11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Құран Кәрім / Құран кәрімде сандар жоқ па?

Құран кәрімде сандар жоқ па?

Сұрақ: «3 рет Ихлас оқу, 33 рет субханаллаһ деу, 10 күн ораза ұстау дегендей сандармен көрсетілген хабарлардың бәрі ойдан шығарылған. Құранда санымен айтылған ештеңе жоқ» деген адамға қалай жауап беруге болады?

Жауап: Аяти карималарда да, хадис шәрифтерде де сандар айтылған. Бірнеше мысал келтірейік. Құран кәрімде былай делінген (қысқаша):

«Құрбандық шала алмаған кісі қажылық күндерінде 3, үйіне қайтқан кезде 7 күн ораза ұстайды, барлығы толық 10 күн болады.» (Бақара 196)

«Қайтыс болған кісінің әйелдері (басқа біреуге күйеуге шығудан бұрын) 4 ай, 10 күн иддет мерзімін күтеді.» (Бақара 234)

«Ажырасқан әйелдер (басқа біреуге күйеуге шығудан бұрын) 3 етеккір (хайз) өткізіп күтеді.» (Бақара 228)

«Ант бұзудың кафараты (жазасы): жанұяларыңа жегізгендеріңнің орташасынан 10 кедейді тойдыру немесе киіндіру, яки 1 құл азат ету. Бұларды таба алмаған кісі 3 күн ораза ұстайды.» (Маида 89)

«Намысты әйелдерді зинамен жала жауып, кейін (дәлелдеу үшін) 4 куә көрсетпеген адамға 80 дүре соғыңдар.» (Нұр 4)

«Азат ететін құл таба алмаған кісінің, жанұясымен жақындаспай тұрып, арасын үзбей 2 ай ораза ұстауы қажет. Бұған шамасы жетпейтін кісі  60 кедейді тойдырады. Бұл жеңілдік Аллаһқа және пайғамбарына сенген болғандарың үшін, бұлар Аллаһтың қойған шектеулері, қарсы шыққандарға өте ауыр азаптар бар.» (Мүжәдәлә 4)

«Етеккірден тазарған әйелдер мен әлі етеккір көрмегендердің иддет уақыты 3 ай, ал жүктілердің иддеті туғанға дейін.» (Талақ 4)

«Бір жақсылыққа 10 есе сауап, бір жамандыққа бір жаза беріледі.» (Әнам 160)

«Құранды пайғамбар ойынан шығарды дейтіндерге "Онда сендер де сол сияқты 10 сүре айтыңдар" де.» (Худ 13)

 

Тағы басқа көптеген санмен көрсетілген аяттар бар.

Көргеніңіздей, Құран кәрімде сандар бар. «Неге 4 емес, 3 күн ораза?», «Неге 11 емес, 10 кедей?», «Неге 50 емес, 60 кедей?» деп сұрауға ешкімнің ақысы жоқ. Аллаһу та'ала қалағанындай әмір етеді. Онсыз да мақсаты бұзық адам не айтылса да терісін сұрайтын еді, «Неге олай, неге бұлай емес?» дейтін еді.

Хадис шәрифтерде де былай делінеді:

«3 түн бойы ыстығы көтерілген адам күнәлардан анасынан туылған күніндегідей тазаланады.» (Дәйләми)

«Айына 3 күн ораза ұстаған кісі айды толықтай оразамен өткізгендей болады.» (Ибн Асакир)

«Мәсіге мәсіһ тарту мерзімі жолаушыға 3 күн және 3 түн, ал мұқимға (жергіліктіге) 1 күн және 1 түн.» (Тирмизи)

«"Бисмиллаһилләзи лә йәдурру мә асмиһи шәй ун фил арди уәлә фиссәма-и уә һуәссәмиул алим" дұғасын таңертең 3 рет оқыған адамға кешке дейін, ал кешке оқығанға таңға дейін ешқандай бәле-жала келмейді.» (Ибн Мажа)

«1 күн білім алу 3 ай ораза ұстаудан да қайырлы.» (Дәйләми)

«Әр намаздан кейін 3 рет "Астағфируллаһ әл азыйм әлләзи лә илаһа илла һу-уәл-хаййал қаййумә уә әтубу илайһ" деп оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі.» (Ибн Сүнни)

«Намаз соңында 3 рет "Субхана раббика раббил иззәти аммә йәсифун уә сәләмун аләл мүрсәлин уәлхамду лиллаһи раббил аләмин" аятын оқыған адам көп сауап алады.» (Табарани)

«Таңертең-кешке 7 рет "Хасбияллаһу лә илаһа илла һу, алейһи тәуәккалту уә һууа Раббул аршил азыйм" деп оқыған адам дүние мен ахирет қиыншылықтарынан құтылады.» (Ибн Сүнни)

«Жұма намазынан кейін 7 рет "Ихлас және Муаууизатайн" оқыған кісі бір апта апаттан, бәле-жаладан және жаман істерден қорғанады.» (Ибн Сүнни)

«Таңертең немесе кешке намазын оқығаннан кейін 7 рет "Аллаһумма әжирни минәннар" деген кісі сол күні қайтыс болса, тозақтан қорғанады.» (Нәсаи)

«Жұма күні 80 салауат айтқан кісінің 80 жылдық күнәсі кешіріледі.» (Дара Қутни)

«Әр намаздан кейін 33 рет субханаллаһ, 33 рет әлхамдулиллаһ, 33 рет Аллаһу әкбар, кейін "Лә илаһа иллаллаһу уахдәһу лә шәрика ләһ ләһул мулку уә ләһул хамду уә һуә алә кулли шәй ин қадир" деп оқыған кісінің теңіз көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі.» (Мүслим)