29 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     1 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Фасық (Пасық)

Ашықша (адамдардың көзінше) күнә істеуден тартынбайтын, қарсы шығушы, күнәһар мүмин.

«Пасықтың азғындығына кедергі болуға құдіреті жете тұра, ешкім кедергі болмаса, Аллаһу та’ала бұлардың барлығына дүниеде және ахиретте азап береді.» (Хадис шәриф – Бәриқа)

«Пасық мақталған кезінде Раббымыз ашуланады.» (Хадис шәриф – Бәйһақи, Ибн Ади)

«Қызын пасыққа берген адам малғұн.» (Хадис шәриф – Зәуажир)

Үйренуі парыз және уәжіп болған фиқһ (дін) білімдерін үйренбеу пасықтық, яғни күнә болып табылады. Пасықтардың куәлік етулері қабыл етілмейтіндіктен куәлерге наразылық болған кезде сот төрешісі куәгерлерден фиқһ ілімінен сұрайды. (Ибн Абидин)

Пасықтың, бидғатшының (ақидасы бұзық адамның) үйіне, шақырған дастарханына тек қана зарурет (мәжбүр болған) жағдайда немесе біреудің жұмысын бітіріп беру үшін ғана баруға болады. (Имам Ғазали)

Терминге сілтеме


Фиқһ

Білу, түсіну. Ислам дінін білу. Дінде жасалуы және сақтануы қажет болған істерді үйрететін ғылым.  

«Ғибадаттардың ең құндысы – фиқһ ілімін үйрену және үйрету.» (Хадис шәриф – Мәжмуа-и Зухдийа)

«Аллаһу та’алаға фиқһтан да үстем нәрсемен ғибадат етілмеді. Шайтанға тек бір ғана фиқһ ғалымының беретін соққысы, мың абидтің (ғибадат етуші құлдың) көрсететін қарсылығынан да әлде қайда күшті болатыны ақиқат. Барлық нәрсенің бір тірегі, негізі бар. Бұл діннің тірегі фиқһ.» (Хадис шәриф – Хулиәт-ул-Әулийа)

«Фиқһ ілімін үйрену әрбір мұсылманға парыз. Ей, мұсылмандар! Үйреніңдер немесе үйретіңдер және фиқһ ілімін үйреніңдер, жаһил (сауатсыз) болып өтпеңдер.» (Хадис шәриф – Әдәб-уд-Дунйа уәд-Дин)

Фиқһ ілімінің негізін салушы – Имам ағзам Әбу Ханифа. Фиқһ ілімінің төрттен үш бөлігі оған тән. (Имам Раббани)

Фиқһ ілімі үлкен төрт бөлімге бөлінеді: 1) Ғибадат: намаз, ораза сияқты ғибадаттар. 2) Мунакәһат: үйлену, ажырасуға байланысты мәселелер. 3) Муамалат: сауда-саттық, жалға алу, серіктестік және т.б. 4) Уқубат: жазалар. (Ахмед Зуһди)

Фиқһтың ғибадат бөлімін үйрену әрбір мұсылманның парызы. Мунакаһат және муамалат бөлімдерін үйрену –фарзи кифайа. Бұл жағдайлар басына түскендерге үйрену парыз болады. (Ибн Абидин)  

Фиқһ ілімі нан, су секілді өте қажет. (Ибн Абидин)

Терминге сілтеме


Фитна

Іріткі, бүлік, жөнсіздік, адамды хақ және ақиқаттан адастыратын нәрсе. Адамдарды қиын жағдайға, пәлекетке душар қылатын, мұсылмандардың зиян көруіне себеп болатын іс. Дұшпандыққа себеп болатын нәрсе.

Құран кәрімде былай делінеді: 

«....Фитна адам өлтіруден де жаман...» (Бақара 191)

«Қиямет қайым болмастан бұрын барлық жерді фитналар қаптайды. Фитналардың зұлымдығы айналаны қараңғы түндей етеді. Сол заманда үйінен мұсылман болып шыққан адам кешке кәпір болып оралады. Кешке мұсылман болып үйіне келген адам азанда кәпір болып шығады. Ол заманда отыру түрегеп тұрудан да қайырлы. Жүрген жүгіргеннен де жақсы болады.» (Хадис шәриф – Муснәд-и Ахмед ибн Ханбәл)

«Фитна ұйқыда. Оятқан адамға Аллаһ лағнет етсін!» (Хадис шәриф – Бәриқа)

Заманымыз фитна заманы және фитналар дүниені қаптауға жақын қалды. (Имам Раббани)

Фитна шығарған ғалымнан және жаһил (сауатсыз) абидтен (құлшылық етушіден) сақтаныңдар. Олардың халдеріне көңілі ауған адам үшін де фитна болады. Әрі өте қауіпті. (Имам Шаби)

Терминге сілтеме


Фидйа

Бір нәрсенің орнына берілетін, құн, бедел, өтемақы деген мағынаны білдіреді.

