16 - Жамазиәл-ахир, 1448 жыл.
     25 - Қараша, 2026 жыл.   

  Негізгі бөлім / Мазһаб және Мазһабсыздық / "Пайдалы мәліметтер" кітабы / ИМАМ АҒЗАМ ӘБУ ХАНИФА (рахметуллаһи та'ала алейһ)

ИМАМ АҒЗАМ ӘБУ ХАНИФА (рахметуллаһи та'ала алейһ)

«Камус-ул аләм» кітабында былай делінген:

Имам Ағзам Әбу Ханифаның есімі Нуман. Әкесінің есімі Сабит, атасының есімі де Нуман. Ол әһли сүннеттің төрт үлкен имамының біріншісі. Имам – кәміл ғұлама деген сөз. Ол Мұхаммед алейһиссаламның жарқын дінінің үлкен тірегі. Парсы елінің алдыңғы қатарлыларының бірінің ұрпағы. Атасы ислам дінін қабыл еткен болатын. Сексенінші (80) жылы Куфа қаласында дүниеге келді. Асхаби кирамнан (алейһимурридуан) Әнәс бин Малик, Абдуллаһ бин Әбу Әуфа, Сәһл бин Са’д Саиди, Әбуттуфәйл Амир бин Уасилә замандарында жетілген. Фиқһ ілімін Хаммад бин Әбу Сүлейманнан үйренді. Табииннен көптеген ұлы тұлғалармен және Имам Жафәр Садықпен сұхбаттасты. Көп хадис шәриф жаттады. Мазһаб имамы болмаса, үлкен қазы болатындай жетілді. Үстем ақылы және баршаны таңғалдыратын өткір зеректігі бар еді. Фиқһ ілімінде аз уақытта теңдесі жоқ дәрежеге көтерілді. Есімі, атағы әлемге тарады.

Әмәуилердің он төртінші және соңғы халифасы Мәруан бин Мұхаммед (Мәруан бин Хакәмнің немересі), 132 [м.750] жылы Мысырда өлтірілді. Бес жыл халифа болды. Оның заманында Ирак әкімі Язид бин Амр оған Куфа сотының қазысы болу міндетін ұсынғанымен, зухд пен тақуалығы, уәрасы білімі мен зеректігіндей өте көп болғандықтан, қабылдамады. Пендешілікпен құлдардың хақысын сақтауда кемшілік жіберуден қорықты. Язидтің бұйрығымен басына жүз он дүре соғылды. Мүбәрәк басы, жүзі ісіп кетті. Ертеңіне Имамды шығарып, қайтадан ұсыныс жасап қинады. «Ақылдасып көрейін» деп рұқсат алды. Меккеге барып, бес-алты жыл сол жақта қалды.

Жүз елуінші 150 [м.767] жылы Аббаси халифасы Әбу Жафәр Мансұр әмір еткен жоғары сот төрағалығын қабылдамағаны үшін зынданға тасталды. Қамшымен ұрып-соғылды. Күнде он қамшы арттырылып ұрылды. Қамшы саны жүз болған күні шәһид болды. Сәлжұқ патшасы Мәликшахтың уәзірі Әбу Са’д Мұхаммед бин Мансұр Харезми (рахметуллаһи та'ала алейһ) Әбу Ханифа хазреттің қабірінің үстіне керемет кесене салдырды. Кейіннен Османлы патшалары бұл кесенені көп рет жөндеп, безендірді. Мәликшах (рахметуллаһи та'ала алейһ) үшінші Сәлжұқ сұлтаны болып, Алпарсланның ұлы [447-485].

Әбу Ханифа (рахметуллаһи та'ала алейһ) фиқһ ілімін алғаш рет салаларға бөліп, әр тараудың білімдерін бөлек-бөлек жинақтаған және «Фәраиз» бен «Шурут» кітаптарын жазған. Фиқһтағы өте ауқымды білімін, әсіресе қиястағы ғаламат күшін, зухд пен тақуалықта, жұмсақтық пен игіліктегі қайран қалдыратын үстемдігін баяндайтын кітаптары санауға келмейтіндей көп. Шәкірттері өте көп болып, араларынан үлкен мүжтәһидтер жетіліп шыққан.

Ханафи мазһабы Осман империясының заманында барлық жаққа тарады. Мемлекеттің ресми мазһабындай болды. Қазіргі таңда әлемдегі ислам жұртшылығының жартысынан көбі және әһли сүннеттің басым бөлігі ханафи мазһабы бойынша ғибадат етеді. «Камус-ул аләм» кітабының жазбасы тәмәм болды.

«Мират-ул каинат» кітабында былай делінген:

Имам Ағзамның аталары Иранның Фарис деген қаласынан. Әкесі Сабит Куфада Имам Әлимен (радиаллаһу анһ) кездесіп, Имам оған және ұрпағына қайырлы дұға жасаған еді. Имам Ағзам табииннің ұлыларынан болып, асхаби кирамнан Әнәс бин Маликті (радиаллаһу та'ала анһ) және тағы үш немесе жеті сахабаны көрді. Олардан хадис шәрифтер үйренді.

Имам Харизмидің Әбу Хурайрадан иснад-и муттасылмен хабар берген хадис шәрифінде: «Үмбетімнен Әбу Ханифа есімді біреу келеді. Ол қиямет күні үмбетімнің жарығы болады» делінген. Хадис шәрифте: «Нуман бин Сабит есімді және Әбу Ханифа аталған біреу келеді, ол Аллаһу та'аланың дінін және менің сүннетімді жандандырады» және «Әр ғасырда үмбетіменен жоғары дәрежеге жеткендер шығады. Әбу Ханифа заманының ең жоғары дәрежелісі» делінген. Бұл үш хадис шәриф «Мәудуат-ул улум» және «Дуррул мухтар» кітаптарында жазылған. «Үмбетімнен Әбу Ханифа есімді біреу келеді. Екі жауырыны арасында мең бар. Аллаһу та'ала дінін оның қолы арқылы жандандырады» хадис шәрифтері мәшһүр.