12 Желтоқсан 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Дүние – мүминге зындан, кәпірге жәннат

Дүние – мүминге зындан, кәпірге жәннат

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Дүние – мүминнің зынданы, ал кәпірдің жәннаты» деген. Салих мұсылман жалпы алғанда рахат өмір сүрсе, жақсы үйлерде тұрса, жақсы көліктерге мінсе, көрікті киімдер кисе және жақсы тамақтар жесе, бұл жақ оған қалайша зындан болады? Жәннаттағы шексіз болған сол әсемдіктердің, сол ниғметтердің, сол сұхбаттардың қасында әрине зындан болып қалады.

Бұл жақ кәпір үшін неліктен жәннат? Кәпір өте қиын өмір сүрсе де, тозақта көретін ауыр азаптардың қасында дүние оған жәннаттай келеді. Яғни тозақтағы өмірімен салыстырғанда бұл жақ ол үшін жәннат саналады. Мұсылман алтын сарайда тұратын болса да, ол үшін дүние зындан болып қалады. Неліктен? Сүйіктілеріміз жоқ, естеліктер жоқ. Жәннаттағы әсемдіктер және сұхбаттар жоқ. Бұлардың бәрі бар болса да, бұл жақ өткінші, түстен айырмашылығы жоқ, бұл фәни дүниені мәңгі болған жәннат өмірімен қалай салыстыруға болады?

Демек, дүние мүминнің зынданы болса, қалайша күліп жүре аламыз? Өйткені Расулуллаһ (алейһиссалам) «Дүниеде бір-бірін жақсы көргендер жәннатта бірге болады» деген. Әулиелерді сағынышпен еске алғандар, оларды жақсы көріп еске түсіргендер осы сүйіспеншіліктің арқасында бірге жиналады. Қазір күліп жүруіміздің себебі осы. Әйтпесе жақсы көлігіміз, үлкен үйіміз болса, көп ақша тапсақ, өткінші дүние күлуге арзиды ма? Бұларды шексіз ниғмет деп санау, тек дүние үшін ғана өмір сүру, ахиреттегі мәңгі азаптарды ойламау үлкен ақымақтық болып саналады...

Қиыншылықсыз мұсылман болмайды. Өйткені сүйікті пайғамбарымыз «Мүмин илләт, зилләт және қилләттен құтыла алмайды. Ең аз дегенде, біреуі басына келеді» деген. Илләт – ауру, қилләт – кедейлік, ал зилләт – қорлыққа ұшырау, масқара болу деген сөз. Олай болса, жасауымыз керек болған ең бірінші жұмыс – тәубе мен истиғфар ету. Бұрындары бір мұсылман үйде бір пиала, бір ыдыс сынса, «Менің кесірімнен болды» деп тәубе етіп, екі рәкат намаз оқитын.

Екіншісі, өзіміз әулиелердің насихаттарын ұстанғанымыздай, біз де басқаларға дінге сай түрде насихат етуіміз керек. Бірақ «Менің сөздерім әсерлі, бір сөйлесем, бәрін тура жолға түсіремін» деу және осылай ойлау дұрыс емес, өз-өзімізді алдау болады. Біздің насихатымызбен ешкім дұрыс болып қалмайды. Керісінше одан сайын бұзылады. Насихаттың да жолы бар. Кітапты ашып, әулиелердің сөздерін оқу керек немесе кітапты оған беру қажет. Ол насихат оқығанға да, оқытқанға да, бәріне пайдалы болады. Әулиелердің сөзімен түзелмеген адам онсыз да біздің сөздерімізбен еш түзелмейді. Сондықтан біз арадан өзімізді алып тастап, тек жол белгілері сияқты әулиелерді көрсетуіміз керек.