1) Қатты қартайып, ауру болған адамның тұта алмаған оразасы, өлім ауруына шалдыққан адамның оқи алмаған намазы, қайтыс болған адамның намаз және ораза қазалары үшін және қажылықта ихрам киген кісінің ауру себебінен ихрамның кейбір тыйымдарын істегені үшін берілуі керек болған бедел, құн.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Сендерге парыз етілген ораза, санаулы-ақ күндер. Ол күндерде сендерден кімде-кім ауру немесе сапарда болып ораза тұта алмаса,  жазылғанда немесе муқим болғанда тұта алмаған күндерінің мөлшеріндей ораза тұтады. Өте кәрі және тұрақты ауру болу сияқты себептермен ораза тұтуға күші жетпегендер бір кедейді тойдыратындай мөлшерде фидйа берулері керек. Сонымен қатар кімде-кім фидйаны көп берсе немесе әрі ораза тұтып, әрі фидйа берсе ол үшін өте қайырлы болады. Сендерге сапарда оразаны бұзу және кәрілікте фидйа беру жеңілдігі берілгенімен, сонда да ораза тұтатын болсаңдар өздерің үшін өте қайырлы болады, егер оразаның құндылығын білсеңдер.» (Бақара сүресі 184)

Бір адамды намаз және ораза қазаларынан құтқару үшін жасалатын амал исқат деп аталады. Әр күндік ораза және әр уақыт намаз үшін берілетін фидйа – бір фытра (пітір). Қажылықта ихрам киген адамның тыйым салынған нәрселерді істеу себебінен берілуі керек болған фидйа не ораза, не садақа немесе нүсүк (қажылықта немесе умрада орындалуы қажет болған істер) болып табылады. Оразаның фидйасы үш күн ораза ұстау, садақаның фидйасы алты кедейге бір-бірден пітір (1750г бидай) беру, ал нүсүктің фидйасы құрбандық шалу. (Ибн Абидин)

Қатты қартайып өмірінің соңына дейін рамазан оразасын немесе қаза оразаларын тұта алмайтын кәрі және жазылуынан үміті қалмаған ауру адам ораза тұтпайды. Егер бай болса әрбір күні үшін бір фытра (пітір) яғни 520 дирхам (1750 грам бидай) немесе ұн немесе соның құнындай алтын немесе күміс ақша бір немесе бірнеше кедейге фидйа ретінде береді. Рамазанның басында немесе соңында барлығын бір кедейге берсе де болады. Фидйа бергеннен кейін ауруынан жазылса Рамазан және қаза оразаларын тұтуы керек. Фидйа бермей өлетін болса, исқат жасалуы үшін өсиет етуі қажет. Кедей болса фидйа беруі қажет емес, бірақ дұға етуі керек. (Ибн Абидин)

Намаз және ораза қазалары үшін өсиет еткен мәйіттің уәсиі (мәйіттің өсиетін орындауға жауапты адам) уәсиі жоқ болса мұрагері, мирастың үштен бір бөлігін әр уақыт намазбен үтір намазы үшін және қаза болған бір күндік ораза үшін бір-бір пітірден (1750 грам бидай) кедейлерге немесе олардың уәкілдеріне фидйа ретінде садақа беруі керек. (Тахтауи)

2) Бір адамды соғыста тұтқұндықтан шығарып алу үшін берілетін құн (ақша, мал-мүлік).

Ханафи мазһабында тұтқындар берілген фидйа үшін босатып жіберілмейді. Бірақ имам Мұхаммедтің қаулысы бойынша мұсылмандар ақшаға, мал-мүлікке мұқтаж болса фидйа үшін жіберуге болады. (Ибн Хумам)

Терминге сілтеме


Фәйз

Расулуллаһ алейһиссаламның мүбәрәк көңілінен (жүрегінен) әулиелердің жүректері арқылы ағып келетін рухани ілімдер.

