Әріп бойынша іздеуА Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э |
Афуу (Әл-Афуу)Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Кешірімі көп болған, күнәлар, қате және кемшіліктердің салдарынан жазаландырмайтын, күнәларды кешіріп, амал дәптерден өшіруші дегенді білдіреді. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Егер бір жақсылықты ашықтасаңдар немесе оны жасырсаңдар не (сендерге жасалған) бір жамандықты кешірсеңдер, біліңдер Аллаһу та’ала Афуу (аса кешірімді) және қадир (барлық нәрсеге күші жетуші, құдіретті).» Аяти кәримада кешірімді болуға, мазлұмның (зұлымдыққа ұшыраған адамның) зұлымдық еткен адамды кешіруі үгіттелуде. (Ниса 149) «Аллаһым! Мені кешіре гөр. Өйткені сен Афуусың (кешірушісің) және Кәримсің (ілтипаты мен мейірімі мол).» (Хадис шәриф - Табарани) Ахир (Әл-Ахиру)Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Махлұқтарының (жаратқан болмыстарының) жоқ болуынан кейін мәңгілік бар болатын, тек Өзі қалатын, ешқашан жоқ болмайтын дегенді білдіреді. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Ол (Аллаһу та’ала) барлық нәрселердің басы.» (Хадид 3) Әл-Ахиру қасиетті есімін айтқан адамның көңілі тазарады. Тыныштыққа қауышады. Күнде жүз рет айтылса, Аллаһу та’аладан басқа нәрселердің сүйіспеншілігі көңілден (жүректен) шығады. (Юсуф Набхани) АхырзаманДүниенің соңғы уақыты, соңғы кезеңі. Жалпылама пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) келуінен кейінгі, жекелей айтқанда хижраның мың жылынан кейінгі уақыт. «Ақырзаманда фитнә (бүлік) және бәлелер көбейеді.» (Хадис шәриф - Рамуз-ул-Әхадис) Ақырзаман жақындаған сайын имансыздықты көрсететін жағдайлар мен істер, бидғаттар (дінде болмай, ғибадат мақсатымен жасалатын амалдар) көбейеді. Ислам діні ұмытылады. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” былай деген: «Сондай бір заман келеді, үмметімде (маған мойынсұнғандарда) мұсылмандықтың жалғыз аты ғана қалады. Мүмин болғандар (сенгендер) тек бірнеше ислам әдеттерін ғана жасайды. Имандары қалмайды. Тек қана Құран кәрім оқылады, оның әмірлерінен және тыйым салғандарынан хабарлары да болмайды. Ойларының бәрі ішіп-жеу ғана болады. Аллаһу та’аланы ұмытады. Тек қана ақшаға табынады. Әйелдерге құл болады. Аз ақша табумен қанағаттанбайды. Көп ақша тапқанымен тойымсыз болады.» (Қуртуби, Мәктубат) Ахлақ (мінез-құлық)
Адамның бойындағы мінез-құлық. Хулқ (құлық) сөзінің көпше түрі. «Жақсы мінездерді толықтыру, жақсы ахлақты дүние жүзіне жаю үшін жіберілдім.» (Хадис шәриф - Жамиус-сағир, Кунуз-уд-дәқаиқ) «Адамдарды разы етуге мал-мүліктерің жетпейді. Тек қана жылы жүз және жақсы мінезбен оларды разы ете аласыңдар.» (Хадис шәриф - Сунәни Әбу Дауд) «Аллаһу та’аланың ең жақсы көретін амалы – жақсы мінез.» (Хадис шәриф - Ахлақи Жәлали) «Аллаһу та’аланың ең жақсы көретін құлы – мінезі ең жақсы болғаны.» (Хадис шәриф - Әдәбул-муфрәд) Ислам ғұламаларының көбінің айтуы бойынша адамдар жақсылыққа, жоғарылауға бейімді болып дүниеге келеді. Кейін нәпістің жаман қалаулары және жақсы мінезді үйренбеу, жаман адамдармен дос болу жаман мінездерді ортаға шығарады. (Әли бин Әмруллаһ) АқаидАқидалар (сенімдер). Ақида сөзінің көпше түрі. Ислам дініндегі сенілуі керек болған нәрселер, иман ілімдері. Ақылды және балиғат жасына толған (жыныстық жағынан ер жеткен) еркек және әйелдің бірінші міндеті Әһли сүннет ғұламаларының жазған ақаид (сенім) білімдерін үйрену және соларға сәйкес сену болып табылады. Қияметте жаһаннам азабынан құтылу олардың білдіргендеріне сәйкес сенуге байланысты. (Имам Раббани) Әһли сүннеттің ақаидта (ақидада) екі мазһабы бар: 1) Матуридийа мазһабы. 