29 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     1 - Қараша, 2024 жыл.   


Малики

Әһли сүннеттің амалдағы төрт хақ мазһабтарының бірі болған Малики мазһабын ұстанатын, мойынсұнатын адам.

Әһли сүннеттің (Пайғамбарымыз алейһиссалам және сахабаларының білдірген сенімінде болғандардың) амалдағы (жасалынуы және сақтануы қажетті болған істердегі) мазһабы төртеу. Ханафи, Малики, Шафии, Ханбәли. Бұл төрт мазһабтың бірінің жолын ұстану керек. Төрт мазһаб та хақ. (Мұхаммед бин Қутбиддин Изники)

Ғибадаттардың ең құндысы – парыз айн (әр адамның мойнына тікелей парыз) болғандар. Парыздардан кейін ең құндысы – Шафии мазһабында сүннет намаздар, Ханбәли мазһабында жиһад (Аллаһ жолында күресу). Ханафи және Малики мазһабтарында болса, ілім үйрену және үйрету, сосын жиһад ету. (М. Тахир Сунбул Мәкки)

Сиуади ағзам яғни мұсылмандардың көбі фиқһ ғұламаларының жолында. Бұлардың жолынан айрылғандар жаһаннам отында жанады. Ей, мүминдер! Тозақтан құтылатын жалғыз топқа мойынсұныңдар. Ол топ “Әһли сүннет уәл жамағат” тобы. Аллаһу та’аланың жәрдемі, қорғауы және табысқа жеткізуі осы топта болғандарға болады. Аллаһу та’аланың ашуы және азабы бұл топтан айрылғандарға болады. Бұл фирқаи нәжийа (тозақтан құтылған топ, жамағат) қазіргі таңда төрт мазһабта жиналған. Бұл төрт хақ мазһаб: Ханафи, Малики, Шафии және Ханбәли мазһабтары. Бұл заманда осы төрт мазһабтың біреуін ұстанбаған адам бидғат (бұзық сенім) иесі болып, жаһаннамға түседі. (Тахтауи)