13 - Рамазан, 1447 жыл.
     3 - Наурыз, 2026 жыл.   

  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / "Асхаби кирам" кітабы / АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (3)

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (3)

110) ХАЖЖАЖ БИН ЮСУФ: Таифта Бәни Сақиф тайпасынан болып, 41 жылы туылды. Халифа Абдулмәлик оны қолбасшы етті. Оның алғашқы міндеті Меккеде Абдуллаһ бин Зубәйрмен соғысу болды. Оны шәһид етті. 75 жылы Хижаз және Ирак әкімі болды. Үндістанға дейін билік құрды. Көп мұсылманды шәһид етті. Харижилермен жиһад етіп, оларды ойсыратты. Осылайша әһли сүннетке үлкен қызметі тиді. 86 жылы Уәлид халифа болғанда билігі тағы бір сатыға артты. 95 [м.714] жылы әкім кезінде өлді. Ол өте зерек әрі саясаты мықты адам еді. Жомарттығы, кең пейілдігі де зұлымдығы секілді көп еді. Кешірімі де көп болатын. Үндістан аймақтарында көп жерлерді жаулап алды. Құран кәрімге әрекеттер қойып, дұрыс оқылуын қамтамасыз еткен осы адам. 27, 304, 305, 402.

111) ХАДИША-ТУЛ КУБРА: Құрайштың текті, асыл отбасынан шыққан. Расулуллаһтың алғашқы жұбайы. Әкесі Хувәйлид, анасы Фатима. Ол қырық жасында жесір кезінде Расулуллаһқа тұрмысқа шықты. Расулуллаһ ол кезде жиырма бес жаста еді. Одан төрт қызы және екі ұлы дүниеге келді. Жесір кезінде саудамен айналысатын. Өте бай еді. Қызметкерлері, хатшылары және құлдары бар еді. Жәбрейіл алейһиссалам Расулуллаһқа алғаш көрінген кезде ол қорыққан болатын. Бұл жағдайын Хадишаға айтып берді. Бәрінен бұрын Хадиша иман келтірді. Кәпірлер мүсінге табынып, Расулуллаһқа сенбейтін, оны мазақтайтын. Көп қорлық көрсететін еді. Хадиша Расулуллаһқа жұбаныш пен рух беретін. Ол бүкіл мал-мүлкін ол үшін пида етті. Расулуллаһқа жиырма бес жыл адалдықпен қызмет етті. Бір рет те ренжітпеді. Хижреттен үш жыл бұрын Әбу Талибтың өлімінен үш күннен кейін алпыс бес жасында Меккеде қайтыс болды. Расулуллаһ өмірінің соңына дейін әрдайым оны мақтайтын. Тіпті бір күні үйде мақтаған кезде Айша анамыз шыдай алмай «Аллаһу та'ала сізге одан да жақсырағын берді» деді. «Жоқ! Одан жақсысы берілмеді. Бәрі маған өтірікші деген күндерде ол маған сенді. Бәрі маған қорлық көрсеткенде ол маған жар болды. Ол менің қайғыларымды кетірді» деп жауаптады. Хазреті Хадиша мен қызы Фатима-туз Зәхра дүниедегі бүкіл әйелдердің ең үстемдері екені хадис шәрифте айтылған төрт әйелдің екеуі. Үшіншісі Перғауынның әйелі хазреті Асия, төртіншісі хазреті Мәриәм (радиаллаһу та'ала анһуннә). 14, 69, 70, 134, 171, 188, 242, 289, 310, 323, 331, 376, 383, 408.

112) ХАФСА: Расулуллаһтың жұбайы және хазреті Омардың қызы. Оның бірінші күйеуі Бәдір соғысына қатысқан Хунәйс еді. Хунәйспен бірге ол Мәдинаға хижрет еткен болатын. Ол жас кезінде жесір қалды. Әкесі хазреті Әбу Бәкірге, кейін Османға жұбайлыққа алуын ұсынды. Ол кезде Расулуллаһтың қызы жақында қайтыс болған еді. Екеуі де кешірім сұрап бас тартқан еді. Хазреті Омар мұңайып қалды. Расулуллаһ мұны түсініп, «Йа, Омар! Қызыңды Османнан жақсысы алады әрі Осман Хафсадан жақсысын жұбайлыққа алады» деді. Хижреттің үшінші жылы Ол Хафса анамызды некесіне алумен абыройландырды. Қызы Умми Гүлсүмді хазреті Османға берді. Біраз уақыттан кейін Хафсамен ажырасты. Кейін Жәбрейіл алейһиссаламның белгісімен қайтадан некелесті. Ол көп ораза ұстап, көп намаз оқитын. Алпыс хадис шәриф хабар берген. Хижреттің 41 жылы қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһа). 12, 69, 196, 242.

113) ХАЛИД БИН УӘЛИД: Исламның үлкен дұшпаны Уәлид бин Муғайраның ұлы. Әбу Жәһл мен ол екі ағайындының балалары. Ол сахабалардың ұлыларының, ислам ғазиларының қаһармандарының бірі еді. Анасы Лубабә – Расулуллаһтың балдызы еді. Ухуд соғысында дұшпан бірліктерінің бірінің қолбасшысы болған. Қырыққа жуық сахабаның шәһид болуына себепші болған еді. Худәйбияда да дұшпанның тарапында болды. Алтыншы жылдың соңына таман Амр бин Аспен бірге Мәдинаға барып мұсылман болды. Меккенің алынуында ислам әскерінің бірлік қолбасшысы еді. Мута соғысында Жафәр Тайяр шәһид болғанда қолбасшылықты қолына алып, үш мың адаммен Гераклиустың жүз мың адамдық әскерін жеңді. Расулуллаһтан «Сәйфуллаһ» атын алып абыройланды. Хазреті Әбу Бәкір мен Омар замандарында да түрлі соғыстарды жеңді. 21 жылы Хумста қайтыс болды. Бірақ Яқут Хамауи бойынша Мәдинада жерленген. 56, 64, 113, 114, 116, 117, 177, 180, 201, 250, 251, 259, 302, 312, 323, 341, 354, 362.

114) ХАЛИД БИН ЗӘЙД: Әбу Әйюб Ансари – асхаби кирамнан. Әйюб сұлтан атымен танымал. Расулуллаһ Мәдинаға хижрет еткенде түйе оның есік алдына шөкті. Расулуллаһ мешіт соғылғанша жеті ай осы үйде қонақ болды. Мәдина халқы хазреті Халидтың үйіне келіп Расулуллаһты зиярат ететін. Сол кездері яһуди ғалымы «Абдуллаһ бин Сәлам» да келіп, Расулуллаһқа мұқият қарап тұрды. «Бұл жүз өтірікшінің жүзі емес» деп бірден мұсылман болды. Хазреті Халид Бәдір, Ухуд, Хандек және басқа да соғыстарға қатысты. Жүз елу хадис шәриф хабар берген. Қартайып қалса да хазреті Муауия заманында Суфян бин Ауф Әзди қолбасшылығындағы әскермен Стамбұл жорығына қатысты. Язид те сол әскерде еді. 50 жылы қамалдың сыртында отыз мың мүжаһидпен бірге шәһид болды. Қажы Байрам Уәли жетілдірген әулие Ақ Шәмседдин тарапынан қабірі табылып, Фатих Сұлтан Мұхаммед Хан оған кесене жасатты. Османлы патшалары бұл кесенеге құрмет көрсететін. Әміршілер осы кесененің алдында қылыш тағатын (радиаллаһу та'ала анһ). Стамбұл қаласы Язид пен Сүлейман бин Абдулмәлик замандарында да қоршауға алынған еді. 13, 19, 63, 113, 121, 288, 311, 361.