2) Әшарийа мазһабы. Біріншісінің имамы Әбу Мансур Матуриди, екіншісінің имамы Әбул Хасан Әшари хазреттері. Бұл екі имамның білдірген иман негіздері бірдей болып, араларында тек түсіндіру тәсілі, басқа тұрғыдан алып қараудан туындаған бiр-екі қарапайым айырмашылық бар. (Ташкөпрүзада) АқидаАқаид, итиқад, сенім, Ислам дініндегі сенілетін нәрселер, иман ілімдері дегенді білдіреді. Пайғамбарымыздың саллаллаһу алейһи уәсәлләм Аллаһу та’ала тарапынан бүкіл адамзатқа әкелген және білдіргендерінің барлығын көңілмен растап, қабылдап, сену деген сөз. Аллаһу та’аланың бар және бір екендігіне, періштелеріне, жіберген кітаптарына, пайғамбарларына, ахирет күніне, тағдырға, қияметке, жынмен періштелердің бар екендігіне, Адам алейһиссалам бүкіл адамдардың бабасы екендігіне және алғаш пайғамбар екендігіне сену тек көңілмен болады. Бұлар ақида ілімдері. (Қутбиддин Изники) Мұсылмандардың бірінші міндеті ақидасын түзетіп, әһли сүннет уәлжамағат ғалымдарының білдіргендеріне сай сену. Екіншіден фиқһ (Исламның әмірімен тыйымдарына қатысты) ілімдерді үйреніп және барлық нәрсені осы ілімдерге сай орындау. (Мәулана Халид Бағдади) АқиқаПерзент ниғметін бергені үшін Аллаһу та’алаға шүкіршілік ету ниетімен сойылатын мал. «(Бала дүниеге келгенде) жетінші күні ақиқа малы сойылады. Аты қойылып, шашы алынады.» (Хадис шәриф – Тирмизи, Ахмед бин Ханбәл) «Ақиқа ұл үшін екі, қыз үшін бір мал сою.» (Хадис шәриф – Шират-ул-ислам) Хижреттің сегізінші жылы ұлы Ибраһим дүниеге келгенде жетінші күні расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” шашын алып, шашының салмағындай күміс садақа берді және ақиқа ретінде екі қошқар сойды. Шаштарын көмді. (Имам Қасталани) Балаға жетінші күні ат қою және шашын алу, шашының ауырлығындай еркек үшін алтын немесе күміс, қыз үшін күміс садақа беру және еркек үшін екі, қыз үшін бір ақиқа мал сою мүстаһаб. Ақиқа малы құрбандық малы сияқты болуы керек. Кейін де союға болады. Ханафи мазһабында Ақиқаның етін пісірілген түрде де, шикілей (ет) түрінде де бай, кедей барлық адамға беруге болады. (Сәйид Әлизада) Ақиқа балаларды түрлі бәле-жаладан, аурудан қорғайды. Ақиқасы сойылған балалар қияметте ата-анаға ерекше шапағат етеді. (Сәйид Әлизада) Алейһимурридуан"Аллаһу та‘аланың разылығы оларға болсын" немесе "Аллаһу та’ала олардан разы болсын" деген мағынадағы дұға және құрмет білдіретін сөз. Екіден көп сахабаның есімі айтылғанда, есітілгенде және жазылғанда айтылады және жазылады. Бір кісі үшін “алейһирридуан”, екі кісі үшін “алейһимәрридуан” делінеді. Асхаби кирам (алейһимурридуан) пайғамбарлардан кейін бүкіл махлұқтардың (жаратылғандардың) ішіндегі ең үстемдері болып табылады. (Омар Нәсәфи) Сахабалар (алейһимурридуан) пайғамбарымызды “саллаллаһу алейһи уә сәллем” өте жақсы көретін еді. Оның жолында жандарын, малдарын, мүліктерін, бала-шағаларын, әке-шешелерін, отандарын тәрк және пида етті. (Мұхаммед Масум-и Фаруқи) Алейһиссалам"Аллаһу та’аланың сәлемі болсын" деген мағынаны білдіретін көптеген пайғамбарлар және төрт үлкен періштелер үшін қолданылатын дұға және тағзым (құрмет) сөзі. Екі кісі үшін “алейһимәссалам”, одан да көп адамдар үшін “алейһимуссалам” делінеді. Мұхаммед алейһиссалам:«Үмметімнің екі жаман мінезге ұшырауларынан қатты қорқамын. Бұлар – нәпсіге еру және өлімді ұмытып, дүниенің соңынан қуу» деді.(Хадис шәриф – Бәриқа) Бақыт иесі деп сондай адамға айтылады, Әзрейіл алейһиссалам келіп, оған: “Қорықпа, Әрхамуррахиминге (Аллаһу та’алаға) бара жатсың. Негізгі отаныңа қауышасың. Үлкен ризықтарға кенелесің” дейді. Мұндай адамға бұдан асқан құрметті, қуанышты және бақытты күн жоқ.(Абдулһаким Аруаси) АмәнтуИслам дінінде сенілуі қажет болған алты негізгі шарт. Амәнту және мағынасы: «Амәнту биллаһи уә Мәлаикәтиһи уә Кутубиһи уә Русулиһи уәл-яумил-ахири уә бил-қадари, хайриһи уә шәрриһи мин Аллаһи та’ала уәл-баъсу баъдал мәути хаққун, Әшһәду ән лә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһү уә Расулуһү». Аллаһу та’алаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ахирет күніне, тағдырдың, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігіне сендім. Өлгеннен соң тірілу хақ. Аллаһтан басқа илаһ жоқ екендігіне және Мұхаммед алейһиссалам Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін,- деген сөз. Амәнтуде білдірілген алты шарттың мағыналарын біліп, ұнатып қабыл еткен адамға мүмин делінеді. (Кәмахлы Фәйзуллаһ) Мұсылман емес адам кәлимаи тәуһидті айтып, мағынасына қысқаша сенген кезде, сол сәтте мұсылман болады. Бірақ барлық мұсылмандар сияқты мүмкін болса, Амәнтудың шарттарын жаттап, мағынасын жақсылап үйренуі қажет. (Дамад) Бала кішкентай кезінде ата-анасының дініне тәуелді болып мұсылман болады. Балиғат жасына толғанда ата-анасының дініне тәуелді болмайды. Ислам дінін білмей балиғатқа толған бала мүртәд болып, мұсылмандықтан шығады. Сол себептен балиғат жасына толмастан бұрын кәлимаи тәуһидті, Амәнтуды және бұлардың мағыналарын үйрету керек. Бала осыларға және ислам дініне мойынсұну керек екендігіне сену керек. (Ибн Абидин) Амин"Қабыл ет" деген мағынадағы, дұға соңында айтылатын сөз. «Кімде-кім намаздан кейін имаммен дұға етіп, амин десе, амин сөзінің әріптері төртеу, әрбір әрпіне мың періште түседі. Бұлар қиямет күніне дейін бұл кісіге дұға етеді.» (Хадис шәриф – Мифтаһ-ул Жәннә) Аллаһым, бізге жеткілікті ризық, денімізге саулық, өлместен бұрын тәубе, өлген кезде рахаттық, өлімнен кейін кешірім және тозақ отынан құтылуды, жаннатқа кіруді, дүние мен ахиретте кешірімге қауышуды нәсіп ет! Амин. (Китаб-ус-салат) Бір адам қолындағы харам болған малынан садақа беріп, одан сауап күтсе, алған кедей де оның харам екендігін біле тұра берген адамға «Аллаһ разы болсын!» десе, берген адам немесе басқа біреу оған «Амин!» десе барлығы да күпірлікке түседі. (Ахи Юсуф Челеби) Жамағатпен намаз оқыған кезде имам “Уәләд-даллин” дегенде имаммен жамағаттың және жалғыз