18 - Шәууал, 1445 жыл.
     27 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Адамдарға дөрекі сөйлеу

Адамдарға дөрекі сөйлеу

Сұрақ: Бір кісінің адамдарға, жұбайына, балаларына сөйлеген кезде «топас, мал, қадірсіз, оңбаған, жексұрын, ақымақ, миғоқ ж.т.б.» секілді өрескел сөздер қолдануы діни тұрғыда дұрыс па?

Жауап: Сахаба Әбу Саид Худри (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыздың көркем мінезін, ізгіліктерін сипаттағанда:

«Расулуллаһ айбатты, яғни құрмет пен қорқыныш тудыратын еді. Бірақ дөрекі емес, сыпайы еді. Бәріне жанашыр болып, ешкімнен ештеңе күтпейтін. Бақыт пен шаттық қалайтын кісі Ол сияқты болу керек» деген.

Расулуллаһтың ең үлкен жауы және мүбәрәк денесіне, нәзік рухына азап пен қорлық көрсеткен Әбу Жәһлге Оның лағнет етіп қарғағаны, сөккені еш байқалмаған.

Әйелдер көңілдері бос, нәзік және сезімтал келеді. Хадис шәрифте: «Ер адам әйелін ұратын болса, қияметте оған шағымданушы мен боламын» делінген.

Дүниелік істердегі кемшілігі үшін ұру былай тұрсын, тіпті ауыр, дөрекі сөйлеуге де болмайды. Имам Раббани хазрет:

«Ешбір әдепсіз Аллаһу та'аланың разылығына бөлене алмаған» деген.

Харам істеп жатқан адамды көргенде ашуға келу дін қайратынан туындайды. Бірақ ашуланған кезде ақылдың және исламның сыртына шықпау керек. Оған «кәпір, екі жүзді, дәйіс» және басқа да өрескел, жаман сөздер айту харам болады. Айтқан адамның жазалануы қажет болады. Харам істеп жатқан адамды көргенде оған «надан» немесе «ақымақ» деп айтуға рұқсат берілгенімен, жұмсақ, жылы сөзбен насихат айту жақсырақ болады. Хадис шәрифте: «Аллаһу та'ала әрдайым жұмсақ сөйлегенді жақсы көреді» делінген.

«Саадәти Әбәдия» кітабының «Тазир» (жаза қолдану) бөлімінде былай жазылған:

«Мұсылманға «ей, кәпір, ей, жауыз, ей, адасқан, ей, күнәһар» деген адам жазалануы тиіс. «Ей, екі жүзді, яһуди (еврей), насрани (христиан), опасыздың ұлы» деген адам жазалануы керек. «Намыссыздың ұлы, жезөкшенің ұлы, кәпірдің ұлы, күнәһардың ұлы, ұрылардың ұясы, ең үлкен зинақор, арамы туған» деген адам жазалануы тиіс.

Жазалаудың көбінде Аллаһу та'аланың хақы мен құл (кісі) хақы бірге бар. Бірақ кісі хақы көбірек. Ренжітілген адамның кешіруімен жазалаудан бастартуға болады. Кісі хақын қазы (би) кешіре алмайды. Бір адам біреуді әр түрлі сөздермен немесе бірнеше адамға бір сөзбен балағаттаса, әрбіріне жеке-жеке жаза көреді. Өйткені құлдардың хақылары бір-біріне өтпейді.

«Тазир» жазасы харам істеушіге және сөзімен, іс-әрекетімен, белгімен мұсылманды жазықсыз қорлаған адамға беріледі».