27 - Зүл-хиджа, 1447 жыл.
     13 - Маусым, 2026 жыл.   

  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / "Асхаби кирам" кітабы / АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (4)

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (4)

192) ОСМАНЛЫ СҰЛТАНДАРЫ (рахимә-һумуллаһу та'ала): Осман Империясы Осман ғази тарапынан 699 [м.1299] жылы Сөгүт ауылында құрылды. Ол Йенишехирді астана қылды. Оның ұлы Сұлтан Орхан тарапынан Бурса қаласы 726 жылы римдықтардан алынып астана болды. Бірінші Мұрат хан тарапынан 767 [м.1364] жылы Эдирне, ал Фатих Сұлтан Мұхаммед тарапынан 857 [м.1453] жылы Стамбұл қаласы астана етіп бекітілді. Мемлекеттің діні «Ислам діні» еді. Заңдар, бүкіл әлеуметтік істер және адамдардың көркем мінездері, бәрі ислам дінінен қалыптасты. Апта ішіндегі демалыс күні бейсенбі күні түсте басталып, жұма күні күн батқанда аяқталатын. Мұсылмандармен бірге басқа діндегілер де ғибадаттарын, сауда-саттықтарын емін-еркін жасайтын, рахаттықта өмір сүретін. Адам хұқықтары мен әділеттікке толықтай мән берілгендіктен мұсылмандықты қайбылдағандары көп болды. Османлы сұлтандары 923 [м.1517] жылдан бастап бүкіл мұсылмандардың халифасы болды. Олар әрбір ісінде исламға бағынды. Алты жүз жиырма үш жыл бойы ислам дініне қызмет етті. Алуси «Ғалийя» кітабының тоқсан бесінші бетінде жазғанындай, «Жер жүзін салих құлдарыма мирас ретінде қалдырдым» аяти каримасының Османлы сұлтандарын мақтағанын Абдулғани Наблуси хабар берген. «Бурхан» кітабы да осыны жазған. 1326 [м.1908] жылы халифалардың құзыреті шектелді. 1340 [м.1922] жылы мемлекеттің, ал 3 наурыз 1342 [м.1924] жылы халифалықтың соңы болды. Османлы жерлерінде құрылған кішкентай араб елдері еуропалықтардың қарамағында қалды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін билікке шыққан дін наданы, социалист саясатшылар ислам дінін іштен құлатуға ықпал жасады.

Мүлкийя-и шаханә, яғни саяси білім беру мектебінің директоры Абдуррахман Шерефуддин бей 1309 [м.1891] жылы Стамбұлда басылған «Тарих-и девлет-и Османия» кітабында былай жазған: «Османлы мемлекетінің құрушысы болған сұлтан Осман Йенишехирде өмірінің соңғы күндерін сүріп жатқанда ұлы Орхан келіп, Бурса қаласын жаулап алғанын сүйіншіледі де, әкесінің қайырлы дұғасына және төмендегі насихаттарына бөленді.

Күндердің күні әркімнің де ақыры осы, жоқтықтың желі кәріге де, жасқа да соғады.

Егер мен осы сәтте мәңгілікке аттансам, бақ-дәулетпен құрметті бол!

Сен сияқты мұрагер қалдырған соң, бұл дүниеден кетсем де, қайғы жоқ.

Бірақ саған бір өсиет айтамын, құлақ сал: төмен дүниенің уайымын ұмыт!

Ей, бақ пен дәреженің иесі! Зұлымдық жағына көз салма!

Әділетпен бұл әлемді көркейт! Жиһад жолын ұстап, мені қуант!

Жиһад жолында бар күшіңді салып, ел ішінде әділдік пен туралық орнат!

Ғұламаларды толық құрметте, сонда шариғат тәртібі орнығар.

Қай жерде ғылым иесін естісең, оған ықылас пен сабыр көрсет!

Әскеріңе, байлығыңа мастанба! Ғылым иелерін өзіңнен алыстатпа!

Патшалықтың негізі – шариғат тек қана! Шариғатқа қарсы іске әуес болма!

Біздің мақсатымыз – Аллаһ діні, жолымыз — Аллаһ жолы.

Әйтпесе, бұл бос азап пен жанжал үшін емес, дүниенің патшасы боламын деген даңғаза да емес.

Менің мақсатым – дінді қорғау, бұл мақсатқа сен де адал бол!

Әлемге жақсылығыңды кең тарат! Ел ісін толық әрі дұрыс жүргіз!

Патша егер жомарттықтан алыс болса, оның патшалығы тек аңыз ғана.

Халықты қорғауға күндіз-түні еңбек ет, сонда Раббыңның мейірімі саған серік болады.

(Таж-ут тауарих)

Осман ғазидың бұл насихаты Османлы мемлекетінің заңнамасының негізі болды. Османлы сұлтандары білімді тарату мен дамыту ісін елдерді бағындырудан төмен қоймаған. Олар ғылым мен кемелдік иелерін әрдайым қадірлеп, қолдап отырған. Тіпті оларды басқа мемлекет қайраткерлерінен де жоғары қойған. Мемлекеттің жағдайы мен бағытына байланысты ең алдымен және ең көп қолдау мен ықыласқа ие болған ғылымдар – араб тілі мен шариғат ғылымдары еді. Патшалар әскери істерде де, заңдық мәселелерде де шариғат үкімдеріне сүйене отырып күшейіп, беделін арттырды. Барлық істерінде олар ғұламалармен кеңесіп отырды. Мемлекеттік тәртіптерді енгізу мен реттеуді оларға тапсырды. Әкімшілік жауапкершіліктерге де оларды қатыстырды. Сондықтан Османлы мемлекетінде ғұламалар табы өте құрметті орынға ие болды. Осылайша қорқытуға сүйенгеннен гөрі, әділетті орнықтыратын заңдар жасалды.

Алғашында Орхан ғазидың ағасы Алауддин паша Бурса қазысы және үлкен ғұлама Чендерелі қара Халил мырза «Османлы мемлекетінің негізгі заңнамасын» дайындады. 729 [м.1329] жылы сұлтан Орхан есімімен ақша басылды. Әскери заңдар шығарылды. Мемлекеттің ғимараты мықты іргетастың үстіне құрылды. Фатих Сұлтан Мұхаммед хан алты тіл білетін. Молда Ғурани хазрет Бурса қазысы болған кезінде қорларға қатысты бір жарлыққа «Исламға қайшы» деп қызметінен босағанында Фатих Сұлтан Мұхаммед хан одан кешірім сұраған. Фатих ғалымдармен ақылдасып, шариғат үкімдеріне сай келетіндей заңдар дайындады. Бұл заңдар Кануни Сұлтан Сүлейман тарапынан толықтырылып, мемлекеттің заңнамасы соңғы күйіне келтірілді». Абдуррахман Шәрәфуддин бейдің жазбасы аяқталды.

1253 [м.1837] жылы сыртқы істер министрі Мұстафа Рашид паша Лондонда елші болған кезінде масон болған еді. Масон досы Стамбұлдағы ағылшын елшісі Лорд Редклифпен жаңа заңдар дайындады. Қаһарман және үздік дипломат ретінде танымал болып бедел жинау үшін батыстағы елдермен бейбіт және тыныштық құрды. Ресей соғысынан және уаһһаби қарақшыларының қорлығынан шаршаған халық батыстан келген бейбітшілік самалына алданды. «Гүлхане хатт-ы хумаюны» жарлығының жарқын сөздеріне сенді. 26 шабан, 1255 [м.1839] жылы Гүлхане алаңында Рашид паша жариялаған осы жаңа Конституция діни бауырмалдықтың орнына басқа бауырмалдықтардың шығуына жол ашты. Исламның көркем мінезінің орнына батыстың жаман әдеттерін әкелді. Стамбұлда, кейіннен Салоникида ағылшын, француз масон ложалары ашылды. Бұл жерлерде алданғандардың тәтті, жарқын сөздері және көп уәделерімен халықтың ақылы, зейіні жабылды. Осылайша османлыларға батыстың алғашқы уланған қанжары қадалды. Алып Осман Империясын іштен құлату, бөлшектеу жоспарының бірінші әрі ең әсерлі қадамы басылған болды. Жаңадан таққа отырған он сегіз жасар Сұлтан Абдулмәжид хан да осы масон ойынының шын мәнін түсіне алмады.

1967 жылы басылған «Жаңа Түркия тарихы» кітабының он екінші томында қысқаша былай жазылған: «Танзимат Хатты Хумаюны» Рашид пашаның еңбегі болғанындай, 1272 [м.1856] жылы жарияланған «Ислахат Хатты Хумаюны» да Әли пашаның еңбегі. Бұл жаңа жарлығы үшін көп адамнан сын алды. Сол күнге дейін әскерге мүлде алынбайтын христиан бодандар да әскер болу хақысын алды. Зиммилерден алынып жүрген «Жизия» атты ислами салық тоқтатылды. Мұсылман халық бұларды ой жүзінде қабылдамаған еді. Әли, Фуад, Жевдет, Сафвет және Уәфик пашаларды Мұстафа Рашид паша жетілдірді. Әли мен Фуад пашалар қызғаншақтық немесе ұзақты болжай алмау кесірінен [халықтың пайдасына] ештеңе істемеді. Империяны құрдымға жетеледі. 1284 [м.1868] жылы мамыр айында «Шурайы Девлет», яғни Даништай ашылғанда Сұлтан Абдулазиз хан оқыған сөзін Әли паша дайындап берген еді. Садри азам (премьер-министр) Әли пашаның 1287 [м.1871] жылы Бебектегі үйінде туберкулездан өлуіне Намык Кемал, Зия паша және Әли Суави секілді ойшылдар қуанды. Зия паша оны тірі кезінде де көп мазақ қылатын. Өйткені Зия паша садри азам болуды, Намык Кемал сыртқы істер министрі болуды, Әли мен Фуад пашалар тобының орнына империяны басқаруды қалаған еді. «Түркия тарихы» кітабынан алынған қысқаша мазмұндау аяқталды.

Әли пашаның «Ислахат заңы» және «Шурайы девлет»-тің басына Мидхат пашаны қоюы Османлы мемлекетінің ислам дінінен тағы біраз алыстауына себеп болып, пікірлердің және ақыр соңында империяның бөлінуіне жол ашты. 1288 [м.1872] жылы садри азам болған Мидхат паша мемлекет басқаруды, әсіресе сыртқы саясатты мүлде білмейтін. Оның үстіне шетел тілін де меңгермеген еді. Англияда масон қылынды. Мысыр уәзірі Исмаил пашадан жүз елу алтын пара алып, оған Еуропадан қарыз ала алу хақысын беретін жарлық шығаруы және тапшылығы бар бюджетті кірісін көп қылып көрсетіп патшаны алдамақшы болуы себебімен екі жарым айдан кейін қызметінен босатылды. 1293 [м.1876] жылдың соңғы айында қайтадан садри азам (премьер-министр) болды. Шурайы девлет басшысы кезінде Абдулхамид ханмен келісіп дайындаған «Бірінші конституциялық кезеңнің негізгі заңнамасын» садри азам болуының төртінші күні жариялады. Мидхат пашаның басқаруында, Зия паша және ақын Намык Кемал да қатысқан алқа дайындаған бұл заңнаманың кейбір бөлімдері адам құқығына, мемлекеттің билігіне сәйкес келмейтінін айтып, Абдулхамид хан өзгертіп дұрыстаған.

Хижреттің 1293 жылы зүл-хиджа айында және миладтың 1876 жылының соңғы айында Сұлтан Абдулхамид хан өзгерткен және растаған «Османлы мемлекетінің негізгі заңнамасы», яғни конституциясы 1334 [м.1916] жылы «Илмия салнамасы», яғни діни күнтізбенің басында жазулы. Бұл Османлы конституциясы 121 бөлімнен құралып, олардың кейбірлері төмендегілер:

Бап: 1 – Осман империясы мемлекеттерді, қазіргі иеліктегі аймақтарды және автономияларды қамтып, біртұтас дене болғандықтан, ешбір уақытта және ешбір себеппен бөлінуді қабыл етпейді.

