7 - Шәууал, 1445 жыл.
     16 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (25)

УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (25)

25) Әһли сүннет ғалымдарының (рахимә-һумуллаһу та'ала) сөзінің рас екендігін уаһһабилер де айтуда. Аллаһу та'ала бұл дұрыс сөзді оларға да айтқызуда. Қараңыз, бұл кітаптың төрт жүз отыз екінші бетінде Әһли сүннетті қалай мақтағанын: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Муазды Йеменге әкім қылып жіберетін кезінде «Қалай басқарасың?» деп сұрады. Ол «Аллаһтың кітабымен» деп жауаптады. «Аллаһтың кітабынан таба алмасаң ше?» деген сұраққа «Онда Расулуллаһтың сүннетімен басқарамын» деп жауап берді. «Ал ол жақтан да таба алмасаң ше?» деп сұрап еді, «Ижтиһад етемін, түсінгеніме қарай үкім беремін» деді. Сонда пайғамбарымыз: «Расулының әкіміне Расулының разы болғанын нәсіп еткен Аллаһу та'алаға хамд етемін» деді. Муаз Асхаби кирамның фиқһ, халал-харам білімдерін ең көп білетіндерінен еді. Сондықтан, ижтиһад жасай алатын жоғары ғалым еді. Аллаһу та'аланың Кітабында және Расулының сүннетінде таба алмаған нәрселеріне өз ижтиһады бойынша үкім шығаруы жаиз (рұқсат) еді. Бірақ қазір және бұған дейін Аллаһу та'аланың Кітабындағы үкімдерді және Расулының сүннетін білмейтіндер, сондай сауатсыз бола тұра, өзіміз ижтиһад ете аламыз деп санайды. Оларға обал болсын» делінген.

Барлық дәлелдерін Әһли сүннет ғалымдарының (рахимә-һумуллаһу та'ала) кітаптарынан алған болуымен қатар, бұл қатарларын да сол ұлы ғалымдардың кітаптарынан алған. Өйткені, Ибн Тәймиядан бұрын оның адасқан пікірлері сияқты жазатындар жоқ еді. Бұл жолды ол ашты. Одан кейін келгендер мұны әшкерлеп, асыра сілтеп, жолдан шықты. Әһли сүннет кітаптарынан алған құнды жазбаларға қате, адасқан мағыналар берді. Әр адам арабша үйреніп, ижтиһад жасауы керек деді. Олар дұрыс жолдан адасты. Миллиондаған адамды да адастырды. Жоғарыдағы жазу өз пікірлерін теріске шығарып, олар сияқты сауатсыздардың ижтиһад жасай алмайтындығын, шығарған үкімдерінің, мағыналарының қате болатындығын көрсетуде.

Соңғы кездері ижтиһадқа сенбейтіндер көбейіп келеді. «Мазһаб деген не? Мазһабтар мұсылмандарды бөлді. Дінді қиын жағдайға түсірді. Аллаһ жеңілдікті бұйырады. Ислам дінінде мазһаб деген нәрсе жоқ. Бұлар кейіннен ойдан құрастырылған. Мен сахабалардың жолындамын, одан басқа жол білмеймін» дейді.

Ондай сөздерді діндегі надандар, сауатсыздар шығарған. Қазір де мұсылмандар арасында таратып жүр. Әрі қулық қолданады. Алдымен, Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан дұрыс мәлімет айтып, одан кейін өзінің өтіріктерін айтады. Дұрысын естігендер тұтастай дұрыс деп санап алданады. Құтылу жолы – Асхаби кирамның (сахабалардың) жолы (ридуануллаһи та'ала алейһим әжмаин). Бәйһақи хабар берген және «Кунуз-уд-дақаиқ» кітабында жазылған хадис шәрифте: «Сахабаларым аспандағы жұлдыздар сияқты. Қайсына еретін болсаңдар, хидаятқа қолжеткізесіңдер!» делінген.

Бұл хадис шәрифтің көрсетіп тұрғаны, сахабалардың кезкелген біріне ерген, Оның жолын ұстанған адам дүние мен ахирет бақытына қолжеткізеді. Дәйләми жеткізген хадис шәрифте «Сахабаларым – жақсы адамдар. Аллаһу та'ала оларға үнемі жақсылық берсін» делінген. Тағы да Дәйләми (рахметуллаһи алейһ) жеткізген хадис шәрифте «Сахабаларымның кемшіліктері туралы сөйлеспеңдер!» және «Муауия әлбетте патша болады» делінген.

Сахабалардың жолындамыз дейтіндер бұл жолды қайдан үйренеді? Мың жылдан кейін келген мазһабсыздардан ба? Әлде сахабалар заманында өмір сүрген, олар жетілдірген ғалымдардың кітаптарынан ба? Сахабалар жетілдірген және олардың шәкірттері жетілдірген ғалымдар – «Әһли сүннет уәл жамағат» мазһабының ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала). «Мазһаб» – жол деген сөз. Әһли сүннет уәл жамағат мазһабы дегеніміз – Расулуллаһтың және Оның жамағатының, яғни сахабалардың жолындағы мұсылмандар деген сөз. Бұл мүбәрәк ғалымдар түгелдей сахабалардан үйренгендерін жазған. Өз пікірлерімен ештеңе жазбаған. Кітаптарында дәлелсіз, құжатсыз бірде-бір сөз жоқ. Төрт мазһабтың имандары бірдей. Сахабалардың (ридуануллаһи та'ала алейһим әжмаин) жолын тек қана Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан үйренуге болады.

Сахабалардың (ридуануллаһи та'ала алейһим әжмаин) жолында болғысы келгендер Әһли сүннет мазһабында болуы керек. Кейіннен тараған қате жолдардан сақтануы, аулақ болуы қажет.