5 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     6 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / Аллаһу та’ала бар және бір, Одан басқа бүкіл болмыстар жоқ еді, қайтадан жоқ болады

Аллаһу та’ала бар және бір, Одан басқа бүкіл болмыстар жоқ еді, қайтадан жоқ болады

-6-

АЛЛАҺУ ТА’АЛА БАР ЖӘНЕ БІР, ОДАН БАСҚА БҮКІЛ БОЛМЫСТАР ЖОҚ ЕДІ, ҚАЙТАДАН ЖОҚ БОЛАДЫ

Айналамыздағы болмыстарды біз сезім мүшелерімізбен байқап жүрміз. Сезім мүшелерімізге әсер ететін нәрселер «Болмыс» (мәужуд) деп аталады. Болмыстардың бес сезім мүшемізге тигізетін әсерлеріне «Қасиет» немесе «Сипат» делінеді. Болмыстар  бір-бірінен қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Жарық, дыбыс, су, ауа, шыны, бұлардың әрбірі болмыс, яғни «Мәужуд» болып табылады. Салмағы мен көлемі бар болған, яғни кеңістікте орын алып тұратын болмыстарға «Жәуһар» немесе «Зат» делінеді. Заттар бір-бірінен сипаттары арқылы ерекшеленеді. Ауа, су, тас, шыны – жеке-жеке заттар. Ал жарық пен дыбыс зат емес. Өйткені жарық пен дыбыс орын алып тұрмайды және салмақтары жоқ. Әр болмыс «Энергия», яғни «Құдірет» (күш) тасиды. Яғни іс атқара алады. Әр зат қатты, сұйық және газ болып үш түрде бола алады. Қатты заттардың пішіні бар. Сұйық және газ күйіндегі заттардың өздеріне тән белгілі пішіндері жоқ. Бұлар орналасқан ыдысының пішініне енеді. Заттың пішінге енген күйі «Дене» деп аталады. Заттар әрдайым дене күйінде болады. Мысалы, кілт, ине, қысқыш, күрек, шеге – басқа-басқа заттар. Яғни бұлардың пішіндері әртүрлі. Бірақ, барлығы темір материалынан жасалған. Денелер жай және күрделі болып  екіге бөлінеді.

«Әлем өзгермелі», яғни әрбір денеде әрдайым өзгерістер болып тұрады. Мысалы, қозғалу арқылы орны өзгереді, үлкейеді, кішірейеді, түсі өзгереді. Жанды болса, ауырады, өледі. Бұл өзгерістерге «Құбылыс» делінеді. Сырттан бір әсер болмағанша, затта ешқандай өзгеріс орын алмайды. Бір құбылыс орын алған кезде заттың құрылымы бұзылмаса және негізі өзгермесе, бұған «Физикалық құбылыс» делінеді. Қағаздың жыртылуы – физикалық құбылыс. Бір затта физикалық құбылыстың орын алуы үшін бұл затқа бір күштің әсер етуі қажет. Заттың құрылымын бұзатын, негізін өзгертетін құбылыстарға «Химиялық құбылыс» делінеді. Қағаздың жанып, күл болуы химиялық құбылысқа жатады. Бір денеде химиялық құбылыстың орын алуы үшін оған басқа бір заттың әсер етуі қажет. Екі немесе одан да көп заттардың бір-біріне әсер етіп, әрбірінде химиялық құбылыстың орын алу процесі «Химиялық реакция» деп аталады.

Заттардың химиялық реакцияға түсуі, яғни бір-біріне әсер етуі ең кішкентай бөлшектері арқылы жүзеге асады. Заттардың осы ең кішкентай бөлшектері «Жәуһар-ул-фәрд» немесе «Атом» деп аталады. Әрбір дене атомдардан құралған. Яғни атомдардың жиынтығы болып табылады. Атомдардың құрылымы бір-біріне ұқсағанымен, олардың көлемі мен салмағы әр түрлі келеді. Қазіргі таңда атомның 105 түрі белгілі. Ең үлкен атомның өзі ең күшті микроскоппен көрінбейтіндей дәрежеде кішкентай. Бір-біріне ұқсас атомдардың бірігуінен «Жай зат» немесе «Элемент» пайда болады. 105 түрлі атом бар болғандықтан, 105 түрлі жай зат бар. Темір, күкірт, сынап, оттегі газы, көмір, бұлардың әрқайсысы жеке элементтер. Әр түрлі атомдардың бірігуінен «Күрделі зат» пайда болады. Жүз мыңдаған күрделі зат бар. Су, спирт, тұз, әк – күрделі заттар. Күрделі заттар екі немесе одан да көп элементтердің бір-бірімен бірігуінен пайда болуда. Жай заттардың бірігуі атомдардың бір-бірімен бірігуінен пайда болады.