Бап: 3 – Османлы ұлы мемлекеті (Осман империясы) исламның ұлы халифатын иелене отырып, ежелгі тәртіп бойынша Осман әулетінің үлкен ұлына тиесілі. Патша таққа отырған кезде жалпы мәжілісте, ал мәжіліс жиналмаған болса, алғашқы жиналысында шариғат пен негізгі заң ережелерін сақтауға және отан мен халыққа адал болуға ант етеді.

Бап: 4 – Патша халифа ретінде ислам дінінің қорғаушысы әрі барлық Османлы азаматтарының әміршісі және патшасы болып табылады.

Бап: 5 – Патшаның жеке тұлғасы қасиетті және жауапкершіліктен тартылмайды.

Бап: 8 – Османлы мемлекетінің бодандығындағы барлық адамдар қандай дін мен мазһабтан болса да, ешбір ерекшеліксіз «Османлы» деп аталады. «Османлы» атағы заңда белгіленген жағдайларға сәйкес беріледі немесе алынады.

Бап: 10 – Жеке бостандық барлық қол сұғушылықтан қорғалған. Ешкім шариғат пен заң белгілеген себептер мен тәртіптен басқа ешбір сылтаумен тұтқындалмайды немесе жазаланбайды.

Бап: 11 – Осман мемлекетінің діні – ислам діні. Осы негізді сақтай отырып, қоғамдық тәртіп пен жалпы әдепке нұқсан келтірмеу шартымен Османлы мемлекетінде белгілі болған барлық діндердің еркін түрде орындалуы және әр түрлі діни қауымдарға берілген діни артықшылықтардың бұрынғыдай сақталуы мемлекет қорғауында болады.

Бап: 21 – Әркім заңды түрде иеленіп отырған мал-мүлкіне толық құқылы. Қоғам игілігі үшін қажеттілігі дәлелденбейінше және заңға сәйкес оның құны алдын ала төленбейінше, ешкімнің иелігіндегі мүлік тартып алынбайды.

Бап: 118 – Заңдар мен ережелерді жасау кезінде халықтың іс-әрекеттеріне және заманның қажеттіліктеріне сай келетін ислам үкімдері және құқық, сондай-ақ әдет-ғұрыптар мен қарым-қатынас нормалары негізге алынуы тиіс.

Бап: 120 – Османлы мемлекетінің аумақтық тұтастығына нұқсан келтіру, конституциялық құрылыс пен үкімет формасын өзгерту, негізгі заң ережелеріне қарсы әрекет ету немесе Османлы халықтарын саяси тұрғыда бөлшектеу мақсаттарын көздейтін, сондай-ақ қоғамдық мораль мен жалпы әдепке қайшы келетін ұйымдар құруға тыйым салынады.

Мидхат паша шектен шыққан сөздермен сұлтанға және мемлекет қайраткерлеріне тіл тигізгені үшін, сондай-ақ ішімдік отырыстарында мемлекеттік құпияларды жария еткені және өзіне бағынышты «ұлттық әскер» деген атпен жеке әскер жинауы сияқты заңсыз әрекеттері себепті 1294 [м.1877] жылы ақпан айында садри азам қызметінен босатылып, Италияға жер аударылды. 1295 [м.1878] ақпан айында «Мәжлис-и Мәбусан» (депутаттар жиналысы) жабылып, бірінші конституциялық кезең аяқталды. Шын мәнінде Сұлтан Абдулхамид ханның жарлығы және уәзірлер кеңесінің шешімімен мәжіліс уақытша тоқтатылды. Конституция мен заң жойылған жоқ. Егер мәжіліс пен осы конституция толық жойылғанда, бәлкім орынды әрі дұрыс іс болар еді. Өйткені бұл конституция грек, армян және еврей өкілдерінің мәжіліске кіруіне жол ашты, ал түрік депутаттарының саны жартысына да жетпеген еді. Кейбір депутаттар өз тілдерін ресми тіл етуді талап етті, ал кейбіреулері автономия мен тәуелсіздік сұрады. Немістің ірі мемлекет қайраткері Бисмарк маршал Әли Низами пашаға: «Егер мемлекет біртұтас ұлттан тұрмаса, парламентінің пайдасынан зияны көп болады» деген, парламенттің таратылуын дұрыс деп санаған.

Орыс әскерлері Йешилкөйде тұрған кезде, 1295 [m. 1878] мамыр айында есін жиған бесінші Мұратты қайтадан таққа отырғызу және өзі садри азам болу ниетімен журналист Әли Суави Чыраған сарайына шабуыл жасады. Бешикташ қорғаушысы Хасан паша таяғымен Әли Суавидің басынан ұрып, оны және кейін Балқаннан келген бүлікші босқындардың жиырма үшеуін өлтірді. Төңкеріс әрекеті екі сағат ішінде басып-жаншылды.

Османлы сұлтандарының саны – отыз алты. Он үшінші сұлтан кезінде тоқырау кезеңі, ал жиырмасыншы сұлтан кезінде құлдырау кезеңі басталды.

Отыз алты сұлтанның есімдері төмендегілер:

 

Реттік нөмірі

Есімі және әкесі

Туылған күні

Таққа отыруы

Қайтыс болуы

1

Сұлтан Осман бин Ертұғрыл ғази

656

699 [1299]

726 [1326]

2

Орхан бин Осман хан

687

726 [1326]

761 [1359]

3

Мұрат бин Орхан хан

726

761 [1359]

791 [1389]

4

Баязид Мұрат хан

761

791 [1389]

805 [1403]

 

Билікте он бір жыл үзіліс болды.

 

 

 

5

Мұхаммед бин Баязид хан

790

816 [1413]

824 [1421]

6

Мұрат бин Мұхаммед хан

806

824 [1421]

855 1451[]

7

Фатих Мұхаммед бин Мұрат хан

833

855 [1451]

886 [1481]

8

Баязид бин Мұхаммед хан

851

886 [1481]

918 [1512]

9

Сәлим бин Баязид хан

872

918 [1512]

926 [1520]

10

Сүлейман бин Сәли хан

900

926 [1520]

974 [1566]

11

Сәлим бин Сүлейман хан

929

974 [1566]

982 [1574]

12

Мұрат бин Сәлим хан

953

982 [1574]

1003 [1595]

13

Мұхаммед бин Мұрат хан

974

1003 [1595]

1012 [1603]

14

Ахмед бин Мұхаммед хан

998

1012 [1603]

1026 [1617]

15

Мұстафа бин Мұхаммед хан

1000

1026 [1617]

 

16

Осман бин Ахмед хан

1013

1027 [1618]

1031 [1622]

-

Мұстафа бин Мұхаммед хан

 

1031 [1622]

1048 [1639]

17

Мұрат бин Ахмед хан

1020

1032 [1623]

1049 [1640]

18

Ибраһим бин Ахмед хан

1024

1049 [1640]

1058 [1648]

19

Мұхаммед бин Ибраһим хан

1051

1058 [1648]

1103 [1691]

20

Сүлейман бин Ибраһим хан

1052

1099 [1687]

1102 [1691]

21

Ахмед бин Ибраһим хан

1053

1102 [1691]

1106 [1695]

22

Мұстафа бин Мұхаммед хан

1074

1106 [1695]

1115 [1703]

23

Ахмед бин Мұхаммед хан

1084

1115 [1703]

1149 [1736]

24

Махмұд бин Мұстафа хан

1108

1143 [1730]

1168 [1754]

25

Осман бин Мұстафа хан

1112

1168 [1754]

1171 [1757]

26

Мұстафа бин Ахмед хан

1129

1171 [1757]

1187 [1773]

27

Абдулхамид бин Ахмед хан

1137

1187 [1773]

1203 [1789]

28

Сәлим бин Мұстафа хан

1175

1203 [1789]

1223 [1808]

29

Мұстафа бин Абдулхамид хан

1193

1222 [1807]

1223 [1808]

30

Махмұд бин Абдулхамид хан

1199

1223 [1808]

1255 [1839]

31

Абдулмәжид бин Махмұд хан

1237

1255 [1839]

1277 [1861]

32

Абдулазиз бин Махмұд хан

1245

1277 [1861]

1293 [1876]

33

Мұрат бин Абдулмәжид хан

1256

30 мамыр 1876

1322 [1904]

34

Абдулхамид бин Абдулмәжид хан

1258 [м.1842]

1293 11 шабан [1876 1 қыркүйек]

1336 [1918]

35

Решад бин Абдулмәжид хан

1260

1327 [1909]

1336 [1918]

36

Уахидеддин бин Абдулмәжид хан

1277

1336 [1918]

1344 [1926]

 

Осман империясы Еуропада Вена мен Карпат тауларына дейін жайылды. Мажарстан (Венгрия), Румыния, Бессарабия, Қырым, Азияда Хамадан, Тебриз, Басра шығанағы, Оман теңіз жағалаулары, Африкада Судан, Сахара, Ливия, Тунис, Алжир өңірлері де Осман империясының қарамағында еді.

Мемлекеттің құрылуы мен кеңеюі соғыс арқылы болғандықтан, соғыс индустриясы өте жоғары деңгейде дамыды. Еуропада отты қаруларды алғаш болып османлылар қолданды. Хижреттің тоғызыншы және оныншы ғасырларында османлы ғалымдары жасаған зеңбіректер мен қорғаныс құрылыстары Еуропада соғыс техникасының дамуына үлгі болды. Қазір Мидиллиде, Стамбұл бұғазында және Ван бекіністерінде «Мұстафа ұстаның жасауы» және «Әли ұстаның естелігі» деген таңбалары бар үлкен зеңбіректер туристерді таңғалдыруда. Бұл зеңбіректердің Стамбұлдан Бағдат, Ван сияқты алыс жерлерге қалай жеткізілгенін түсіну қиын. Фатих Сұлтан Мұхаммедтің Стамбұлды алу үшін құйдырған үлкен зеңбіректерін «Сарыжа» атты түрік инженері мен «Урбан» атты венгр темір құю шебері жасаған. Динамитті де алғаш рет Фатих қолданған. Гедик Ахмед паша Италиядағы Отрантоны алғаннан кейін әдемі қамал салдырды. Итальяндар бұл қамалды көргенде таңғалды. Соғыстарда осындай бекіністер сала бастады. Иран жорықтарында жүз елу мыңдық әскерді басқару мен бағыттаудың үлкен білім мен шеберлікті талап ететіні сөзсіз еді. Осылайша Осман империясы сол кезде Еуропадағы ең озық мемлекет болды. Сәулет өнеріндегі артықшылықтың дәлелі – үлкен мешіттер мен медреселер. Фатих мешітін салған сәулетші Ілияс, Баязид мешітін салған сәулетші Кемаледдин, Сүлеймание және Шахзаде мешіттерін салған сәулетші Синан және тағы басқа көптеген сәулетшілердің үлкен шебер болғанын олардың еңбектері көрсетеді. Бурсадағы Челеби Сұлтан Мұхаммед мешіті мен кесенесіндегі өте құнды керамикалық тақташаларды «Дели Мехмед ұста» жасаған. Олардың кейбірінде «Амели Мұхаммед Мәжнун» деген қолтаңба әлі де көрінеді. Үндістан патшасы Хумаюн шах Сұлтан Сүлейманнан құрылыс шеберлерін сұраған болатын. Оған Сәулетші Синанның шәкірттерінің бірі Мұса ұста жіберіліп, Үндістанда османлы құрылыс үлгісінде үлкен әрі көркем ғимараттар салынды. Османлы медреселерінде оқытылған физика, математика және астрономия пәндерінің кітаптары мен соғыс өнеркәсібіне қатысты жазбалар Сүлеймание кітапханасында әлі де сақталған.

