25 - Жамазиәл-әууәл, 1447 жыл.
     16 - Қараша, 2025 жыл.   

Құран Кәрім Дәрет - Ғұсыл Сауда-саттық
Пайғамбарымыз Әдеп-ахлақ Иман және Ислам
Намаз Хайз Халал - Харам
Өзге діндер Ғибратты оқиғалар Неке және отбасы
Мазһаб және Мазһабсыздық Ораза Қасиетті күндер-түндер
Сүннет - Бидғат Зекет - Ұшыр - Садақа Қажетті дұғалар
Адасқан ағымдар Қажылық Ислам ғұламалары
Сұхбаттар Құрбандық Басқа да тақырыптар

Сайтқа жазылу: Сайтқа енгiзiлген жаңа мақалаларды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде құттықтау хаттарды сайтымызға тіркелгендерге де жіберіп тұрамыз.Сайтқа тіркелу үшін жазуды басыңыз.

Жұма сұхбаты:

Жан дос туған бауырдан да үстем

Біздер адам ретінде қоғамда, басқа адамдармен бірге өмір сүруге мәжбүр болғанымыз үшін жақсы дос табуға да мәжбүрміз. Өзімізге дос іздегенде мән беруіміз керек болған кейбір шарттар бар. Бұл шарттарды ескермесек, мән бермесек, көп қиындықтарға жол ашуы мүмкін.

Бірінші шарт, достың ақылды болуы. Ақылды болмаса, бізге пайдасы тиюінің орнына зияны тиеді. Яғни шаш аламын деп бас алады.

Екінші шарт, діндар болуы. Дінін ұстанбай өмір сүретін адам ең үлкен жамандықты өзіне жасайды, өзін-өзі тозаққа дайындайды. Өзіне пайдасы жоқ, тіпті керісінше зияны бар адамның біреуге қандай пайдасы тиюі мүмкін?

Діндар достың шапағаты адамды тозақ отынан құтқарады. Адамдар тозаққа тасталып, қиямет күні: «Бізге шапағат ететін ешкім жоқ па? Бізді осы азаптан, осы қиындықтан құтқаратын шынайы жан досымыз жоқ па?» деп шақырады...

Жалғасын оқу»


Сұрап үйренген ғалым:

Ең әуелі үйрену қажетті білімдер

Сұрақ: Мұсылман адам қандай білімдерді ең алдымен үйренуі керек?

Жауап: Бұл тақырыпта «Кимия-и саадат» кітабында былай жазылған:

«Әр мұсылманның ең алдымен әһли сүннет сенімін қысқаша үйренуі парыз. Одан кейін екі нәрсені үйренуі керек болады. Біріншісі жүрекке (көңілге), екіншісі денеге қажет болған білімдер.

Дене үшін болған білім екіге бөлінеді. Біріншісі орындайтын әмірлер, екіншісі сақтанатын тыйымдар.

Әмірлерді үйрену былайша болады:

Таң уақытында жаңадан мұсылман болған адамның бесін уақыты келгенде дәреттің және намаздың парыздарын үйренуі бірден парыз болады. Ал сүннеттерін үйренуі сүннет болады. Кеш болғанда ақшам намазының үш рәкат екенін үйренуі парыз болады...

Жалғасын оқу»