оқыған адамның «Фатиха» сүресін оқып біткен кезде ішінен «Амин» деулері сүннет. (Халәбии Сағир) АрафатМекке-и мукаррама қаласынан 25 шақырым оңтүстік-шығысында орналасқан және қажылық парыздарының бірі болған уақфа жасалатын қасиетті жердің атауы. Уақфа – бесін және екінді намазынан кейін біраз уақыт тұру деген сөз. Аллаһу та’ала аяти кәримада былай деген: «(Қажылық маусымында саудамен) Раббыларыңнан ризық сұрауда айып жоқ. Арафаттан (қайтқанда) Мәшари Харамның қасында (тәһлил және тәлбийә атып) Аллаһты зікір етіңдер, еске алыңдар. Ол сендерге қалай хидаят еткен болса, сендер де Оны солай еске алыңдар...» (Бақара сүресі 198) «Арапа күні Аллаһу та’ала Арафатта уақфа еткендерден разы болады. Сосын оларды періштелерге мақтан тұтып: “Істерін тастап бұл жерде жиналуларына қарағанда менен не қалайды екен бұлар?”дейді.» (Хадис шәриф – Мүслим) Қажылық парыздарының бірі – арапа күні Арафаттың “Уадии Урәнә” деген жерінен басқа жерлерінде де бесін және екінді намаздарынан кейін біраз уақыт уақфада тұру болып табылады. Арапа күні немесе түні Арафатта болмаған немесе Арафаттан өтпеген адам қажы болмайды. (Ибн Абидин-Мәуқуфат) Сүйікті пайғамбарымыз өмірінің соңына жақын мәшһүр уәда (қоштасу) хұтбасын Арафатта оқыды. Адам алейһиссалам мен Хауа анамыз жаннаттан шығып, жер жүзіне түскенде Арафат тауында кездесті. Бір риуаят бойынша бұл жерге осы себепті кездесу, табысу мағынасында Арафат делінген. (Зәркани) Арасат алаңыӨлгеннен кейін адамдардың және барлық жандылардың қайта тіріліп жиналатын алаң. Бұл жерге мәуқиф және махшар деп те айтылады. «Қиямет күні сахабаларымның әрқайсысы қабірлерінен тұрған кезде қайтыс болған елдерінің барлық мұсылмандарының алдына түсіп және оларға нұр және жарық шашып, оларды Арасат алаңына алып келеді.» (Хадис шәриф – Тирмизи) Қияметте адамдар Арасат алаңында елу мәуқифте (жерде) тұрғызылады. Әр мәуқифте мың жылдан қалады. (Қадызада Ахмед) Арасат алаңында машақат (зорлық) және қиындық тартатындар кәпірлер мен пасықтар (күнәһарлар) болады. Олардың жағдайлары өте қорқынышты күйде болып, күн найзаның биіктігіндей тас төбеде тұрады. Әркім жасаған күнәлары бойынша терлейді. Кейбіреуі тізесіне, кейбіреуі алқымына, кейбіреуі төбесіне дейін терлеп, қара терге түседі. (Имам Биргиуи) Арафа күніЗүл-хиджа айының 9-шы күні, құрбан айттан бір күн бұрынғы күн. «Арапа күнін құрметтеңдер! Өйткені арапа Аллаһу та’ала қадірлеген күн.» (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин) «Арапа күні ораза тұтқан адамдардың екі жылдық күнәлары кешіріледі. Бірі-өткен жылдың, екіншісі келер жылдың күнәлары». (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин) «Арапа күні 1000 рет Ихлас сүресін оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі және дұғасы қабыл болады. Барлығын “бисмиллә”мен оқу керек». (Хадис шәриф – Рияд-ун-Насихин) Құрбан айттың бірінші күні және арапа күні есеппен, күнтізбемен белгілі болған күн немесе бұдан бір күн кейінгі күн болады. Бұдан бір күн ерте болмайды. (Ибн Абидин) АрифБілетін, таныған, кемеңгер ғалым, ілім және ирфан иесі. 1) Аллаһу та’аланың разылығына қауышқан, Одан басқаның сүйіспеншілігін көңілінен шығарған, тасаууфта