Османлыларда ауыл шаруашылығы мен сауда да өте дамыған еді. Әр салада еңбек бөлінісі жасалып, бүкіл халық өз ісінде арадай тынымсыз еңбек ететін. Халық байлық пен әл-ауқат ішінде өмір сүріп, бір-бірін дін бауыры ретінде жақсы көретін. Мемлекет басшысы, яғни патшалар пайғамбардың өкілі ретінде танылып, оған бағыну үлкен ғибадат саналатын.

Османлыларда көтеріліс, төңкеріс, революция сияқты нәрселер ешкімнің ойына келмейтін. Дін дұшпандарының, крестшілердің, яһудилердің, масондардың, сондай-ақ шииттер мен уаһһабилер сияқты әһли сүннетке қарсы топтардың сырттан жасаған арандатулары нәтижесінде шыққан Самавнеліұлы Бедреддин, Жәлали, Хуруфи көтерілістері халықтың бірлігімен қысқа уақытта басылып отырды. Фатих сұлтан Мұхаммед Ұзын Хасан көтерілісін басуға аттанған әскерге жүз жүк ақша сыйлаған, бұл алты миллион алтын ақшаға тең. Сұлтан Сүлейман заманында бір дирхам, яғни шамамен үш жарым грамм күмістен үш ақша басылатын. Бір ақшаның құрамында шамамен бір грамм күміс болды. Кейіннен күміс мөлшері азайтылды. Сұлтан Сүлейман дәуірінде Мекке қазысы қызметі енгізілді. Синан пашаның Йемен жорығынан кейін Жидда кеденінің табысының жартысы Мекке шәрифтеріне берілді. Кейінірек «Хижаз бейлербейі» деп аталатын әкімшілік қызмет құрылды. Әр жылы қажылық кезінде халифалар тарапынан Мекке шәрифтері мен ондағы ғалымдарға «Суррә-и Хумаюн» деп аталатын сыйлықтар жіберіліп тұрды. Қырым хандары өз аттарынан ақша шығарып, жұма намазындағы хұтбаларда Османлы халифаларына дұға ететін. Олардың қырық мың әскері болып, Мәскеуге дейін жорық жасап, орыстардан салық алған. 728 [м.1328] жылы Бурсада алтын ақша басылды. Хижреттің 797 [м.1394] жылы Анадолы Хисары қамалы салынды.

922 [м.1516] жылы Стамбұлда кеме жасау зауыты құрылды. Сол заманның ең үлкен кемелері жасалды. 932 [м.1526] жылы сұлтан Сүлейман Францияны өз қамқорлығына алды. 945 [м.1539] жылы Халичте жасалған Османлы флоты Еуропа мемлекеттерінің біріккен флотын жеңді. 967 [м.1559] жылы Мальта маңында крестшілер флоты жойылды. 987 [м.1578] жылы Тақиюддин мырзаның басшылығындағы топ жұлдыздарды зерттеп, логарифм кестелері арқылы есептеулер жүргізді. 1067 [м.1656] жылы Османлы флоты Венеция флотын жеңді. 1135 [м.1722] жылы Ускударда Османлы баспаханасы құрылды. 1205 [м.1791] жылы теңіз әскери мектебі ашылды. 1242 [м.1826] жылы Османлы медицина факультеті құрылды. 1253 [м.1837] жылы Ункапаныда Махмудия көпірі салынды. 1254 [м.1838] жылы карантин жүйесі енгізілді. 1260 [м.1843] жылы Каракөй мен Еминөнү арасында Мәжидия көпірі салынды. 1268 [м.1851] жылы «Ширкет-и Хайрия» атты Босфор бу кемелері компаниясы құрылды. 1272 [м.1855] жылы Стамбұл мен Варна арасында теңіз асты телеграф желісі тартылды. 1279 [м.1863] жылы Басра мен Карачи арасында телеграф желісі жүргізілді. 1284 [м.1868] жылы Сұлтани лицейлері ашылды. 1285 [м.1869] жылы өнер мектептері ашылды. 1287 [м.1871] жылы орман және кен ісі мектебі құрылды. 1288 [м.1872] жылы Стамбұл трамвайы мен өрт сөндіру жасағы құрылды. 1290 [м.1873] жылы Измит теміржолы мен Галата туннелі салынды. Екінші Абдулхамид хан атқарған сансыз қызметтерінің бір бөлігі 9-шы бөлімдегі есімінде жазылған. Осы арада Османлы флотын ең заманауи құралдармен жаңартып, оны Англиядан кейін Еуропада екінші орынға жеткізді.

1310 [м.1892] жылғы «Салнаме-и Бахри», яғни теңіз күнтізбесі Османлы флотын егжей-тегжейлі сипаттайды. Оның 175-ші бетінде 18 сауытты әскери кеменің әрқайсысының атауы, тоннажы, ұзындығы, ені, сауыт қалыңдығы, суға бату мөлшері, бұранда (пропеллер) саны, машинаның ат күші, қарулары, торпедо түтіктері, қызметке берілген уақыты, жылдамдығы және көмір сыйымдылығы жазылған. Мысалы, «Хамидия» фрегат әскери кемесі үшін бұлар: 6700 тонна, ұзындығы 292 қадам, ені 9 фут және 55 қадам, 7 фут, сауыт қалыңдығы 10 фут және 24 қадам, 1 бұранда, 6800 ат күші, 10 және 15 см-лік 4 Крупп зеңбірегі, 300 фунттық ауыздан оқталатын бір зеңбірек, 6 Армстронг, 7 кіші зеңбірек, 1 Норденфельд, 1 ракета, 2 торпедо түтігі бар екені, 1301 [м.1883] жылы қызметке берілгені, жылдамдығы 13 миль екені және 600 тонна көмір алатыны көрсетілген. Сауытсыз әскери кемелер 40 дана, торпедалық бу кемелері: бірінші сынып - 13, екінші сынып - 7, үшінші сынып - 1, суасты қайықтары - 2 дана. Бұларда қызмет ететін жүздеген теңіз офицерлерінің шендері мен есімдері де жазылған.

Хайдарпаша медицина факультеті Вена медицина факультетінен кейін Еуропадағы ең озық оқу орындарының бірі еді. Әр бөлімнің зертханалары ең жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген болатын. 1931 жылы осы факультетте оқығандар гистология зертханасында әр студентке бір микроскоптан берілгенін, әр микроскоптың үстінде сұлтан Абдулхамид ханның қолтаңбасы (туғра), яғни есімі ойылып жазылғанын айтқан. Еуропадан шақырылған таңдаулы профессорлар дайындаған ассистенттер, доценттер мен оқытушылар жастарға ең заманауи медициналық білім беріп отырды. Құнды мамандар даярланып шықты.

Қолағасы (аға капитан) химик Жевад Тахсин бейдің 1321 жылы «Мектеб-и Тыббия-и Шахане баспаханасында» бастырған химия кітабы бүгінгі жаңа білімдер мен талдау әдістерін барлық қыр-сырымен баяндап береді. Миралай Мехмед Шакир бейдің 1319 жылы басылған «Дурус-и Хаят-и Бәшәрия» кітабындағы заманауи медицина мәліметтерін көргендер және медицина факультетінің гигиена профессоры Мұхаммед Фахри бейдің 1324 жылы басылған «Ит’ам уә Тағдия» кітабындағы медициналық білімдерді оқығандар, сондай-ақ медицина факультетінде химия мұғалімі болған дәрігер колағасы Васил Неун бейдің 1312 жылы басылған «Илм-и Кимя-и Тыбби» кітабын және сол жылы Мысырда басылған «Хуласатул қаул фи тахлил әл-бәул» кітабын оқығандар, әрі Мектеб-и Тыббия-и Шаханенің (сұлтан қарамағындағы жоғарғы медициналық оқу орны) ботаника мұғалімі дәрігер Шәрәфәддин бейдің 1305 жылдан бері студенттердің қолынан түспей келе жатқан «Илм-и Нәбатат» кітабын оқығандар, сондай-ақ мектеб-и мүлкия-и шахане мен политехникалық университеттің физика мұғалімі Салих Зеки бейдің «Хикмет-и табиия» кітабын және осы сияқты көптеген құнды еңбектерді көргендер Сұлтан екінші Абдулхамид хан дәуірінде өте құнды маман дәрігерлер мен ғылым адамдарының тәрбиеленгенін мойындауға мәжбүр болады.

Османлы сұлтандары ғылым мен техникаға осыншалықты үлкен мән беріп, құнды мамандар даярлап, еңбектердің жазылуына себепкер болғаны сияқты, исламға қызмет етуде де Аббаси, Әмәуи және басқа ислам мемлекеттерінен асып түсіп, осы еңбектері арқылы тарихта даңқ пен абырой қалдырды. Явуз Сұлтан Сәлим ханға Қағбаның ішін тазалауға арналған сыпырғыштардың бірі әкелінгенде ол сыпырғышты тәж сияқты көтеріп, басына қойған. Одан кейінгі сұлтандардың тәждеріндегі сыпырғыш белгісі осыдан шыққан. Кануни Сұлтан Сүлейман Арафат алаңындағы бітеліп қалған су жолдарын ашып, Арафат пен Меккені сумен қамтамасыз етті. Екінші Абдулхамид хан бұл су жолдарын қайта тазалап, кеңейтіп, қажыларды сумен қамтамасыз етті. Мәдинадағы Айн-ы Зерка су көзін Абдулмәжид хан жөндеп, кеңейтті. Уаһһабилер Мекке мен Мәдинада ешбір кәпір мен залым жасамаған жауыздықпен әһли сүннет мұсылмандарды қырып, сәләфтардан жәдігер ретінде қалған барлық кесенелерді, мешіттерді және зиярат орындарын қиратты. Қасиетті орындар мен зираттарды шөлге айналдырды. Екінші Сұлтан Махмұд хан уаһһаби бүлікшілерін жеңіп, қуып шыққаннан кейін, осының бәрін қайтадан тұрғызып, жандандырды. 1235 [м. 1819] жылы Хужра-и Саадатқа сыйлаған шамдалмен бірге жіберген төмендегі жазуы Османлы сұлтандарының Расулуллаһқа деген құрметі мен сүйіспеншілігінің дәлелі болып табылады:

Шамды сыйлауға батылдық еттім, йа Расулаллаһ!

Мақсатым – ұлы дәргейге қызмет, йа Расулаллаһ!

Бұл әлсіз сыйым лайық емес Раудаға,

Қабыл ет, мейірім мен рақым қыл, йа Расулаллаһ!

Сенен басқа кімім бар халімді баян етер,

Барлық игілік пен жомарттық Сенен, йа Расулаллаһ!

Панаңды тілеймін, амандық сұраймын, есігіңе келдім,

Рақым ет, маған шапағат қыл, йа Расулаллаһ!

Екі дүниеде әділ Махмұд ханды қолда,

Басында да, соңында да билік Саған тән, йа Расулаллаһ!

 

Мысыр, Янина және Морея сияқты аймақтарының көтерілістері, янычарлардың бүліктері мен олардың жойылуы, сондай-ақ орыс әскерлерінің шабуылдары кезінде Сұлтан Махмұд хан Мекке мен Мәдинаны жөндеп қалпына келтіре алған еді. Одан кейін оның ұлы Абдулмәжид хан бұл қасиетті орындарды безендіру үшін таңғаларлық ынта мен жігер көрсетті. Хужрә-и нәбәуияға төсеу үшін жіберген Каштық кірпіштерінің астына өз қолымен өзінің атын кішіпейілділікпен және қарапайымдылықпен жазған. Тіпті Бабуссалам қақпасының доғасына жазылуға дайындалған патшалық мадақ сөздерді қабылдамай, «Екі дүниенің билігі Расулуллаһқа ғана тән» деген.

