29 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     1 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Шақи

Тозақтық. Бақытсыз, ширк (Аллаһу та’алаға серік қосу) немесе мойынсұнбауының салдарынан кәпір немесе пасық болған адам. Терісіне саид (ахирет бақыттысы) делінеді.

Құран кәрімде былай делінген: «Шақилерге келетін болсақ, олар жаһаннам отында, ол жерде олар (өте ащы) тыныс алып шығарады.» (Худ сүресі 106)

Әулиенің жақсы көруі бақыттың қазынасы. Өйткені олар әрқашан Аллаһу та’аламен бірге. Олармен бірге болғандар шақи болмайды. (Абдулхаким Аруаси)

Аллаһу та’аланың дәргейінде саидтарданмын ба, әлде шақиларданмын ба деп ойланып, осылайша іліміне және жасаған амалына сенбеуі керек. (Әбул-Аббас Мурси)

Терминге сілтеме


Шапағат

Қиямет күні Аллаһу та'аланың рұқсатымен пайғамбарымыздың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” бастауымен барлық пайғамбарлар, ғалымдар, шәһидтер, салихтер (жақсы адамдар), кішкентай жаста қайтыс болған мұсылман балалар және Аллаһу та’аланың рұқсат еткен басқа да құлдары күнәсі көп мұсылмандардың күнәларының кешіріліп, жаһаннамнан шығарылуы үшін, жаннаттағылардың дәрежелерінің  көтерілуі үшін Аллаһу та’аладан жалбарынып сұраулары, осы тұрғыда себепші болулары.

Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деген: «Ол күні Аллаһу та’аланың өзіне шапағат етуге рұқсат берген және сөзінен разы болған адамдардан басқаның шапағаты пайда бермейді.» (Таха сүресі 109)

«Үмбетімнің ішінен үлкен күнә істегендерге шапағат етемін» (Хадис шәриф – Муснәди Ахмед бин Ханбәл)

«Шапағатыма сенбеген адам оған қауыша алмайды.» (Хадис шәриф – Шират-ул-Ислам)

«Қиямет күні алдымен пайғамбарлар, содан кейін ғалымдар, шәһидтер шапағат етеді.» (Хадис шәриф – Ихия)

Шапағат хақ. Тәубе етпей қайтыс болған мұсылмандардың үлкен-кіші күнәларының кешірілуі үшін пайғамбарлар, әулиелер, тақуалы кісілер, періштелер және Аллаһу та’аланың рұқсат еткен басқа да құлдары шапағат етеді және қабыл болады. (Мәулана Халид Бағдади)

Кішкентай балалар анасына және әкесіне шапағат етеді. Тіпті түсік болған балалар да анасына және әкесіне шапағат етеді. (Имам Биргиуи)

Махшар күнінде (қияметте барлық адамдар жиналып, есепке тартылатын жерде) шапағат бес түрлі болады. Біріншісі: Қиямет күні махшарда адамның көптігінен, ұзақ күтуден шаршаған күнәһарлар шыңғырып, тезірек есептің басталуын қалайды. Есептің тезірек басталуы үшін шапағат етіледі. Екіншісі: Сұрақтың, есепке тартудың оңай және тез болуы үшін шапағат етіледі. Үшіншісі: Күнәсы бар мұсылмандардың сират көпірінен тозаққа түспеуі, жаһаннам азабынан қорғалуы үшін шапағат етіледі. Төртіншісі: Күнәсі көп мұсылмандардың жаһаннамнан шығарылуы үшін шапағат етіледі. Бесіншісі: Жаннатта сансыз ниғметтер беріліп, мәңгі қалынатын болса да, сегіз дәрежесі болады. Адамдардың дәрежесі, мақамы, иманы және амалдарының мөлшеріне сай болады. Жаннаттағылардың дәрежелерінің  көтерілуі үшін де шапағат етіледі. (Мәулана Халид Бағдади)

Пайғамбарлардың соңғысы Расулуллаһ алейһиссалам сияқты бір шапағатшы болмағанда, бұл үмбеттің күнәлары өздерін құрдымға кетіретін еді. Шапағатқа ең көп мұқтаж болған осы үмбет. Өйткені бұл үмбеттің күнәлары көп. Алайда, Аллаһу та’аланың кешірімі мен мейірімділігі шексіз. Аллаһу та’аланың бұл үмбетке кешірімімен мейірімін төгетіні соншалық өткен үмбеттердің ешбіріне мұндай рақымдылық еткені білінбеген. Тоқсан тоғыз рақымдылығын құдды осы күнәһар үмбетке бөліп қойғандай... (Имам Раббани)

Терминге сілтеме


Шәһадат кәлимасы

Шәһадат кәлимасы – Исламның бес шартының бірі. «Әшһәду әнлә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһу» мүбәрәк сөзі.  (Кәлима-и шәһадат бөліміне қараңыз)

Шәһадат кәлимасын айтудың жүз отызға жуық пайдасы бар. Бұлардың біреуі де сират көпірінен найзағайдай өту болып табылады. (Құтбиддин Изники)

Терминге сілтеме


Шәһуат

Нәпістің армандары мен қалаулары.

