11 - Жамазиәл-ахир, 1447 жыл.
     1 - Желтоқсан, 2025 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Ризығы берілмейтін бірде-бір жанды жоқ!

Ризығы берілмейтін бірде-бір жанды жоқ!

Сұрақ: Адамның ризығы тағдырға ежелден жазылғандықтан, адамға тек әмір етілген себептерге жүгіну ғана қала ма?

Жауап: Хатим Әсам хазрет ұстазы Шақиқ Бәлхи хазреттің бір сұрағына орай мынадай сөз қозғайды:

«Адамдарға қарадым, бәрі ішіп-жеу, ақша табу үшін барын салып тырысып жүр. Сондықтан да харам және күмәнді нәрселерді де алып, қорлауға, кемсітуге шыдап жүр. Бір аяти кариманың мына мағынасын ойладым: «Аллаһу та'ала тарапынан ризығы жіберілмейтін жер бетінде бірде-бір жанды жоқ». Құран кәрімнің әлбетте дұрыс екенін және сол жандылардың бірі мен екенімді білдім. Ризығымды жіберетініне сөз бергеніне, әлбетте жіберетініне сеніп, Оның әмір еткеніндей еңбектендім.

Әр адамның біреуге немесе бір нәрсеге сеніп жүгінгенін көрдім. Кей адамдар алтындарына, мал-мүлкіне, кей адамдар кәсібі мен табысына, кей адамдар мансап пен абыройына, ал кейбірлері өзі секілді адамға сенеді. Бір аяти кариманың мына мағынасын ойладым: «Аллаһу та'ала тек Оған ғана сеніп жүгінгендерге әрдайым көмектеседі». Әр уақытта және әр ісімде жалғыз Аллаһу та'алаға жүгіндім. Ол әмір еткендіктен жұмыс істедім, себептерге жүгіндім. Бірақ тек қана Одан сұрадым.

Адамдарға қарадым. Бір-бірінің мал-мүлкіне, мансабына және біліміне көз тігіп, топ-топ болып бөлініп, бір-біріне дұшпан болып жүргенін көрдім және бір аяти кариманың мына мағынасын ойладым: «Сендердің дұшпандарың шайтан. Яғни сендерді Аллаһ жолынан, мұсылмандықтан айыруға тырысатындар. Оларды дұшпан деп біліңдер». Құран кәрімнің дұрыс айтқанын білдім және шайтан мен ол сияқты мұсылмандарға қарсыларды өзіме дұшпан деп біліп, сөздеріне алданбадым, оларға ермедім. Олардың табынғандарына табынбадым. Аллаһу та'аланың әмірлеріне бағындым. Әһли сүннет ғалымдары көрсеткен жолдан шықпадым. Құтылу жолының, тура жолдың тек қана әһли сүннет жолы екеніне сендім. Сондықтан мұсылмандарды алдауға тырысқандарды тыңдамадым. Мұхаммед алейһиссаламның жолын көрсеткен әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан айрылмадым».

Шақиқ Бәлхи хазрет бұл сөздерді естігенде:

«Ей, Хатим! Аллаһу та'ала жарылқап, әр ісіңе көмектессін! Таурат, Інжіл, Забур және Құран кәрімге қарадым. Бұл төрт кітаптың осы негіздерге сүйенгенін көрдім. Осыны ұстанатындар осы төрт кітапты ұстанған, әмірлерін орындаған болады» деді.