Сұлтан екінші Абдулхамид ханның бұл қасиетті мекендерге және олардың шапағат иесі болған ұлы тұлғаға көрсеткен құрметі мен қызметтері алдыңғылардан бірнеше есе асып түсті. Оның игіліктері мен қызметтері тек әмірлер мен ғалымдарға ғана емес, қарапайым халық пен кедейлердің барлығына жетті. Мәсжид-ул харамды көз қарықтыратындай дәрежеде жөндеп көркемдеді, Хадиша-тул Кубраның кесенесін және Мәулид-ун Нәби мен Мәулид-и Фатима ғимараттарын теңдессіз түрде жаңғыртты, Мина қаласын су жүйелерімен қамтамасыз етті. Сәйид Ахмед Рифаидың және басқа да әулиелердің кесенелерін ерекше ынтамен жөндеді. Меккеде Ғайратия және Хамидия жаяу әскер казармаларын, артиллерия казармасын және үкімет ғимаратын салдырды. Османлы халифаларының әрқайсысының «Хадим-ул харамәйн» (екі қасиетті мекеннің қызметшісі)  болғанын олардың еңбектері бүкіл әлемге жария етуде. Уаһһаби қарақшылары Харамәйн-и шәрифәйнді қайтадан қолға түсіргеннен кейін баға жетпес тарихи ескерткіштер мен көркем өнер туындыларын жасырын түрде жойып, өздерінің бұрыс сенімдерімен және тағылық шабуылдарымен исламды іштен ірітуге тырысуда.

Сұлтан екінші Абдулхамид хан елдің әрбір бұрышында бірдей үлгіде және бірдей сапада лицейлер салдырды. 1950 жылы Бурса әскери лицейінің командирі Бурса ер балалар лицейін көруге барған еді. Лицей директоры, химик Рифат бейге: «Мектептің ең жақсы бөлмесін өзіңізге алыпсыз. Мұныңыз әділетсіздік емес пе?» деді. Рифат бей: «Бұл мектептің әрбір бөлмесі осындай әдемі, кең әрі жайлы. Сұлтан Абдулхамид хан үлкен қалаларда үнемі бірдей ғимараттарды, бірдей көркемдікпен және бірдей беріктікпен салдырған. Бұл ғимарат әлі күнге дейін жөндеуді қажет еткен жоқ. Ал қарсы алдымыздағы өткен жылы салынған сауда лицейінің қабырғалары биыл-ақ жарылып кетті. Қазір жөнделіп жатыр» деп жауап беріп, көптеген тарихи мәліметтер келтірді. Анкарада, Йенишехир станциясындағы жартастардың үстінде орналасқан «Анкара лицейі» де Бурсадағы лицеймен бірдей еді.

Анкара әкімдерінің бірі Абидин паша Алмадағынан Анкараға ауыз су жеткізу үшін халықтан ақша жинаған болатын. Жұмысты бастау үшін халифадан рұқсат сұрады. Екінші Абдулхамид хан әкімге жіберген жауабында: «Шөлдегендерге су беру – үлкен сауап. Бұл дініміздің бұйрықтарының бірі. Бұл міндет пен құрмет маған тиесілі. Жиналған ақшалардың барлығын иелеріне қайтар. Барлық шығынды менің қазынамнан өтеп, жұмысты дереу баста. Халқымды жақсы сумен қамтамасыз ет!» деді. Аз уақыт ішінде анкаралықтар таза ауыз суға қол жеткізді.

Сұлтан екінші Абдулхамид ханның Османлы мемлекетін барлық жағынан дамытып күшейтуі ислам дұшпандарының, ең алдымен ағылшындардың әрекетке көшуіне себеп болды. 1308 [м.1890] жылы олар саяси және масондық қызметтерін бастады. Бірнеше әскери және медициналық оқу орындарының студенттері тарапынан «Иттихад және Теракки» қоғамы құрылды. Жеті жылдан кейін бұл ұйым әшкереленіп, таратылды. Бірнеше мүшесі Парижде өз жұмыстарын жалғастырды. Халифа барлау басшысы, генерал Ахмед Желаледдин пашаны Парижге жіберді. Оның насихаты әсер етіп, мүшелердің көпшілігі тәубе етті. Алайда Ахмед Рыза бей және бірнеше серігі бұл насихатты тыңдамады. Крестшілер тарапынан берілген ақшалармен олар сән-салтанатты өмірге, әйелдер мен ішімдікке толы азғындық өмірге беріліп кеткен еді, сондықтан одан бас тартқылары келмеді. Әсіресе Ахмед Рыза бей парламент төрағасы боламын деген уәденің қуанышы мен масайрауының әсерімен түрік дұшпандарының қолшоқпарына айналды. Олар халифаға қарсы баспасөз арқылы үгіт-насихат жүргізе бастады. 1326 [м.1908] жылы екінші конституциялық кезеңнің жариялануына, ал бір жылдан кейін халифаның тақтан тайдырылуына себеп болды. Кейін оның серіктері қызғанышпен оны парламент төрағалығынан алып тастады. Ол олардың жауына айналды. «Жумхурият» газетінде жарияланған естеліктерінде ол бұрын тіл тигізген екінші Абдулхамид ханды мақтап, өкінгенін білдіріп қайтыс болды.

Дәл осындай жағдай сұлтан Екінші Абдулхамид ханды тақтан түсірген Талат паша, Энвер паша және Жамал пашаларда да көрінді. Олар оның ұлылығын түсіне алмағандарын мойындап, өмірлерін өкінішпен аяқтады. 1326 [м.1908] жылы мемлекет басқаруын қолына алған жастар – надан, тәжірибесіз, дүниежүзіндегі және елдегі жағдайдан бейхабар, ойланбай әрекет ететін адамдар еді. Бірі телеграф қызметкері бола тұра премьер-министр болды. Бірі подполковник кезінде отыз үш жасында әскери министр әрі бас қолбасшының орынбасары атанды, ал бірі жандармерия лейтенанты бола тұра ішкі істер министрі болды. Тарихшылардың бәрі «Иттихад және Таракки» партиясының зорлық-зомбылығы мен азаптауларының Сұлтан Абдулхамид дәуірін аңсатқанын бір ауыздан айтады. «Иттихад және Таракки» қоғамы Түркияда жаман партияшылдықтың басталуына және жікшілдікке жол ашты. Партияшылдар бір-біріне дұшпан секілді болды. Соның салдарынан Балқан соғыстары мен Бірінші дүниежүзілік соғыс жеңіліспен аяқталды. Ақырында империя ыдырады.

Екінші Абдулхамид хан тақтан түсірілгеннен кейін діни істерге де бұзақылық араласты. «Иттихад және Таракки» партиясына тіркелген надан адамдар, тіпті масондар да діни қызметтердің жоғары орындарына тағайындалды. Алғашқы істің бірі ретінде Абдулхамид ханның соңғы шәйх-ул-исламы Мұхаммед Зияуддин қызметінен алынды. Оның орнына 1328 [м.1910] жылы Мұса Казым тағайындалды. Бұл кісі қып-қызыл иттихадшы және масон еді. Сол сияқты исламға қайшы әрекеттері мен адасқан жазбалары үшін Екінші Абдулхамид хан тарапынан жер аударылып, Ирак пен Физанға айдалған жікшіл адамдар Стамбұлға қайта әкелініп, оларға діни қызметтер берілді. Мұндай надан әрі партияшыл адамдар бұзылған, адасқан діни кітаптардың жазылуына және таралуына жол ашты. Абдулхамид хан дәуірінде жазылған діни кітаптар арнайы ғалымдар алқасы тарапынан тексерілетін. Тек мақұлданып, рұқсат берілгендері ғана басылып шығарылатын. Сондықтан ол кезеңде басылған діни кітаптарға сенім болған. Ал 1327 [м.1909] жылдан кейін діни кітаптар беделді ғалымдардың бақылауынан тыс қалды. Сол себепті бұл кітаптардың тек құжатпен дәлелденгендеріне ғана сенуге болады. Кім екені белгісіз адамдардың, сондай-ақ шииттер мен уаһһабилерге сатылған мазһабсыз діншілердің жазған бұзылған кітаптарын оқыған мұсылман жастары дінді қате үйренді. Осындай надан тәрбиеленген мұсылмандардың кейбірі саяси айлакерлердің тұзағына түсті. Тіпті өз партиясында болмағандарды кәпір деп айыптайтындай шектен шыққандар да болды. Мұсылмандар арасындағы бұл бүлік ислам дұшпандарының пайдасына жұмыс істеді. Британдықтардың «Исламды жою» жоспарларының жүзеге асуын жеңілдетті. «Қиямет және Ахирет» кітабының 365-ші бетіне қараңыз! Сондықтан Аллаһу та'ала мұсылмандардың бөлінуіне тыйым салып, бір-біріне бауыр екенін білдірген, өзара сүйіспеншілікті нығайтып, отан дұшпандарына қарсы бірігіп, күшті болуын бұйырған. «Бірігуіміз кәпірлерді қорқытады және Аллаһтың жәрдеміне себеп болады. Ал бөлінуіміз кәпірлерді қуантады әрі Аллаһтың қаһарына ұшырауымызға себеп болады» деген насихат әрбір мұсылманның жүрегіне сіңуі тиіс.

193) ОМАР БИН АБДУЛАЗИЗ: Әмәуи халифаларының сегізіншісі. Мәруанның немересі. Анасы Умму Асым бинти Асым бин Омар-ул Хаттаб. 60 жылы, яғни хазреті Муауия қайтыс болған жылы Мәдинада дүниеге келді. Әкесі Мысыр әкімі болғанда олар Мысырға кетті. Ол ұлын Мәдинаға білім алуға жіберді. Әнәс бин Малик, Абдуллаһ бин Жафәр Тайяр, Саид бин Мусәйяб және басқа да ғұламалардан дәріс алды. Әкесі қайтыс болғанда көкесі халифа Абдулмәлик оны Шамға әкелді. Қызы Фатиманы оған жұбайлыққа берді. 99 жылы көкесінің ұлы Сүлейман қайтыс болғанда ол халифа болды. Ол өте әділ еді. Екінші Омар атануға лайықты еді. Хазреті Муауияның қайтыс болуынан кейін хұтбаларда әһли бәйтке лағнет оқу әдетке айналған болатын. Ол халифа болғанда ең алғашқы ісі ретінде осы әдетті тоқтатты. Әһли бәйтке аса құрмет көрсетіп, көмек беретін. 101 [м.720] жылы қырық бір жасында құлы тарапынан улап өлтірілді. Ол ақшыл өңді, жүзі нәзік әрі жіңішке, арық денелі, әдемі сақалды, мінезі жұмсақ және сүйкімді еді. Атқа мінуді өте жақсы көретін. Әнәс бин Малик (радиаллаһу анһ): «Имам болуда Расулуллаһқа Омар бин Абдулазизден көбірек ұқсайтын ешкімді көрмедім» деген. Ол Малатия қаласын римдықтардан жүз мың тұтқынға сатып алды. Ибнулжәузи оның өмірбаянын үлкен кітап күйінде жазған (рахимә-һуллаһу та'ала). 10, 31, 34, 37, 130, 189, 200, 211, 227, 260.

