17 - Шәууал, 1445 жыл.
     26 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Рия

Көзбояушылық, екі жүзділік, яғни өзін өз барынан басқаша етіп көрсету.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Намаздарын ғафлетпен оқыған адамдарға қатты азап болсын. Адамдардың жанында намаздарын риямен оқиды. (Жалғыз қалған кезде намаздарын тәрк етеді.) Зекет және қарыз беруді тоқтатады. (Мүмин сүресі 4-7)       

«Дүниеде ғибадаттарын риямен жасаған адамдарға қиямет күні; Ей жаман адам! Бүгін саған сауап жоқ. Дүниеде ғибадаттарыңды кімдер үшін жасаған болсаң, сауаптарыңды солардан сұра! -деп айтылады.» (Хадис шәриф – Тәбйин-ул-Мәхарим)

Рия жасайтын адамның үш белісі бар: Жалғыз қалған кезде жалқау болады. Адамдардың арасында өзін еңбекқор етіп көрсетеді. Мақталған кезде көп еңбек етіп, жамандалған кезде еңбегін азайтады. (Әли радиаллаһу анһ)

Ғибадаттың апаты – риямен жасау, басқа адамдардың есітуі немесе көруі үшін және Аллаһу та’аладан басқалар үшін жасау. (Абдуллаһ Исфахани)

Терминге сілтеме


Рәкат

Намаздың ішіндегі бөлімдері. Әр бірі қиям, руку және екі сәждеден тұрады.

«Бір адам қырық күн (жамағатпен оқылған) намазының бірінші рәкатын жіберіп алмаса, оған екі бәрат (азат етілу құжаты) жазылады. Тозақтан азат етілу бәраты және мұнафықтықтан құтылу бәраты.» (Хадис шәриф – Рамуз-ул-Әхадис)

«Мисуак қолданып оқылған екі рәкат намаз мисуаксыз оқылған жетпіс рәкат намаздан артық.» (Хадис шәриф – Табарани, Бәйһақи)

Ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен әрбір мұсылманның күнде бес уақыт намаз оқуы парыз. Бес уақыт намаз қырық рәкаттан тұрады. Бұлардың он жеті рәкаты парыз, үш рәкаты уәжіп және жиырма рәкаты сүннет. (Ибн Абидин)

Бірінші рәкат – намазға тұрғанда (кіргенде) басталады, кейінгі рәкаттар – қиямға тұрғанда басталып қайтадан келесі қиямға тұрғанға дейін жалғасады. Соңғы рәкат – сәлем бергенге дейін жалғасады. (Ибн Абидин)

Екі рәкаттан аз намаз болмайды. Ақшам намазының парызы мен үтір намазынан басқа намаздардың барлығы жұп рәкаттан тұрады. (Тахтауи)

Әрбір рәкатта намаздың парыздары, уәжіптері, сүннеттері, муфсидтері және мәкрухтары бар. (Абдуллаh Мусули)

Намазда рукуға үлгере алмаған адам сол рәкатты имаммен оқыған болмайды. Имам рүкуға иілген кезде келген адам ниет етіп және тік тұрып тәкбір айтып намазға кіреді. (Халеби Ибраhим)

Терминге сілтеме


Руханият

      Рухтан құралған болмыс, қайтыс болған кісінің рух күйіндегі болмысы.

      Хадис шәрифте «Қауымы арасындағы ғалым үмбеті арасындағы пайғамбар сияқты» делінген. Көңілдің (жүректің) фәйз бен марифеттерге (рухани білімдерге) қолжеткізуінде Аллаһ әулиесінің (Аллаһу та'ала ұнатқан, жақсы көрген және таңдаған құлдарының) тірі және өлі болуы арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Оның үстемдіктері руханиятынан еш айрылмайды. Ал руханият уақыт пен мекенге, өлі және тірі болуға байланысты емес. (Имам Ғазали)

      Әулиенің қабірін зиярат еткен адам оның руханиятынан пайдаланады. (Ахмед Хамауи)

Терминге сілтеме