18 - Шәууал, 1445 жыл.
     27 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Намазда басты, қолды жабу

Намазда басты, қолды жабу

Сұрақ: Намаз оқығанда ер кісілердің басы ашық болуының, қысқа жеңді көйлек киіп, қолдары ашық болуының және шалбардың балағын көтерудің зияны бар ма?

Жауап: Бұл туралы «Халеби» кітабында былай жазылған:

«Сәждеге жығыларда шапанның етегін және шалбардың балағын жоғары тарту мәкрух әрі бұларды қайырып қойып намаз оқу да мәкрух. Жеңді, балақты, етекті қайырып қойып, қысқа қылып намаз оқу да мәкрух».

Жалқаулықпен немесе басты ашып оқудың маңызын ойламай ашық баспен (тақиясыз) намаз оқу мәкрух. Ал намаздың өзіне мән бермеу күпірлік. Өзін әлсіз, бейшара көрсету үшін, Аллаһу та'аладан қорыққаны үшін басты жаппау мәкрух болмайды. Яғни Аллаһу та'аладан қорыққанынан реңі бозарып, денесі қалтырап, өзін және барлық нәрсені ұмытқан адам басын жаппаса, мәкрух болмайды. Бірақ ондай адамдардың да басын жауып оқуы жақсырақ болады. Өйткені басты ашу «Намазда сәнді киімдеріңді киіңдер, жабыңдар!» деген аяти кариманы ұстанбау болады.

 

Сұрақ: Намаз оқығанда ер кісілердің сәлде киіп намаз оқу керек дегендей шарт бар ма?

Жауап: Басқа ақ сәлде кию мүстаһаб. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қара сәлде кигені де «Марифатнама» кітабында жазулы. Ол сәлденің ұшын екі жауырынының арасына екі қарыс қылып жіберетін.

 

Сұрақ: Әйелдердің етеккір кезінде намаз оқуының, мешітке кіруінің, тауаф жасауының шариғаттағы үкімі қандай?

Жауап: Әйелдердің хайз және нифас күндерінде намаз оқуы, ораза ұстауы, мешіттің ішіне кіруі, Құран кәрім оқуы және Құран кітапты ұстауы, тауаф жасауы, жыныстық қатынасқа түсуі төрт мазһабта да харам.

Жүніп немесе хайз кезінде мешітке кіру, тіпті мешіттің ішімен өту харам. Өтетін басқа жол болмаса немесе мешіттің ішінде жүніп болса немесе мешіттен басқа жерде су таба алмаса, тәйәммум алып ішке кіріп-шығады. Құран кәрім оқуы, Құран кітапты ұстауы және қағбаны тауаф етуі төрт мазһабта да харам.

Әйелдердің басы, қолы, аяғы ашық күйде мешітке келіп, мәуліт, уағыз және Құран оқып жатқан қариларды тыңдауы харам, үлкен күнә болады. Христиан әйелдердің өзі шіркеулеріне осылай ашық күйде кірмейді. Ашық күйде әйелдер ер кісілердің арасына кірген жерлер ғибадатхана болмай қалады, бұл жерді мешіт деуге болмайды. Ондай жерлерге намаз оқу үшін де баруға болмайды.