16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   


Жәбрийа

            Хижри бірінші ғасырдың соңдарында және екінші ғасырдың бастарында пайда болған, “күнә істеудің адамға зияны жоқ, Аллаһқа қарсы шыққандар (кәпірлер), фасықтар (ашықша күнә істегендер) ешқандай азап көрмейді” деп Әһли сүннеттен (пайғамбарымыздың және сахабалардың жолынан) ажыраған, адасқан топ. Мүржийа деп те аталады.

            Жабрийа ағымы, адам мүлдем іс істемейді. Жансыз денелер секілді әрекет етеді. Адамның құдіреті, қалау еркіндігі жоқ. Адамдар жақсы іс істегенде сауап алмайды, жаман іс істегенде азапқа ұшырамайды деп санайды. Кәпірлер, күнә істегендер өз істеріне жауапты емес, өйткені адамның барлық істерін Аллаһ жаратуда, адам қаласа да, қаламаса да Аллаһ күнә жаратып адамға мәжбүрлеп істетіп жатыр, сондықтан адам күнә істеуге мәжбүр деп айтуда. Олардың бұлай деп айтулары күфір, имансыздық. Бұларды мүржийа деп те атайды, бұлар малғұн (лағынеттелгендер). Күнә адамға зиян бермейді, фасық азап көрмейді деп айтуда. Мүржийалардың сенімі толығымен қате, бұзық. Өйткені өз еркімізбен, өз қалауымызбен әрекет етіп жатқанымыз, әрекетіміз діріл түрінде немесе рефлекс халінде еместігі анық. Қолымызбен бір нәрсені ұстауымыз әлбетте өз қалауымызбен. Көздің тартуы, жүректің соғуы болса бұлай емес. Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уәсәлләм: “Мүржийа ағымында болғандарға жетпіс пайғамбар лағынет айтқан” деп бұйырған. (Имам Раббани)

            Жәбрийа тобының өкілдерінің айтқанындай адамда қалау еркіндігі болмағанда, жамандықтарды, күнәларды Аллаһу та’ала мәжбүрлеп жасатқанда, қол-аяғы байланып таудан төмен қарай домалатылған адаммен жүріп, айналасын тамашалап түскен адамның әрекеттерінің бір-бірінен айырмашылығы болмауы керек еді. Алайда біріншісінің домалануы мәжбүрлеп, ал екіншісінің түсуі өз қалауымен болуда. (Мәулана Халид Бағдади)