7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Қырық күннің маңызы қандай?

Қырық күннің маңызы қандай?

Сұрақ: Көптеген дұғаның қырық күн оқылу керектігі білдіріледі. Қырық күннің маңызы қандай?

Жауап: Қырық саны – көп орындау керектігі білдірілген істерде көптіктің ең аз шамасы. Бір дұғаны көп оқыған болып саналу үшін, ең аз дегенде, қырық рет оқу керек.

Бес уақыт намаз сүннеттерімен бірге қырық рәкаттан тұрады. Фатиха сүресі бес уақыт намаздың әр рәкатында оқылады. Осылайша әр күні ең аз дегенде қырық рет оқылған болады.

«Тырнақ қырқуды, қолтық пен шапты қылдан тазалауды қырық күннен кешіктіру күнә болады. Мұсылман болған туысқанды зиярат ету керек, қырық күннен кешіктірмеу керек.» (С.Әбәдийа)

«Қырық күн бойы таң намазының сүннеті мен парызы арасында қырық бір рет Фатиха оқылады. Бисмиллаһтың соңындағы «Мим» әрпі Фатиханың «Ләм» әрпімен бірге оқылады. (Яғни «Рахимилхамду» делінеді.) Бұдан кейін жасалған дұға қабыл болады. Суға үрлеп, науқас немесе дуаланған адамға ішкізілсе, (ажалы келмеген науқас) шипа табады және дуа қайтады.» (Тәфсири Азизи)

«Құран кәрімді қырық күнде бір хатым ету мүстаһаб болып табылады.» (Шира)

Қырық санына қатысты хадис шәрифтердің кейбірлері мыналар:

«Әр түні қырық аят оқыған адам ғапілдерден жазылмайды.» (Бәйһақи)

«Қырық кісі – бір жамағат. Олар бір өліге дұға ететін болса, Аллаһу та'ала ол өліні кешіреді.» (Бұхари)

«Ширктен ұзақ қырық мүмин бір мұсылманның жаназа намазын оқыса, Аллаһу та'ала міндетті түрде сол мүминдердің дұғаларын қабыл етіп, әлгі өліні кешіреді.» (Мүслим, Әбу Дауд)

«Қырық күн ішінде бір ілім сұхбатында болмаған адамның жүрегі қараяды. Үлкен күнә істей бастайды. Өйткені ілім жүрекке өмір береді. Ілімсіз ғибадат болмайды. Ілімсіз ғибадаттың пайдасы болмайды!» (Хазанат-ур-риуаят, Сүйінші хаттар)

«Бір ғалым бір қалаға келіп кетсе, оның аяқ басуының құрметіне сол жақтағы мазардан қырық күнге азап алынады.» (Р.Насихин)

«Қырық күн ықыласпен Ислам дініне мойынсұнған адамның жүрегін Аллаһу та'ала хикметке толтырады.» (Әбу Нуайм)

«Қырық күн халал жеген адамның жүрегін Аллаһу та'ала нұрға толтырады. Жүрегіне өзендер сияқты хикмет ағылады. Дүниелікке деген сүйіспеншілікті жүрегінен кетіреді.» (Әбу Нуайм)

«Нифас (босанғаннан кейін келетін қан) жағдайындағы әйелде, қырық күн өткен болса да, қан жалғасса, ол үзірлі болып саналады.» (Хаким)

«Қырық күн таң намазының алғашқы тәкбіріне жетіп үлгерген адамға екі бәрат (құтылу құжаты) жазылады: Тозақтан құтылу бәраты және мунафиқтықтан (екі жүзділіктен) сақ болу бәраты.» (Әбушшәйһ)

«Алғашқы тәкбірге жетіп, қырық күн жамағатпен бес уақыт намаз оқыған адамға жәннат уәжіп болады.» (Әбу Я’ла)

«Алған азық-түліктерін қымбаттаған кезде сату үшін қырық күн сақтаған адам, бәрін кедейлерге тегін таратса да, күнәсін өтей алмайды.» (Дәйләми)

«Палшыға барған адамның, палшыға сенбесе де, қырық күн намазы қабыл болмайды.» (Мүслим)

«Бір үзім харам жеген адамның қырық күн бойы дұғасы қабыл болмайды.» (Табарани)

«Хақтан қатені немесе дұрыс жолдан адасушылықты қайтару үшін ілімнен бір тақырып үйрену ниетімен үйінен шыққан адам бір абидтың (ғибадат етушінің) қырық жылдық ғибадатындай сауап алады.» (Дәйләми)

«(Қырықтар деп аталатын) Абдалдар қырық адамнан тұрады. Олардың берекетімен дұшпанды жеңесіңдер және бәле-жаладан құтыласыңдар.» (Ибн Асакир)

«Жер бетінде әр заманда қырық (әулие) бар болады. Олардың әрбірі Ибраһим алейһиссалам сияқты берекетті. Олардың берекетімен жаңбыр жауады.» (Табарани)

«Әр пайғамбар Сүлейман алейһиссаламан қырық жыл бұрын жәннатқа кіреді. Кедей де байлардан, салихтар да өзгелерінен қырық жыл бұрын жәннатқа кіреді.» (Табарани)

«Хазреті Иса жер бетіне түскен кезде қырық жыл өмір сүреді.» (И.Ахмед)

«Аллаһ үшін қырық күн күзетте тұрған адамның бүкіл күнәлары тазаланады.» (Табарани)

«Көршілік төрт тараптағы қырық үйге дейін саналады.» (И.Хиббан)

«Аллаһу та'аланың разылығы үшін халалды және харамды айқындаған, қырық хадисті үмбетіме білдірген адам ғалым болып тіріледі.» (Әбу Нуайм)

(Ислам ғалымдары осы хадис шәрифке бағыну үшін «Қырық хадис» деген атпен хадис кітаптарын жазған.)

«Аллаһ үшін хижрет еткен (көшкен) адамдар өзгелерден қырық жыл бұрын жәннатқа кіреді.» (Табарани)

«Бір соқырды қолынан ұстап қырық қадам жүргізген адамға жәннат уәжіп болады.» (Табарани)

«Алтын мен күмістің зекеті – қырықтан бір бөлігі.» (Тирмизи)

«Табытты қырық қадам тасыған адамның қырық үлкен күнәсі кешіріледі.» (И.Асакир)

«Бір науқас «Лә илаһә илла әнтә субханака инни кунту минәззалимин» деп қырық рет оқыса, шәһид болып қайтыс болады. Шипа тапса, күнәлары кешіріледі.» (Нәжат-ул-мусалли)

«Қырық жасынан өткен болса да, қайырлы амалдары (сауаптары) жаман амалдарынан (күнәларынан) көбірек болмаған адам тозаққа дайындалсын.» (И.Ғазали)

«Қырық жасқа келсе де, күнәларына тәубе етпеген адамның бетін шайтан сипап, "Бұл адам енді құтыла алмайды" дейді.» (И.Ғазали)

«Шарап ішкен адамның намазы қырық күн бойы қабыл болмайды.» (Тирмизи, Нәсаи)

«Намазы қабыл болмайды» дегені намазы босқа кетеді деген сөз емес. Намаз борышынан құтылады, бірақ намаз оқу арқылы қауышатын үлкен сауаптан мақрұм қалады деген сөз. Намаз оқып жүрген адамның күнәларды тастауы оңай болады. Ішкілік ішетін адамның да намазын қалдырмай оқуы керек.

Иманмен өлу үшін мына дұғаны күніне қырық рет оқу керек:

«Йа хаййу, йа қаййум йа зәл жәләли уәл икрам, йа лә илаһә илла әнтә.»