11 - Шабан, 1447 жыл.
     30 - Қаңтар, 2026 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Сен менің мәһіріме шыдай алмайсың!

Сен менің мәһіріме шыдай алмайсың!

Харижи болған Абдуррахман бин Мүлжәм Нехрван соғысында әкесі мен бауырлары өлтірілген өзі сияқты бір харижи әйелге ғашық болып қалады. Оған үйлену ұсынысын жасаған кезде ол әйел:

- Сен менің мәһіріме шыдай алмайсың. Сенен үш мың дирхам күміс, екі әнші күң (қызметші) және Әли бин Әбу Талибты өлтіруіңді қалаймын, - дейді.

Ибн Мүлжәм ойланып:

- Күміс пен қызметшілерді беру оңай, бірақ мен хазреті Әлиді өлтіре алмаймын!, - дейді. Әйел:

- Егер мені қаласаң, мұны міндетті түрде орындауың керек!, - деп кесіп айтады. Ибн Мүлжәм:

- Онда қылышпен бір рет қана ұрамын, қайтыс болса айтқаның орындалып жақсы болады, - деп келіседі. Әйел «Келістік» деп оған уланған қылыш береді.

Бір күні Әмир-ул мүминин Әли (радиаллаһу анһ) отырған еді. Хасан және Хусейн (радиаллаһу та'ала анһума) хазреттерден «Бүгін рамазан айының қай күні?» деп сұрады. Олар: «Он үшінші күн» деп жауап берді. Оларға: «Міндетті түрде жүзім басымның қанына боялады! Абдуррахман бин Мүлжәмнің тірі қалғанын қалаймын, бірақ ол менің өлгенімді қалайды» деді.

Ибн Мүлжәм бұл сөзді естігенде хазреті Әлидің алдына келіп:

- Йа, Әмир-әл мүминин! Міне қолым, міне басым, қаласаңыз қолымды кесіңіз, қаласаңыз басымды шабыңыз!, - деді. Сонда хазреті Әли:

- Мен қылмысты істемеген адамға қалайша жаза беремін?, - деп оны босатып жіберді.

Рамазан айының он жетінші күні еді. Таң атып, намаз уақыты келді. Әмир-ул мүминин намазға бару үшін орнынан тұрды. Үйінде қаз бар еді. Ол айқайлай бастады. Мұны байқаған хазреті Әли:

- Айқайдың артынан жылау келеді!, - деді. Хазреті Хасан түсінбей:

- Әкешім, бұл не дегеніңіз? – деп сұрады.

- Айтпағым, көңілім шәһид болатынымды хабар береді, - деп жауаптады.

Хазреті Әлидің көңілі түскен еді. Мешітке намазға барды. Ол кезде Абдуррахман бин Мүлжәм әлгі әйелмен бірге еді. Екеуі азаншының дауысын естіді. Сонда әйел:

- Бар, міндетіңді атқар. Ісіңді бітіріп, қуанышпен орал! – деп ынталандырып жіберді.

Ибн Мүлжәм тұрып, қылышын алып, мешітке аттанды. Әмир-ул мүминин Әли (радиаллаһу анһ) михрабқа өтті. Опасыз екі сәжде арасында хазреттің басын қылышпен бір ұрып сыртқа қаша жөнелді. Жамағат көп ұзамай қылмыскерді ұстап, хазреті Әлидің алдына әкелді. Хазреті Әли оларға:

- Мен қайтыс болғанша оны зынданға қамаңдар!, - деп бұйрық берді.

Хазреті Әли жарақат алғанынан екі күн өткен соң қайтыс болды. Нежефте жерленді. Ертеңіне опасыз Ибн Мүлжәм өлім жазасына тартылды.