Барлық денелер, мысалы таулар, теңіздер, түрлі өсімдіктер мен жануарлар, бәрі осы 105 элементтен пайда болған. Жанды-жансыз әр дененің құрылымы осы 105 элелемент. Бүкіл денелер осы 105 элементтен бірінің немесе бірнешеуінің атомдарының бірігуінен құралады. Ауа, топырақ, су, жылу, жарық, электр және микробтар күрделі заттардың бөлшектенуіне немесе денелердің бірігуіне себеп болады. «Себепсіз ешқандай өзгеріс болмайды.» Бұл өзгерістерде элементтер, яғни осы болмыстардың құрылымы денеден денеге орын ауыстырады немесе денеден бөлініп еркін күйге өтеді. Біз денелердің жоқ болып кеткенін көріп жүрміз. Көргеніміз бойынша тұжырым шығарып алданудамыз. Өйткені жоқ болып кетті және пайда болды деп айтып жүргеніміз заттардың өзгеруінен басқа нәрсе емес. Бір дененің, мысалы қабірдегі мәйіттің жоқ болуы жаңа денелердің, мысалы судың, газдардың және топырақ заттарының пайда болуы түрінде жүзеге асады. Бір өзгерісте пайда болған жаңа заттар сезім мүшелерімізге әсер етпесе, олардың пайда болғанын біз аңғара алмаймыз. Сондықтан өзгеріске ұшыраған бірінші затты жоқ болып кетті деп ойлаймыз.

105 элементтің әрбірінің түрлерінің өзгергенін, әр элементте физикалық және химиялық құбылыстар болғанын да көріп жүрміз. Бір элемент күрделі заттың құрылымына қосылған кезде ионға күйіне ауысады. Яғни атомдары электрон береді немесе алады. Осылайша, бұл элементтің әр түрлі физикалық және химиялық қасиеттері өзгереді. Әрбір элементтің атомдары бір ядро және «Электрон» деп аталатын әр түрлі мөлшерде әлдеқайда кішкентай бөлшектерден жасалған. Ядро атомның ортасында орналасқан. Сутегіден басқа бүкіл атомдардың ядролары «Протон» және «Нейтрон» деп аталатын бөлшектерден құралған. Протондардың заряды оң (плюс), ал нейтрондарда заряд болмайды. Электрондар теріс зарядталған болып, ядроны шыр айналып жүреді. Электрондар әрдайым өз орбитасында айналғанындай, орбитасын өзгертіп те жүреді.

Атомдардың ядроларында да өзгерістер мен бөлшектенулер болатындығы «Радиоактив» деп аталатын элементтерден байқалуда. Ядролардың осы бөлшектенуінде бір элементтің басқа элементке айналғандығы, заттардың жоқ болып, «Энергия» күйіне айналғандығы да байқалып, тіпті бұл өзгеріс «Эйнштейн» тарапынан есептелген. Демек, күрделі заттарда болғанындай, элементтер де әрдайым өзгеруде, бір күйден екінші күйге айналуда. (Жанды-жансыз барлық заттар  өзгеруде, яғни ескісі жойылып, жаңасы пайда болуда). Қазіргі таңда бар болған бүкіл жандылар (барлық өсімдіктер, барлық жануарлар) әуелі жоқ еді. Басқа жандылар бар еді. Белгілі бір уақыттан кейін қазіргі жандылардың ешқайсысы қалмайды, басқа жандылар пайда болады. Жансыз болмыстардың бәрі де осындай. Жанды-жансыз әр болмыс, мысалы бір элемент болған темір немесе бірнеше дененің құрылымы болған тас, сүйек, бүкіл заттар, бүкіл бөлшектер өзгеруде. Яғни ескілері жоқ болып, басқалары бар болуда. Бар болған зат пен жоқ болған заттың қасиеттері бір-біріне ұқсаса, адам бұл өзгерісті байқамайды, бұл затты үнемі бар болған деп санайды. Кинотеатрда әрекет етіп тұрған кинолентада, объективтің алдында әр сәтте басқа-басқа суреттер келіп-кетіп тұрады, көрермендер мұны түсінбей, бір сурет пердеде қозғалып тұр деп санағаны сияқты. Қағаз жанып күлге айналған кезде, бұл өзгерісті түсінгеніміз үшін «Қағаз жоқ болды, күл пайда болды» дейміз. Мұз ерігенде «Мұз жоқ болды, су пайда болды» дейміз. Заманауи заттар білімі «Сәадәти әбәдийа» кітабының 546, 971 және 1041-ші беттерінде кеңінен жазылған. Сол беттерден де оқуыңызды өтінеміз!