"Дін ұлыларынан пайдалана алу үшін жанына бос күйде бару керек. Олардың есіркеуі, ихсан етуі үшін бос екеніңді білдіру керек. Осылайша фәйз жолы ашылады." (Имам Раббани)

"Бір адам ғалымдардың сұхбатында болып, бірақ оларға құрмет көрсетпесе, илаһи фәйз және берекелерінен махрұм қалады және ғалымдардағы нұрлар өзінен көрінбейді." (Әбу Әли Сәқафи)

"Ілім үйренген (әулие) кісіден (ұстазынан) айып, кемшіліктер іздеген адам оның ілімінен, фәйз және берекесінен пайдала алмайды." (Абдуллаһ бин Мәназил)

"Әулие кісілердің мазарларын зиярат етіп, фәйз берулері үшін жалбарыныңдар! “Фатиха” және “Салауат” оқып, сауаптарын мүбәрәк рухтарына бағыштап, оларды Аллаһу та’аланың разылығына қауышу үшін уәсила (себепші) етіңдер!" (Мазхари Жани Жанан)

Терминге сілтеме


Фақих

1. Фиқһ ғалымы. Діннің амалға (жасалатын істерге) қатысты үкімдерінде маман ғалым. Көпше түрі “фуқаха” деп айтылады. (Фиқһ бөлімін қараңыз)

2. Мужтәһид. Құран кәрімде және хадис шәрифтерде ашық түрде білдірілмеген үкімдерді ашық және ауқымды түрде білдірілгендерге ұқсатып, үкім шығара алатын ижтиһад дәрежесіне жеткен кәміл ғалым.

«Аллаһу та’ала бір құлына жақсылық қаласа, оны дінде фақих етеді.» (Хадис шәриф – Бұхари)

«Бір адам фақих болса, Аллаһу та’ала оның аңсаған нәрселерін және ризығын күтпеген жерден жібереді.» (Хадис шәриф – Ихия)

«Шайтанға қарсы бір фақих мың құлшылық етушілерден де қуатты.» (Хадис шәриф – Хилйә)

"Фақихтардың басы – Имам Ағзам және фиқһтың төрттен үш бөлігі оған тән." (Ибн Абидин)

Терминге сілтеме


Фәни

1) Жоқ болушы, өткіншіл, тұрақты болмаған.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Жер жүзіндегі барлық жандылар фәни (өткінші)(Рахман сүресі 26)

"Ахирет үшін қажетті болған нәрселерді бұл фәни дүниеде дайындау қажет." (Мұхаммед Хадими)

"Фәни болғанды бер! Бақи (мәңгі, шексіз) болғанды аласың!" (Ибраһим Хаққы)

"Әлемдердің хадис болғанына яғни кейіннен жаратылғанына сенетін адам фәни екендіктеріне де сенеді. Мұсылман болу үшін материялардың және денелердің яғни әрбір болмыстың жоқтан бар етілгеніне және қайта фәни болатынына сену керек." (Сәйид Шәриф Журжани)

"Ей, адам баласы! Бұл дүние фәни. Мал-мүлік қолыңда қалмайды. Қаншама малың болса да, мұратың алынбайды. Ахиреттен ғафил (хабарсыз, амалсыз) қалма. Өйткені, барудың қайтуы жоқ. Аллаһу та’аладан басқа істерге тұтылудан құтыл! Тұрақты түрде қалатын істермен айналыс!" (Ақбийық Сұлтан)

2) Тасаууфта Аллаһу та’аладан басқаны ұмытқан, бұларға деген сүйіспеншіліктен құтылған адам.

"Діннің әмірлерін ең көркем түрде орындап безенуде, ғибадаттарды жасауда және тыйым салынғандардан қашуда оңай болу нәпістің фәни болуына байланысты. Бұл да тек әһли сүннет ғалымдарын жақсы көру және олардың сүйіспеншілігіне қауышумен болады." (Имам Раббани)

Терминге сілтеме


Фаруқ

“Дұрыс пен бұрысты бір-бірінен ажыратушы” деген мағынаны білдіретін хазреті Омардың лақаб аты.