194) ОМАР БИН ХАТТАБ: Асхаби кирамның ең ұлыларынан, Ашара-и мубәшшәрәдан. Расулуллаһтың екінші халифасы. Тоғызыншы атасы Ка’б – Расулуллаһтың жетінші атасы. Анасы Хантәмә бинти Хишам – Әбу Жәһлдің қыз бауыры еді. Ол хижреттен қырық жыл бұрын дүниеге келді. Құрайштың алдыңғы қатарлысы болған. Өте әдемі сөйлейтін. Басында Расулуллаһқа дұшпан еді. Бисеттің, яғни Расулуллаһқа пайғамбар екені білдірілген күннің алтыншы жылында Расулуллаһтың көкесі хазреті Хамза иманға келгенде мұсылмандар күшейді. Бәрі бұған қатты қуанды. Бұл құрайш кәпірлеріне ауыр тиді. Алдыңғы қатарлылары жиналып: «Мұхаммедтің адамдары көбейіп жатыр. Мұның алдын алуға бір шара қолданайық» десті. Әрқайсы өз ойын айтып шықты. Әбу Жәһл: «Мұхаммедті өлтіруден басқа шара жоқ. Осыны істей алған адамға осыншама түйе, осыншама алтын беремін» деді. Омар бин Хаттаб орнынан атып тұрды. «Бұл істі Хаттаб ұлынан басқа ешкім істей алмайды» деді. Бәрі Омарға қошемет білдірді. «Ал, қанекей, Хаттаб ұлы! Көрсет!» десті. Омар қылышын алып жолға шықты. Жолда Нуайм бин Абдуллаһқа кезікті. «Ашуланып, ызаланып қайда барасың, ей, Омар?» деп сұрады. Ол: «Халық арасына іріткі салған, бауырларды бір-біріне дұшпан қылған Мұхаммедті өлтіруге барамын» деп жауап берді. «Ей, Омар! Бұл өте қиын іс. Оның сахабалары айналасын қоршап, қорғаштап жүр. Оған бір нәрсе болып қалмасын деп қалтырап жүр. Оған жақындау мүмкін емес. Оны өлтірген күннің өзінде Абдулмутталиб ұлдарынан қалай құтылмақсың?» деді. Омар бұл сөзге қатты ашуланды да: «Сен де олардың қатарына қосылдың ба? Онда алдымен сені тындырайын!» деп қылышын тартты. «Ей, Омар! Менде нең бар! Қарындасың Фатима мен күйеуі Зәйдке бар, екеуі де мұсылман болды» деді. Омар олардың мұсылман болғанына сенбеді. «Егер сенбесең, барып сұра! Өзің көр» деді. Омар абдырап қалды. Бұл істі атқарса, діни бөлінушілік тоқтайды, бірақ арабтардың әдеті бойынша қан дауы пайда болады. Құрайш екіге бөлініп, бір-бірімен қақтығысады. Сонда тек Омар ғана емес, бүкіл Хаттаб ұлдары өлтіріледі. Бірақ Омар өте күшті, ержүрек әрі ашулы болғандықтан, мұны ойламаған еді. Қарындасын ойлап бірден оның үйіне барды. Ол кездері «Таха» сүресі енді келген, Саид пен Фатима оны жаздырып, Хаббаб бин Әрәт есімді сахабаны үйіне шақырып оқып отырған болатын. Омар есік сыртынан олардың дауысын естіді. Есікті қатты қақты. Омарды белінде қылышымен, ашуланып келгенін көрген олар жазбаны тығып қойды. Хаббабты да жасырды. Кейін есікті ашты. Омар ішке кіріп: «Не оқып жатсыңдар?» деп сұрады. Саид: «Ештеңе» деп жауаптады. Омардың ашуы одан сайын көтеріліп, «Естігенім рас екен. Сендер де оның сиқырына алданыпсыңдар» деді. Саидты жағасынан ұстап жерге жықты. Фатима құтқарайын деп жақындағанында оның бетін де шапалақпен қатты ұрды. Беті қанап кетті. Омар қанды көріп қарындасына жаны ашып, біраз абдырап қалды. Фатима соққыдан ауырсынып, бет-аузы қан болса да, иманының күші сергітіп, Аллаһу та'алаға сиынып, «Ей, Омар! Неге Аллаһтан ұялмайсың? Аяттар мен мұғжизаларымен жіберген пайғамбарына неге сенбейсің? Мен және күйеуім екеуіміз мұсылман болып абыройландық. Басымызды шапсаң да бұдан қайтпаймыз» деді де, калима-и шаһадат оқыды. Омар не істерін білмей абдырап қалды. Жерге отырды. Жұмсақ дауыспен: «Қане оқыған кітаптарыңды шығарыңдар» деді. Фатима алып келіп, Омарға берді. Омар мәнерлеп оқуды білетін. «Таха» сүресін оқи бастады. Құран кәрімнің фәсахаты, бәлағаты, мағыналары және үстемдіктері оның жүрегін жұмсатты. «Аспандарда, жер жүзінде және олардың арасында, әрі жердің астындағы барлық нәрсе Оның иелігі» аятын оқығанда терең ойға шомды. «Йа, Фатима! Бұл бітпейтін, таусылмайтын болмыстардың барлығы сендер табынатын Аллаһтың мүлкі ме?» деп сұрады. Қарындасы: «Иә, әрине солай! Күмәнің бар ма?» деді. «Уа, Фатима! Біздің бір мың бес жүзге жуық алтыннан, күмістен, қоладан, тастан ойылып жасалған әшекейлі мүсіндеріміз бар. Ешқайсысының жер жүзінде ештеңесі жоқ!» деп таңданысы артты. Тағы біраз оқыды. «Одан басқасына табынуға, жүгінуге болмайды. Барлық нәрсені тек қана Одан күту керек. Ең көркем есімдер Оның есімдері» аятын оқып ойланды. «Шынымен де, неткен дұрыс сөздер» деді. Хаббаб бұл сөзді естігенде орнынан атып шықты. Тәкбір айтып, «Сүйінші, ей, Омар! Расулуллаһ Аллаһу та'алаға дұға етіп, «Йа, Раббым! Бұл дінді Әбу Жәһлмен немесе Омармен күшейт!» деген еді. Бұл дәулет, бұл бақыт саған нәсіп болды» деді. Бұл аяти карима мен бұл дұға Омардың жүрегіндегі дұшпандықты өшіріп жойды. Бірден «Расулуллаһ қайда?» деп сұрады. Жүрегінде Расулуллаһқа деген махаббат оты жана бастады. Ол күні Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Сафа тауының маңындағы Әкрәмнің үйінде сахабаларына насихат айтып жатқан еді. Асхаби кирам жиналып, Оның нұрлы жамалын көру, тәтті, әсерлі сөздерін есту арқылы жүректерін жарқыратып, рухтарын жайландырып жатқан еді. Шексіз ләззат, зауық пен шаттықта көңілдері мың бір хәлге ауысқан еді. Омарды осы жерге алып келді. Омардың қылышпен келгені байқалды. Омар айбатты, күшті болғандықтан асхаби кирам Расулуллаһты қоршап алды. Хазреті Хамза: «Омардан қорқатын несі бар, жақсы ниетпен келсе, қош келді. Болмаса ана қылышын шығармай тұрып оның басын шабамын» деп айтар-айтпас Расулуллаһтың «Жол беріңдер, ішке кірсін!» дегені естілді. Бірі оң жағында, бірі сол жағында, өзгелері қару кезеніп, ішке кірді. Жәбрейіл (алейһиссалам) бұған дейін Омардың иман келтіргенін және жолда келе жатқанын хабарлаған еді. Расулуллаһ Омарды күлімдеп қарсы алып: «Жіберіңдер, қасынан кетіңдер» деді. Олар босатты. Омар Расулуллаһтың алдына тізерлеп отырды. Расулуллаһ Омардың қолынан ұстап: «Иман келтір, ей, Омар!» деді. Ол таза жүрекпен калима-и шаһадатты айтты. Сахабалар қуаныштарынан дауыстап тәкбір айтты. Осы уақытқа дейін олар иманды жасырын түрде қабылдайтын. Хазреті Хамзаның, одан үш күннен кейін хазреті Омардың мұсылман болуы арқылы мұсылмандар күшейді. Омар (радиаллаһу анһ): «Бауырларымыз қанша?» деп сұрады. «Сенімен бірге қырық болдық» деді. «Онда не күтіп тұрмыз? Жүріңдер, ашық түрде Харам мешітіне барып оқиық!» деді. Расулуллаһ мұны қабылдады. Алда Омар, одан кейін Әли, содан соң Расулуллаһ, оң жағында Әбу Бәкір, сол жағында Хамза, артында басқа сахабалар болып, Харам мешітіне қарай жүрді. Құрайштың басшылары сол жерде Омардан жақсы хабар күтуде еді. «Омар Мұхаммедтің адамдарын жинап әкеле жатыр» деп қуанды. Бірақ Әбу Жәһл айлакер, өте қу болғандықтан, бұл келісті ұнатпады. Алға шығып: «Ей, Омар, бұл не?» деп сұрады. Хазреті Омар еш мән берместен: «Әшһәду ән лә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мұхаммадән расулуллаһ» деді. Әбу Жәһл не айтарын білмей, аң-таң болып қалды. Хазреті Омар оларға бұрылып: «Мені танитын таниды. Танымайтын білсін, мен Хаттабтың ұлы Омармын. Кім әйелін жесір, балаларын жетім қалдырғысы келсе, орнынан тұрсын!» деді. Барлығы кейін шегініп, тарап кетті. Мұсылмандар Харам мешітінде сап түзеп, дауыстап тәкбір айтты. Алғаш рет ашық түрде намаз оқыды. Сол күннен бастап хазреті Омар нағашысы Әбу Жәһлге және кәпірлердің басшыларына ашық түрде қарсы шықты. Сахабалар Мәдинаға жасырын түрде хижрет еткен еді. Ал Омар (радиаллаһу анһ) қаруларын асынып, ашық түрде хижрет жасады. Мәдинаға алдын ала жетіп, Расулуллаһтың келе жатқанын сүйіншіледі. Ол барлық соғыстарға қатысты. Арыстандай шайқасты. Ухудта Расулуллаһтың жанынан бір сәт те ажырамады. Әрдайым шындықты айтқандықтан, оған «Фаруқ» деген ат берілді. Расулуллаһ қайтыс болған кезде туындауы мүмкін алауыздықтың алдын алды. Халифаға барлық ісінде көмектесті. Халифа Әбу Бәкір қайтыс болар алдында сахабалардың үлкендерін шақырып, кеңескеннен кейін, хазреті Омарды халифа етіп тағайындады. Ол он үшінші жылы халифа болды. «Әмир-ул мүминин» (мүминдердің әмірі) деген атақ алды. Қысқа уақыт ішінде көп жерді бағындырғаны соншалық, бұл тарихшыларды таңғалдырды. Құдысқа барып, өзінің әділдігімен румдарды таң қалдырды. Қадсия жеңісінен кейін әскерлері Азақ теңізіне дейін жетті. Туниске дейінгі жерлер жаулап алынды.

Төрт мыңнан астам мешіт пен ғибадат орны салынды. Хазреті Муауияны (радиаллаһу та’ала анһ) Шам аймағына әкім етіп тағайындады. Өзі де Шамға барды. Жыл сайын қажылық жасады. Он жыл алты ай жеті күн бойы әлемде бұрын-соңды болмаған әділдікпен халифалық етті. 23 жылы зүл-хиджа айында таң намазына бара жатқанда Муғира ибн Шубә хазреттің құлы Әбу Лулу Фируз тарапынан қарнынан пышақталып, сол жарақаттан жиырма төрт сағаттан кейін 63 жасында шәһид болды. Ол хужрә-и саадатқа жерленді (радиаллаһу та’ала анһ).