«Шәрһи ақаид» кітабының басында былай жазылған: «Бүкіл болмыстар Аллаһу та’аланың барлығының белгісі екендігі, Оның бар екендігін көрсететіндіктен, жаратылыстардың барлығы «Әлем» деп аталады. Болмыстардың бір жыныстан болғандарына да жеке әлем делінеді. Мысалы, адамдар әлемі, періштелер әлемі, жануарлар әлемі, жансыз заттар әлемі делінеді. Яки әрбір дене – бір әлем.

«Шәрһи мәуақиф» кітабының 441-ші бетінде былай жазылған: «Әлем, яғни барлық нәрселер – хадис, яғни жаратылыс. Яғни, бұрын жоқ болып, кейіннен жаратылған. [Әр уақытта бір-бірінен де пайда болатыны жайында жоғарыда білдірдік.] Денелердің материясы да, сипаттары да – хадис. Бұл жерде төрт пікір келуі мүмкін:

1) Мұсылмандардың, яһудилердің, христиандар және мәжусилердің пікірінше,  денелердің материялары да, сипаттары да – хадис (кейіннен жаратылған).

2) Аристотель мен оның жолындағы философтардың пікірінше, денелердің материясы да, сипаттары да қадим (бұрыннан бар, кейіннен жаратылмаған). Яғни әзәли, әрқашан бар болған дейді. Бұл сөздің қате екендігін заманауи химия ғылымы нақты көрсетіп тұр. Осылай сенген және айтқан адам мұсылмандықтан шығып, кәпір болады. Ибн Сина мен Әл-Фараби де қадим деп айтқан.

3) Аристотельден бұрынғы философтардың айтуынша, материялары қадим болып, ал сипаттары хадис деген. Қазіргі кезде ғалымдардың көпшілігі де осындай қате пікірде.

4) Материяның хадис (кейіннен жаратылған), ал сипаттардың қадим (бұрыннан бар) екендігін мәлімдеген адам әлі болмаған. Калинос осы төртеуінен ешбірін таңдай алмаған.»

Мұсылмандар материя мен сипаттардың хадис (кейіннен жаратылған) екендігін бірнеше жолмен дәлелдейді. Бірінші жол, материя және барлық бөлшектер әрдайым өзгеріске ұшырайды. Өзгеріп тұратын нәрсе қадим бола алмайды. Хадис болуы керек. Өйткені әрбір заттың өзінен бұрынғы нәрседен пайда болу процесі шексіздікке дейін бара алмайды. Бұл өзгерістердің бір бастамасы болуы, яғни алғашқы заттардың жоқтан бар етілген болуы қажет. Жоқтан бар болған алғашқы заттар болмағанда еді, яғни кейінгі заттың өзінен бұрынғы заттан пайда болу процесі шексіздікке дейін барғанда еді, заттардың бір-бірінен пайда болуының бір бастамасы болмас еді және қазір ешқандай заттың бар болмауы қажет болар еді. Заттардың бар болуы және бір-бірінен туындауы, жоқтан бар болған алғашқы заттардан тарағандығын көрсетеді.

Сондай-ақ, аспаннан түскен бір тасқа шексіздіктен келді дей алмаймыз. Өйткені шексіздік – басы, ұшы жоқ деген сөз. Шексіздіктен келу – жоқтан келу дегенді білдіреді. Шексіздіктен келгендігі тұжырымдалған нәрсені келмеуі керек болады. Келген бір нәрсеге шексіздіктен келді деп айту, ақылға, ғылымға сай келмейтін надан сөз болады. Осы сияқты, адамдардың  бір-бірінен пайда болуы шексіз әуелден келе алмайды. Жоқтан жаратылған алғашқы бір адамнан таралуы қажет. «Жоқтан бар болған алғашқы адам болмай, адамдардың бір-бірлерінен пайда болуы шексіз әуелден келуде» деп айтылатын болса, ешбір адамның бар болмауы қажет болады. Барлық болмысқа қатысты да осындай. Заттардың, денелердің бір-бірлерінен пайда болуы үшін «Осылай келген, осылай кетеді. Жоқтан бар қылынған алғашқы заттар жоқ» деп айту ақылға, ғылымға сай келмейтін наданша сөз. Өзгеру шексіз болуды емес, жоқтан жаратылған болуды, яғни «Уәжибул вужуд» болуды емес, «Мүмкинул вужуд» болуды көрсетуде.