"Бір күні пайғамбарымыз алейһиссаламдың алдына мұнафиқ пен (жүрегімен сенбей, сенген болып көрінген адаммен) яһуди бір дау мәселесімен келеді. Пайғамбарымыз оларға төрешілік етіп, яһудидікі дұрыс екендігін айтады. Оған мұнафиқ разы болмаған соң Расулуллаһ алейһиссалам: “Омарға барыңдар, сендердің мәселелеріңді қарап берсін!” дейді. Олар Омарға барады. “Не үшін келдіңдер?” дегенде мұнафиқ: “Мына яһудиде дауым бар” дейді. Сонда хазреті Омар: “Пайғамбарымыз тұрғанда мен қалайша бұл дауды шешпекпін?” дейді. Сонда мұнафиқ: “Біз Расуллуллаһқа (алейһиссалам) бардық. Яһудидің дұрыс екендігіне шешім қабылдады. Мен разы болмадым” дегенде хазреті Омар “Сендер біраз күте тұрыңдар! Мен қазір келемін!” деп ішке кіріп кетеді. Сәлден соң қылышын ұстап, қастарына келеді. Қылышымен бір сермеп мұнафиқтың басын шауып түсіреді. “Расулуллаһтың үкіміне разы болмаған адамның жағдайы осындай болады” дейді. Міне, осы себепті оған “Омар-ул-Фаруқ” делінген." (Шәмсәддин Сиуаси)

Терминге сілтеме


Фасид

Бұзатын, бұзылған дегенді білдіреді.

1) Бір ғибадаттың дұрыс болмауы, бұзылуы, өтімсіз болуы.

"Намазда көкірек үзірсіз (себепсіз) қыбладан басқа жаққа бұрылса, намаз сол сәтте фасид болады (бұзылады)." (Халәби)

"Намазда сөйлеу және үзірсіз (себепсіз) жөтелу сияқты дауыс шығару намаздың фасид болуына себеп болады." (Халәби)

"Ораза кезінде және намаз оқып жатқанда тамаққа жаңбыр, қар кетіп қалса, ораза да намаз да  фасид болады." (Тахтауи)

2) Негізі исламға сай болып, сипаты сай болмаған мәміле, келісім.

"Қарызға берілген саудада өтелу мерзімі белгіленбесе, келісім фасид болады." (Кашани)

Терминге сілтеме


Фасид ақд

Негізі исламға сай болып, сипаты сай болмаған әр түрлі келісім-шарт.

Терминге сілтеме


Фасид бәй

Негізі исламға сай болып, сипаты сай болмаған сауда-саттық.

"Фасид бәй негізінде сахих, жаиз болып табылады. Өйткені, мутәқаууим болған (қолданылуы мубах және қолдануға болатын) мал-мүліктің сатылуы. Бірақ сипаты дінге сай болмай сахих (дұрыс) болмайды. Құны мутәқаууим болмайынша, немесе мәбиин (сатылған мүліктің), немесе нарықтың мөлшері, немесе ерекшеліктері яки қарызға сатуда құнының өтелу мерзімі белгілі болмайынша бұл сату фасид болады." (Ибн Абидин)

Терминге сілтеме


Фасид ижара

Негізі исламға сай болып, сипаты сай болмаған жалдама (жалға алу).

"Бір мал-мүлік ақылға және дінге сай қай жерде қолданылынатын болса, сол мақсатта қолдану үшін жалға беріледі. Матаны, үйді және асхана бұйымдарын сән үшін, көрсету, мақтану үшін қолда ұстау, үйде тұрмай, алқаны, алтынды, күмісті және машинаны қолданбай, өзгелерге көрсету үшін жалға алу фасид ижара болады." (Әли Хайдар Мырза)

"Қойды азықтандыру үшін егістікті, жүндері үшін хайуанды жалға беру жаиз емес, фасид ижара болады." (Ибн Абидин)

Терминге сілтеме


Фасид қан

"Үш күннен яғни 72 сағаттан 5 минут аз да болса келген қан жаңа басталған (балиғатқа жеткен) қызбала үшін он күннен көпке созылып, оныншы күннен кейін келген қан, балиғаттан асқандарда (әйелдерде) әдет (хайз) уақытынан көп болып, он күннен асқанда әдеттен кейінгі күндерде келген қан, жүкті және айиса (қартайған, хайзы тоқтаған)әйелдерден және 9 жасқа толмаған қыздардан келген қан. Истихаза (үзір) қаны деп те аталады". (Истихаза бөлімін қараңыз)

Терминге сілтеме


Фасид тазалық

Сахих болмаған тазалық. Әйелдерде хайз қанының тоқтауынан кейін, 15 күн өтпестен бұрын қан көру халі.

