12 - Жамазиәл-әууәл, 1447 жыл.
     3 - Қараша, 2025 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Ең әуелі үйрену қажетті білімдер

Ең әуелі үйрену қажетті білімдер

Сұрақ: Мұсылман адам қандай білімдерді ең алдымен үйренуі керек?

Жауап: Бұл тақырыпта «Кимия-и саадат» кітабында былай жазылған:

«Әр мұсылманның ең алдымен әһли сүннет сенімін қысқаша үйренуі парыз. Одан кейін екі нәрсені үйренуі керек болады. Біріншісі жүрекке (көңілге), екіншісі денеге қажет болған білімдер.

Дене үшін болған білім екіге бөлінеді. Біріншісі орындайтын әмірлер, екіншісі сақтанатын тыйымдар.

Әмірлерді үйрену былайша болады:

Таң уақытында жаңадан мұсылман болған адамның бесін уақыты келгенде дәреттің және намаздың парыздарын үйренуі бірден парыз болады. Ал сүннеттерін үйренуі сүннет болады. Кеш болғанда ақшам намазының үш рәкат екенін үйренуі парыз болады.

Рамазан айы келгенде оразаның парыздарын үйренуі парыз болады. Бай болғанда бір жыл өткен соң зекетті үйренуі парыз болады. Қажылықты үйренуі қажылыққа баратын кезінде парыз болады.

Үйленбекші болған кезде неке шарттарын, әйел мен еркек хақыларын, әйелдердің үзір (хайз) жағдайларын үйренуі парыз болады.

Бір кәсіппен, саудамен айналысуды бастағанда сол кәсіпке байланысты әмірлер мен тыйымдарды, пайызды (өсімді) үйренуі қажет болады. Қай кәсіпті бастаса, сол уақыттың соған қатысты ғылымдарын үйренуі парыз болады.

Әр адамға өз кәсібін оқып үйренуі парыз болады. Басқа кәсіп білімдерін үйренуі парыз болмайды.

Соғыс уақытында да әскерді дайындау, жаңа қару-жарақ жасау, қолдану, отанды қорғауға қажетті ғылыми білімдерді қысқаша үйрену әр мұсылманға фарзи айн (жеке парыз), ал бұларда біліктілікке қол жеткізу фарзи кифая болады».

Харамдарды үйрену де әркімге әр түрлі парыз болады. Мысалы ер адамдар жібек киетін жерде тұратындардың жібек киюдің харам екенін үйренуі және білетіндердің білмейтіндерге үйретуі парыз болады. Жасанды жібек кию ер адамдарға да харам емес.

Алкогольді ішімдіктер ішілетін, шошқа еті желінетін, біреудің хақысы тапталатын, пайыз, пара алынатын, құмар ойын ойналатын жерде тұратындардың бұлардың харам екенін үйренуі парыз болады.

Ер-әйел бірге аралас отыратындардың махрам, намахрам болған әйелдерді және қарау рұқсат болған және рұқсат болмаған әйелдерді білуі, үйренуі парыз болады. Әйелдер, қыздар ашық жүретін, ер адамдар да тізеден жоғары жағын ашып жүретін жерлерде тұратын мұсылмандардың да жабуы парыз болған жерлерін үйренуі қажет. Әурет жерлерін ашып жүру және біреудің әурет жеріне қарау күнә болуымен қатар, мұны білмеу де бөлек күнә болады.