Сұрақ: Бұл әлемді жаратқанның өзі де, сипаттары да қадим, әзәли (шексіз бұрыннан бар). Бұл әлемнің де қадим болуы керек емес пе?

Жауап: Қадим болған жаратушының заттарды, бөлшектері әртүрлі себептермен өзгертетіндігін, яғни жоқ қылып, олардың орнына басқаларын жаратқандығын әрдайым көріп жүрміз. Қадим болған жаратушы қалаған кезінде, яғни әрдайым заттарды бір-бірінен жаратуда. Әлемдерді, әрбір затты, әрбір бөлшекті себептермен жаратқаны сияқты, қалаған кезінде себепсіз, құралсыз жоқтан да жаратады.

Әлемдердің хадис болғанына сенген адам фәни екендігіне, яғни қайтадан жоқ болатынына да сенеді. Жоқ бола тұра кейіннен жаратылған болмыстардың қайтадан жоқ бола алатындығы баршаға мәлім. Көптеген болмыстардың жоқ болып кеткендігін қазір де көріп жүрміз.

Мұсылман болу үшін заттардың және денелердің, яғни барлық болмыстың жоқтан бар қылынғанына және қайтадан жоқ болатынына сену керек. Денелердің жоқ бола тұра кейіннен бар болғандығын және қайтадан жоқ болғанын, яғни пішіндері мен қасиеттерінің жойылғанын көріп жүрміз. Денелер жойылғанда заттары сақталып қалғанымен, олардың да әзәли (шексіз ежелден бар) болмағанын, әуелде Аллаһу та’ала тарапынан жаратылғанын және қиямет күні барлығын қайтадан жоқ қылатынын жоғарыда айтып өттік. Қазіргі заманның жаратылыстану ғылымдары бұған сенуге кедергі келтірмейді. Сенбеу – ғылымға жала жабу және Ислам дұшпаны болу деген сөз. Ислам діні жаратылыстану ғылымдарына қарсы емес. Діни білімдерді үйренбеуге және ғибадат міндеттерді орындамауға қарсы. Жаратылыстану ғылымдары да Ислам дініне қарсы емес. Тіпті оны қолдайды және растайды.

Әлем хадис болса, оны жоқтан жаратқан бір жаратушы бар. Өйткені, ешбір құбылыстың өздігінен пайда болмайтынын жоғарыда айттық. Қазір фабрикаларда мыңдаған дәрі-дәрмек, үй жиһаздары, өнеркәсіп және сауда тауарлары, электроникалық құрылғылар, әскери техникалар жасалуда. Олардың көпшілігі нәзік есептер, жүздеген тәжірибелер нәтижесінде шығарылады. Бұлардың біріне болсын олар өздігінен бар болды деп айта алады ма? Бұлардың біліп, қалап жасалғанын айтады және бәрінің бір жасаушысы болу керек дейді де, жандыларда, жансыздарда байқалған және әр ғасырда жаңалары табылған, әрі көбінің құрылысы әлі зерттелмеген миллиондаған заттың және құбылыстың өздігінен кездейсоқ пайда болғанын айтады. Бұл екі жүзділік қырсықтықтан немесе ашық ақымақтықтан басқа не болуы мүмкін? Мәлім болғанындай, әр затты, әр әрекетті бар қылған жалғыз бір жаратушы бар. Бұл жаратушы – «Уәжибул вужуд.» Яғни, алдын жоқ болып, кейіннен пайда болмаған. Әрдайым бар болуы керек. Бар болуы үшін ештеңеге мұқтаж емес. Әрдайым бар болуы керек болмағанда «Мүмкинул вужуд» болар еді. Әлемдер сияқты хадис (жаратылған), яғни махлұқ болар еді. Махлұқ басқа бір махлұқтың өзгеруінен немесе жоқтан бар болады. Оның да жаратушысы болу керек. Осылайша шексіз жаратушы болу керек болады. Махлұқтардағы (жаратылыстардағы) өзгерістердің шексіз болмайтындығын жоғарыда білдіргеніміздей ойлайтын болсақ, жаратушылардың да шексіз бола алмайтындығы, жаратудың бірінші бір жаратушыдан басталатындығы аңғарылады. Өйткені, жаратушылардың бір-бірін жаратуы шексіздікке дейін жалғасады десек, ешбір жаратушының болмауы қажет болады. Міне, жаратылмаған алғашқы жаратушы – махлұқтардың (жаратылыстардың) жалғыз жаратушысы болып табылады. Одан бұрын да, кейін де басқа жаратушы жоқ. Жаратушы жаратылмайды. Ол әрдайым бар болады. Бір сәтке жоқ болса, барлық нәрсе жоқ болады. Уәжибул вужуд, ешбір тұрғыдан ешнәрсеге мұқтаж емес. Жерді, көкті, атомдарды, жандыларды белгілі бір жүйемен, есеппен жаратқанның құдіретінің, қуатының шексіз болуы, барлық нәрсені білуі, қалағанын дереу жасауы, жалғыз болуы, онда ешқандай өзгеріс болмауы керек. Құдіреті шексіз болмаса және барлық нәрсені білмегенде, махлұқтарды мұндай жүйелі, есепті түрде жарата алмас еді. Бұл жаратушы бірден көп болса, бір нәрсені жаратқан кезде қалаулары бір-біріне сай келмегенде, қалағанын жасай алмағандары жаратушы бола алмайды және жаратылған нәрселер тәртіпсіз аралас болар еді. Кеңірек мәлімет алу үшін Әли Уши жазған «Әмали қасидасы»-ның араб және түрік тілдеріндегітүсіндірмелерін оқыңыздар!