115) ХАЛИД БАҒДАДИ: Зияддин Мәулана Халид Османидің әкесі Ахмед бин Хусейн, Бағдаттың Зур ауылынан. Осман бин Аффан (радиаллаһу анһ) тегінен. Мәулана Халид фиқһ, хадис, тәфсир, тасаууф, кәлам, сарф, нахв, бәди, мәани, баян, бәлағат, уад, бахс, адаб, аруз, лұғат, логика, физика, математика, геометрия, астрономия және т.б. ілімдерде заманының теңдесі жоқ ғұламасы еді. Фирузабадидің үлкен Камус сөздік кітабын жатқа білетін. Заманындағы Бағдат ғалымдарының және тасаууфшыларының бәлкім сол ғасырдағы бүкіл ғалымдардың үстінде еді. Құран кәрімнің сырларына ие еді. Бүкіл өмірі зухдпен және уәрамен өтті. Оны көрген, естіген әр ғалым оның жоғары дәрежесін, үстемдігін айтатын. Ол әр ілімнен, әр кітаптан сұралған барлық сұраққа ойланбастан бірден дұрыс, негізіне сай жауап беретін. Баршаға таңданыс тудыратын. Аты барлық жаққа жайылды. Сүйлеймания әкімшілігінен Абдуррахман паша бір медреседе сабақ беруін, барлық қажеттілігін молынан қамтамасыз ететінін айтып, көп сұрағанымен ол қабылдамады. Бұл істі атқара алмаймын деді. 1203 жылы ұстазы сәйид Абдулкәрим Бәрзәнжи оба ауруынан қайтыс болғанда оның шәкірттері бос қалмасын деп оларға дәріс берді. Жан-жақтан ғалымдар оның дәрсіне жиналды. Ол барлық қиын мәселені шешіп, барлық дертке дауа табатын. Ол ешкімге мән берместен күндіз-түні ғибадат ететін. Жәзбә хәлінде болып, көп жылайтын. Тым ойшаң еді. 1220 жылы қажылыққа барды. Жолда Шам ғалымдарынан көп қошемет көрді. Берген жауаптарымен ғалымдарды таңқалдырды. Кішіпейіл болғандықтан ол жақта ғұлама Мұхаммед Кузбәриден хадис риуаяты ижазатын алды. Мұстафа Курдиден хадис және Қадири ижазатын алды. Жолда айтқан парсы тіліндегі өлеңдері өте нәзік рухының үні еді. Диуанын көрген әркім қайран болады. Мәдинада йемендік бір ғалымнан насихат сұрағанында ол: «Меккеде дінге қайшы бір әрекет көрсең, бірден қарсы шықпа!» дейді. Меккеде бір жұма күні қағбаға қарап «Дәлаил-и шәриф» оқыған еді. Надан көріністі, қара сақалды біреудің қағбаға арқасымен бұрылып, оған қарап тұрғанын байқады. «Ұялмастан қағбаға теріс бұрылып тұр» деп ойлағанында: «Мұсылманға құрмет қағбаға құрметтен бұрын тұрады. Осы себепті саған жүзімді бұрдым. Неге мені жазғырдың, Мәдинадағы кісінің насихатын ұмыттың ба?» деді. Ол кісінің үлкен әулиелердің бірі екенін түсінді. Одан кешірім сұрап, маған білім бер деп жалынды. Ол «Сен бұл жерде жетіле алмайсың» деді де, қолымен Үндістанды көрсетті. «Сенің мәселең сол жақта шешіледі» деп кетіп қалды. Сөйтіп ол қажылықтан еліне қайтып, дәріс бере бастады. Бірақ күндіз-түні Үндістанды ойлаған еді. Бір күні Үндістанның құтбы Абдуллаһ Деһлеуидің шәкірттерінің бірі келді. Екеуі бір бөлмеге кіріп, шықпайтын болды. Содан дәріске келмей кетті. Шәкірттер үндістандыққа ашулана бастады. 1224 [м.1809] жылы екеуі Үндістанға жолға шықты. Барша халық, шәкірттер, ғалымдар жылап, жалбарынып жолдан қайтаруға көп тырысты, дегенмен пайдасы болмады. Тегеранда шии ғалымы Исмаил Кашиды шәкірттерінің арасындағы сөз сөйлеуінде масқара етті. Кезінде шии тәфсирлерінде: «Бәдр тұтқындарын босатқаның үшін Аллаһу та'ала сені кешірді аяты Әбу Бәкірге сөгіс айтуда» деп оқыған болатын. Кашиден «Пайғамбарлар күнә істей ме?» деп сұрады. Каши «Жоқ, істемейді» деп жауаптады. «Аллаһу та'ала сені кешірді аяты пайғамбарлардың күнә істегенін көрсетеді» деді. Каши: «Бұл аят пайғамбарға айтылмаған, Әбу Бәкірге сөгіс айтуда» деді. «Олай болса Аллаһу та'ала Әбу Бәкірді кешірдім деп тұр ғой, неге сендер кешіре алмай жүрсіңдер?» деді. Каши жауап бере алмай масқара болды. Кейін ол Бистам, Харкан, Сәмнан мен Нишапурдан өтті. Кірген жерлеріндегі әулиелерді өлеңдерімен мақтады. Тус қаласында Имам Әли Ризаның кесенесін зиярат еткенде өте әдемі қасида оқып мадақтады. Жам және Гераттан өтті. Әр қаладан кетерінде ғалымдар, халық ғашық болып, сағаттап шығарып салатын. Кандагар, Кабул, Пишавер ғалымдарының сұрақтарына берген жауаптарымен бәріне таңданыс тудыратын. Лахорға және толық бір жыл жаяу жүріп Делиге жетті. Ол жақта уарис-и улуми раббани, жамии кәмали сури уә манеуи Сәйид Абдуллаһ Деһлеуи [1158-1240] хазреттің жүрегіне орнықтырған зікірді үзбей және тоғыз ай оқып, хузур және мушаһада дәрежесіне жетті. Уилаят-и кубра пайда болды. Мужәддидия, Қадирия, Сухрауардия, Кубрауия және Чәштияда кемелдікке жетті. Абдуллаһ Деһлеуидің мүбәрәк жүрегіндегі бүкіл сырларға ие болды. 1226 жылы отаны Сүлейманияға оралды. Ол жақтан Бағдаттағы Абдулқадир Гейлани үйіне орналасты. Саид паша бин Сүлейман паша Бағдаттың әкімі еді.

Мәулана Халид Матуриди ақидасында және Шафии мазһабында еді. Көп ғалым, көп әулие жетілдіріп шығарды. Сансыз кереметтері байқалды. Олардың көбі түрік тіліндегі «Шәмс-уш шумус» және «Мәжд-и талид» кітаптарында жазылған. Мысалы, Сұлтан Махмұдтың сарайдағы уәзірлерінің бірі Халет мырза мәуләуи еді. Мәулана Халидтың абыройы мен даңқын көре алмай, оны халифаға жамандады, «Он мыңдаған адамы бар. Бұл мемлекетке және сұлтандыққа қауіпті. Оның көзін құрту керек» деді. Сұлтан Махмұд «Дін адамдарынан мемлекетке зиян келмейді» деп оның сөзіне мән бермеді. Мәулана Халид хазрет мұны естіп халифаға қайыр дұға етіп, саламаттық тіледі де, «Халеттің мәселесі пір Жәлаледдин Руми хазретке тапсырылды. Оны алдына шығарып, жазасын береді» деді. Аз уақыттан кейін Сұлтан Махмұд хан оны Мора көтерілісіне себеп болғаны үшін Конияға сүргінге жіберді. Ол жақта өлім жазасына тартылды.

Мәулана Халид 1192 жылы Зур ауылында дүниеге келіп, 1242 [м.1826] жылы Шамда оба ауруынан қайтыс болды (қаддәсаллаһу та'ала сиррәһул азиз). «Жалиәт-ул әкдар» салауат кітабы әр апта оқылады. Өте пайдалы. Оның нахв, кәлам, фиқһ, тасаууф ілімдерінде құнды кітаптары бар. Парсы тіліндегі «Итиқаднама» атты «Әмәнту» шәрһінің және рабыта рисаласының аудармалары басылған. «Итиқаднама»-ның түрік, француз, неміс және ағылшын тілдеріндегі аудармалары Хақиқат Кітап үі тарапынан басылған. 88, 154, 392, 411.

116) ХАМЗА БИН АБДУЛМУТТАЛИБ: Асхаби кирамның ұлыларынан. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көкесі. Әрі сүт бауыры. Анасы Халә Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) анасы хазреті Әминаның көкесінің қызы еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қырық алты жасында болғанда бір күні Сафа тауында отырған еді. Әбу Жәһл қасынан өтіп бара жатып Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) балағат сөз айтты. Ол мүбәрәк аузын да ашпады, ештеңе демеді. Бірақ бір қызметші қыз мұны естіген еді. Хамза (радиаллаһу анһ) ол күні аңшылықтан келе жатқан болатын. Әдеті бойынша тауаф жасау үшін Харам шәрифке кірді. Қызметші қыз оған келіп: «Әбу Жәһл бауырыңның ұлына былай былай айтты» деді. Хамза ол кезде әлі мұсылман болмаған еді. Бірақ бауырының ұлына балағат айтылғанын естігенде туыстық сезімі оянды. Қаруланған күйінде құрайш кәпірлеріне барды. «Бауырымның ұлына жаман сөз айтқан, оны ренжіткен сенсің бе?» деп мойнындағы садақпен Әбу Жәһлдің басын жарды. Ол жақтағы кәпірлер Хамзаға жабылмақшы болды. Үлкен қақтығыс шығатын еді. Бірақ Әбу Жәһл: «Тиіспеңдер! Хамзаның айтқаны дұрыс. Оның бауырының ұлына біліп әдейі жаман сөздер айттым» деді. Осылайша Хамзадан тезірек құтылды. «Оған тиісуші болмаңдар! Бізге ашуланып мұсылман болар. Солай Мұхаммед күшейіп кетеді» деді. Хамза мұсылман болмасын деп басының жарылуына разы болды. Өйткені Хамза құрметті, қадірлі және күшті еді. Хамза Расулуллаһқа барып: «Йа, Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм)! Әбу Жәһлден кегіңді алдым. Оны қанға боядым. Ренжіме, қуан» деді. Расулуллаһ: «Мен мұндай нәрселерге қуанбаймын» деді. «Сені қуанту, ренішіңді басу үшін не қаласаң соны істейін» деді. «Мен тек қана сенің иман келтіруіңе, қадірлі денеңді тозақ отынан құтқаруыңа қуанамын» деді. Хамза (радиаллаһу анһ) дереу мұсылман болды. Құрайштың алдына барып, мұсылман болғанын және Аллаһтың пайғамбарын барлық жолмен қорғайтынын әдемі қасида оқып хабар берді. Оның мұсылман болғанына Мұхаммед (алейһиссалам) қатты қуанды. Мұсылмандар едәуір күшейді.

Ол Мәдинаға хижрет етті. Бәдір соғысында үлкен қаһармандық көрсетті. Ухуд соғысында да отыз бір кәпірді тозаққа жіберген соң Уахши тарапынан шәһид етілді (радиаллаһу та'ала анһ). Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұған қатты қайғырды. Көп жылады. Оның жаназа намазын оқыды. Шәһид болған кезінде ол елу жеті жасында еді. Уахши да (радиаллаһу анһ) кейіннен мұсылман болды. 134, 250, 379, 380, 381, 384, 397, 398.

