Өз көзқарасымен дін үйретілмейді
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Пайғамбарымыз алейһиссалам «Аллаһу та'аланың ең сүйікті адамы – дінін үйренетін және басқаларға үйрететін адам. Діндеріңді Ислам ғалымдарынан үйреніңдер» деген. Дұрыс сенім, яғни Әһли сүннет сенімі өте маңызды. Бәрінен бұрын осыны үйренуге тырысу керек. Сенімі қате болған бір адам дініміздің барлық әмірлерін орындаса, тыйымдарынан сақтанса, таңға дейін зікір етсе де, бұл адамның тозаққа түспеу ықтималы жоқ. Себебі оның сенімінің қателігін тек тозақ оты тазалайды. Алайда ішкілік ішетін, діннің әмірлерін орындамайтын, күнәхар адамның сенімі дұрыс болса, бұл адамның тозаққа түспеу ықтималы бар. Өйткені ол тәубеге келуі мүмкін, шапағатқа қауышуы мүмкін немесе Хақ та'ала кешіріп жіберуі мүмкін. Бірақ сенімі қате болған (сектадағы) адам сенімінің қате екендігін білмегендіктен, тәубе етпейді, сол жағдайымен өледі. Адамдардың қайырлысы – ілім үйренетін және үйренгенін үйрететін адам. Дінімізден бір сөз үйреніп басқа біреуге үйрету – мың рет нәпіл қажылыққа барудан да сауапты. Сүйікті пайғамбарымыз «Дұрыс жолдан адасқан бір мұсылманды қайта дұрыс жолға түсірген адам жәннатта менің жанымда» деген. Бірақ мән беру керек болған жайт, дініміз – нақыл діні. Адам үйренгенін үйрету керек, өз түсінігін емес. Адасқан ағымдар өз ақылымен пайымдама жасау арқылы пайда болған және әлі де шығуда. Олардың бәрі пәлекетте. Білім нақли және ақли болып екіге бөлінеді. Бұлардың біріншісі, яғни нақылға сүйенетін діни ілімдер пайғамбарымыздан осы күнге дейін нақыл жолы арқылы үйреніліп келген. Өз көзқарасымен дін үйренілмейді. Өкінішке орай, қазіргі таңда көптеген адам діни тақырыптарды өз көзқарасына сүйеніп түсіндіріп жатады. Осылайша олардың өздері де, оларға ергендер де тозаққа түсіп жатыр. Осындай заманда құтыла алу үшін сүйікті пайғамбарымыздың мирасқорлары болған Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқу шарт. Мұсылманмын деген адамның жасаған ісінің дінімізге сай немесе сай емес екенін білуі керек. Білмейтін болса, үйренуі керек. Егер жасалған іс дінімізге сай болмаса, адам күнә немесе күпірден құтыла алмайды. Ондай адам әр күні шынайы тәубе етуі керек. Тәубесі жасалған күнә немесе күпір міндетті түрде кешіріледі. Тәубе етпесе, дүниеде немесе ахиретте жазасын тартады. |