Жаратушыда ешқандай өзгеріс болмайды. Қазір қандай болса, әлемді  жаратпастан бұрын да сондай еді. Барлық нәрсені жоқтан жаратқаны сияқты, әрдайым да, қазір де барлық нәрсені жаратуда. Өйткені өзгеру махлұқ болуды, жоқтан жаратылған болуды көрсетеді. Оның әрдайым бар болғандығын, ешқашан жоқ болмайтынын жоғарыда айттық. Сондықтан Онда ешқандай өзгеріс болмайды. Махлұқтар алғаш рет жаратылғанда Оған мұқтаж болғанындай, әр сетте де мұқтаж. Барлық нәрсені жаратқан, әрбір өзгерісті жасаған жалғыз Ол. Жүйелі болу үшін және адамдардың өмір сүре алуы, мәдениетті бола алуы үшін барлық нәрсені себептермен жаратуда. Себептерді Ол жаратқанындай, себептердің әсер етуін, істі жасай алуын да Ол жаратуда. Адамдар себептердің заттарға әсер етуіне себепші (құрал) болуда.

Қарын ашқанда тамақ жеу, ауырғанда дәрі қабылдау, шам жағу үшін кеуіртті тұтату, сутегі алу үшін мырыштың үстіне қышқыл құю, цемент жасау үшін әктас пен сазды араластырып қыздыру, сүт алу үшін сиыр асырау, электр қуатын алу үшін су электр станцияларын құру, әр түрлі фабрикалар құру – себептерді қолданып, жаңа нәрселер жаратуына себеп болып табылады. Адамның қалауы да, қуаты да Аллаһу та’ала жаратқан бір себебі. Ал адамдар Аллаһу та’аланың жаратуына себеп болуда. Аллаһу та’ала осылай жаратуды қалайды. Көрініп тұрғанындай, адам бір нәрсе жаратты деп айту ақылға қонбайтын, дінге сай келмейтін наданша сөз.

Адамдардың өздерін жаратқан, өмір сүргізген, мұқтаж болған нәрселерін жаратып жіберіп тұрған осы жалғыз жаратушысын жақсы көріп, Оған құл, пенде болуы қажет. Яғни махлұқтардың Оған ғибадат етуі, табынуы, мойынсұнуы, құрмет көрсетуі қажет. Осындай екендігі жетінші беттің басындағы үшінші том, он жетінші хатта ұзақ жазылған. Уәжибул вужуд, жалғыз болған осы илаһ, осы тәңір, есімінің «Аллаһ» екендігін өзі білдірген. Құлдарының Ол білдірген есімін өзгертуге ақылары жоқ. Ақысыз жасалған іс зұлымдық болады, өте жаман нәрсе болады.

Христиандар, поптар, жаратушының үшеу екендігіне сенеді. Жоғарыдағы жазбаларымыз жаратушының бір екенін, христиандықтың, поптардың сөздері қате екенін дәлелдеуде.