Ол өте әділ, құлшылыққа берілген, аса мейірімді, қарапайым, кішіпейіл, кедейшілікпен өмір сүрген тұлға еді. Құдысқа бара жатқанда түйеге құлымен кезектесіп мінетін. Қалаға кірер кезде түйеге міну кезегі құлына келгендіктен, өзі түйенің алдында жаяу жүрді. Оның күші, әділдігі және әскерлері үш құрлықты дүр сілкіндірген ислам халифасын көруге келгендерді таңғалдырған еді. Ол әділ болғаны соншалық, тіпті өз ұлы күнә жасағанда Аллаһу та'аланың үкіміне сай дүре соғылуын бұйырды. Сахабалар қанша жалынса да, бір соққыны да кемітуге келіспеді. Соның салдарынан ұлы қайтыс болды. Ол қатты қайғырып, мұңайғанын білдірді, бірақ шешіміне өкінбеді. Ол қайтыс болғанға дейін бүкіл ислам әлемі Расулуллаһтың заманындағыдай тыныштық, шаттық пен бейбітшілікте өмір сүрді. Ол әр түрлі хадис шәрифпен мақталған. «Менен кейін пайғамбар келер болса, ол Омар болар еді» деген хадис шәриф оның дәрежесінің қаншалықты жоғары екенін түсінуге жеткілікті. Оның үстемдігі мен қадірін түсіндіру үшін дін ғалымдары да, дінсіздер де том-том кітаптар жазған. Ол асхаби кирамға дәрежесіне қарай құрмет көрсететін. Бәдір соғысына қатысқандарға ерекше мән беретін. Хашимилерді бәрінен жоғары қоятын. Хазреті Әлиді бәрінен үстем көріп, істерінде онымен ақылдасатын. Хазреті Омарды мадақтайтын хадис шәрифтердің көбін хазреті Әли жеткізген. 12, 14, 17, 18, 21, 22, 23, 28, 38, 40, 44, 49, 50, 52, 54, 55, 60, 61, 62, 63, 66, 72, 73, 75, 76, 79, 82, 85, 100, 103, 110, 111, 113, 114, 115, 117, 118, 119, 120, 123, 124, 125, 127, 129, 142, 156, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 174, 177, 179, 180, 181, 182, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 196, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 211, 212, 215, 223, 229, 230, 232, 236, 237, 238, 239, 245, 246, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 256, 257, 258, 266, 279, 302, 303, 309, 312, 316, 319, 323, 325, 329, 340, 351, 352, 356, 358, 378, 383, 385, 386, 387, 389, 399, 402, 407, 408.

195) РАФИИ: Әбулқасым Абдулкәрим бин Мұхаммед – үлкен ғұламалардан. 623 [м.1226] жылы Казвинде қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Имам Шафиидың (рахимә-һуллаһу та'ала) «Мүснәд» кітабын шәрһ етті. Тәфсир, хадис және фиқһ кітаптары бар. Шафии мазһабында көп кітап жазды. Олардың арасында «Мухаррәр» кітабы өте құнды. Мұны көп ғалымдар шәрһ еткен немесе ықшамдап жазған. Имам Нәуәуидің (рахимә-һуллаһу та'ала) ықшамдап жазған «Минхаж» деп атаған кітабы көп қолданылуда. Минхаждың шәрһтері арасында ең құндысы Ахмед бин Хажәр Хәйтәми Меккидің (рахимә-һуллаһу та'ала) шәрһі. «Тухфә» атты бұл шәрһ төрт томнан тұрады. 53, 364.

196) РӘБИ БИН ХАЙСӘМ: Табииннен. Куфа қаласында тақуалығымен танымал болған. Соңғы күндерінде сал (паралич) болып қалды. 63 жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). 84.

197) РӘБИ БИН МАЙСАРА: Асхаби кирамнан. Бәдір соғысына қатыспады. Хайбарға қатысты. Расулуллаһтың мута некесіне тыйым салғанын хабар бергендердің бірі. 125.

198) РУҚАЙЯ: Расулуллаһтың екінші қызы. Анасы Хадиша-тул кубра. Хазреті Османның жұбайы. Басында Әбу Ләһәбтің ұлы Утбамен атастырылған болатын. Кейін Әбу Ләһәб пен әйелі Расулуллаһқа қорлық көрсету үшін ұлына бас тартқызды. Ол хазреті Османмен Хабешке хижрет еткен (көшкен). Ол жақта Абдуллаһ есімді ұлы туылды. Абдуллаһ хазреті Руқайядан кейін төртінші жылы алты жасында қайтыс болды. Хазреті Руқайя хижреттің екінші жылы науқастанып Бәдір соғысында жеңіске жету сүйіншісі Мәдинаға келген күні қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһа). 123, 325, 326, 365.

199) САД БИН ӘБУ УАҚҚАС: Асхаби кирамның ұлыларынан. Ашәрә-и мубәшшәрәдан. Алғаш мұсылман болғандардың жетіншісі. Он жеті жасында мұсылман болды. Бүкіл соғыстарға қатысты. Қаһармандықпен шайқасты. Алғаш оқ атқан кісі болған, мерген еді. Ухуд соғысында Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жаудан келген оқтарды жерден жинап оған беретін. «Ат, ей, Сад, ата бер! Ата-анам саған пида болсын» дейтін. Халифа Омар-ул Фаруқ заманында Иранға жіберілген ислам әскерінің бас қолбасшысы болды. Әйгілі Қадсия жеңісіне жетті. Иран елінің астанасы Мәдаин қаласын жаулап, парсы қазыналары мұсылмандардың қолына өтті. Кейіннен Ирак әкімі болды. Куфа қаласын құрды. Хазреті Осман заманында Куфа әкімі болды. Жәмәл және Сыффин соғыстарына араласпады. Елу бес жасында қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһ). Мәдина қаласында жерленген. 100, 121, 140, 166, 176, 180, 188, 211, 241, 251, 259, 323, 346, 408.

200) СА’Д БИН МУАЗ: Ансар сахабаларынан Әус тайпасының көсемі еді. Мәдинаға хижреттен бұрын жіберілген Мусаб бин Умәйрдің сөздерімен иманға келді. Қауымын иманға келтірді. Бәдір, Ухуд және Хандек соғыстарына қатысты. Хандекте алған жарақатынан қайтыс болды. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұған көп жылап, жаназа намазын өзі оқытты. Ол хадис шәрифтермен мақталған (радиаллаһу та'ала анһ). 50, 237, 250.

201) СА’Д БИН УБАДӘ: Ансар сахабалардан Бәни Саиданың көсемдерінің бірі. Жомарттықта теңдесі жоқ еді. Соғыстарда Ансардың туын көтеретін. Расулуллаһ қайтыс болғанда халифа болғысы келді. Бәрі Әбу Бәкірге биат еткенде (бағынғанда) Хавранға кетті. Он бесінші жылы сол жақта қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһ). Хавран Шамның оңтүстігінде орналасқан. 113, 114, 115.

202) САДУДДИН ТАФТАЗАНИ: Мәсуд бин Омар – ислам дінінің ең үлкен ғалымдарынан. 722 жылы Хорасанда Тафтазанда дүниеге келіп, 792 [м.1390] жылы Самарқандта қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Әмір Темір оны қатты жақсы көріп, көп құрмет көрсететін. Ол тәфсир, фиқһ және ақида білімдерінде сол заманның теңдесі жоқ ғұламасы еді. Өте құнды көп кітаптары бар. Баян және мәани ғылымдарында Шам мүфтисі Жәлаледдин Мұхаммед бин Абдуррахманның [739] жылы жазған «Тәлхис-ул мифтах» кітабын шәрһ етіп, «Мутаууәл» деп атаған. Осы кітабы және «Ақаид-и Нәсәфия» шәрһі өте құнды. 16, 89, 204, 249, 294, 401, 402.

203) САДИ ШИРАЗИ: Муслихуддин бин Абдуллаһ 589 жылы Ширазда дүниеге келіп, 691 [м.1291] жылы сол жерде қайтыс болды. Отыз жыл білім алды, отыз жыл саяхат етіп, әскерлікпен айналысты. Отыз жылын шілдеге отырып, ғибадатпен айналысып өткізді. Өлеңдері өте құнды. Кітаптары өз заманында барлық жаққа жайылды. Үлкен атаққа ие болды. Көп құрмет көретін. Бағдатта Низамия медресесінде дәріс берді. Әһли сүннет еді. Әһли сүннет ғалымдарынан Әбул Фәрәж бин Жәузидің [508-597] шәкірті еді. Тасаууфта қадири болып, Шихабуддин Сухрауардидің сұхбатында кемелдікке жетті. Он төрт рет қажылыққа барды. Бағдат, Шам, Мысыр, Анадолы, Хорасан, Үндістан және Түркістанға барды. Крест жорықтарында еуропалықтарға тұтқынға түсті. «Гулистан» және «Бостан» кітаптары парсы тілінен Еуропа тілдеріне аударылған. Түрік тілінде түрлі аудармалары мен шәрһтері де бар (рахимә-һуллаһу та'ала). 32.

204) САФИЯ: Абдулмутталибтың қызы, Расулуллаһтың апасы (әкесінің қыз бауыры) еді. Ашәрә-и мубашшарадан Зубәйр бин Аууамның анасы еді. Надандық дәуірінде Әбу Суфянның бауыры Харистың жұбайы еді. Хазреті Хамзаның анасы бір бауыры еді. Мұсылман болды (радиаллаһу та'ала анһа). 14, 408.

205) САФИЯ БИНТИ ХУЯЙ: Яһуди қызы еді. Хайбарда Кәнананың жұбайы болған кезінде хижреттің жетінші жылы тұтқынға алынды. Расулуллаһ оны азат етті. Шын көңілімен иманға келгенде Расулуллаһ онымен некелесті. Ол өте ақылды еді. Елуінші жылы қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһа). 69, 242.

206) САФИЯДДИН АРДЕБИЛИ: Ардебил қаласында мешіт имамы еді. 735 [м.1335] жылы қайтыс болды. Баласы Садреддин мен немересі Әли және кейіннен оның ұлы Жүнейд ретімен имам болып, Қарақоюнлы мемлекетінің патшасы мырза Жиһан шах оны шекараның сыртына шығарып жіберді. Ол Дияр Бәкірге барып, Аққоюнлылар патшасы Ұзын Хасанға барып паналады. Ұзын Хасан Әзірбайжанды алғанда қайтадан Ардебилге орналасты. Немересі Исмаил кезінде қамқор болып қорғаған Аққоюнлыларға қарсы шығып, билікті тартып алды. 908 жылы Тебризде «Сафеуи» мемлекетін құрды. 1135 [м.1722] жылы ауғандар Иранды басып алғанға дейін жалғасты. Надир шах 1142 жылы ауғандықтарды қуып шығарып, Үндістанға дейін жаулап алғанымен, 1160 жылы шәһид етілгенде Иранда бейбіт өмір жалғаспады. Рәйдегі Қашар есімді түркімен әулетінің көсемі Мехмед аға 1210 [м.1796] жылы Иранды басып алып, Қашар мемлекетін құрды. 1343 [м.1925] жылы Рыза Шах қанды шабуылмен Пехлеви үкіметін құрды. 1360 [м.1941] жылы қайтыс болды. Орнына отырған баласы Мұхаммед Рыза шах пехлеви Ирандағы сүнни мұсылмандарға құқық пен еркіндік берді. Ханафи мазһабында медреселер ашылды. Бұған шыдай алмаған фанатиктер көсемдері Аятуллаһ Хумайнидің арандатуымен көтеріліс жасады. Иранда көп қан төгілді. Шах Америкаға, кейін Мысырға қашты. 1400 [м.1980] жылы Мысырда қайғысынан өлді. Иранда Шии үкіметі құрылды. Мыңдаған мемлекет қайраткерлері, офицерлер, студенттер қаза тапты. Иракпен соғыс басталды. Соғыс жылдар бойы созылып, өнеркәсіп орталықтары қирады.

207) САФВЕТ ПАША: Есімі Мұхаммед Әсад. Екінші Абдулхамид хан заманында садри азам (премьер-министр) еді. 1230 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1301 [м.1884] жылы қайтыс болды. Сұлтан Махмұд кесенесінің бақшасында жерленген (рахимә-һуллаһу та'ала). 89.