117) ХАРУН РАШИД: Аббаси халифаларының бесіншісі. Мұхаммед Мәһдидің ұлы, Жафәр Мансұрдың немересі. 148 жылы дүниеге келіп, 193 [м.809] жылы Тус қаласында қайтыс болды. Туста жерленген. 170 жылы бауыры Мұса Хади қайтыс болғанда халифа болды. Әкесінің билігі кезінде екі рет римдықтармен соғысқан еді. Қаһармандық көрсетіп, Ускударға дейін барған еді. Ол халифа кезінде Эреглиге дейін басып алды. Тоғыз рет қажылыққа барып, Мәдина, Мекке халқына көп сияпат пен көмек көрсетті. Білім мен кәсіп иелеріне көп көмектесетін. Өте әділ еді. Бірақ уәзірі бәрмәкилерге өте ауыр жаза берді. Император Карлмен достық құрды. Оған сыйлықтар жіберді. Сол кезде жіберген сумен істейтін сағаты еуропалықтарды таңқалдырған еді. Жұбайы Зубәйда Меккенің барлық жеріне «Айн-и Зубәйда» деп аталатын су көздерін және хауыздар жасатты. 83, 88, 311, 315, 329, 338, 350, 360, 399.

118) ХАСАН БИН ӘЛИ: Хазреті Әлидің үлкен ұлы, Расулуллаһтың немересі. Он екі имамның екіншісі, ислам халифаларының бесіншісі. Хижреттің үшінші жылы Рамазан айының ортасында Мәдинада дүниеге келіп, 49 жылы Мәдинада қайтыс болды. «Мират-и каинат» кітабында былай жазылған: «Хазреті Муауия өзінен кейін орнына хазреті Хасанды (радиаллаһу анһума) халифа қылуға шешім қабылдады. Мұны халыққа жариялады. Язид әкесінің бұл шешімін естігенде өзі халифа болу үшін Шамнан хазреті Хасанның әйеліне у жіберді. «Сені мен жұбайлыққа аламын. Басыңнан аяғыңа дейін мал-мүлікпен, әшекей бұйымдарымен қамтамасыз етемін» деп оны алдады. Ол «менімен ажыраспақшы» деп онсыз да хазреті Хасанға кек сақтап жүрген болатын, оны улады». Хазреті Хасанның жүзі Расулуллаһқа қатты ұқсайтын. Жұмсақтық, разылық, сабырлық және жомарттық иесі еді. Халифа Османның үйі қоршауға алынған кезде әкесі тарапынан інісімен бірге көмекке жіберілген еді. Қырқыншы жылы ол Куфада халифа болды. Жеті айдан кейін хазреті Муауиямен соғысуды дұрыс санамай, халифалықты өз разылығымен оған тапсырды. Хазреті Айша имамның Расулуллаһтың қасына жерленуіне рұқсат берді әрі қатты қалады, дегенмен Мәруан оны Бақи мазарына жерлеткізді. Оның ұрпағын «шәриф» деп атайды. 29, 47, 48, 60, 61, 62, 63, 66, 68, 69, 74, 101, 105, 106, 110, 115, 118, 127, 131, 133, 134, 138, 140, 168, 181, 189, 193, 195, 221, 234, 235, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 250, 302, 331, 359.

119) ХАСАН ЧЕЛЕБИ: Әкесі Мұхаммед шах. Молла Фәнаридің ұрпағы болып, ғалым және кемел еді. 840 жылы дүниеге келіп, 886 [м.1481] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). «Бәйдауи» және «Тәжрид», «Тәлуих», «Мутаууәл», «Мәуақиф», «Уиқая» кітаптарына хашиялар жазған. Басқа еңбектері де бар. 90.

120) ХИНД БИНТИ УТБӘ: Исламның үлкен дұшпаны Утбә бин Рәбиа бин Абди Шәмс бин Абди Мәнафтың қызы, Әбу Суфянның жұбайы және хазреті Муауияның анасы. Одан бұрын Фақиһ бин Муғира Махзумның жұбайы болған. Ухуд соғысына қатысты. Дұшпан әскерлерін соғысқа шақыратын. Мекке жаулап алынған кезде күйеуінен бір күннен кейін мұсылман болды. Расулуллаһтың қайырлы дұғасын алды. Ярмук соғысында күйеуімен бірге ислам әскеріне қосылып, ислам жауынгерлерін римдықтарға қарсы соғысуға ынталандырды. 13 жылы Әбу Кухафәмен бір күнде қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһума). 12, 328, 355, 396, 398.

121) ХУМАЮН ШАХ: Есімі Мирза Мұхаммед. Үндістандағы Гургания мемлекетінің (Моғол патшалығы) екінші сұлтаны. Мирза Бабур шахтың ұлы. 913 жылы Кабулда дүниеге келіп, 963 жылы қайтыс болды. Ол 937 жылы патша болды. 946 және 947 жылдары Ауғанстанда Шир ханға қарсы жеңіліс тапты. Сөйтіп Иранды паналады. 962 жылы ауған әскерін жеңіп, қайтадан патша болды. 963 [м.1556] жылы қайтыс болды. Делидегі кесенесі өте әдемі және әшекейлі. Үнді сұлтандары 313-ші бетте. 12, 372.

122) ХУСЕЙН БИН ӘЛИ: Расулуллаһтың немересі, хазреті Әлидің екінші ұлы. Он екі имамның үшіншісі және әһли бәйттің бесіншісі. Хижреттің алтыншы жылы дүниеге келіп, 61 [м.681] жылы мухаррам айының оныншы күні Кербелада шәһид болды. Ол әр түрлі хадис шәрифтермен мақталған. Үнемі әкесінің қасында болатын. Әкесі шәһид болғанда Мәдинаға барды. Хазреті Муауия қайтыс болған кезде Язидке биат етпеді (бағынбады). Куфалықтар оны шақырып халифа қылғысы келді. Бауыры Мұхаммед бин Ханафия, Ибн Омар, Ибн Аббас және басқа да сахабалар бөгет болғысы келсе де, ол насихаттарды тыңдамай, жетпіс екі адаммен Меккеден Иракқа жолға шықты. Язид Шамнан мұны естігенде Ирак әкімі Убәйдуллаһ бин Зиядқа: «Оны Куфаға кіргізбе» деп бұйрық жолдады. Ол Са’д бин Әбу Уаққастың ұлы Омардың қолбасшылығында әскер жіберді. Омар кері қайтуын айтса да Имам қабылдамай соғысты. Қасындағыларға да қайта қайта «Беріліңдер!» деп айтылса да 72-сі толық шәһид болғанша шайқасты. Синан бин Әнәс Нәхаи хазреті Имамды шәһид етті. Мүбәрәк ұлы Имам Зәйнәлабидин он жасында және ауру болып жатқандықтан өлтірілмеді. Әйелдермен және имамның мүбәрәк басымен Шамға жіберілді. Мүбәрәк басы Мысырда Карафа мазарында жерленген. 29, 48, 65, 68, 69, 74, 105, 106, 110, 115, 118, 127, 131, 133, 134, 136, 137, 138, 139, 140, 165, 181, 195, 221, 235, 242, 243, 244, 250, 280, 302, 316, 329, 331, 358, 399, 400, 401, 402, 408.

123) ХУСЕЙН БИН ӘЛИ УАИЗ КАШИФИ: Сұлтан Хусейн Байкыра заманында Гераттың уағызшысы еді. «Мәуаһиб-и алия» атты парсы тіліндегі тәфсирі өте құнды. Мұхаммед бин Идрис Битлиси [982] жылы және сарай ұстаздарынан Исмаил Фаррух тарапынан 1246 жылы түрік тіліне аударылып, екіншісі «Мәуакиб» тәфсирі деген атаумен басылған. «Лубабул-ихтиярат тайин-ил әукат» кітабында намаз уақыттарының анықталуы баяндалған. Ол 910 [м.1504] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). 52, 101.

124) ХУСЕЙН БҰХАРИ: Хусейн бин Яхия Бұхари – ханафи мазһабының ғалымы. 400 [м.1010] жылы қайтыс болды. Имам Мұхаммедтің «Жами-ул кәбир» кітабын шәрһ еткен. 107.

125) ХУСЕЙН ХИЛМИ ЫШЫҚ: Бір мың үш жүз жиырма тоғызыншы [1329] хижри жылына тура келген бір мың тоғыз жүз он бірінші [1911] жылы наурыз айының сегізінші күні шырайлы көктемнің таңында Стамбұлда, Әйюб сұлтан ауданында Серви ықшам ауданының Везиртекке көшесі, Шифа дөңінде [1] нөмірлі үйде дүниеге келді. Әкесі Саид мырза және атасы Ибраһим палуан Плевнаның Лофча ауданы, Тепова ауылынан, анасы Айша ханым және анасының әкесі Хусейн мырза да Лофча ауылынан еді. Саид мырза тоқсан үшінші [хижри 1295, милади 1878] Ресей соғысында босқын ретінде Стамбұлға келген, Везиртеккеде орналасып үйленген еді. Соғыс пен босқындық қиыншылықтары себебімен ешбір мектепке бара алмаған, муниципалдық өлшеу-таразы ісіне жауапты қызметкер болып, қырық жылдан астам уақыт сол қызметті атқарған. Стамбұлдың үлкен мешіттерінде атақты ұстаздардың дәрістеріне үздіксіз қатысып, діни білім алып жетілген. Жұмысына байланысты математиканың төрт есебін бірден ойша шығарып, шебер болғаны соншалық, көргендер таңқалатын.

