2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Сәйид Сибғатуллаһ Хизани

Сәйид Сибғатуллаһ Хизани хазреттері Османлы мемлекетінде жетілген ғалым және әулие, Сәйид Таха Хаққари хазреттерінің шәкірті. 1870 жылы қайтыс болды. Хизанның Ғайда ауылынан.

Кіші жасынан бастап білім алуға кірісті. Әкесі Лутфуллаһ мырза оның жетілуіне ерекше күш жұмсады. Өте зерек болған Сәйид Сибғатуллаһ қысқа уақытта кәлам, тәфсир, хадис, фиқһ сияқты захири ғылымдарды үйренді. Заманының жаратылыстану білімдерінде де маман болды. Бидғаттан ұзақ болып, пайғамбарымыздың сүннетіне сай өмір сүруге тырысты. Тасаууфқа қатты қызықты. Көптеген ғалым мен әулиелердің білім мәжілістеріне және сұхбаттарына қатысты. Ванға барып, Сәйид Мухиддин мырзаның қызметіне кірді. Сәйид Сибғатуллаһ ұстазы берген міндеттерді орындауға жан-тәнімен кірісті. Ауыр риязаттар мен мужаһадалар шекті. Яғни нәпсінің қалауларын істемей, қаламағандарын істеп, нәпсін тәрбиеледі. Ұзақ жылдар бойы ұстазына қызмет ету және сұхбатына қатысумен абыройланды. Ақыр соңында, бір күні ұстазы оған: «Қайтыс болған әулиелерден пайдаланатындай дәрежеге келдің» деді. Сәйид Мухиддин қайтыс болғанда шайх Халид Жәзриге барды. Бұл мүбәрәк кісі қайтыс болғанға дейін сұхбатына қатысты. Кейін Сәйид Таханың Молда Хуруси арқылы жолдаған «Өз үйіңе қайт!» хабарымен Таха Хаққаридың абыройлы қызметіне келіп, шынайы, негізгі үйіне оралды. Оның құн жетпес сұхбаттарын, шөлде сусыз қалған адамдардай, рухына өмір сыйлаушы ретінде қабылдады. Сәйид Таха хазреттері Расулуллаһтан мүршидтері арқылы келген фәйз бен берекеттерді оның жүрегіне ағызды. Жүрек көзі ашылып, жоғары дәрежелерге қолжеткізді. Мүршиді Сәйид Таха хазреттері қайтыс болғанда оның орнына өткен Сәйид Салих хазтреттерінің сұхбатына қатысуды жалғастырды. Сәйид Таханың қарамағында кәмілдік пен жетілгендік дәрежелеріне жеткен Сәйид Сибғатуллаһ Хизан мен Ғайдада халықты жетілдіріп, адамдарға Ислам дінінің әмірлері мен тыйымдарын үйретті. Сұхбатына қатысып, бір тәуәжжуһін алған адамның жүрегінде Аллаһу та'алаға деген махаббат орнықты. Діннің әмірлеріне толықтай бағынып, тыйымдарынан сақтанатын еді.

Ол былай дейтін:

«Шәкірт тауыс сияқты болу керек. Әдемі қанаттарына, түрлі түсті қауырсындарына емес, қара аяқтарына қарауы керек. Нәпсін толықтай нұқсан көрмегенше бағытқа қолжеткізу мүмкін емес. Осылай көрмеу үлкен күнә. Махаббат, ықыласты амал және ынта – шәкірттіктің шарты. Бұлардың бірінің кем болуы рухани пәлекеттің белгісі.»

Әулиенің халдерін айтып беру және тыңдау туралы былай деген:

«Әулиелердің хикаяларын тыңдау махаббатты арттырады. Сахабалардың хикаялары иманды күшейтеді, күнәларды құртады.»

Сәйид Таха хазреттері оған жазған хатында: «Шәкірттің ұстазына деген ықыласы мен махаббаты толық, бағынушылығы дұрыс болып, хал иесі болмаса, зияны жоқ. Бұл үшеуінің бірінде нұқсандық болып, хал бар болса, Аллаһ сақтасын, бұл истидражға жатады. Пәлекеттің белгісі» деп жазды. Бұл хаттағы мағынаның үлкендігі соншалық, бір жыл бойы сұхбатты осы сөздермен бастаған.

Қайтыс болудан бұрын былай деді:

«Мақсат – Ислам діні көрсеткен бағытта болу. Бидғаттан және Ислам дініне қайшы жасалған амалдардан фәйз келмейді. Тасаууф – Ислам дініне бағыну деген сөз. Ислам дініне бағынбай уилаятқа, яғни әулиелікке қолжеткізуге болады деген адам адасушы. Намаздардан кейін дереу истиғфар етіңдер. Ислам діні көрсеткен негіздерге мойынсұнбаған және сүннетті тәрк еткен мүршид жол көрсетуші бола алмайды.»