Әріп бойынша іздеуА Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э |
ӘстағфируллаһАллаһу та’аладан қате және кемшіліктерімді кешіруін тілеймін деген мағынадағы мүбәрәк сөз. Бүкіл істерде және халдерде истиғфарды (Аллаһу та’аладан кешірілуін сұрауды) қолдан жібермеу керек. Истиғфар айтқанда сәйидул-истиғфар деп аталатын истиғфарды айту керек: «Әстағфируллаһәлазыйм әлләзи лә илаһә иллә һуәл хаййул қаййум уә әтубу иләйһ» (Мағынасы: Одан басқа тәңір болмаған, Хай, Қаййум, Азыйм болған Аллаһқа күнәларымды кешіруін тілеймін және Оған тәубе етемін). (Юсуф Синануддин) Істеген күнәсына өкінбестен және бұл күнәны қайталап істемеуге бел байламастан әстағфируллаһ демеңдер. Өйткені бұл күнә және өтірік болады. (А. Наблуси) Таңертең және кешке истиғфар айтуды әдетке айналдыру керек. Кімде-кім жиырма бес рет Әстағфируллаһ десе, үйінде, жанұясында, қаласында, ауданында жаман іс ол адам тарапынан көрілмейді. (Имам Раббани) ӘлхамдулилләһХамд, шүкір Аллаһу та’алаға тән, бүкіл ниғметтер Одан келуде деген мағынадағы мүбәрәк, құнды сөз. «Әлхамдулилләһ деу шүкірлердің басы. Аллаһу та’алаға шүкір етпеген Оған хамд (мақтау) етпеген болады.» (Хадис шәриф – Кунуз-уд-дәқаиқ) «Зікірдің (Аллаһу та’аланы еске алудың) ең үстемі “Әлхамдулиллаһ” деп айту.» (Хадис шәриф – Кунуз-уд-дәқаиқ) Ішіп-жеуден бұрын «бисмиллаһиррахманиррахим» деп айту керек, соңында «Әлхамдулилләһ» деу керек. (Сәйид Әлизада) ӘжмаинБарлығы, баршасы, толығы дегенді білдіреді. Мысалы, «Радиаллаһу анхум әжмаин» – Аллаһ барлығынан разы болсын. Әһли сүннетАқидада (сенімде, сенілетін нәрселерде) және жасалатын істерде пайғамбарымыздың және оның сахабаларының және олардан кейін келген мүжтәһид ислам ғалымдарының жолында болған яғни төрт мазһабтың (Ханафи, Малики, Шафии, Ханбели) бірінде болған мұсылмандар сүннилер немесе әһли сүннет жолындағылар деп аталады. Пайғамбарымыз үмметінің басына келетіндерді білдіріп жатып: «Исраил ұлдары 72 топқа бөлінді. Үмбетім де 73 топқа бөлінеді. Олардың ішінен 72-сі тозаққа барады, тек бір топ қана құтылады.» деді. Сахабалар мұны естігенде “Ол қай топ?” деп сұрады, сонда пайғамбарымыз «Бұл топтағылар менің және сахабаларымның жолымен жүргендер!» деп бұйырды. Ислам ғалымдары бір ауыздан бұл құтылатын топтың “Әһли сүннет” екендігін білдірген.(Абдулхақ Дәхләуи, Имам Раббани) Әһли сүннет болғандар бүгін төрт мазһабта жиналған. Бұл төрт мазһаб Ханафи, Малики, Шафии, Ханбели мазһабтары. (Тахтауи) Әһли бәйтті (пайғамбарымыздың тегінен келгендерді, ұрпақтарын) жақсы көру, әһли сүннеттің қазынасы. (Абдулхаким Аруаси) Әһли сүннетке мойынсұнбастан құтылу жоқ. (Имам Раббани) ӘзрейілТөрт ұлы періштенің бірі. Жандарды алумен міндеттелген періште, “мәләкул-мәут”, “өлім періштесі” деп те