Екінші бөлімӘРТҮРЛІ МӘЛІМЕТТЕР БӨЛУШІЛЕР, АДАСҚАН ТОПТАР Мұсылмандар екіге бөлінеді. Біріншісі, әһли сүннет тобы. Хақ болған, дұрыс болған осы әһли сүннет тобындағы мұсылмандар төрт мазһабқа бөлінген. Олардың сенімдері, имандары бір. Араларында ешқандай айырмашылық жоқ. Екіншісі, әһли сүннет сенімінде болмағандар. Оларды бидғатшы, яғни мазһабсыз деп атайды. Шиилер мен уаһһабилер осылардың қатарында. Заманымызда Ибн Тәймия, Жамаладдин Ауғани, Мұхаммед Абдух, Сәйид Құтб, Мәудуди және Таблиғ-и жамағат пен Уаһһаби ерушілері – бидғатшылар. Уаһһабилер өздеріне бесінші мазһаб дейді. Бұл сөздері дұрыс емес. «Бесінші мазһаб» дегендей ештеңе жоқ. Қазіргі таңда діни білімдерді осы төрт мазһабтың бірінің ілімхал кітаптарынан үйренуден басқа шара жоқ. Әркім өзіне ыңғайлы мазһабын таңдайды. Соның кітаптарын оқып үйренеді. Әр амалын сол мазһабқа сай орындайды. Сол мазһабты «Ұстанған» болады. Сол мазһабта болады. Әр адамға ата-анасынан естігенін, көргенін үйрену оңай болғандықтан, мұсылмандар ата-анасының мазһабында болады. Мазһабтардың біреу емес, төртеу болуы адамдарға жеңілдік. Бір мазһабтан шығып, басқасына өту рұқсат, дегенмен жаңасын үйренуге жылдар бойы еңбектену қажет болады, ал бұрынғы мазһабын үйренуге кеткен еңбегі босқа кеткен болады. Сондай-ақ бұрынғы білімдері мен жаңасын араластырып, көп амалды орындауда шатасуы мүмкін. Бір мазһабты ұнатпай одан шығу мүлде рұқсат емес. Өйткені сәләф-и салихинді сауатсыздықпен айыптау, жақтырмау күпір болады делінген. Қазір Пәкістанда Мәудуди, Хамидуллаһ, Таблиғ-и жамағатшылар, Мысырда Жамаладдин Ауғани, Каир мүфтисі Мұхаммед Абдух және оның шәкірттері Сәйид Құтб пен Рашид Рыза секілді мазһабсыз адамдар және олардың кітаптарын оқып алданғандар мазһабтарды біріктіру керек дейді. Төрт мазһабтың оңай жақтарын таңдап жинау керек, исламды жеңілдету керек дейді. Қысқа ақылдарымен, нұқсан білімдерімен осы пікірді ұстанады. Кітаптарына көз жүгірткенде тәфсир, хадис, усул және фиқһ білімдерінен хабары болмағаны, кем қисындарымен және тартымды жазбаларымен надандықтарын көрсеткені бірден байқалады. Өйткені: 1) Төрт мазһаб ғалымдары «Хукм-и мүләффик қате» дейді. Яғни бірнеше мазһабты бірге ұстанып орындалған ғибадат сол мазһабтардың ешбірінде сахих болмаған кезде мазһабтарды араластыруы қате болады, сахих болмайды. Төрт мазһаб ғалымдарының (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин) бұл сөз бірлігіне бағынбаған адам ол мазһабтардың ешбірінде болмайды. Мазһабсыз болады. Мазһабсыз адамның істері исламға сай болмайды. Тоқыма болады. Дінді ойыншыққа айналдырған болады. 2) Мұсылмандарды, ғибадаттарды жалғыз бір жолға қысу ислам дінін қиындату болады. Аллаһу та'ала және Оның пайғамбары (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қаласа, бәрін анық білдіріп, амалдар жалғыз бір жол бойынша орындалатын еді. Бірақ Аллаһу та'ала және Оның Расулы (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) адамдарға мейірім еткендіктен бәрін анық білдірмеді. Әһли сүннет ғалымдарының (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин) түсінігі бойынша түрлі мазһабтар пайда болды. Адам қиналған кезде өз мазһабының оңай жағына қарайды. Одан сайын қиналса, басқа мазһабты тақлид етіп, ол амалды оңай атқарады. Жалғыз мазһаб жасалса, бұл жеңілдік болмайды. Мазһабсыздар, жеңілдіктерді жинадық деп санайтындар өздері байқамай мұсылмандардың ісін қиындатқан болады. 3) Бір ғибадаттың бір бөлігін бір мазһаб бойынша орындағанда қалған бөлігін сол мазһаб бойынша орындамай, басқа мазһаб бойынша орындауға кірісу бірінші мазһаб имамының білімін ұнатпау болып саналады. Сәләф-и салихинды (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин) сауатсыздықпен айыптаудың күпір екені жоғарыда жазылды. |

