![]() ![]() ХАЗРЕТІ МУАУИЯ (радиаллаһу анһ)Хазреті Муауияның ұлылығын, үстемдігін ислам ғалымдарының көбі кітаптарында хабар берген және жазғандарын аяти карималармен және хадис шәрифтермен дәлелдеген. Түрік тіліндегі «Исламдағы алғашқы фитна» және «Хақ сөздің дәлелдері» кітаптарында сол жазбалар мен дәлелдердің көбі жазылған. Төменде бірнеше қатар тағы жазып өту жөн көрілді. Бұл жазбалар үлкен ислам ғалымы Ибн Хажәр Мекки хазреттің «Татхирулжәнан уәллисан» атты кітабынан аударылды. Бұл кітап екінші рет 1385 (м.1965) жылы Мысырда басылды. Бесінші бетінде былай жазылған: Хазреті Муауияның бойында (радиаллаһу та'ала анһ) мұсылмандық абыройы, сахаба болу абыройы, хадис шәрифтермен мақталған құрайш тайпасынан болу абыройы және Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) неке арқылы туыс болу абыройы жинақталған. Осы туыс болу абыройы үлкен мәртебе болғаны соншалық, осылай туыс болғандардың жәннатта Расулуллаһтың қасында болатыны хабар берілген. Атап өткен үстемдіктеріміздің кезкелген біреуі бір мұсылманның бойында бар болса, оны жақсы көру қажет болады. Ал бұл абыройлардың бәрі бойында жинақталған адамды қаншалықты жақсы көру керектігін ақылы және ынсабы бар әркім оңай түсінеді. Асхаби кирам арасындағы бөлінулер, қақтығыстар бір-бірін жақсы көрмегені үшін емес еді. Мысалы Халид бин Уәлид пен Са’д бин Әбу Уаққас (радиаллаһу та'ала анһума) бір мәселеде келісе алмаған болатын. Бір адам Са’д бин Әбу Уаққастың қасында Халид бин Уәлидті жамандай бастады. Са’д бин Әбу Уаққас оны бірден тоқтатып, «Доғар, ол туралы ештеңе айтпа! Арамыздағы келіспеушілік дін бауырластығымызды бұзбайды» деді. Осы секілді хазреті Әли көшеде Зубәйр бин Аууаммен кездесті. Хазреті Османға қатысты бір мәселе үшін бір-бірімен қатал сөйлесті. Зубәйрдің ұлы Абдуллаһ осы себепті хазреті Әлиді балағаттай бастағанда әкесі ашуланып ұлын ұрды. Хадис шәрифте: «Үмбетімнің азабы дүниеде беріледі» делінген. Яғни дүниеде үмбетімнің арасындағы фитналар, қиыншылықтар күнәларының төгілуіне себеп болады. Осы секілді тағы түрлі хадис шәрифтердің хабар бергені – асхаби кирам арасындағы соғыстар тек қана дүниедегі бөліну. Ахиретте бәріне сауап, яғни жәннат бар. Асхаби кирамның әрқайсы (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) әр ісінде Аллаһу та'аланың разылығын, сүйіспеншілігін табуға тырысып, Оның бұйрығына бағыну деп санаған амалдарына берілетін. Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) бір ауыздан хабар беруі бойынша, мұсылман адам үлкен күнә істегенде кәпір болмайды. Олай болса хазреті Әлиге қарсы соғысқан асхаби кирамды (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) кәпір деу, қарғыс айту, оларды балағаттау мүлде рұқсат емес. Мұсылмандардың ең құнды және негізгі екі кітабының бірі «Мүслим» сахихында және басқа кітаптарда жазылуы бойынша, хазреті Муауия (радиаллаһу та'ала анһ) Расулуллаһтың хатшысы еді. Оның қасында жүріп жазатын. Зәйд бин Сабит (радиаллаһу та'ала анһ) уахи жазатын. Муауия уахиды да, хатты да жазатын. Абдуллаһ бин Мубарак (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқан: «Хазреті Муауия (радиаллаһу та'ала анһ) Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қасында кетіп бара жатқанда атының мұрнына кірген шаң тозаңы Омар бин Абдулазизден мың есе қадірлі». Бұдан хазреті Муауияның қаншалықты жоғары мәртебелі екені аңғарылады. Хазреті Муауияның (радиаллаһу анһ) үстемдігін көрсетуге мына хадис шәриф жеткілікті: Тирмизи (рахимә-һуллаһу та'ала) хабар беруі бойынша, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Йа, Раббым! Оны хади және мухди ете көр!». Яғни «Оны тура жолға түсір және тура жолға түсіруші қыл!». |