Хусейн Хилми мырза бес жасында Әйюб мешіті мен Бостан айлағы арасындағы Михри Шах Сұлтан бастауыш мектебіне бара бастады. Ол жерде екі жылда Құран кәрімді жаттап алды. Жеті жасында Сұлтан Решад ханның кесенесіне тиіп тұрған «Рәшадия Нумуне мектебінде» алғашқы білімін алған кездері әкесі демалыс айларында «Хаким Кутбуддин», «Календерхане» және «Әбуссууд» діни мектептеріне де жіберіп, баласының жақсы жетіліп шығуына көп күш салатын. Хусейн Хилми мырза [1924] жылы бастауыш мектепті үздік бітірді. Бастауыш мектепте әр сабақтан алған алтын түсті мақтау қағаздары үлкен альбомды толтырған. Сол жылы Кониядан Стамбұлға әкелінген «Халыжыоғлу әскери лицейі» қабылдау емтихандарын ол өте жақсы тапсырып, сол жылы орта мектепке үздік болып өтті. Әр жылы марапаттар алып, [1929] жылы әскери лицейді үздік бітіріп, әскери медициналық мектепке түсті. Медициналық мектепте екінші курсқа үздік болып өтті. Фармацефтикалық мектепті және кейіннен Гүлхана ауруханасында бір жылдық стажын үздік өткізіп, алғаш рет аға лейтенант болып әскери медициналық мектебіне мұғалім болып тағайындалды. Фармацевтика оқуында студент кезінде Абдулхаким мырзаның кеңесімен Парижде шығатын «Le Matin» газетіне жазылып, француз тілін үйренді. Мұғалім болып жүрген кезінде тағы ұстазының бұйрығымен химиялық инженерияның магистратурасын оқи бастады. Үлкен математик Вон Мисестен, механика профессоры Прагерден, физик Демберден, техникалық химияны Гросстан оқыды. Химия профессоры Арндтың қолында жұмыс істеді. Оның мақтауларын алды. Арндпен бірге алты ай жұмыс істеп, «Фенилциано-нитрометан-метил эфирі» затының синтезін жасап, формуласын анықтады. Әлемде алғаш рет жасалған табысты жұмысты ағылшын тілінде 2 том нөмірімен мемлекеттік кітапханада басылған ғылыми факультет журналында және неміс тілінде шыққан «Zentral Blatt» атты химия кітабының [м.1937] жылғы және [2519] санында «Х.Хилми Ышық» есімінде жазылған. Хусейн Хилми Ышық 1936 жылдың соңында 1/1 санды химиялық инженерияның магистратурасының дипломын алды. Сол жылы Түркияда алғаш және жалғыз химия инженері болғаны күндік газеттерде жазылды. Бұл жетістігі үшін әскери химия тобына ауыстырылып, Анкарада, Мамакта улы газдар химигі қызметін атқарды. Ол жерде он бір жыл қалып, Аувер фабрикасының бас директоры Мерцбахер, химия докторы Голдштейн және оптика бас маманы Нейманмен жылдар бойы жұмыс істеді. Олардан неміс тілін де үйренді. Соғыста қолданылатын газдар бойынша маман еді. 1947 жылы Бурса әскери лицейінде химия мұғалімі, кейін оқыту меңгерушісі болып, сол жерде және кейіннен Кулели және Ерзинжан әскери лицейлерінде ұзақ жылдар бойы химиядан сабақ оқытып, жүздеген офицерге ұстаз болды, аға полковник кезінде 1960 жылғы көтерілісте зейнетке шығарылды. Кейін Вефа лицейінде, имам хатиб мектебінде, Чағаоғлу, Бакыркөй кәсіби институттарында математика, химия пәнінен сабақ беріп, өте көп иманды жастарды жетілдірді. 1962 жылы Йешилкөйде орталық дәріхананы сатып алып, иесі және жауапкер директоры ретінде ұзақ жылдар бойы халықтың саулығына қызметін тигізді. Саясатқа мүлде араласпаған, ешбір партияға қосылмаған. Араңдатушылыққа, тариқатшылыққа, мемлекет пен заңға қарсы шығуға қарсы екенін еңбектерінде анық жазған. Түркияның және бүкіл әлемнің барлық жеріне жіберген әр түрлі тілдердегі кітаптарында ислам дінінің дұрыс түсінілуі, ислам үкімдері мен ахлақының жайылуына көп еңбек сіңірді. Осы себепті дінді дүниелік табысқа құрал қылғандар мен мазһабсыздар жала жаба бастады. 1391 [м.1971] жылдың күзінде Делиді, Диобенд пен Сирхиндті, кейін Карачиді зиярат етіп, Панипут қаласында Сәнауллаһ хазрет пен Мазхар Жаны Жананның әйелінің қабірлерінің аяқасты қалғанын көріп, қынжылып, қаражат беріп, екі қабірдің де жөнделуін және қорғалуын қамтамасыз етті (рахимә-һуллаһу та'ала). [Хусейн Хилми Ышық (рахметуллаһи та'ала алейһ) 26 қазан, 2001 [9 шабан, 1422] жылы қайтыс болып, Қашғари медресесі маңында жерленген].

Везиртеккені Сафранболулық Мұхаммед Иззет паша 1210 [м.1795] жылы садры азам (премьер-министр) болған кезінде Нақшибанди ғұламаларына арнап салдырды. 159, 397.

126) ХУСЕЙН ТАЙИБИ: Шәрәфәддин Хусейн бин Мұхаммед Тайиби – үлкен ғұламалардан. Хадис, тәфсир және әдебиетте танымал. 743 [м.1343] жылы қайтыс болды. 118.

127) ИБН ЖУРӘЙЖ МЕККИ: Абдулмәлик – хадис ғалымы. Исламда алғаш кітап жазған. 150 [м.767] жылы қайтыс болды.

128) ИБН ХАЖӘР МЕККИ: Ахмед бин Мұхаммед Шихабуддин Хәйтәми – Меккенің ғалымы еді. 899 [м.1494] жылы дүниеге келіп, 974 [м.1566] жылы қайтыс болды. Шафии мазһабында үлкен ғалым болған. Тек фиқһ бойынша ғана жетпіс кітап жазған. Төрт томдық «Минхаж шәрһі» шафии мазһабының ең құнды кітабы. Асхаби кирам туралы жазған «Татхир-ул жәнан уәллисан» және «Сауаиқ-и мухрика» кітаптары жеке-жеке үздік туынды. «Хайратул хисан фи мәнәқибил Имам Әбу Ханифатуннуман» кітабы Имам Ағзамның үстемдігін көрсететін өте құнды дәлел. Үлкен күнәлар баяндалған «Зәуажир» кітабы мен Имам Нәуәуидің шафии фиқһындағы «Минхаж» кітабына жазған «Тухфәт-ул мухтаж» атты шәрһі өте құнды. Фәтуа кітаптары және тағы көптеген туындылары бар (рахимә-һуллаһу та'ала). 12, 20, 25, 59, 75, 76, 77, 204, 259, 269, 354, 382, 405.

129) ИБН ХАЛДУН: Үлкен тарихшы. Атасы Халдун Хадремуттық. Өз есімі Абдуррахман бин Мұхаммед Хадреми. Аталары Андалусияда орналасқан еді. 732 [м.1332] жылы Тунисте дүниеге келді. 755 жылы Морокко сұлтаны Әбу Инанның бас хатшысы болды. Балаларын Жәзаирге жіберіп, өзі 764 жылы Гранадаға барды. Сұлтан Ибн Ахмәр арнайы кеме жолдап, бала-шағасын Жәзаирден Гранадаға алдырды. Көптеген жерде сұлтандарға хатшы, уәзір болып, 780 жылы дәріс бере бастады. 784 жылы Искендерияға, кейін Каирға барып, Жамиул Азхарда дәріс берді. Мысырда малики қазысы болды. Шамда Әмір Темірден көп құрмет пен жәрдем көрді. 789 жылы қажылыққа барды. 808 [м.1406] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Жеті үлкен томдық тарих кітабынан басқа да туындылары мен өлеңдері бар. Тарих кітаптары түрік және Еуропа тілдеріне аударылған әрі басылған. 20.

130) ИБН ХАЗМ: Әли бин Ахмед бин Саид бин Хазм – Андулусияның үлкен ғалымдарынан еді. Мемлекеттің уәзірі болған. Атасы – Әбу Суфянның ұлы Язидтің азат еткен құлы еді. 384 [м.994] жылы Қуртубада (Кордоба) дүниеге келіп, 456 [м.1064] жылы қайтыс болды. Кәлам, фиқһ ғалымы, дәрігер, ақын және философ еді. Әр ғылымда көп кітабы бар. «Китабул имамәти уәлхилафә фи сиярил хуләфа» кітабы құнды. Өкінішке орай, философияға беріліп, аяти карималар мен хадис шәрифтерге өз ақылы бойынша мағына беріп, әһли сүннеттен айрылған, адасқан. Сәләф-и салихиннің кемелдігін ұғына алмаған, дін ғұламаларына құрметсіздік көрсеткен. Осы себепті мемлекеттен сүргінге жіберіліп, шөл далада қайтыс болды. 15.

131) ИБН ХУМАМ: Кәмаледдин Мұхаммед бин Абдулуахид Сиваси – ханафи фиқһ ғалымдарынан. «Тахрир-ул усул» кітабы және «Фәтх-ул қадир» атты «Хидая» шәрһі мәшһүр. Бірнеше томдық бұл кітабы Үндістанда, Мысырда, Стамбұлда басылған. Ол 790 [м.1388] жылы дүниеге келіп, 861 [м.1457] жылы қайтыс болды. 90, 317, 406.

132) ИБН ХИЛЛИКАН: Шәмседдин Ахмед бин Мұхаммед бин Ибраһим – Эрбильде 608 жылы дүниеге келді. Бермек ұлдарынан. Үлкен ғалым және атақты тарихшы. Халепте, Мысырда дәріс берді. 651 жылы Шамда Қадил-кудат [бас қазы, апелляциялық сот басшысы] болды. 660 жылы Мысырға барды. 676 жылы қайтадан Шамда бас қазы болды. 681 [м.1282] жылы Шамда қайтыс болды. «Уәфиятул аян» тарих кітабы өте құнды болып, шәрһтері, қосымшалары және түрлі тілдерге аудармалары жасалған. Шафии мазһабында еді (рахимә-һуллаһу та'ала). 20.