208) САХИБ БИН ИБАД: Исмаил бин Әбилхасан Талқани – Буя әулетінен Муәйяддин, кейін бауыры Фахрудәуләнің уәзірі еді. Мемлекеттің басқармасы оның қолында еді. Ол өте жомарт еді. Ғалымдармен, ақындармен көрісуді жақсы көретін. 326 жылы Казвиннің Талқан ауылында дүниеге келіп, 385 [м.995] жылы Рәйде қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Исфеханға жерленді. Мемлекет басшысы оның табытының алдында жүрді. Ол көп кітап жазған. 91.

209) САИД БИН ЗӘЙД: Асхаби кирамның ұлыларынан еді. Ашәрә-и мубашшарадан еді. Омар-ул Фаруқтың (радиаллаһу анһума) көкесінің ұлы. Әрі оның қайын ағасы және жездесі еді. Яғни хазреті Омардың қарындасы Фатиманың (радиаллаһу анһа) күйеуі болған. Жұбайымен бірге Хабешистанға хижрет еткен болатын. Хазреті Талхамен бірге Шам жолында қызметте болғандықтан Бәдір соғысына қатыса алмаған болатын. Басқа соғыстардың барлығына қатысты. Йәрмук соғысына және Шамды жаулап алуға қатысты. Елу бірінші жылы қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһ). 100, 121, 166, 379, 380.

210) СӘҺЛ БИН ХАНИФ ӘУСИ: Ансар сахабалардан. Бүкіл соғыстарға қатысты. Ухуд соғысында Расулуллаһтың қасынан айрылмады. Еш кері шегінбеді. Хазреті Әлиге ең алғаш биат еткендерден (бағынғандардан). Хазреті Әли Басраға бара жатқанда оны Мәдинада өз орнына уәкіл етіп қалдырған болатын. Кейіннен Хорасанға әкім қылды. Халық шағымданғандықтан оны қызметінен босатты. Орнына Зияд бин Әбихті тағайындады. Сыффин соғысында хазреті Әлидің қасында еді. Ол отыз сегізінші жылы Куфада қайтыс болады. Жаназа намазын имам Әли (радиаллаһу анһума) оқыды. 113.

211) СӘҺЛ БИН САД: Ансар сахабалардан. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болғанда ол он бес жаста еді. Тоқсан бірінші 91 [м.710] жылы тоқсан бес жаста қайтыс болды. Сахабалардан Мәдинада ең соңғы қайтыс болған кісі. Көп хадис шәриф риуаят етті. 19, 252.

212) СӘЛИМ ЖИҺАНГИР ХАН: Үндістан патшасы Әкбар шахтың ұлы. 977 жылы дүниеге келіп, 1037 [м.1628] жылы қайтыс болды. Лахорда жерленген. Кесенесі өте көркем және әшекейлі. 1015 жылы патша болды. Ағылшындарға Үндістанның сауда орындарын алғаш берген осы кісі. Орнына баласы Шах Жиһан отырды. 150, 152, 389.

213) САЛМАН ФАРИСИ: Асхаби кирамның ұлыларынан. Ирандық. Исфеханда дүниеге келді. Мәжуси еді, отқа табынатын. Бір шіркеудің алдынан өтіп бара жатып, ішке кіріп, насрани болды. Достары қорлық көрсеткендіктен Анадолыға қашты. Қазіргі Эмирдағы деп аталатын Амурия қаласында шіркеуде жылдар бойы жұмыс істеді. Попқа өзін жақсы көргізді. Кәрі поптан насихат сұрады. Оның кеңесімен Шамға барды. Шамнан Хижазға барып, жаңадан келетін пайғамбарға қызмет еткісі келді. Ол жақтағылар оны құл қылып жіберді. Расулуллаһ оны сатып алып азат етті. Хандек соғысында оның кеңесімен ор қазылды. Кейінгі соғыстардың бәріне қатысты. Хазреті Омар заманында Мәдаин әкімі болды. Отыз бесінші жылы Мәдаинда қайтыс болды. Хадис шәрифпен мақталды. Абдуррахман Жами «Шәуаһид-ун нубуввә» кітабында жазуы бойынша, Саид бин Мусәйяб айтады, Абдуллаһ бин Сәламнан естідім. Абдуллаһ бин Сәлам маған айтып берді. Салман Фариси бір күні маған: «Бауырым Абдуллаһ! Екеумізден қайбіріміз ертерек өлсек, дүниеде қалғанына түсіне кірсін, жарай ма?» деді. Абдуллаһ: «Олай істеу мүмкін бе? Өлген адам біреудің түсіне кіре ала ма?» деп сұрады. Салман: «Иә, түске кіре алады. Мүмин өлген соң рухы еркін болады. Жер жүзінде қалаған жеріне бара алады. Ал кәпірлердің рухы еркін жүрмейді. Сижжин деген тозақтың шұңқырында қамалады» деді. Абдуллаһ баяндайды: «Салман (радиаллаһу анһ) қайтыс болғанда бір күні түсте қайлулә ұйқысына жатқан едім. Түсімде Салман келді. Маған сәлем берді, жауап бердім. «Қалың қалай, барған жерің қалай?» деп сұрадым. «Өте жақсымын, өте жайлы жердемін. Саған насихатым болсын, тәуекелді (Аллаһу та'алаға жүгіну) жіберіп алма. Ең жақсы нәрсе тәуекел» деді. Мұны үш рет қайталады». 27, 28, 68, 105, 106, 113, 114, 119, 120, 204, 241, 243, 250, 410.

214) СӘУДА: Расулуллаһтың пәк жұбайларынан. Меккеде некелескен болатын. Хазреті Омар заманында қайтыс болды. Одан бұрын күйеуімен бірге иманға келіп, Хабешистанға хижрет еткен болатын. Меккеге келген кездерінде күйеуі қайтыс болды. Өз кезегін хазреті Айшаға сыйлаған еді. Бес хадис шәриф хабар берді (радиаллаһу та'ала анһа). 69, 242.

215) СӘЙИД ӘЙЮБ ҮРМӘУИ (рахимә-һуллаһу та'ала): Иранның Түркия маңындағы Үрмия қаласынан. Түрік тіліндегі «Мәнақиб-и чихар йар-ы гузин» кітабының авторы. 1264 [м.1847] жылғы және 1998 жылғы Стамбұлдағы басылымдары өте керемет. Бұл кітаптың 477-ші бетінде өзін таныстырған. 28, 108, 269.

216) СИБҒАТУЛЛАҺ ХИЗАНИ: Таха-и Хаққаридың халифаларынан (ізбасарынан). Таха-и Хаққари есіміне қараңыз! 395, 411.

217) СИЖАХ БИНТИ ХАРИС: Бәни Тәмим тайпасынан бір әйел еді. Пайғамбар екенін жариялап, жаңа дін шығаруға тырысты. Көп адамды алдады. Малик бин Нувәйра да оған ерді. Оған дейін христиан еді. Мусәйләмәға көмектесуге дайындалып жатқанда Мусәйләмә өлтірілгенде Сижах қорықты да, Иракқа қашты. Біраз уақыт өткен соң мұсылман болды. Тәубе етті. Хазреті Муауия заманында қайтыс болды. 117.

218) СЫРРИ ПАША: Гиридтік. Бағдат әкімі еді. 1260 [м.1844] жылы дүниеге келіп, 1312 [м.1895] жылы Стамбұлда қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Мұхаммед Сырри пашаның «Сырр-ил Құран», «Сырр-ул Фурқан», «Нақд-ул кәлам фи ақаидил ислам», «Тәржәмә-и шәрһ-и ақаид» кітаптары танымал. Әртүрлі әдеп-құлық пен тарих рисалалары және христиандармен сұхбаттары бар. 108.

219) СУФЯН БИН УЙЯЙНӘ: Фиқһ және хадис ғалымы болған. Мүжтәһид еді. Уәра мен тақуалығы жоғары еді. 107 жылы Куфада дүниеге келіп, 198 [м.813] жылы Меккеде қайтыс болды. Жетпіс рет қажылыққа барды. Имам Ағзам және Имам Шафиимен көрісті (рахимә-һумуллаһу та'ала). Хадис және тәфсир рисалалары бар. Уйяйнә – Нәждтегі бір ауыл. Уаһһабилікті шығарған Мұхаммед бин Абдулуаһһаб осы жерден шыққан. 31, 43.

220) СУФЯН СӘУРИ: Әкесінің есімі Саид. Хадис және фиқһ ғалымы. Мүжтәһид. Зухды мен тақуалығы, насихаттары мәшһүр. 95 [м.713] жылы Куфада дүниеге келіп, 161 [м.777] жылы Басрада қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Стамбұлда Йералты мешітінде жатқан Суфян бұл кісі емес, басқа адам. Жүнәйд Бағдади оның мазһабында еді. Оның заманында халалды одан жақсы білетін ешкім жоқ еді. «Жами-ул кәбир», «Жами-ус сағир» және «Фараиз» кітаптары бар. 31, 43, 84, 321.

221) СУЮТИ: Жалаледдин Абдуррахман бин Әбу Бәкір бин Мұхаммед Суюти – ислам ғалымдарының ең ұлыларынан. Неміс тіліндегі «Meyer Lexicon» кітабында «Шаршамай, қажымай жазған Суютидің үш жүзден астам еңбегі бар» деп жазып, бірнешеуін атап өткен. Тәфсир, хадис, фиқһ, тарих, ахлақ және медицина кітаптары өте құнды. Ол Мысырда Суют қаласында 849 [м.1445] жылы дүниеге келіп, 911 [м.1505] жылы Мысырда қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Кітаптарының көбі Еуропада басылған. Әлі жиырма екі жасында болғанда «Жәлаләйн» тәфсирін бітірді. Имам Ғазалидың «Ихия-ул улум» кітабын қысқартқан. Кітаптарын оқып бітіру мүмкін емес. 17, 143, 246, 249, 250, 251, 320, 356.

222) ШАБИ: Табииннің ұлыларынан. Есімі Амир. Жиырмасыншы жылы Басрада дүниеге келіп, 104 [м.723] жылы Куфада кенеттен қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Ата-бабасы Йемендік болғанымен Хамаданда тұрақтаған. Ол өзі Куфада орналасты. Ибнилмусәйяб Мәдинада, Хасан Басри Басрада, Мәкхул Шамда исламның сол дәуірде төрт тірегі секілді еді. Ол асхаби кирамнан бес жүз сахабаны көрді. Абдулмәлик тарапынан рум кайзеріне елші ретінде жіберілген еді. 76, 129, 170.

223) ШАФИИ: Мұхаммед бин Идрис Құрайши. Төрт мазһаб имамдарының бірі. Үлкен мүжтәһид. 150 [м.767] жылы Құдс маңындағы Ғазза ауылында дүниеге келіп, 204 [м.820] жылы Мысырда қайтыс болды. Карафе мазарында жерленген (рахимә-һуллаһу та'ала). Мәдинада Имам Маликтен білім алды. Бүкіл ілімдерде заманының теңдессіз ғұламасы болды. Уәра мен тақуалығы бәрінен көп еді. Имам Ахмед бин Ханбалдың ұстазы, 195 жылы Бағдатқа барып, екі жыл сонда қалды. Кейін Меккеге қайтты. 199 жылы Мысырға орналасты. Үлкен ғұламалар тарапынан өмірбаяны жазылған, бәрі тарапынан мақталып қошемет көрген. Усул-и фиқһ ілімінде екі кітап жазған кісі. Хадисте «Сүнән» және «Мүснәд» атты екі үлкен кітабы бар. «Исбат-ун нубуввә уә рәдди аләл бәрахимә», фиқһта «Әмали-и кәбир», «Фиқһул әкбар», «Китабул-ум», «Мәбсут» және «Мухтасар» кітаптары өте құнды. 18, 21, 25, 28, 29, 34, 42, 43, 50, 53, 54, 57, 59, 79, 83, 84, 135, 142, 182, 185, 202, 203, 223, 225, 227, 237, 267, 360, 362, 382, 387, 407.