аталады. «Ибраһим (алейһиссалам) Әзірейілге (алейһиссалам): “ Сені күнәһарлардың жанын алатын кезіңдегі түріңмен көргім келеді” дегенде періште: “Оған төзе алмайсың” деді. Ибраһим (алейһиссалам) “не болса да төземін” деді. Сол кезде Әзрейіл (алейһиссалам) өзінің қорқынышты күйінде, қара жүзді, түктері тікен-тікен, кара киімді, мұрны мен аузынан от шыққан күйінде көрінді. Мұны көрген Ибраһим (алейһиссалам) талып құлады. Есін жиған кезде періштені өз кейпінде көріп: “Ей, жан алушы періште! Бір күнәһар сенің бұл түріңді көргеннен соң басқа нәрсе көрмесе де оған жеткілікті” деді.» (Хадис шәриф – Кимиа-и Сәадәт) Жақсы амал жасаған, Аллаһу та’алаға мойынсұнған құлдар Әзрейіл алейһиссаламды ең әдемі түрде көреді. Оның әдемі жүзіне қараудан басқа ләззатты білмейді. (Имам Ғазали) Жандыларды өлтіретін, өлілерді тірілтетін, дені сауларға ауру беретін, ауруларға шипа беретін тек Аллаһу та’ала. Ал Әзрейіл алейһиссалам өлім, жан алу тұрғысында бір себепші, арашы болып табылады. (Мұхаммед Масум Фаруқи) Әзрейіл алейһиссалам келіп жаныңды қинап алатын, ажал келіп жаныңды жалмайтын, басыңа жан тапсыру азабы төнетін, шайтан иманыңды ұрлауға тырысатын, достарыңның “Қап өмірден озды, артында қалған сендер аман болыңдар!” деп балаларыңа көңіл айтатын кезді ойла! (Мұхаммед Рабхами) Әурет1) Ислам дінінде ақылды және балиғат (жыныстық тұрғыда жетілу) жасына жеткен адамның намаз оқыған кезінде ашуы немесе әрдайым өзгелерге көрсетуі және өзгелердің де қарауы харам (күнә) болған жерлері (ұятты мүшелері). Аллаһу та’ала “Нұр” сүресінің 30-аятында былай деген: «Ей, Расулум (саллаллаһу алейһи уә сәллам)! Мүмин еркектерге айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан сақтасын. Иманды әйелдерге де айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харам істеуден сақтасын.» «Әурет жерлеріңді ашпаңдар (яғни жалғыз кезде де ашпаңдар). Өйткені, қастарыңнан еш айрылмайтын періштелер бар. Олардан ұялыңдар және оларды құрметтеңдер.» (Хадис шәриф – Әшиат-ул-Ләмәат) Ханафи мазһабында ерлердің әурет (ұятты) жері кіндіктен бастап тізенің астына дейінгі жер. Тізе де әуретке жатады. Әйелдердің қолдарымен бетінен басқа барлық жерлері, білектері, шаштары және балтырлары әурет болып табылады. Әйелдер қолдары жабық тұратындай ұзын жеңді киіммен немесе қолдары жабық тұратын кең орамалмен намаз оқулары жақсы болады. (Ибн Абидин) Тілі шықпаған сәбилердің әурет жерлері тек алдыңғы және артқы (ұятты) мүшелері. Ер балалардың 10 жасқа дейін, қыз баланың көзге түсетіндей жасқа дейін қопал әурет мүшелеріне (кеуде, қолтық, бүйір, сан, тізе және арқаларына), ал бұдан кейін барлық әуреттеріне қарау жаиз емес, күнә болады. (Ибн Хумам) Моншада көп отырма. Моншада кіндігің мен тізелеріңнің арасын ашпа. Еркектердің және әйелдердің моншада әурет жерлерін ашулары харам, күнә болып табылады. Ашқан адам да, қараған адам да малғұн. (Суләйман бин Жәза) 2) Әйел. «Бір еркек әуретін (әйелін) ұратын болса, мен оның дауашысы боламын.» (Хадис шәриф – Зәуажир) Әбәбил құстары