133) ИБН МӘЛӘК: Абдуллатиф бин Абдулазиз – ханафи фиқһ ғалымы. Измир Тирада дәріс беретін. Ибниссааттың «Мәжма-ул бахрейн» кітабын, Нәсәфидің «Мәнар» кітабын, «Уиқая» және «Мәшарикул әнуар» кітаптарын шәрһ еткен. 801 [м.1399] жылы Анадолыда Тирада қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). 46.

134) ИБН МУНЗИР: Әбу Бәкір Мұхаммед бин Ибраһим – әкесі сияқты Нишапур ғалымдарынан. Шафии мазһабында еді. 318 [м.930] жылы Меккеде қайтыс болды. Көп кітап жазды (рахимә-һуллаһу та'ала). 118.

135) ИБН НУЖӘЙМ: Зәйнәлабидин бин Ибраһим – ханафи фиқһ ғалымдарынан. 926 жылы дүниеге келіп, 970 [м.1562] жылы қайтыс болды. Фиқһта «Әшбах» кітабы өте құнды. Түрлі шәрһтері бар. «Бахрурраиқ фи шәрһи Кәнз-и дәқаиқ», «Зәйния» рисала кітаптары және фәтуалары мәшһүр. Әр түрлі шәрһтері бар.

Омар бин Ибраһим бин Нужәйм деген кісі Зәйнәлабидин бин Нужәймнің інісі және шәкірті. Ол 1005 жылы қайтыс болды. Мысырда ағасының қасына жерленген (рахимә-һуллаһу та'ала). «Нәхрулфаиқ фи шәрһи Кәнз-и дәқаиқ» кітабы өте құнды. 53.

136) ИБН САД: Мұхаммед бин Сад – басралық. Уақидидің хатшысы еді. 230 [м.845] жылы қайтыс болды. «Табақат-ус Сахаба» кітабы он бес томнан тұрады. Кейіннен оны қысқартқан. 20.

137) ИБН СӘММАК: Әбул Аббас Мұхаммед бин Субх насихаттары және уағыздарымен танымал. Харун Рәшид оны аса құрметтейтін. 183 [м.799] жылы Куфада қайтыс болды. 31.

138) ИБН ЗИЯД: Убайдуллаһ бин Зияд бин Әбу Суфян бин Харб. Хазреті Муауия 53 жылы Зияд бин Әбу Суфян қайтыс болғанда оның ұлы Убайдуллаһты Хорасан әкімі қылды. Убайдуллаһ ол кезде жиырма бес жаста еді. 54 жылы оны қолбасшы қылды. Жәйхун өзенін түйелермен өтіп, Бұхараны алды. 55 жылы Басра әкімі болды. 58 жылы харижилер Басрада көтеріліс жасағанда оларды жермен-жексен етті. Язид заманында Куфа әкімі болды. Кербела оқиғасына себепші болды. Язид қайтыс болғанда Иракта халифа болғысы келді. Халық қабыл етпеді. Содан ол Шамға қашты. Мәруан Абдуллаһ бин Зубәйрге биат еткісі (бағынғысы) келген. Мәруанның ойынан қайтарды. Мәруанның және ұлы Абдумәликтің замандарында Шамда ол қолбасшы еді. Куфадағы көтерілісті басты. 67 жылы көтерілісшілер Куфада қайтадан жиналып, «Мухтар» оларға басшылық етіп, Ибраһим бин Үштур қолбасшылығында әскер құрып, шамдықтарды жеңді және Ибн Зиядты өлтірді. Абдуллаһ бин Зубәйр бауыры Мусаб бин Зубәйрді Басра әкімі қылды. Басралықтар куфалықтармен соғысып, оларды жеңді. 67 жылғы бұл соғыста Мухтар өлтірілді. 63, 139, 140, 346, 354, 400, 401.

139) ИБРАҺИМ ХАЛИД: Ибраһим бин Халид туралы Әбу Сәур бөліміне қараңыз. 88.

140) ИКРИМӘ: Әбу Жәһлдің ұлы. Басында исламның үлкен дұшпаны еді. Мекке жаулап алынған күні өлтірілуі бұйырылған алты адамның бірі еді. Сол күні ол Меккеден қашып, кемеге мінді. Жолда үлкен боран болды. Батайын деп тұрған кезде егер құтылса Расулуллаһтың аяғына жығылуды атады. Боран тоқтады. Йеменге шыққанда мұсылман болды. Оған дейін иман келтірген көкесінің қызы жұбайымен Мәдинаға келді. Кешірілді. Исламға көп қызмет етті. Хазреті Әбу Бәкір заманында мүртәдтермен соғысқанда бар күш-жігерін салды. Қолбасшы ретінде Оман мен Йеменге жіберілді. Шамды жаулауға да қатысты. Ярмук соғысында көп қаһармандық көрсетіп, шәһид болды (радиаллаһу та'ала анһ). 95, 355.

141) ИМАМ РАББАНИ: Есімі Ахмед. Үндістанда жетілген ең үлкен ислам ғалымы. Ғалымдардың үстемі, ерендердің көсемі, кереметтердің иесі, шексіз дәрежелердің жинақтаушысы, ақиқатты білушілердің басшысы еді. Ол хазреті Омардың жиырма сегізінші ұрпағы. Хижреттің 971 жылы және миладтың 1563 жылы ашура күні Сәрһәнд қаласында дүниеге келді. Жоғары дәрежесінің ең үлкен дәлелі «Мәктубат» кітабы. Мұхаммед Масумның шәкірті Мұхаммед Бақыр Лахори «Мәктубат» кітабын парсы тілінде қысқартып, «Кәнз-ул хидаят» атауын берген. Жүз жиырма беттік бұл кітап 1376 [м.1957] жылы Лахорда басылған. Мәктубаттың бірінші томының түрікше аудармасы «Мәктубат аудармасы» атауымен 1402 [м.1982] жылы Стамбұлда басылған. Имам Раббани хазрет Мүжәддидия, Қадирия, Сухрауардия, Кубрауия және Чәштия ғұламаларының бүкіл кемелдіктеріне ие еді. Бәдрәддин Сәрһәндидің парсы тіліндегі «Хадаратул қудс» кітабында, Мұхаммед Хашим Кишмидің «Бәракат» кітабында, Мәктубаттың арабша аудармасы «Дурәрул Мәкнунат» кітабының хашиясында және араб тіліндегі «Хадаиқ-ул уәрдия» кітабында кереметтері, өмірбаяны кеңінен жазылған. «Мәктубат» кітабының парсы тілді толық нұсқасы және «Бәракат» кітабы 1977 жылы Стамбұлда басылған. Урвәтулвуска Мұхаммед Масум Фаруқидың немересі Ғұлам Мұхаммед Масумның шәкірті Қожа Мұхаммед Фадлуллаһ (қаддәсаллаһу та'ала әсрараһум-ул азиз) жазған «Умдәтул мақамат» кітабында Имам Раббанидың және ұстаздары мен шәкірттерінің өмірбаянын ұзақ баяндаған. Бұл кітап парсы тілінде. Үндістанда басылған. Мұхаммед Фадлуллаһ 1238 [м.1823] жылы Кандагарда қайтыс болды. Қожа зада Ахмед Хилми мырзаның Стамбұлда 1318 жылы басылған түрікше «Хадиқа-тул Әулия» кітабы да Имам Раббанидың және ұстаздарының өмірбаяны мен кереметтерін баяндаған. «Мәктубат» кітабының парсы тіліндегі түпнұсқасы және араб тіліндегі аудармасы қысқартылып «Мүнтәхабат» атымен Стамбұлда бөлек бөлек басылған. Имам Раббани хижреттің бір мың отыз төртінші [1034] және миладтың [1624] жылы сапар айының жиырма тоғызыншы сейсенбі күні қайтыс болды. Сәрһәндте отбасылық мазарда жерленген (қаддәсаллаһу та'ала сиррәһул азиз). 21, 22, 32, 47, 48, 54, 55, 68, 72, 78, 82, 104, (141), 199, 220, 222, 225, 234, 235, 243, 263, 269, 411.

142) ИМРАН БИН ХАСИН: Асхаби кирамнан. Хайбар жаулап алынған жылы [жетінші жылы, Худәйбиядан кейін жаулап алынған] иманға келді. Одан кейінгі соғыстарға қатысты. Хазреті Омар фиқһ үйрету үшін Басраға жіберді. Абдуллаһ бин Амир тарапынан Басраның қазысы болды. 52 жылы Басрада қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһ). 106, 193.

143) ИЗЗЕДДИН ӘЛИ: Әли бин Мұхаммед бин Әсир Жизри – тарих кітаптарымен танымал болған ғалым. 555 жылы Жәзирә бин Омар деп аталатын ауданда дүниеге келіп, 630 [м.1232] жылы Мусулда қайтыс болды. «Камил» атты тарих кітабы Адам алейһиссаламнан 628 жылға дейін болған оқиғаларды баяндайды. Бұл кітап 1886 жылы Нидерландының «Лайден» қаласында он екі үлкен том болып басылды. Кейіннен Мысырда басылды. Асхаби кирамнан жеті мың бес жүз сахабаның өмірбаянын жазған «Усуд-ул ғабә» кітабы тарих кітаптарының үздігі. Бес томдық бұл кітап Мысырда Уәһбия баспаханасында 1280 жылы басылған. Құдс ғалымдарынан Бәдреддин Мұхаммед бин Яхия және Мұхаммед бин Мұхаммед Қашғари [709] бұл кітапты жеке-жеке қысқартқан. Сәманидің «Китабул әнсаб» туындысын қысқартып және түзетіп даярлаған үш томдық тағы бір еңбегі бар. Үш туындының бәрі түрік тіліне аударылған. 20, 250.

