Мисақ (Әлмисақ)Сөз беру, келісім-шарт. 1) Аллаһу та'ала, Адам алейһиссаламға және барлық ұрпағына (одан тарайтын адамдарға); "Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?" деп айтуы, олардың; "Иә, Сен Раббымызсың" деп жауап берулері. Хадис шәрифте былай бұйырылды: "Құран кәрім қайғымен түскен. Оны оқығанда кемшіліктеріңе және алдағы қауіптерге байланысты уайымдарыңды көрсетіңдер." Уайымды білдірудің жолы, ол жердегі қорқытушы, азап беруші, мисақ аяттарын ойлаумен, кейін тыйымдарына және әмірлеріне қатысты кемшіліктерді еске түсірумен болады. Шүбәсіз бұларды шынайы ойлаған адам әрі мұңды болады, әрі жылайды. Егер жылай алмаса, жылай алмағанына ренжуі керек. Өйткені Құранның осы сияқты аяттарынан уайымға түспеу үлкен бақытсыздық. (Имам Ғазали) 2) Антпенен қуаттандырылған түрде сөз беру. Аллаһу та'алаға ант етемін деп айту, ант болады. Аллаһу та'алаға уәде беремін, Аллаһу та'алаға мисақ етемін деп айту, уәде болады... (Алауддин Хаскәфи, Халеби) |