Жұма сұхбаты:
Жан дос туған бауырдан да үстем
Біздер адам ретінде қоғамда, басқа адамдармен бірге өмір сүруге мәжбүр болғанымыз үшін жақсы дос табуға да мәжбүрміз. Өзімізге дос іздегенде мән беруіміз керек болған кейбір шарттар бар. Бұл шарттарды ескермесек, мән бермесек, көп қиындықтарға жол ашуы мүмкін.
Бірінші шарт, достың ақылды болуы. Ақылды болмаса, бізге пайдасы тиюінің орнына зияны тиеді. Яғни шаш аламын деп бас алады.
Екінші шарт, діндар болуы. Дінін ұстанбай өмір сүретін адам ең үлкен жамандықты өзіне жасайды, өзін-өзі тозаққа дайындайды. Өзіне пайдасы жоқ, тіпті керісінше зияны бар адамның біреуге қандай пайдасы тиюі мүмкін?
Діндар достың шапағаты адамды тозақ отынан құтқарады. Адамдар тозаққа тасталып, қиямет күні: «Бізге шапағат ететін ешкім жоқ па? Бізді осы азаптан, осы қиындықтан құтқаратын шынайы жан досымыз жоқ па?» деп шақырады...
Сұрап үйренген ғалым:
Ризығы берілмейтін бірде-бір жанды жоқ!
Сұрақ: Адамның ризығы тағдырға ежелден жазылғандықтан, адамға тек әмір етілген себептерге жүгіну ғана қала ма?
Жауап: Хатим Әсам хазрет ұстазы Шақиқ Бәлхи хазреттің бір сұрағына орай мынадай сөз қозғайды:
«Адамдарға қарадым, бәрі ішіп-жеу, ақша табу үшін барын салып тырысып жүр. Сондықтан да харам және күмәнді нәрселерді де алып, қорлауға, кемсітуге шыдап жүр. Бір аяти кариманың мына мағынасын ойладым: «Аллаһу та'ала тарапынан ризығы жіберілмейтін жер бетінде бірде-бір жанды жоқ». Құран кәрімнің әлбетте дұрыс екенін және сол жандылардың бірі мен екенімді білдім. Ризығымды жіберетініне сөз бергеніне, әлбетте жіберетініне сеніп, Оның әмір еткеніндей еңбектендім.
Әр адамның біреуге немесе бір нәрсеге сеніп жүгінгенін көрдім. Кей адамдар алтындарына, мал-мүлкіне, кей адамдар кәсібі мен табысына, кей адамдар мансап пен абыройына, ал кейбірлері өзі секілді адамға сенеді...


Құран Кәрім