жетілген, кемелдікке жеткен әулие кісі. Арифи биллаһ деп те айтылады. «Барлық нәрсенің қайнар көзі бар. Тақуаның (Аллаһу та’аладан қорқып, харамдардан, күнәлардан сақтанудың) қайнар көзі арифтердің көңілдері (жүректері)». (Хадис шәриф – Кунуз-ул-Хақаиқ) Ариф болған адамның белгісі үндемеуі, тәфәккуры (Аллаһу та’аланың ұлылығын ойлауы), көргендерінен ғибрат алуы және Аллаһу та’аланың разы болған (ұнатқан) нәрселерін қалауы. (Сүләйман бин Жәза) Расуллуллаһ алейһиссаламның сүннетін тәрк еткен адамды және Одан келген әдептерге немқұрайлылық көрсеткен адамды ариф деп ойлама. (Жунәйд Бағдади) Ариф бостан-босқа сөйлемейді. Әрдайым Аллаһу та’аланың разылығын алуды ойлайды. (Баязид Бистами) Арифтердің көңілдері (жүректері) Аллаһу та’аланың азамет (үстемдік) және кибрийасына (ұлылығына) қайран. (Имам Раббани) Ариф өзін өзгелерден төмен санайды. (Имам Раббани) 2) Маманы болған ғылымды қиналмастан жүзеге асыратын, қолдана алатын адам. Ғалым мен арифтің арасында айырмашылық бар. Мысалыға, нахв ілімінің араб тіліндегі жалпы ережелерін білетін адам осы ғылымның ғалымы болып табылады. Алайда бұл білімдерді орын-орнымен, қиналмастан жүзеге асыратын адам ариф болып табылады. (Сәйид Абдулхаким Аруаси) АршАллаһу та’аланың жаратқан ең үлкен жаратылысы. Жеті қабат көктердің және күрсінің үстінде болып, халқ (материя) әлемінің соңы, әмір (материясыз) әлемінің басы. Аршуллаһ, Арши мәжид және Арши а’ла деп те айтылады. Аяти кәрималарда былай делінген: «Аллаһу та’ала көктер мен жерді алты күнде жаратты. (Бұдан бұрын) Арш судың үстінде еді.» (Һуд 7) Бұл аяти кәрима судың жерден және көктерден бұрын жаратылғанын көрсетеді. Демек, Арш жердің құрылысында болмағаны секілді, көктердің де құрылысына ұқсамайды. Жер мен көкке ұқсайтын жағы жоқ. Тек қана Арш жермен салыстырғанда көктерге ұқсайды. Сондықтан да көктерге жатады. (Ахмед Фаруқи) «Жеті топтағы адамдарды Аллаһу та’ала ешқандай көлеңке болмайтын күні Арштың көлеңкесінде көлеңкелетеді. (Бұл адамдар) Әділ ел билеушісі, жастық шағын ғибадатпен өткізгендер, көңілін мешіттерге байлағандар, Аллаһ разылығы үшін бір-бірлерін жақсы көріп, бір араға жиналып және осы сүйіспеншілікпен айрылғандар, өзін сұлу әйел шақырған кезде “Мен Аллаһтан қорқамын” деген адам, оң қолының берген садақасын сол қолы білмейтіндей түрде жасырын бергендер және жалғыз кезінде Аллаһу та’аланы зікір еткенде Аллаһтан қорқуынан жылағандар.» (Хадис шәриф – Бұхари, Мүслим) Арши а’ла Аллаһу та’аланың таңғажайып махлұқтарының (жаратқандарының) бірі және махлұқтардың ең құрметтісі. Барлық нәрседен де таза және нұрлы. (Имам Раббани) Намаздың қыбласы Қағба болғаны секілді дұғаның қыбласы да Арш. Сондықтан дұға еткенде қолдар көтеріліп, алақанның іші аспанға қаратылып ашылады. (Имам Ғазали) АтеистАллаһу та’алаға және ахиретке сенбейтін, ешбір дінді қабыл етпейтін, уақыт шексіз және дүниенің басы мен соңы жоқ, осындай болған осындай болып жалғаса береді дейтін, дінсіз адам. «Жамандықтардың ең жаманы – Аллаһу та’алаға сенбеу (атеист болу)». (Хадис шәриф – Бәриқа) Атеисттер Аллаһу та’алаға сенбейді. “Барлық нәрсе табиғаттың заңдылығымен бар болуда. Жаратушы жоқ. Уақыт өткен сайын барлық нәрсе өздігінен өзгеруде” дейді. (Сәйид Шәриф Журжани) Кітаптарында дінмен күрескен және “Діндерді жою – материализмнің, марксизмнің әліппесі” деген Ленин билікке қол жеткізгеннен кейін Ресейде атеисттер одағын құрған. (Садәти Әбәдийа) Өздерін ақылды, білімді және қателеспейтін адам сияқты санаған дінсіздер үш түрлі болады: 1) Атеисттер. 