«Жаһаннам шәһуат пердесімен  қоршалған. Ол жерге шәһуаттарға еру арқылы кіріледі. Жаннат да нәпсінің қаламаған ғибадаттарымен қоршалған. Ол жерге ғибадат машақаттары арқылы кіріледі.» (Хадис шәриф – Бұхари)

Шәһуат үш түрлі болады: ішіп-жеуге құмарлық, сөйлеуге және көруге құмарлық. Тамақ жеген халіңді Аллаһу та’алаға сеніп және тәуекел етумен, тіліңді дұрыс сөз айтумен және көзіңді ғибратпен қарау арқылы қорға! (Хатеми Әсам)

Шәһуат – шайтанның тізгіндері болып табылады. Осы тізгіндерін шайтанға ұстатқан адам оған құл болады. (Әбу Бәкір Кәттани)

Ислам діні шәһуатты және ашу-ызаны жоқ қылуды емес, осы екеуін де тізгіндеп, дінге сай қолдануды бұйыруда. (Шәрәфуддин Ахмед Мунири)

Жастық шақ – нәпсінің қайнаған, шәһуаттың ойнаған, адам мен жын-шайтандардың бас салған заманы. Сондай заманда жасалған аз амалға өте көп сауап беріледі. (Ахмед Фаруқи)

Терминге сілтеме


Шәриф

Құрметті, мәртебелі дегенді білдіреді. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) қызы хазреті Фатиманың ұлдарынан хазреті Хасанның ұрпағынан болғандарға айтылады.

Хазреті Фатима мен қияметке дейінгі ұлдары “Әһли бәйт” болып табылады. Оларды жақсы көру, оларға жүрек (көңіл), дене және мал-мүлікпен жәрдем беру, құрмет көрсету иманмен жан тапсыруға себеп болады. Сирияның Хама қаласында хазреті Хусейннің ұрпағынан келген сәйидтер үшін құрылған қазылық мекемесі бар еді. Мысырдағы Аббаси халифалығы заманында хазреті Хасанның балаларына “шәриф” есімі беріліп ақ сәлде ораулары, ал хазреті Хусейннің балаларына “сәйид” есімі беріліп, жасыл сәлде орап жүрулеріне шешім қабылданды. Осы мүбәрәк ұрпақтан тараған балалар екі куәгермен қазының алдында тіркеліп және тізімге енетін еді. Осы қазылық мекемелерін Танзимат (саяси реформа) жарлығын тарату арқылы Осман империясының күйреуіне ат салысқан ағылшындардың сенімді шабарманы Мұстафа Рашид Паша алып тастады. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

Бәйт-ул-малдан (мемлекет қазынасынан) ақысы болған кедейлерге, зекет жинайтын қызметшілерге, ғалым, мұғалім, мешіт қызметкерлері, діни дәріс үйренетін шәкірттер, борыштылар, әһли бәйт нәбәуи, яғни сәйидтер мен шәрифтерге, әскерлерге мемлекет қазынасынн бөлінген ақшадан ақысы мөлшерінде алулары жаиз. (Ибн Абидин)

Терминге сілтеме


Шайтан

Қуылған, алыстатылған дегенді білдіреді. Тәкаппарлық және менмендік себебімен Аллаһу та’аланың “Адамға сәжде етіңдер!” деген әміріне бағынбай, қарсы шыққаны үшін Оның рақымдылығынан алыстатылған мақлұқ – Ібіліс. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген:

«Шайтан адамдарға көп уәде беріп, босқа үміттендіреді. Шайтан уәде берген нәрселерінің барлығы жалған.» (Ниса сүресі 121)

«Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады. Сендерге сараңдықты бұйырады. Ал Аллаһу та‘ала өзінен мағфирет (кешірім) және мейірімді уәде етеді.» (Бақара сүресі 268)

«Ашу (ыза) шайтаннан. Шайтан оттан жаратылған. Отты су өшіреді. Ашуланған адам дәрет алсын!» (Хадис шәриф – Ахмед бин Ханбәл)

«Кімде-кім тозақ отынан құтылуды, жаннатқа кіруді қаласа, жамағатпен бірге болсын! Өйткені, шайтан жалғыз адаммен бірге болады. Ал екі адам болса, олардан алыстайды.» (Хадис шәриф – Ахмед бин Ханбәл)

«Оң қолдарыңмен жеңдер! Оң қолдарыңмен ішіңдер! Өйткені, шайтан сол қолымен жеп, сол қолымен ішеді.» (Хадис шәриф – Шират-ул-Ислам)

Жүрегіңді (көңіліңді) шайтанның ойыншығы қылма! (Фәридуддин Генжи Шәкәр)

Әулиелердің бірі шайтанға былай деді: “Сен сияқты малғұн (лағнеттелген) болғым келеді. Не істейін?» Оған шайтан қуанып, мен сияқты болғың келсе, намазға мән берме және өтірік-шын барлық нәрселерге ант ете бер, яғни көп ант іш!» дейді. Сонда әлгі кісі “Ешбір намазымды тастамаймын және бұдан былай ант етпеймін!” дейді. (Ибн Жәузи)

Көптеген қалаулар адамның өзінен болмайды, сырттан келеді. Бұлардың ішіндегі пайдалы болғандарын Аллаһу та’ала мейірімділік етіп жібереді. Бір хадис шәрифте: «Әрбір мүминнің жүрегінде (көңілінде) Аллаһу та’аланың бір уаизы (насихат етушісі) бар» делінген. Зиянды болғандарын шайтан жібереді. Шайтан адамдарға үнемі жамандық және дұшпандық жасауларына уәсуәса (жаман ой) береді. (Имам Раббани)

Барлық шайтандар кәпір. Адамдарды алдап-арбауға тырысады. Ғибадаттарды ұмыттырып, күнә-харамдарды жақсы етіп көрсетеді. Нәпсінің қалауларын қоздырады. Шайтандар от пен ауадан жаратылған. Жында ауа, ал шайтанда от сипаты басым. Жын мен шайтандар өте ұсақ жерлерден де өтеді. Адамның ішіне де, тамырларына да кіреді. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

Терминге сілтеме