"Хайз уақытынан тыс истихаза деп аталатын қан көрінген күндер фасид тазалық күндері болып табылады." (Ибн Абидин)

"Хайз қанының үздіксіз келуі шарт емес. Алғаш көрінген қан тоқтап, үш күннен кейін қайта көрінсе, арада тазалық күндер фасид тазалық болып, ғалымдардың ауызбірлігімен үздіксіз келген болып саналады." (Ибн Абидин)

Терминге сілтеме


Фатр сүресі

Құран кәрімнің отыз бесінші сүресі. “Мәлаикә” сүресі деп те айтылады.

"Фатр сүресі Меккеде түсті. Қырық бес аяти кәрима. Сүренің аты алғашқы аятында өткен және жаратушы деген мағынадағы “Фатр” сөзімен аталады. Сүреде негізгі Аллаһу та’аланың үстем және теңдессіз жарату құдіреті, мүмин мен кәпірдің арасындағы айырмашылық, адам жүрегінің (көңілінің) жамандықтардан тазаруы және көркем мінезбен безенудің қажеттілігі турасында баяндалған." (Ибн Аббас, Табарани)

Аллаһу та’ала Фатр сүресінде былай деген: «Аллаһу та’ала қалаған адамдардын бұзық, адасқан жолдарға салып, қалаған адамдарына хидаятын нәсіп етеді. Дұрыс, жақсы жолды көрсетеді.» (8-ші аят)

«Кімде-кім Фатр сүресін оқыса, қалаған есігінен кіруі үшін жаннаттың сегіз есігіне шақырылады.» (Хадис шәриф – Қады Бәйдауи)

Терминге сілтеме


Фатиха сүресі

Құран кәрімнің бірінші сүресі.

"Фатиха сүресі Меккеде түсті. Жеті аяти кәрима. Құран кәрімнің басында болып, оқылуы онымен басталғандықтан, Фатиха Құран кәрімдегі мағыналардың негізі болғандықтан “Уммул-Құран”, хадис шәрифте шипа екендігі білдірілгендіктен “Сурәтуш-Шафийа” немесе “Суратуш-Шифа” делінген. Қалған есімдері: Әл-Әсас, Әл-Уафийа, Әл-Кафийа, Әс-Сәб-ул-мәсани және Әл-Кәнз. Сүре Аллаһу та’алаға хамду сана (мадақ пен шүкірді), Оның сипаттарын және маңызды дұғаны қамтуда." (Сәнауллаһ Дәхләуи, Табери)

Аллаһу та’ала Фатиха сүресінде былай дейді: «Хамд әлемдердің Раббы, Рахман, Рахим және қиямет күнінің иесі болған Аллаһу та’алаған тән. Саған ғана құлшылық етеміз. Жалғыз сенен ғана жәрдем тілейміз! Бізді тура жолға, ниғмет бергендеріңнің жолына сала көр! Ашуға ұшырағандардың (яһудилердің), адасқандардың (христиандардың) жолына емес.» (1-7 аяттар)

«Жатар алдында Фатиха мен Ихлас сүресін оқысаң, өлімнен басқа барлық нәрседен амандықта боласың!» (Хадис шәриф – Мәжма-уз-Зәуаид)

«Кімде-кім Фатиханы және Ихлас сүресін оқыса, ол адам Құран кәрімнің үштен бірін оқыған (дай сауап алған) болады.» (Хадис шәриф – Мәталиб-ул-Алийа)

«Фатиха сүресі – барлық аурудың шипасы.» (Хадис шәриф – Дарими)

"Жеті рет Фатиха сүресін оқып, дерт пен ауру болған мүшеге үрленсе, шипаға қауышады. Аяти кәриманың және дұғаның әсер етуі үшін оқыған және оқытқан адамның әһли сүннет сенімінде болуы, харам істеуден, құл ақысынан сақтануы, харам нәрсе ішіп-жемеуі және оқығанына ақы сұрамауы шарт." (Әбул-Хасани Шазили)

Терминге сілтеме


Фәжр

Таңға жақын, күннің шығуынан бұрын шығыс көкжиектен көрінетін жарық, таң шапағының ағаруы.

"Расулуллаһ алейһиссалам милади 571 жылы сәуір айының 20-сы дүйсенбі күні фәжр (таң шапағы) ағарғанда Мекке қаласында дүниеге келді." (Мәулана Халид Бағдади)

Терминге сілтеме


Фәжр сүресі

Құран кәрімнің сексен тоғызыншы сүресі.

