26 - Ражаб, 1446 жыл.
     26 - Қаңтар, 2025 жыл.   

  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Хурмат-и мусахара деген не?

Хурмат-и мусахара деген не?

Сұрақ: Хурмат-и мусахара деген не және оның қандай кесірі бар?

Жауап: Кез келген әйелмен зина ету немесе ол әйелдің кез келген жерін шәһуатпен ұстау, ұмытып немесе қателесіп ұстаса да ханафи мен ханбали мазһабтарында хурмат-и мусахараға себеп болады. Яғни ол әйелдің қан арқылы және сүт арқылы болған анасы және қыздарымен ол ер адамның үйленуі, қыздың да сол жігіттің ұлы және әкесімен тұрмыс құруы мәңгі харам болады.

 

Шәһуатпен ұстау

Сұрақ: Хурмат-и мусахара тек шәһуатпен ұстағанда ғана пайда бола ма?

Жауап: Иә, ер немесе қыз, әйел шәһуатпен ұстасса, хурмат-и мусахара болады. Осы және осы секілді себептер үшін жас қыздардың, әйелдердің өздеріне сенімді болса да бөтен еркектерге қол тигізуіне рұқсат жоқ. Өйткені шәһуатпен ұстаса хурмат-и мусахара пайда болады. Қыздың және қариялардың шәһуаты көңіл ауғаны деген сөз. Шәһуатқа себеп болмайтындай шамада кәрі әйелмен қол алысу және қолын сүю өзіне сенімді болғанға рұқсат болғанымен, олай жасамағаны жақсырақ болады.

Қылует ету (оңаша қалу) немесе алдынан басқа жеріне шәһуатпен қарау арқылы хурмат-и мусахара пайда болмайды.

Хурмат-и мусахараның жүзеге асуы үшін екі жақтың да балиғатқа, кәмелетке толған болуы шарт емес. Балиғатқа толмаған адамдың денесі ірі, көзге түсетіндей болуы балиғатқа жеткенмен тең.

 

Киімның сыртынан

Сұрақ: Киімнің сыртынан ұстау арқылы хурмат-и мусахара бола ма?

Жауап: Терісінің түсі және жылуы сезілетіндей шамада жұқа болмаған киімді ұстағанда хурмат-и мусахара болмайды.

 

Шафии мазһабын тақлид ету

Сұрақ: Хурмат-и мусахара себебімен жаңадан шафии мазһабы бойынша некелескен адам сол мазһабқа өте ме, әлде тек неке мен талақта ғана тақлид ете ме?

Жауап: Тек неке мен талақта ғана тақлид етуі жеткілікті.