2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Сәйид Мұхаммед Бахауддин

Сәйид Мұхаммед Бахауддин Бұхари хазреттері Силсилә-и алийаның он бесіншісі. Аллаһу та'алаға деген сүйіспеншілікті жүректерге нақыш еткені үшін оған Нақшибәнд делінеді.

1318 жылы Бұхараға жақын Касри Арифанда туылды. Ислам ғалымдарының ең атақтыларынан болып, тасаууфта ең жоғары дәрежелерге жеткен. Заманында және өзінен кейінгі уақыттарда оның себебімен өте көп адам хидаятқа, дұрыс жолға қауышқан. 1389 жылы Касри Арифанда қайтыс болды. Қабірі сол жерде.

Заманының үлкен әулиелерінен Мұхаммед Баба Саммаси әлі ол туылмай тұрып Касри Арифанға келген. Сол келген кезінде «Бұл жерде бір үлкен әулиенің иісі шығып тұр. Бұл аймақта үлкен ғалым жетіледі» деп хабар берген, теңдесі жоқ ғалымның осы жерден шығатынын шәкірттеріне сүйіншілеген.

Әкесі Сәйид Мұхаммед Бұхари айтып берген:

«Балам Бахауддиннің туылғанынан үш күн өткеннен кейін Қожа Мұхаммед Баба Саммаси тағы да Касри Арифанға келген еді. Мен оны қатты жақсы көретін едім. Енді туылған балам Бахауддинді алдына алып бардым. Қожа баламды алып, құшағына басты және "Бұл сәби – менің балам. Мен оны рухани балам ретінде қабылдадым" деді. Кейін Сәйид Әмир Кулалға айтты: "Сендерге бұл жерде үлкен әулиенің иісі шығып тұр деген едім. Міне, сол мүбәрәк иіс осы періште баланың иісі. Бұл сәби үлкен ғалым болады" деді.»

Анасы айтып берген:

«Балам Бахауддин төрт жасар кезінде үйіміздегі сиырды көрсетіп, бұл сиыр ақ басты бұзау туады деді. Бірнеше айдан кейін сиыр балам айтқанындай бұзау туды.»

Бахауддин Бұхари хазреттерінің бірінші ұстазы – Қожа Мұхаммед Баба Саммаси. Кейін Сәйид Әмир Кулал ұстазы болды. Тағы көптеген ұстаздардан дәріс алды.

«Әли Рамитани хазреттерінен келіп, аманат ретінде сақталған тәж маған берілді. Сол сәтте жүрегім Аллаһу та'алаға деген махаббатқа толып тасыды. Кейін ұстазым Сәйид Әмир Кулал Касри Арифанға келді. Маған ілтипат көрсетіп, "Қожа Мұхаммед Баба Саммасидің әмірімен сені жетілдіруге тырысамын" деді.»

Сәйид Әмир Кулал хазреттері Бахауддин Бұхари хазреттерінің жетілуіне мұқият кірісіп, оны тасаууфта жоғары дәрежелерге жеткізгеннен кейін былай деді:

«Қожа Мұхаммед Баба Саммасидің сіздің тәрбиеңізге қатысты өсиетін орындадым. Сізді талап еткеніндей жетілдірдім. Бұдан былай ижазатыңыз (дипломыңыз) бар.»

Бахауддин Бұхари хазреттері Әмир Кулал хазреттерінің қайтыс болуынан кейін адамдарға дұрыс жолды көрсетіп, міндетін атқара бастады.

Өкінішке орай, қазір әлемнің барлық аймақтарында оның есімі қолданылып, Нақшибанди атын жамылып, Хаққа алып баратын жолды үзетін көп шәйхтар шығып жатыр. Әһли сүннет сенімін білетін адам олардың қате жолда екенін оңай түсінеді.