Қағбаны қиратуға келген Йемен басшысы Абраха мен оның әскерін Аллаһу та’аланың рұқсаты және әмірімен қырғынға ұшыратқан құстар (қарлығаштар). (Әсхабы фил бөлімін қараңыз) Аллаһу та’ала аяти кәримада былай дейді: «Үстеріне құстар жібердік. Ол құстардың əрқайсысы олардың үстіне балшықтан жасалған жəне отқа күйдірілген тас атты.» (Фил сүресі 3, 4) "Абраха Меккеге жақындағанында, Аллаһу та’ала әсхабы филдің (Абрахамен әскерінің) үстеріне теңіз жақтан әбәбил құстарын жіберді. Әрбір құста тұмсығы және екі аяғмен әкелген үш тастан бар еді. Нохат және мержімектей көлемде болған бұл тастар кімге тисе, қырып өлтіріп жатты."(Ибн Хишам) Әбдал
Беделділер, құрметтілер. Дүниенің заңдылығы, жүйелілігімен міндеттелген болып, Аллаһу та’аланың адамдардың көздерінен жасырған үлкен әулиелері. Біреуі қайтыс болғанда орнына басқа адам тағайындалатындықтан осы атау берілген. Бұларға Рижалул-ғайб деп те айтылады. «Үмметімнің арасында әрқашан қырық адам болады. Бұлардың көңілдері Ибраһим алейһиссаламның көңілі секілді. Аллаһу та’ала олардың себебімен құлдарынан бәлелерді кетіреді. Бұларға әбдал делінеді. Олар бұл дәрежеге намаз және ораза арқылы жетпеді.» Ибн Мәсуд радиаллаһу анһ: “Йа Расулаллаһ бұл дәрежеге не арқылы жетті?” деп сұрағанында: «Жомарттықпен және мұсылмандарға насихат айту арқылы жетті.» деп бұйырды. (Хадис шәриф – Хилйәтул-Әулиә) "Әбдалдардың саны жеті, қырық немесе жетпіс екендігі білдірілген." (Сәйид Шәриф Журжани) "Әбдалдардың мақамына жетуді көздеген адам халін түзелтуі, нәпсіне ермеуі керек." (Бахауддин Бұхари) Әдиллә-и шәрийә
Дін ілімдері, үкімдері шығарылуы үшін қажетті дәлелдер. "Әдиллә-и шәрийә төртеу: Кітап (Құран кәрім), Сүннет (пайғамбарымыздың сөз, іс-әрекет және шешімдері, бір іс жасалып жатқанда көріп оған кедергі болмаған нәрселері), Иджма (мүжтәһид ғалымдардың діни бір істің үкімінде ауызбіршілікке келуі), Қияс (үкімі белгісіз нәрсені үкімі белгілі нәрсеге ұқсату арқылы түсіну)." (Абдулғани Наблуси) "Ислам – Әдиллә-и шәрийә мен оған бағынышты екінші дәрежелі дәлел және құжаттармен бізге келген. Бұл дәлелдерге сүйенбейтін, бұлардың тысында қалған барлық нәрсе бидғат." (Сәйид Абдулхаким Аруаси) "Дінге байланысты істердің дәлелінде әдиллә-и шәрийәге қаралады. Тасаууфшылардың кәшф, кереметіне емес." (Имам Раббани) "Әдиллә-и шәрийәнің төрт болуы мүжтәһидтер үшін. Муқалидтер яғни төрт мазһабтан бірінде болғандар үшін дәлелмен құжат өз мазһаб имамының ижтиһадымен сөзі."(Хадими) Әһли бәйт
Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның бүкіл жанұя мүшелері. Мүбәрәк жұбайлары, балалары, қызы хазреті Фатимамен хазреті Әли және бұлардың балалары хазреті Хасан мен хазреті Хусейннен қияметке дейін келетін ұрпақтары. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Ей Хабибімнің әһли бәйті! Аллаһу та’ала сендердің күнәдан ұзақ болуларыңды қалайды.» (Ахзаб сүресі 33) «Әһли бәйтім, Нұхтың (алейһиссалам) кемесі секілді. Мінген құтылады, мінбеген тұншығады.» (Хадис шәриф – Жамиус-Сағир-Мүстәдрәк) «Сырат көпірінен аяғы таймай өтетіндер, әһли бәйтімді және сахабаларымды қатты жақсы көретіндер.» (Хадис шәриф – Рәсаили Ибн Абидин) "Заһир және батин ілімдерінде, яғни көңіл ілімдерінде үлкен ғұлама болған әкем, әрқашан әһли бәйтті жақсы көруді көп айтып насихаттайтын. Бұл сүйіспеншіліктің соңғы демде иманмен кетуге көп көмегі тиеді деп айтатын. Әһли бәйтті жақсы көру, әһли сүннеттің қазынасы. Ахирет табыстарын үнемі осы қазына алып келеді." (Имам Раббани) Әһли бидғат
Бидғатшылар, дұрыс жолдан адасқандар. Пайғамбарымыздың және сахабаларының білдірген дұрыс ақидадан (сенімнен) адасқандар. (Бидғат бөлімінен қараңыз) Әһли қыбла
Қағбаны қыбла еткендер, өзін мұсылманмын деп білетіндер. Іс-әрекетртерінде ашықша күпірлік белгісі көрінбеген адасқан ағымда болғандар да Әһли қыблаға жатады. "Жаһаннамға түсетіні білдірілген жетпіс екі бидғатшы ағымдар, әһли қыбла болғандықтары үшін бұлардың ешбіріне кәпір демеу керек. Бірақ бұлардың дінде сенілуі зәру қажетті болған нәрселерге сенбейтіндері және шариғат үкімдерінен әрбір мұсылманның естіген, білетін нәрселердің тәуилін білмей тұрып жоққа шығарғандары кәпір болады."(Имам Раббани) Әмри маруф
Дінде әмір етілген нәрселерді насихаттау, үйрету, орындату. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Ей мүмин құлдарым! Мен әмір еткен істерді, ғибадаттарды орындап, әмри маруф (діннің әмірлерін, жақсылықтарды үгіттеп) және нәхи мункәр (күнәлардан, жамандықтардан тыйылуды насихаттасаңдар) етсеңдер басқалардың жолдан таюы сендерге зиян бермейді.» (Маида сүресі 108) «Бір-бірлеріңе мұсылмандықты үйретіңдер. Әмри маруфты тоқтатсаңдар, Аллаһу та’ала іштеріңнен ең жаман адамды бастарыңа бәле етеді және дұғаларыңды қабыл етпейді.» (Хадис шәриф – Мишқат) «Қиямет күні бір адамды алып келеді. Оны жаһаннамға тастаңдар деген әмір келеді. Шек-қарындары сыртқа шығады. Меркептің (есектің) қазықтың айналасында айналғанына ұқсап, оның айналасында айналшықтап тұрады. Жаһаннамдағылар сен әмри маруф және нахи мәнкәр жасаған жоқ па едің, қазір енді мына жағдайың не? Сені мұндай халге түсрген не? дейді. Иә, басқаларға жақсылықты әмір ететін едім, бірақ өзім жасамайтынмын. Жамандықтарды жасамаңдар дейтін едім, бірақ өзім