29 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     1 - Қараша, 2024 жыл.   


Марифат

Білу, тану, көңілмен білу. Аллаһу та'аланың сипаттары мен есімдерінің ақиқатын тану, білу дегенді білдіреді. Марифатуллаһ.

Марифаттың ақиқаты – Аллаһу та’аланы көңілмен жақсы көру, тілмен еске алу, Одан басқа барлық нәрседен үмітін үзу. (Ахмед бин Хадрауайх)

Марифат иесі дүниеге көңіл бөлмейді, нәпіске тән ойлардан арылады. Марифаттың белгілерінің бірі марифат иесінде Аллаһу та’ала тарапынан берілген бір айбаттылық (сұстылық) болады. Марифаты (рухани білімі) артқан адамның айбаттылығы да артады. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

Марифат – құлдың қандай жағдайда болмасын Аллаһу та’аланың берген ниғметтеріне шүкір етуде әлсіз екендігінің, жас және әл-ауқатты кезеңдерінде күш-қуатсыз екендігін білуімен болады. (Әбу Хасан бин Саи)

Марифат және Аллаһу та’алаға жақын болу халі – парыздарды орындаумен және сүннети сәнийаға мойынсұнумен болады. (Әбул-Қасым Насрабади)

Адамның қадірі – иманды және марифат иесі болуымен болады. Байлығы және мансабымен емес. (Мұхаммед Масум)