224) ШАХ АББАС САФЕУИ: Шах Исмаил құрған шии Сафевидтер мемлекетінің көсемдерінің біріншісі және үш шах Аббастың біріншісі. 978 жылы туылды. 995 жылы шах болды. Исфаханды астана қылды. Иранды жат елдіктерден тазалады. 1038 [м.1629] жылы қайтыс болды. Өзбек сұлтаны Абдуллаһқа жеңіліп, Хорасанда өзбектерден тартып алған жерлерді және Гератты беріп қойды. Әһли сүннетке қарсы азғын дұшпан адам болған. 1033 жылы Бағдатты османлылардан алып, халқын өлтіріп, әкім Бәкір пашаны жанармайға батырып тірідей өртеді. Он жылдан кейін османлылар Бағдатты қайтарып алды.

Иранда ислам дінінен бұрын Пишданиян, Кияниян, Ишканиян және Сасаниян мемлекеттері бар еді. Біріншілері жұлдыздарға және күнге табынатын. Киянияннан Кәштасиб заманында Зәрдушт (Зороастра) есімді біреу миладтан 600 жыл бұрын Мәжус (отқа табыну) дінін құрды. Хазреті Омар заманында мұсылмандықты қабылдады. Мәмун халифаға қарсы шыққан Тахир Хорасанда мемлекет құрды. 46 жылдан кейін 253 [м.866] оның орнына «Бәни Ләйс» мемлекеті, 287 жылы Саманиян мемлекеті құрылды. Саманилер заманында парсы тілі күшейіп, араб әріптерімен жазыла бастады. 386 жылы Ғазнауилардың бір қолы болған Ал-и Субуктекин, ал 448 жылы Сәлжұқи мемлекеті құрылды. Шыңғыстан кейін Хасан Саббахтың батыния мемлекеті Иранда шииліктің жайылуына себеп болды. 653 жылы Шыңғыстың ұлдары Илханиян мемлекетін құрды. Бұл мемлекет 783 жылы Әмір Темірдің және ұлдарының, 873 [м.1488] жылы Аққоюнлы Ұзын Хасанның қолына өтті. 908 [м.1502] жылы шах Исмаил Сафевидтер мемлекетін құрып, шии ағымын ресми дін қылды. Әмірлерін қабыл етпеген мұсылмандарды ешкім көрмеген азаптаулармен өлтірді. 1360 [м.1941] жылы әкесінің орнына отырған Мұхаммед Рыза шах Пехлеуи сүнни мұсылмандарға да құқық пен еркіндік бергендіктен, Аятуллаһ Хумәйни оған қарсы қанды көтеріліс жасады. Шах 1399 [м.1979] жылы Ираннан Америкаға қашты. 1400 [м.1980] жылы рамазан айында Мысырда қайтыс болды. Иранда шии мемлекеті құрылды. Он мыңдаған мемлекеттік қайраткер және генералдар өлтірілді. 151.

225) ШАХ ЖИҺАН: Мұхаммед сахиб киран сани. Үндістандағы Темір ұлдары мемлекетінің патшаларының бірі. Жиһангир Сәлим шахтың ұлы. Мыңыншы жылы Лахорда дүниеге келіп, 1037 [м.1628] жылы патша болды. 1068 жылы баласы Евренгзиб Алемгир тарапынан тақтан түсірілді. Агра қаласында сегіз жыл қамауда болып, 1076 [м.1666] жылы қайтыс болды. Таж-Махалдың ішінде жерленген. Аса зор салтанат пен рахаттық ішінде билік құрды. Делхи қаласын көркейтіп кеңейтті. Отырған тағы бағалы гауһартастармен безенген болатын. Жұбайларының бірінің Агра қаласында қабірінің үстіне «Таж-Махал» деген өте көрнекті, аса сәнді, әшекейлі кесене салдырды. Баласы Алемгир 1118 жылға дейін сұлтан болып, өте діндар, мүбәрәк кісі еді. 151, 152, 386.

226) ШАХ ИСМАИЛ САФЕУИ: Сафияддиннің немерелерінен болғандықтан Сафеуи деп аталған. Сафевид үкіметін құрды. Имам Мұса Казымның ұрпағы екенін айтатын. Бірақ түріктердің Хатай тайпасынан еді.

Атасы Сафияддин Ардебили өзін сәйидпін деп айтпаған еді. Бұл кейіннен ойдан шығарылған. Аясофия кітапханасында 3099 нөмірде Сафияддин Ардебилидің хикаясының екі нұсқасы бар. Біріншісі Шах Исмаилдың таққа отыруынан он жыл бұрын, екіншісі 212 нөмірде болып, шах болғаннан алты жыл кейін жазылған. Бірінші нұсқада үлкен әкесінің хикаясы жазылған. Ол жерде шах Исмаилдың алтыншы атасы ретінде Фируз жайлы айтылып, оның немересі Сафияддин Ардебили және ғасырласы Қожа Әли бұл тақырыпта көп күш жұмсаған. Курдистаннан Ғиярға, ол жақтан солтүстікке ығысып, Ардебилге барған. Ол жерде түріктердің арасында жүз мыңға жуық шәкірт тапқан. Сафияддин түрікше білгені анық. Бірақ аузынан шыққан сөздер хикаясында я парсы, я әзірбайжан диалектінде сақталған. Баласы Садреддин заманында олардың қиялына сәйидтік туралы ой келген. Аналары осы бағытта бір түс көрген-міс. Ол кезде ешкім бұған аса мән бермеді, дегенмен шах Исмаил бұған толықтай жармасқан еді. Шах Исмаилдың сәйид болмағанын, Хатай тайпасынан түрік болғанын көрсететін дәлелдер «Саадәти Әбәдия» кітабының соңындағы өмірбаянында жазылған, сол жерден оқыңыз!

Сафидың шәкірттері көп және абыройы жоғары еді. Әмір Темірдің өзі зиярат етіп келген. Исмаилдың атасы Жүнәйдті Қарақоюнлы сұлтаны Жиһан шах Әзірбайжандағы Ардебилден шығарып шекараның сыртына қуды. Ол Дияры Бәкірге барып Аққоюнлы Ұзын Хасанды паналады. Көзіне түсіп, қарындасына үйленді. Ұзын Хасан Әзірбайжанды жаулағанда Жүнәйд Ардебилге қайтты. Шәкірттерімен Грузияға шабуылдады. Ширван шахы сұлтан Халил тарапынан өлтірілді. Баласы Хайдар нағашысы Ұзын Хасанның қызын алды. Ол да Ширванға шабуылдады, бірақ өлтірілді. Осы Хайдардың ұлы Исмаил 892 жылы дүниеге келді. 905 жылы шәкірттерімен Ширванға шабуылдап, әкесін өлтірген «Фаррух» сұлтанды өлтірді. 908 [м.1502] жылы Тебризде Сафевид мемлекетін құрды. Бағдатты, Бакуды, Хорасанды басып алды. Шиилікті жариялады. Сүннилерді сүргінге жіберді, өлтірді. Мұны естіген Явуз Сәлим хан үлкен әскермен оған шабуылдады. 920 жылы Чалдыран соғыс майданында шах Исмаилдың әскері, шәкірттері тарады, қашты, көбі қылыш астында қалды. Шах та жараланып қашты. 930 [м.1524] жылы Шараб қаласында өлді. Ардебилде жерленген. Ержүрек, кекшіл, зауқына берілген және ойын-сауыққа құмар еді. 36, 37, 388, 391.

227) ШАРАНИ: 26-шы реттегі Абдулуаһһаб есіміне қараңыз!

228) ШӘМСЕДДИН МАХМҰД: Мұхаммед бин Абдуррахман Исфахани – шафии мазһабының ғалымы. 674 жылы Тебризде дүниеге келіп, 749 [м.1348] жылы Мысырда қайтыс болды. Әбуссәна деп аталған. Усул, бәди, баян, ақаид, мәани, логика, хикмет және тәфсир кітаптарын жазған. Кәлам ілімінен қазы Бәйдауи жазған «Тауали» кітабын шәрһ етіп, «Мәтали» деп атаған. 87.

229) ШӘМСЕДДИН САМИ: Шәмседдин Сами бей 1266 жылы Албанияда дүниеге келіп, 1322 [м.1904] жылы Стамбұлда қайтыс болды. Эренкөй мазарына жерленген (рахимә-һуллаһу та'ала). Француз тілінен түрік тіліне сөздік кітабы өте пайдалы. Тарих және география сөздігі болған «Қамус-ул аләм» кітабы алты томнан тұрады. Әр томында сегіз жүзден астам бет бар. Мұны жазуды 1306 жылы бастаған. 1316 жылы аяқтады. Өте құнды энциклопедия. Келген барлық дін, әр ұлттан атақты адамдар мен елдері, тарихи оқиғалар туралы тұшымды мәлімет беріп түсіндірген. Ислам мәдениеті болса да, фанатизммен және саясатпен жазылған кітаптарды бірден сезіп, Қамусына қате мәлімет қоспайтын, құндылығы одан сайын арта түсетін. Қазіргі таңда шыққан тарих, география кітаптары, журналдары, газет мақалалары, энциклопедиялар, бәрі осы Қамусты пайдаланады. 32, 64, 319.

230) ШӘЙХЗАДА: Мұхаммед бин Муслихиддин Мұстафа мудәррис [профессор] еді. 951 [м.1544] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Бәйдауи тәфсиріне жасаған хашиясы тәфсир кітаптарының ең құндыларының бірі. «Шәйхзада тәфсирі» деп аталады. Төрт үлкен томнан тұрады. Бәрі «Хақиқат кітап үйі» тарапынан офсеттік баспада басылған. «Уиқая шәрһі» және басқа да шәрһтері бар. 86, 125, 130.

231) ШИХАБУДДИН СУХРАУАРДИ: Омар бин Мұхаммед – шафии фиқһ ғалымы және үлкен әулие. Он бесінші атасы хазреті Әбу Бәкір Сыддық. 539 жылы Сухрауардта дүниеге келіп, 632 [м.1234] жылы Бағдатта қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Абдулқадир Гейлани хазреттен көп фәйз алды. Көп рет қажылыққа барды. Кітаптарының ең атақтысы «Ауариф-ул мәариф». Бұл кітабын Меккеде жазды. 32, 196, 211, 384.

232) ШИХРИСТАНИ: Мұхаммед бин Абдулкәрим 479 жылы Хорасандағы Шихристан ауылында дүниеге келіп, 548 [м.1154] жылы Бағдатта қайтыс болды. Фиқһ және кәлам ғалымы еді. Дәрістері мен уағыздары Бағдатта әйгілі болды. Ашари мазһабында еді. Философия және физика білімі де көп еді. Мұсылман, яһуди (еврей) және христиан діндері мен жолдарын баяндайтын «Миләл уә нихал» атты араб тіліндегі кітабы өте құнды. Латын, ағылшын және көптеген Еуропа тілдеріне әрі түрік тіліне аударылған. Араб тіліндегі шәрһі 1395 [м.1975] жылы Бейрутта басылған. Басқа кітаптары да бар. 88, 269, 326.

233) ШИРВАНШАХ: Ширванда билік құрған Дирдендия әулетінің үшіншісі еді. Халил сұлтанның баласы еді. Мемлекетті құрған Ибраһимнің немересі еді. 893 жылы Хайдардың шабуылын тойтарып Хайдарды өлтірді. Шах Исмаил әкесінің кегін алу үшін 906 [м.1500] жылы Ширванға шабуылдады. Ширван шахты адамгершілікке жатпайтын қорлықпен азаптап өлтірді. Әһли сүннетті, бала демей бәрін қылыштан өткізді (рахимә-һумуллаһу та'ала). 37.