7 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     8 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ілімсіз дін болмайды

Ілімсіз дін болмайды

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Дініміз – ілім діні. Ілім болмаса, дін де болмайды. Адамның есеп беретін кезінде «Мен білмеген едім» деп айтуы өтпейді. Өйткені бәрі ашық түрде кітаптарда жазулы. Қолымызда Имам Раббани хазреттері сияқты үлкен ғұламалардың кітаптары бар болғандықтан, барлық білімдер осындай құнды еңбектерінде білдірілген болғандықтан, «Білмеген едік» деп айта алмаймыз. Бұл кітаптарды қанша рет оқысақ та, әр оқығанда жаңа бір мәселе үйренеміз. Бұл ғұламалардың кітаптарын оқығандар ғалым болады, үйренгендерімен амал еткендер әулие болады.

Ғалымдарымыз әр сәтте қайталап айтатын үш негіз:

«Дүние – фәни (өткінші), өмір – қиял, адам – әлсіз деген сөз.»

Біздің денемізді басқаруға да шамамыз жетпейді. Ішкі ағзаларымызды да, асқазанымызды да, жүрегімізді де жұмыс істете алмаймыз. Көздерімізге, құлақтарымызға немесе қандай да бір мүшемізге болмашы бір бұйрығымыз да өтпейді. Ал табиғат құбылыстарына араласа аламыз ба? Әрине бұл мүмкін емес. Ауаның құрамын өзгерте аламыз ба? Күнге, жаңбырға, желге де ықпал ете алмаймыз. Міне, осы себептен, адам дегеніміз – әлсіз жаратылыс дегенді білдіреді. Дініміз адамға әлсіздігін білдіру, пенде екенін көрсету үшін келген. Ақырғы мақсат – ештеңе екенімізді түсіну.

Бұл дүниеде адамнан да әлсіз келетін жаратылыс болмағандықтан, Аллаһу та'ала барлық нәрсені адамның пайдасына жаратты. Адам баласы осыларға көңіл бөліп, мақсаты тек осыларға қол жеткізу болса, Аллаһу та'аладан ұзақтайды. Жүректің (көңілдің) жаратылу мақсаты – Аллаһқа жақын болу, Аллаһпен бірге болу. Алайда адам айналадағысына қатты көңіл бөлетіні соншалық, Аллаһу та'аланы еске алу ойына да келмейді. Ондай адам бүкіл махлұқтардың ең нашары жағдайына келеді.

Егер адам барлық қалауларына қол жеткізуге тырысудан бас тартып, Аллаһу та'алаға жақындаса, яғни Оның разылығын табу үшін еңбек етсе, жаратылыстардың ең қадірлісі, ең құндысы болады. Демек, қадірлі болу дегеніміз – Аллаһу та'алаға жақын болу деген сөз. Қадірсіз болу – Аллаһу та'аладан ұзақтау деген сөз. Сүйікті пайғамбарымыз «Адамдардан алыстаған адам Аллаһу та'алаға жақын болады» деген. Алыстау немесе жақындау денемен емес, жүрекпен іске асады. Дененің, онсыз да, Аллаһтың алдында ешқандай қадірі жоқ. Адам иманы және жүрегі арқылы қадірленеді. Жүрекпен (көңілмен) Аллаһу та'аламен бірге болған адам қадірлі. Жүрегінде иман бар болса, өмір бар. Иман жоқ болса, ол онсыз да өлі адам. Осы себептен үлкен ғұламалар имансыз денені жүргінші қабірге ұқсатқан.