"Фәжр сүресі Меккеде түсті. Отыз аяти кәрима. Алғашқы аяти кәримасында өткен “Фәжр” сөзі сүреге есім болған. Сүреде ескі қауымдарға қатысты қиссалар және адам баласының жамандыққа бетбұруы, мұның жаман нәтижелері, дүние өмірінен кейінгі өмір және ол жердегі жағдайлар қысқаша білдірілуде." (Ибн Аббас, Табери)

Аллаһу та’ала Фәжр сүресінде былай деген:

«Ей мутмаинна болған (Исламға қайшы нәрселерден ұзақтаған, тәрбиеленген) нәпіс! Өзіңді де, бізді де разы еткен халде Раббыңа қайт!» (28-ші аят)

«Кімде-кім күнде Фәжр сүресін оқыса, ол қияметкүні өзіне бір нұр болады.» (Хадис шәриф – Қады Бәйдауи Тәфсирі)

Терминге сілтеме


Фәлақ сүресі

Құран кәрімнің жүз он үшінші сүресі.

"Фәлақ сүресі Мадина мунаууарада түсті. Бес аяти кәрима. Алғаш аяти кәримасында өткен “Фәлақ” сөзі сүреге есім болған. Сүреде Аллаһу та’ала көрінетін және көрінбейтін, білінген және білінбейтін барлық жаман нәрселерден құлдарының өзіне сыйынуларын, сенілетін және сыйынылатын жалғыз болмыс өзі екендігін білдіруде." (Сәнауллаһ Дәхләуи, Ибн Аббас)

Аллаһу та’ала Фәлақ сүресінде былай дейді:

«(Йа Мұхаммед!) Жаратқан нәрселерінің жамандығынан, қараңғылық басқан сәтте түннің жамандығынан, (сиқыршылардың жіптерді байлаған) түйіндерге үрлегендердің (сиқыршы, дуалаушылардың) жамандығынан, көре алмаушылардың күндеген сәттегі жамандығынан, қараңғылықты жарған нұрдың Раббысына сыйынамын, де!» (1-5 аяттар)

«Ей Уқба! Фәлақ сүресін оқы! Өйткені сен, Аллаһу та’алаға Фәлақ сүресінен де абзал және одан да айқын болған ешбір сүре оқи алмайсың. Мүмкін болса, оны көп оқы!» (Хадис шәриф – Муснәди Ахмед ибн Ханбәл)

Терминге сілтеме


Фәлсәфә (философия)

Материя, дүние, жаратылыс, әлем, рух, өлім, өлімнен кейінгі нәрселер деген сияқты тақырыптарда, адам күшінің қысқа ақылдарына сүйеніп айтылған пікірлері мен көзқарастары. Ұнатқан пікірлерін ақиқат деп түсіндіру, әсерлі, тартымды сөздермен сендіруге тырысуы. Тәжірибеге, есепке сүйенбейтін жеке тұлғалардың пікірлері.

"Болмыстар жоқтан жаратылмаған, осылай болып келген, осылай жалғасып кетеді, деп айту, иман келтіретін нәрселерге, халал-харамдарға сенуге керітартпалық деп айту “фәлсәфә” болып табылады. Ескі грек фәлсәфәсы өз алдына жеке ғылым емес. Математиктер, геометрия, логиканы үйренгендер, жаратылыстанушылар және дәрігерлер арасында осы фәлсәфәға бет бұрғандар көп болды. Фәлсәфәға ұрынғандар иләһият тұрғысында, яғни Аллаһу та’ала және оның сипаттары, әмірлері мен тыйымдары жөнінде қысқа ақылдарымен көзқарастарына сүйеніп талқылады. Математика, геометрия, логика, жаратылыстану ғылымы, физика, химия, медицина ғылымын үйрену мубах болып табылады. Бұлардың барлығы Ислам ғылымдарына жатады. Бірақ бұларды исламға қарсы бұзық ой-пікірлеріне құрал ету, жастарды алдау үшін қолдану фәлсәфә болады." (Имам Ғазали)

"Имам Мұхаммед Ғазали, Имам Ахмед Раббани және көптеген ислам ұлылары, грек фәлсәфәсын егжей-тегжейлі зерттеп, зерделеп, фәлсәфәшылардың қаншалықты надан екендіктерін білдірген. Мұсылмандардың мұндай адамдарды жақсы көрмеулерін, оларға алданбауларын көптеген кітаптарында жазған." (Абдулхаким Аруаси)

Терминге сілтеме