144) ҚАЗЫ ӘБУЛХАСАН: Әли бин Нұғман Мағриби 329 жылы дүниеге келіп, 374 [м.985] жылы қайтыс болды. Мысырда Фатимилер заманында тоғыз жыл бас қазы қызметін атқарды. Ғалым еді. 85.

145) ҚАЗЫ АЯЗ: Әбулфадл Ияд бин Мұса – хадис ғалымы еді. 476 жылы Сеутада дүниеге келіп, 544 [м.1150] жылы Марракеште қайтыс болды. Андалусияда білім алды. Сеутада, Гранадада қазы болды. Көп кітап жазған. «Мәшарикул әнуар» және «Шифа» кітаптары мәшһүр (рахимә-һуллаһу та'ала). 75.

146) ҚАЗЫ ШУРӘЙХ: Әбу Умәйя бин Харс – табииннің ұлыларынан. Хазреті Омар заманында Куфа қазысы еді. Хазреті Әли халифа кезінде оның алдында бір зиммимен соттасқан еді. Өте әділ еді. Фиқһ ғалымы еді. 87 [м.706] жылы 120 жасында қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). 47, 169, 234.

147) ҚАЗЫЗАДА АХМЕД: Ахмед Әмин бин Абдуллаһ 1133 жылы дүниеге келіп, 1197 [м.1783] жылы қайтыс болды. Қазы болған. «Тариқат-и Мухаммадия» кітабын және «Биргиуи өсиетнамасы» кітабын шәрһ еткен. «Фәраид-ул фәуаид» атты әмәнту шәрһі өте пайдалы. Көп басылымы бар. 90, 94.

148) КАРАМАНИ КӘМАЛАДДИН: Исмаил Кәмаладдин мұғалім еді. Кәмал Руми және Қара Кәмал деп аталған. 920 [м.1514] жылы қайтыс болды. «Ақаид-и Нәсәфи» шәрһіне, «Мәуақиф» шәрһіне, «Уиқая» кітабына, «Бәйдауи» тәфсиріне және «Кәшшаф» кітабына хашиялар [түсіндірмелер] жазған (рахимә-һуллаһу та'ала). 67.

149) КАСТАЛАНИ: Шихабуддин Ахмед бин Мұхаммед – Мысыр ғалымдарының ұлыларынан. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) өмірбаянын жазған «Мәуаһиб-и ләдунния» кітабын Жамиул Азхар мұғалімі ғұлама Мұхаммед Зәрқани Малики шәрһ еткен, сегіз том болып 1329 жылы және 1393 жылы Бейрутта басылған. Юсуф Нәбхани тарапынан қысқартылып, 1312 жылы әріптері әрекетпен жазылып Ливанда басылған, 1401 [м.1981] жылы Стамбұлда офсеттік жолмен басылған. Бұл кітап өте пайдалы. Ол 851 [м.1448] жылы дүниеге келіп, 923 [м.1517] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). 63, 103, 128.

150) КИНАНӘ БИН БӘШИР: Расулуллаһтың үшінші халифасы хазреті Осман бин Аффанды Құран кәрім оқып отырғанда шәһид еткен Мысыр сығаны. Перғауынға табынған ақымақтардың ұрпағы. 121.

151) КОНСТАНТ: Екінші Констант – Екінші Гераклиустың (Ираклий) ұлы. Хижреттің жиырмасыншы жылы он екі жасында король болды. Хазреті Муауияның әскеріне жеңіле бергендіктен Стамбұлдан кетіп Сицилияға барды. 47 [м.668] жылы сол жақта қайтыс болды. 14.

152) ҚУРТУБИ: Әбу Абдуллаһ Мұхаммед бин Ахмед Шәмседдин Ансари – Ибн Әбу Бәкір Фәрәж. Андалусияның ең үлкен ғалымдарынан. 671 [м.1272] жылы қайтыс болды. Малики еді. «Әсма-ул хусна» шәрһі, «Илам-и дин-и Насара», «Тәзкирә фи ахуал-и ахира» және басқа да кітаптары бар. 58, 199, 251, 406.

153) МАЛИК БИН ӘНӘС: бин Малик бин Әбу Амир Әсбахи – әһли сүннеттің амалда, ғибадатта бөлінген төрт мазһабтың бірі Малики мазһабының имамы. 90 [м.709] жылы Мәдинада дүниеге келгені Ибн Абидиннің кіріспесінде жазылған. Табииннен болғаны күмәнді. Фиқһта, хадисте және тәфсирде өте терең білімі бар. Ұстаздары да одан білім алуға келетін. Хадис шәриф оқитын кезінде жаңадан дәрет алып, тізерлеп отыратын. Мәдинада ешқашан жануарға мінбеді. Үнемі жаяу жүрді. Құрметі мен әдебі мол еді. 147 жылы әділетсіз фәтуа бермегені үшін 70 дүре соғылды. Бірақ сонда да бермеді. [м.795] жылы Мәдинада қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). «Муватта» атты хадис кітабы – ең алғашқы хадис кітабы. Көп ғалымдар бұл кітапты шәрһ еткен. Африканың солтүстігіндегі мұсылмандардың көбі малики мазһабын ұстанады. Малики мазһабындағы ең атақты фиқһ кітабы «Әттәрфи» және «Әл-ихкам» кітаптары. 25, 42, 43, 75, 76, 126, 142, 204, 330, 388, 399, 406, 407.

154) МАЛИК БИН НУВӘЙРА: Бәни Тәмим тайпасының көсемі еді. Тайпасымен бірге мұсылман болған еді. Расулуллаһ оған тайпасынан зекетін жинап Мәдинаға әкелу міндетін тапсырған болатын. «Мәдариж-ун нубуввә» кітабының 690-шы бетінде жазылуы бойынша, Малик Расулуллаһтың қайтыс болғанын естігенде зекетті жібермеді, иелеріне таратып қайтарды. Халид бин Уәлидпен сөйлескен кезде Расулуллаһ туралы: «Сендердің иелерің тек өзі ғана айтқанын ойлайды» және «Естуімше, мырзаларың былай айтқан екен...» деді. Бұл сөз Халидке өте ауыр келді. Асхаби кирамнан Дырар бин Малик-ил Әзуар Әсәдиге бұйрық берді, Дырар оны өлтірді. Дырар Расулуллаһтың елшісі еді. Ярмук, Шам және Ямама соғыстарында көп қаһармандық көрсетіп, шәһид болды. Малик бин Нувәйраның інісі ақын еді. Ағасына жоқтау оқыды. Халифа Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) Халидтың үзірін қабыл етті. 114, 116.

155) МӘҺДИ: Фатима-туз Зәхра ұрпағынан қияметке жақын келетін тұлға. Есімі Мұхаммед, әкесі Абдуллаһ болады. Ғалым әрі әулие болады, жер бетінің халифасы болады. Иса (алейһиссалам) аспаннан Шамға түскенде хазреті Мәһдимен кездеседі. Мәһди мүжтәһид болып, басқа мазһабтардың үкімін жойып, бүкіл әлем оның мазһабын ұстанады. Ол өте әділ болады, ешбір жаратылыстың арасында дұшпандық қалмайды. Асхаби Кәһф оянып, үңгірден шығады да, Мәһдиге қызмет етеді. Хадис шәрифтер осыларды және тағы басқа көптеген белгілерін хабар беруде. Ибн Хажәр Мекки «Қаул-ул мұхтасар фи аламат-ил Мәһдийил мунтазар» атты кітабында ұзақ баяндаған (рахимә-һуллаһу та'ала). 59, 74, 142.

156) МӘНАУИ [немесе Мунауи]: Абдуррауф бин Әли – хадис және фиқһ ғалымы. Шафии еді. 924 жылы Мысырда дүниеге келіп, 1031 [м.1622] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Тәфсир, хадис, фиқһ, тасаууф, тарих, ахлақ және медицина туралы жүзге жуық шәрһтері мен еңбектері бар. «Кунуз-уд дақаиқ» кітабында он мың хадис шәриф бар. 1281 жылы Стамбұлда басылған. 120, 128, 248, 249, 252, 254, 255, 256, 257.

157) МӘРУАН БИН ХАКЕМ: бин Әбил Ас бин Умәйя – төртінші Әмәуи халифасы. Хижреттің екінші жылы дүниеге келді. Хазреті Османның көкесінің ұлы. Әкесі Таифқа сүргінге жіберілгендіктен, ол Таифта өсті. Хазреті Осман оны Таифтан Мәдинаға әкеліп, өзіне хатшы қылды. Хазреті Османды шәһид етуге Мысырдан келген сыған әскерімен сарайдың бақшасында қақтығысып жатқанда мойны жараланды. Мойны қисайып қалды. Хазреті Муауия заманында Мәдина мен Хижаз әкімі болды. 49 жылы босады. Абдуллаһ бин Зубәйрдің халифалығын қабыл етпекші еді. Бірақ Ибн Зиядтың сөзіне алданып, 64 жылы хақ бойынша халифа болған Абдуллаһқа қарсы шықты. Шамда өзі халифа болды. 65 [м.684] жылы 63 жасында әйелі тарапынан ұйықтап жатқанда өлтірілді. Кейбір кітаптар оба ауруынан қайтыс болғанын жазады. Ол ғалым еді. Фақиһ еді. Өте зерек әрі ақылды еді. Құран кәрімді өте әдемі оқитын. Күнәлардан аса сақтанатын. Әкесі Хакем бин Ас Мекке жаулап алынған күні иман келтірген болса да мұнафиқ еді. Жәмәл оқиғасында Мәруан атқан оқ хазреті Талханы шәһид етті. Алайда екеуі де хазреті Айшаның әскері еді. Бұл соғыста қатты жараланды. Хазреті Әли оны кешіріп, Мәдинаға жіберді. Оның мөрінде «Аллаһқа сиынамын, оған жүгінемін» деп жазылған еді. Саяси өмірі аралас әрі қараңғы болғанымен, Аббаси тарихшылары халифаларға жақсы көріну үшін қателіктерін асырып жазып, тіпті оны жамандау үшін хадис ойлап та шығарған. Дұшпан тарапынан жазылған кітаптар әлбетте осындай болады. Хазреті Османның халифалық істерінде қолданған және хазреті Әли кешірген адамды малғұн деп атауға дейін барып жамандады. Османлы тарих кітаптары уақыттың жақындығы мен шекара көршілігі тұрғысынан Аббаси тарих кітаптарынан аударылған, олардың әсерінде қалғандықтан, қолымыздағы кітаптарда қате мағлұматтар бар. Ақиқатында аббасилер әһли бәйтке қарсы дұшпандықта әмәуилерден әлдеқайда асып түскен. 121, 130, 139, 345, 350, 358, 365, 378.

