Пітір (Фитр)Пітір – қажеттілік заттардан және қарыздардан артылатын зекет нисабындай (байлық мөлшері) мал-мүлкі немесе ақшасы бар әрбір мұсылманның рамазанның айт намазына дейін кедейлерге беруге міндетті болған белгілі мөлшердегі бидай немесе арпа, құрма немесе мейіз, осылардың құнына тең келетін алтын немесе күміс. Бұған пітір садақасы немесе фытра деп те айтылады. "Пітір ретінде кісі басына 1750 гр бидай немесе бидай ұны, 3,5 гр арпа, құрма немесе мейіз беріледі. Бұлардың өзі берілгендей, құнына тең алтын немесе күмісті де беруге болады. Бидай, ұн беру қиынға соғатын болса, бұлардың құнына тең нан беруге болады. Нан бергенде ауырлығына емес, ақшасына, құнына қаралады. Ханафиде құны көп болғанын, ал Шафийде бидай беру абзал, өте жақсы болады." (Тахтауи) "Пітір садақасы рамазан айында немесе рамазаннан бұрын немесе айт мейрамынан кейін де берілінуіне болады." (Ибн Абидин) "Ханафи мазһабында күйеуі әйелінің пітірін өз мүлкінен оның рұқсатынсыз беруі жаиз. Сонымен қатар күйеуі әйелінің және үйіндегілердің пітірлерін рұқсаттарын алмастан араластырып бере алатынындай, жалпы мөлшеріндегі бидайды немесе құнына тең болған алтынды бір мәрте өлшеп, бір немесе бірнеше кедейге бере алады. Алайда бөлек-бөлек дайындап кейін араластыруы немесе бөлек-бөлек беруі ықтиятты болады." (Ибн Абидин) |