққа шығара алмайды. Барлығының жазасын өте ауыр түрде тартады. Жасаған зұлымдығы, зорлық-зомбылығының қараңғылығы жан-жағын қаптайды. Алдын көре алмайды. Азаптаушы періштелердің қолынан жасағандарынан есе-есе жаманын тарту үшін жәһаннам азабына тасталады. Аллаһу та’аланың дінін ұнатпағаны, оған шөл заңы дегені үшін, бұл жерде рахметке қауыша алмайды.