158) МӘСРУК: Мәсрук бин Мәрзубан Куфи – тәбә-и табииннің ұлыларынан. Риуаяттары өте құнды. Екі жүз қырқыншы жылы қайтыс болды. Ибн Хажәр Аскалани «Тәхзиб-ут тәхзиб» кітабында оныншы томында ол туралы жазған. 31, 204.

159) МӘЙМУН БИН МҰХАММЕД НӘСӘФИ: Ханафи ғалымдарынан. 508 [м.1114] жылы қайтыс болды. Кәлам ғалымы. «Тәмхид» кітабы мәшһүр. Басқа еңбектері де бар. 118, 363.

160) МИҚДАД: Миқдад бин Амр бин Саләбә Кенди – Миһдад бин Әсуад есімімен танымал. Асхаби кирамның ұлыларынан. Алғаш иманға келгендерден және Хабешке хижрет еткендерден. Мәдинаға хижрет ете алмай, исламын жасырып Меккеде қалған болатын. Икримә қолбасшылығында мұсылмандарға қарсы жіберілген құрайш әскерінің сапында болып, соғыс басталғанда ислам тарапына өткен еді. Бәдір және басқа бүкіл соғыстарға қатысты. Мысырды жаулап алуға қатысты. Отыз үшінші [33] жылы хазреті Осман заманында Мәдинада 70 жасында қайтыс болды. Хадис шәрифпен мақталды (радиаллаһу та'ала анһ). 27, 68, 105, 113, 241.

161) МУАУИЯ: Әбу Суфян бин Харб бин Умәйя бин Абди Шәмс бин Абди Мәнафтың ұлы. Анасы Хинд. Асхаби кирамның ұлыларынан болған. Әкесі, анасы және бауыры Язидпен бірге Мекке жаулап алынған кезде иманға келді. Ол өзі оған дейін иманға келген, бірақ әкесінен қорқып білдірмей жүрген еді. Хунәйн соғысында әкесі екеуі Расулуллаһтың көз алдында қаһармандықпен шайқасты. Расулуллаһтың хатшысы болу абыройын иеленді. Хазреті Әбу Бәкірдің Шамға жіберген әскерінде бауыры Язидпен бірге болды. Язид Шамның әкімі болды. Язид он тоғызыншы жылы қайтыс болғанда хазреті Омар Муауияны Шамның әкімі қылды. Хазреті Осман бүкіл Сирияны оның әміріне берді. Ол Шамда жиырма жыл, алты ай әкім болған еді. 41 жылы Куфада халифа болды. Шамда да жиырма жыл халифалық қызмет атқарды. Алпысыншы 60 [м.680] жылы жетпіс тоғыз жасында Шамда қайтыс болды. Ол өте ақылды, зерек, шешен, өте сабырлы, жұмсақ мінезді және өте жомарт кісі еді. Ислам дінінің жайылуына және өркендеуіне көп қызмет етті. Көп мемлекеттерді алды. Ислам ғалымдары одан көптеген хадис шәриф алып кітаптарына жазған. Бұл оның ұлылығын және ғалымдардың, дін имамдарының оған сенгенін және сүйенгенін көрсетеді. Абдуллаһ бин Аббас, Әбуддәрда және көптеген сахабалар мен табиин одан хадис тыңдаған әрі оларды дін имамдарына хабар берген. Қайтыс боларында пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) оған сыйлаған көйлекпен кебіндеп, қазынада сақтаулы тұрған Расулуллаһтың қырқылған шаш пен тырнағын көзіне, аузына қойып жерлеуді өсиет еткен еді. Хазреті Әли екеуі бір-біріне қарғыс айтқанын «Қысас-ы Әнбия» жазған болса да, мұны бидғатшылардың ойдан шығарғаны құнды кітаптарда жазылған.

 

 

ШАМДАҒЫ ӘМӘУИ ХАЛИФАЛАРЫ

Реттік нөмірі

Есімі және әкесі

Туылған жылы

Таққа отыруы

Қайтыс болуы

1

Муауия бин Әбу Суфян бин Харб

[Хижреттен бұрын]

19

41 [м.662]

60

2

Язид бин Муауия

26

60 [м.680]

64

3

Муауия бин Язид

44

64 [м.683]

65

4

Мәруан бин Хакем бин Әбил ас

2

65 [м.683]

65

5

Абдулмәлик бин Мәруан

26

65 [м.684]

86

6

Уәлид бин Абдулмәлик

46

86 [м.705]

96

7

Сүлейман бин Абдулмәлик

60

96 [м.715]

99

8

Омар бин Абдулазиз бин Мәруан

61

99 [м.717]

101

9

Язид бин Абдулмәлик

71

101 [м.720]

105

10

Хишам бин Абдулмәлик

71

105 [м.724]

124

11

Уәлид бин Язид

90

124 [м.741]

126

12

Язид бин Уәлид

91

126 [м.744]

126

13

Ибраһим бин Уәлид

 

126 [м.744]

127

14

Мәруан бин Мұхаммед бин Мәруан бин Хакем

72

127 [м.745]

132

 

«Мәдарижун нубуввә» кітабының 661-ші бетінде жазылуы бойынша, Имам Ахмедтің «Мүснәд» кітабынан Имам Суюти шығарған хадис шәрифте Ирбад бин Сария айтқан: Расулуллаһтың қасында едім. Ол «Йа, Раббым, Муауияға жазуды үйрет және оны азабыңнан қорға!» деді. Имам Әли (радиаллаһу анһ): «Муауияның халифа болғанын қаламайсыңдар. Бірақ ол болмағанда көп бастар денелерінен айрылатын еді» деген. Ол Әмәуи халифаларының біріншісі (радиаллаһу та'ала анһ).

 

 

АНДАЛУСИЯДАҒЫ ӘМӘУИ ХАЛИФАЛАРЫ

Реттік нөмірі

Есімі және әкесі

Туылған жылы

Таққа отыруы

Қайтыс болуы

1

Абдуррахман бин Муауия Хишам бин Абдулмәлик

110

138 [м.756]

170

2

Хишам бин Абдуррахман

142

170 [м.787]

180

3

Хакем бин Хишам

154

180 [м.796]

239

4

Абдуррахман бин Хакем

176

206 [м.821]

239

5

Мұхаммед бин Абдуррахман

208

239 [м.852]

273

6

Мунзир бин Мұхаммед

 

273 [м.886]

295

7

Абдуллаһ бин Мұхаммед

258

295 [м.908]

300

8

Абдуррахман Насыр бин Мұхаммед бин Абдуллаһ

277

300 [м.912]

350

9

Хакем бин Абдуррахман

 

350 [м.961]

366

10

Хишам бин Хакем

351

366 [м.977]

403

11

Мұхаммед Мәһди бин Хишам бин Абдулжәббар бин Абдуррахман Насыр

Хишам бин Хакем қайтадан

 

399 [м.1009]

399 [м.1009]

403

12

Сүлейман бин Хакем бин Сүлейман бин Абдуррахман Насыр

 

403 [м.1013]

407

13

Әли бин Хамуд бин Имам Хасан

 

407 [м.1017]

408

14

Қасым бин Хамуд

 

408 [м.1018]

412

15

Яхия бин Әли

 

412 [м.1021]

413

16

Абдуррахман бин Хишам бин Абдулжәббар

 

413 [м.1022]

413

17

Мұхаммед бин Абдуррахман бин Абдуллаһ бин Абдуррахман Насыр

 

413 [м.1022]

414

18

Хишам бин Абдулмәлик бин Абдуррахман Насыр

 

418 [м.1027]

422

 

479 [м.1087] жылы Марракештегі «Мурабитин» немесе «Муләссимин» деген мемлекет Андулусияға басқыншылық жасады. Еуропалықтар бұл мемлекетті «Almoravides» деп атайды. 541 жылдан 668 [м.1269] жылға дейін «Мувахидин» мемлекетінің қолына өтті. Кейін «Бәни Ахмәр» мемлекетінің орталығы «Ғырната» (Гранада) 898 [м.1492] жылы қолдан кетумен Андулусиядағы ислам билігі аяқталды. 10, 11, 12, 14, 15, 17, 19, 20, 21, 23, 25, 27, 30, 31, 37, 42, 47, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 75, 76, 77, 88, 105, 106, 122, 136, 137, 138, 139, 168, 169, 175, 176, 181, 187, 189, 194, 197, 209, 211, 234, 241, 244, 245, 246, 251, (259), 269, 270, 279, 303, 311, 312, 325, 341, 344, 345, 350, 353, 354, 358, 360, 378, 381, 387, 396, 397, 399, 402, 405, 408.