2) Барлық нәрсені табиғат жасайды дейтін табиғишылар. 3) Грек пәлсапашылары, Сократ пен шәкірті Платон және оның шәкірті Аристотельдің жолында болғандар. (Имам Ғазали) Ашура күніХижра жылының алғашқы айы болған Мухаррам айының оныншы күні. «Кімде-кім Ашура күні ораза тұтса, Аллаһу та’ала оған шәһид сауабын береді. Ашура күні ауыз бекіткен адамға жеті қат көк иелерінің сауабын жазады. Ашура күні бір мұсылманға ауызашар берген адамға Мұхаммед алейһиссаламның үмбеттерінің барлығына ауызашар бергендей сауап жазылады. Ашура күні бір жетімнің басын сипаған адамға Аллаһу та’ала сол жетімнің басындағы қылдарының санынша жаннатта дәреже береді.» (Хадис шәриф – Ғунйәт-ут Талибин) Мухаррам айы Ислам дінінде қасиетті деп білдірілген төрт айдың бірі. Ашура түні – бұл айдың ең қадірлі түні. Нұх алейһиссалам топанда кемесінде ашура тәттісін пісіргені үшін мұсылмандардың мухаррам айының оныншы күні ашура тамағын пісіруі ғибадат емес. Қазіргі таңда ашура тамағын ғибадат деп санау күнә болып табылады. (Мұхаммед Сыддық бин Саид) Ашара-и мубашшараПайғамбарымыз алейһиссалам тарапынан жаннатқа кіретіндері туралы дүниеде сүйіншіленген он сахаба. «Әбу Бәкір жаннатта. Омар жаннатта. Осман жаннатта. Әли жаннатта. Талха жаннатта. Зубайр жаннатта. Абдуррахман бин Ауф жаннатта. Са’д ибн Әби Уаққас жаннатта. Саид ибн Зәйд жаннатта. Әбу Убайда ибн Жаррах жаннатта. (Хадис шәриф – Муснәди Ахмед бин Ханбәл) Мұхаммед алейһиссаламның үмбетінің ішіндегі ең үстемдері оған иман келтіріп, мүбәрәк жүзін көрумен мәртебеленген сахабалары. Бұлардың ішіндегі ең үстемдері Худәйбийада Расулуллаһ алейһиссаламға ант бергендер. Бұлардан да ең үстемдері Бәдр соғысына қатысқандар. Бұлардан да ең үстемдері алғаш мұсылман болған қырық кісі. Бұлардың да ең үстемі ашара-и мубашшара. (Тәфтазани) Абәсә сүресі
Құран кәрімнің сексенінші сүресі. Мекке-и мукаррамада түсті. Қырық екі аяти кәримадан тұрады. Бірінші аяти кәримадағы бет бұрды, ілтипат етпеді деген мағынадағы “Абәсә” сөзі сүреге есім болып қалды. Сүреде Құран кәрімнің Аллаһу та’ала тарапынан жіберілген үгіт-насихат екендігі білдірілуде. Хақ та’аланың құдіретіне, ұлылығына дәлелдер келтірілуде, қиямет күнінің аласапыраны, ол күнгі жақсылармен жамандардың халдері және т.б. жайттар түсіндірілуде. Абәсә сүресінде былай делінеді: «Ол күні (қиямет күні) адам бауырынан, анасынан, әкесінен, әйелінен және бала-шағасынан қашады. Ол күн барлығының өзіне жетер ісі болады. (Әркім өз дертімен әлек болады. Басқаны ойламайды.) Ол күн жүздер бар (дүниеде кездегі түнгі ғибадаттарымен немесе алған дәреттері себепті) жалт-жұлт етіп жарқырайды. (Көрген ниғметтері себепті) күлімдеуші, қуанушы. (Бұлар мүминдер) Ол күні жүздер бар, үстілерін шаң-тозаң басқан. Оны бір зұлмет, қараңғылық қаптайды. Міне бұлар кәпірлер, күнәһарлар.» (34, 42-ші аяттар) |