жасайтынмын.» (Хадис шәриф – Бұхари, Мүслим) «Бүкіл ғибадаттарға берілетін сауап, Аллаһ жолында соғысқа аттануға берілетін сауаппен салыстырғанда теңіз жанындағы бір тамшыдай ғана. Ал соғысқа аттанудың сауабы болса, әмри маруф және нәхи мункәрдің сауабының жанында теңіз жанындағы бір тамшы судай ғана.» (Хадис шәриф – Кимйа-и Саадәт) "Әмри маруф екі түрлі жасалады. Біріншісі сөз, жазу және әр түрлі ақпарат құралдарымен. Мұны жасағанда білім аз болса және әр адамның түсіну денгейіне, әдет-ғұрыптарға, заңдарға мән берілмейтін болса, фитнаға себеп болуы мүмкін. Екінші жол хал арқылы жасалады, яғни исламның көркем мінез-құлқымен безеніп адамдарға үлгі болу арқылы. Адамдарға жылы сөзбен, күлімдеген жүзбен жақсы мәміледе болу, ешкімді ренжітпеу, ешкімнің мал-жанына, намысына көз тікпеу ең әсерлі, ең пайдалы әмри маруф болып табылады." (Имам Биргиуи) "Әмри маруф және нәхи мункәр ететін адамның ниеті халис (таза) болуы және істің маңыздылығын түсініп, Аллаһу та’аланың бұндағы әмірін жақсы біліп, сабырлы болуы, айтысып, сөз таластырмауы, ұрысқа түспеуі, жұмсақ түрде жылы сөз және жазу арқылы орындауы керек." (Имам Биргиуи) Әнам сүресі
Құран кәрімнің алтыншы сүресі. "Әнам сүресі Меккеде түсті. Жүз алпыс бес аяти кәримадан тұрады. Түйе, қой, сиыр сияқты жануарларға әнам делінеді. Аллаһу та’ала бұларды және басқа да көптеген жануарларды адамдардың пайдалануы үшін жаратқанымен, сенбейтіндердің әлсіз махлұқтардан болған бұл жануарлардың бір бөлігіне табынулары баяндалғандықтан сүреге осы есім қойылған. Әнам сүресінде Ислам дінінің иман негіздері, дүние өмірінің фәни (өткіншіл) екендігі, ойын-сауықтан тұратыны, ахиреттің одан да қайырлы екендігі, хазреті Ибраһимнің өгей әкесі және қауымымен болған күресі, хазреті Исхақ, Яқуб, Дауд, Сүлейман, Әйюб, Юсуф, Мұса, Харун, Зәкәрийә, Яхия, Иса, Ілияс, Исмаил, Әлйаса, Юнус және Лут алейһимуссаламның үстемдіктері, Аллаһу та’аланың аты аталмай (бисмилләһ айтылмай) сойылған малдың етін жемеу, күнәдан сақтану, Аллаһқа ортақ (серік) қоспау, ата-анаға жақсылық жасау, жетімнің малын жемеу, таразы және өлшеу құралдарын дұрыс, кемшіліксіз қолдану сияқты үкімдер білдірілуде." (Сәнауллаһ Дәһләуи, Ибн Аббас) Әнам сүресінде былай делінеді: «Дүние өмірі ойын және бос нәрселерден тұрады. Аллаһтан қорққандар үшін ахирет өмірі әлбетте қайырлы. Мұны неге түсінбейсіңдер?» (32-ші аят) «Ғайбтарды тек Аллаһу та’ала біледі. Одан басқа ешкім білмейді.» (59-шы аят) «Иман келтріп, имандарына ширк (Аллаһу та’алаға серік қосуды) араластырмағандар, міне бұлар азаптан амандықта болып, дұрыс жолды тапқандар.» (82-ші аят) «Ашық түрде де жасырын түрде де күнлардан сақтаныңдар.» (120-шы аят) «Кімде кім Әнам сүресін түнде және күндіз оқитын болса, жетпіс мың періште оған салат (истиғфар) етеді және ол үшін кешірім тілейді.» (Хадис шәриф – Әнуарут-Тәнзил) Әнбия
