29 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     1 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Дәжжал

Қияметтің үлкен белгілерінің бірі. Қияметке жақын шығатыны білдірілген және Иса алейһиссаламмен хазреті Мәһди тарапынан өлтірілетін залым. 

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Өткен пайғамбарлар көзі ақи, соқыр, өтірікші болған Дәжжалдың үлкен фитна және бәле болатынын хабар беріп, үмметтерін оның жамандығын, зиянын айтып қорқытты.» (Хадис шәриф – Хужжатуллаһи алал-аламин)

«Дәжжалдың Меккемен Мәдинадан басқа аяғы баспаған мемлекет жоқ.» (Хадис шәриф – Хужжатуллаһи алал-аламин)

Дәжжал өзінің пайғамбар екендігін айтып, адамдардың иманын бұзуға тырысады және өзіне сенбеген адамдарға зиян береді. Әсхабы Кәһф, хазреті Мәһдидің көмекшілері болады және Иса алейһиссалам мұның заманында көктен түседі және Дәжжалмен соғысқанда хазреті Мәһди онымен бірге болады. (Юсуф бин Исмаил Набхани)

Терминге сілтеме


Дәрет

Намаз және басқа да бір қатар ғибадаттардың орындалуы үшін бетті, екі қолды шынтақпен қоса жуу, бастың төрттен бір бөлігін мәсһ ету және аяқты тобықтармен қосып жуудан тұратын тазалық түрі. Намаздың сыртындағы парыздарының бірі.

Дәрет алу Құран кәрімдегі мына аяти кәримамен парыз етілген:

«Ей иман келтіргендер! Намазға тұрар кездеріңде беттеріңді және шынтақтарыңмен қоса қолдарыңды және бастарыңды мәсһ етіңдер және тобықтармен қоса аяқтарыңды жуыңдар.» (Маида сүресі 6)

«Кімде кім дәрет алғаннан кейін, маған он рет салауат айтса, Хақ та’ала ол кісінің қайғысын кетіріп, көңілін көтереді, дұғасын қабыл етеді.» (Хадис шәриф – Әйухәл-уәләд илмихалы)

«Әрқашанда үмметімнен бірі дәрет алып жатқанда, Бисмилләһ деп қолын жуғанда, қолымен жасаған (кіші) күнәларының барлығы кешіріледі. Аузына, жүзіне және басқа да мүшелеріне су алған сайын, бүкіл күнәлары төгіледі.» (Хадис шәриф – Әйухәл-уәләд илмихалы)

«Дәрет үстіне дәрет алу, нұр үстіне нұр болады.» (Хадис шәриф – Кәшфул-хафа)

Ханафи мазһабы бойынша дәреттің парыздары төртеу: бетті бір рет жуу. Екі қолды шынтақтармен қосып бір рет жуу. Бастың төрттен бір бөлігін мәсһ ету, яғни су қолмен басты сипау. Екі аяқты тобықтарымен қосып бір рет жуу. Сонымен қатар дәреттің сүннеттері және әдептері бар. (Ибн Абидин)

Дәретсіз күйде мына үш нәрсені орындау харам болып табылады: Намаз оқу, Қағбаны тауаф ету, Құран кәрімді ұстау. Мешітке дәретсіз кіру мәкрух. (Шурнблали)

Дәретті күйде өлген адам өлім азабын тартпайды. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

Терминге сілтеме


Духа сүресі

"Құран кәрімнің тоқсан үшінші сүресі. Духа сүресі Мекке мукаррамада түскен. Он бір аяти кәримадан тұрады. Бірінші аяти кәримада Духаға (сәске уақытына) ант етілгендігі үшін, осы сөз сүреге есім болған. Риуаят бойынша біршама уақыт бойы уахи келмеген еді. Осы себепті пайғамбарымызға сенбейтіндер “Мұхаммедті Раббысы тәрк етті, оған ренжіді” деп пайғамбарымызды ренжітуге, мұсылмандар арасында фитна шығаруға тырысты. Сол кезде осы сүре түсті. Нузул (түсу) себебі ретінде басқа риуаят та бар." (Ибн Аббас, Қуртуби, Имам Суюти)

Духа сүресінде былай делінеді: «(Ей Мұхаммед) ахирет сен үшін дүниеден де қайырлы. Раббың саған разы болдым дегеніңше барлық сұрағаныңды береді.» (4, 5-ші аяттар)

«Раббыңның ниғметтерін ойла, (адамдарға) түсіндір» (11-ші аят)

Терминге сілтеме


Духа уақыты

Сәске уақыты. Ораза уақытының, яғни имсак (ауыз бекіту) пен ақшам (аузашар) уақыттары арасындағы мерзімнің төрттен бір бөлігі өткенде басталатын уақыт. (Духа намазы бөлімін қараңыз)  

Терминге сілтеме


Духан сүресі

Құран кәрімнің қырық төртінші сүресі.

"Духан сүресі Мекке мукаррамада түскен. Елу тоғыз аяти кәримадан тұрады. Атауы оныншы аяти кәримада өткен түтін деген мағынадағы “духан” сөзінен алынған. Бір риуаят бойынша духан қияметтің үлкен белгілерінен. Сүреде Құран кәрімнің мүбәрәк түнде (Қадір түнінде немесе Бәрат түнінде) түскендігі, сенбейтіндердің қандай азап көретіндіктері, Мұса алейһиссаламмен перғауынның қиссалары айтылып, сенбейтіндер ескертілуде, сондай-ақ сенбейтіндердің қияметті жоққа шығаруларының және жаһилдік көзқарастарының жамандығы түсіндірілуде." (Ибн Аббас, Әбу Хаййан Әндулуси, Табери)

Духан сүресінде былай делінеді:

«Сөзсіз біз (Құран кәрімді) мүминдерге берекесі мол, көп адам кешірілетін, ғафу етілетін түнде (Қадір түнінде немесе Бәрат түнінде) түсірдік. Біз (онымен кәпірлеріді) азап пен қорқытамыз.» (3-ші аят)

«Ол күні (қиямет күні) дос досын (туыс туысын) азаптан құтқара алмайды. Тек Аллаһу та’аланың мейірімі және рұқсатымен бір муминнің басқа мүминге шапағат етіп құтылуы мүмкін. Аллаһу та’ала Азиз. Оның азап етілуін әмір еткен адамына ешкім көмектесе алмайды. Ол Рахим (рақымды) мейірімге қауышуын әмір еткен адамының да мейірімге бөленуіне ешкім тосқауыл бола алмайды.» (41, 42-ші аяттар)

Терминге сілтеме