Нәбилер, пайғамбарлар. Жаңа дінмен жіберілмей, адамдарды алдыңғы дінге шақыратын пайғамбарлар дегенді білдіреді. Нәби сөзінің көпше түрі. Жаңа дінмен жіберілген пайғамбарларға расул делінеді.(Нәби, пайғамбар бөлімдерін қараңыз) Аллаһу та’ала аяти кәримада былай дейді: «Өйткені олар (яһудилер) Аллаһтың аяттарын жоққа шығарып, жазықсыз әнбияны өлтірді. Өйткені олар қарсы келіп, шектен шықты.» (Али Имран сүресі 112) "Әнбиядан біріне сенбеген адам ешбіріне сенбеген болып есептеледі." (Қадызада) Әнбия сүресі
Құран кәрімнің жиырма бірінші сүресі. "Меккеде түсті. Жүз он екі аяти кәримадан тұрады. Сүреде кейбір пайғамбарлар (Ибраһим, Исхақ, Лут, Сүлейман, Дауд, Әйюб, Юнус және Зәкәрийә алейһиссалам) және бұлардың қауымдарын иманға шақыруларына байланысты болған жағдайлар баяндалғандықтан, сүре осылай аталған. Әнбия сүресінде тағы, Аллаһу та’аланың бір екендігі, өлгеннен кейін қайта тірілудің және ахирет өміріне катысты үкімдер білдірілген." (Бәйдауи, Қуртуби, Ибн Аббас) Әнбия сүресінде Аллаһу та’ала былай дейді: «Аллаһтан басқа құдай (тағы бір тәңір) бар боғанда, әлемдегі заңдылық (жүйелілік) бұзылып, астан кестені шығар еді.» (22-ші аят) «Қиямет күніне тән әділдік мизандарын құрамыз. Ешкімге зұлымдық жасалмайды. Қыша данасындай (түйірдей, аз ғана) мөлшерде жақсылық жасаған адам нәтижесіне қауышады» (47-ші аят) «(Ей хабибім Мұһаммед алейһиссалам!) Сені әлемдерге рахмет (мейірім), жақсылық үшін жібердік.» (107-ші аят) Әнфал сүресі
Құран кәрімнің сегізінші сүресі. Мәдина мунаууарада Бәдір соғысынан кейін түсті. Жетпіс бес аяти кәримадан тұрады. Сүре есімі, бірінші аятта өткен әнфәл сөзінен алынған. Бұл сүредегі басты тақырыптар: Бәдір шайқасынан қолға түскен ғаниметтің (олжаның) таратылуы жайындағы әмірлер, пайғамбарымыз алейһиссалам және басқа пайғамбарларға қатысты кейбірмәселелер. (Сәнауллаһ Дәхләуи, Ибн Аббас) Әнфәл сүресінде Аллаһу та’ала былай дейді: «Иманы кәміл болған мұсылмандар мыналар, Аллаһу та’аланы еске алған кезде Оның ұлылығынан жүректері дірілдеп үрейге толады. Аяттарды оқығанда(бұл) олардың имандарын арттырады. Тек Раббыларына тәуекел етеді, сенеді.» (2-ші аят) «Кімде кім Әнфал және Бәрәа сүрелерін оқыса, қиямет күні мен оған шапағат етемін және оның екіжүзділіктен құтылғандығына куәлік етемін.» (Хадис шәриф – Әнуарут-Тәнзил) Әкбар қажылықПарыз болған қажылық. "Қажылыққа барған мұсылмандардың қажы болулары үшін шарттарын орныдауы керек. Арафа күні жұма күніне тура келсе, жетпіс қажылық сауабы беріледі. Халық арасында әкбар қажылық деп осыған айтылуда. Бұл дұрыс емес. Әкбар қажылық деп парыз болған қажылыққа айтылады." (Ибн Абидин) |