162) МУАУИЯ (екінші): Хазреті Муауияның немересі және Язидтің ұлы. Әмәуи халифаларының үшіншісі. Діндарлығы, қанағатшылдығы, тақуалығы, ынсабы көп еді. 42 жылы дүниеге келіп, 64 жылы қайтыс болды. 64 жылы әкесі қайтыс болғанда халифа болды, дегенмен қырқыншы күні мінберге шығып, «Халифа болуға шамам жетпейді. Сендерге Омар секілді халифа іздедім, таба алмадым. Сендер өздерің ұнатқандарыңды халифа қылыңдар» деп халифалықты тастады. Ғибадатқа берілді. Қырық күннен кейін қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Орнына Мәруан өтті. 37.

163) МУҒИРА-ТӘБНИ ШУБӘ: Асхаби кирамнан. Арабстанның атақты кемеңгерлерінің бірі. Ямама және Шам соғыстарына қатысты. Ярмук соғысында бір көзі жараланды. Қадсия, Нихавенд және Хемедан жеңістеріне қатысты. Хазреті Муауия Амр бин Асты Мысырға және оның ұлы Абдуллаһ бин Амрды Куфаға әкім қылғанда Муғира халифаға: «Арыстанның екі жағының арасына қалай кіресің?» деді. Осыған орай Абдуллаһты босатып, орнына Муғираны Куфаның әкімі қылды. Әкім кезінде елуінші жылы қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһ). 62, 114, 172, 189, 251, 382.

164) МҰХАММЕД БАҚЫР: Имам Хусейннің немересі, Имам Зәйнәлабидин Әлидің ұлы. Он екі имамның бесіншісі. Имам Жафәр Садықтың әкесі. Елу жетінші жылы Мәдинада дүниеге келіп, 113 [м.732] жылы қайтыс болды. Мәдинада «Бақи» мазарында жерленген. Білімі, түсінігі, тақуалығы көп еді. 67, 110, 137, 212, 318.

165) МҰХАММЕД БИН АХМЕД КЕМАЛАДДИН: Ташкөпрузада Мұхаммед бин Ахмед 959 жылы дүниеге келіп, 1030 [м.1621] жылы қайтыс болды. Ашык паша мешітінің ауласында әкесінің қасына жерленген. Әкесінің «Мифтах-ус саада» кітабын түрік тіліне аударып «Мәудуат-ул улум» деп атаған. 105.

166) МҰХАММЕД БИН ЖӘРИР: Табари есімімен атақты болған тарихшы. Есімі Мұхаммед бин Жәрир. Тәфсир, хадис, фиқһ және тарих бойынша білімі өте көп еді. 224 [м.839] жылы Иранның солтүстігіндегі Табаристанның Амул қаласында дүниеге келіп, 310 [м.923] жылы Бағдатта қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Үлкен тәфсир және үлкен тарих кітабы мәшһүр әрі өте құнды. Қазіргі қолдағы Табари тарих кітабы осы құнды кітаптың бір шии тарапынан қысқартылған түрі. 114.

167) МҰХАММЕД БИН ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ: Хазреті Әбу Бәкірдің ұлы. Анасы Әсма еді. Жәмәл және Сыффинде Имам Әлидің тарапында еді. Хазреті Әли заманында Мысыр әкімі болды. 38 жылы Амр бин Аспен соғысқанда 28 жасында Мысырда шәһид болды. Хазреті Айша (радиаллаһу анһа) хабар алғанда қатты қайғырып, «Ол менің бауырым әрі ахиреттік ұлым еді» деді. 121, 208, 303, 311.

168) МҰХАММЕД БИН ӘБУ ШӘРИФ ҚҰДСИ: Мұхаммед бин Мұхаммед бин Әбу Бәкір – шафии ғалымдарынан. 822 жылы дүниеге келіп, 905 [м.1499] жылы қайтыс болды. Көп кітаптары бар (рахимә-һуллаһу та'ала). 90.

169) МҰХАММЕД БИН ХАНАФИЯ: Хазреті Әлидің ұлы. Анасы Хаула. Хижреттің жиырма бірінші жылы дүниеге келіп, 71 жылы Мәдинада қайтыс болды. Табииннің ұлыларынан. Фиқһ ғалымы, уәра мен тақуа иесі еді. Әкесінің сүйіспеншілігіне қол жеткізген. Жәмәл соғысына араласқысы келмеді, дегенмен «Әкеңнің тарапының дұрыс екеніне күмәнің бар ма?» сөзіне орай әкесінің қасында соғысты. Абдуллаһ бин Аббаспен бірге Ибн Зубәйрге биат етпеді (бағынбады). 22, 79, 125, 171, 204, 223, 345.

170) МҰХАММЕД БИН МАХМУД БАБЕРТИ: Әкмәлуддин Мысри – Эрзурум маңында Байбурдта 712 жылы дүниеге келіп, 786 [м.1384] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). «Фиқһ-и әкбар» кітабын, Нәсәфидің «Мәнар» кітабын, «Мәшарикул әнуар» кітабын және басқа да көптеген кітаптарды шәрһ еткен. Хидаяға «Иная» атты шәрһ жазған. Әр түрлі кітаптар да жазған. 125.

171) МҰХАММЕД БИН ЮСУФ СИННУСИ: Имам Хасанның ұрпағы. Шәриф. 895 [м.1490] жылы қайтыс болды. Кәлам және ақида бойынша әр түрлі кітаптары бар.

Алжирде Шазилидің бір тармағы болған «Синнуси»-ді құрған Мұхаммед бин Әли Синнуси басқа адам болып, ол 1206 жылы Жәзаирде туылып, 1276 жылы Бингази шөлінде қайтыс болған. 89.

172) МҰХАММЕД ЖӘУАД: Мұхаммед Тақи – он екі имамның тоғызыншысы. Имам Әли Ризаның ұлы. 195 жылы Мәдинада дүниеге келіп, 220 [м.835] жылы Бағдатта қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Халифа Мәмунның күйеу баласы еді. 311.

173) МҰХАММЕД ХУСРИ: Ханбали еді. Мұхаммед Шиблидің шәкірті болған. 371 жылы қайтыс болды. 270.

174) МҰХАММЕД ПАРИСА: Мұхаммед бин Мұхаммед бин Махмұд хафыз Бұхари – Бахауддин Бұхаридың алдыңғы қатарлы шәкірттерінің бірі. 756 жылы дүниеге келіп, 822 [м.1419] жылы қайтыс болды. 822 жылы қажылыққа бару үшін Бұхарадан шықты. Бір жылда Меккеге жетіп, қажылығын орындады. Сол жерде ауырып қалды. Уәда тауафын әрең орындады. Сөйтіп Мәдинаға барды. Ертеңіне қайтыс болды. Бурсада шейхулислам болған Шәмсәддин Фәнари оның жаназа намазына қатысты. Ол хазреті Аббастың кесенесінің қасына жерленді. Зәйнеддин Хафи Мысырда тас жасатып әкелді. «Тасаууфқа қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Ислам дініне бағыну арқылы» деп жауап берген. Парсы тіліндегі «Рисала-и құдсия» және «Тухфәт-ус саликин» кітаптары басылған. 124.

178) МҰХАММЕД ШАЙБАНИ: Әбу Абдуллаһ Мұхаммед бин Хасан – ханафи мазһабының имамдарының бірі, үлкен мүжтәһид болған. Әкесі шамдық болса да Иракқа барып, Уасытта орналасқан, Имам 135 [м.752] жылы сол жерде дүниеге келген. Бағдатта Имам Ағзам Әбу Ханифаның дәрістеріне жылдар бойы қатысқан, Әбу Юсуфтың дәрістерінен де білім алған. Көптеген кітап жазған. Харун Рашид оны аса құрметтейтін. Халифа Хорасанға барғанында оны өзімен бірге алып барды. 189 [м.805] жылы Рәй қаласында қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Жаназа намазын халифа оқыды. Имам Шафии Бағдатқа келгенінде халифаның алдында Имаммен сұхбаттасты. Оның білімі мен зеректігіне таңқалды. 45, 53, 59, 182, 346.

176) МУХӘЛЛӘБ: Табииннің ұлыларынан. Басрадан еді. Адамдар арасында ақылы мен ержүректігі танымал еді. Ол харижилермен көп соғысты. Басраны олардан қорғады. 79 жылы Хорасан әкімі болды. 83 [м.702] жылы сол жерде қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Хазреті Муауия заманында Самарқанд алынған кезде Саид бин Осман бин Аффанның қолбасшылығындағы әскерде көп қаһармандық көрсетіп, бір көзі жараланған болатын. 62.

177) МУХИДДИН АРАБИ: Шейх әкбар Мұхаммед бин Әли – тасаууф ғұламаларынан. 560 жылы Андалусияда дүниеге келіп, 638 [м.1240] жылы Шамда қайтыс болды. Захир және батын ілімдерінде кемел еді. Фиқһ және кәлам ілімдерінде мүжтәһид еді. Ол Конияға барып, Садреддин Конеуидің жесір қалған анасымен некелескен еді. Оның зеректігі, есте сақтау қабілеті ғажайып еді. Сұлтандардан, әкімдерден, мырзалардан көп құрмет көретін, көп сыйлық алатын. Бәрін мұқтаждарға тарататын. Ол көп кітап жазды. Жазбаларын түсіне алу үшін ғалым болу қажет. «Футухат-и меккия» кітабы жиырма томнан тұрады. «Фусус» кітабы өте танымал. «Мусамерат» кітабы бес томнан тұрады. Бес жүзге жуық кітап жазған (қаддәсаллаһу та'ала сирраһул азиз). 153, 155, 214, 215.

178) МҰРАД МҮНЗАУИ: Әйюб Сұлтан мен Эдирнекапы аудандары арасында Нишанджы Мұстафа паша даңғылындағы «Шейх Мұрад» медресесінде білім жайып, халыққа дінді үйрететін еді. Бұл медресені шейхулислам Минкари зада Яхия мырзаның күйеу баласы Кенгирли Мұстафа мырза медресе ретінде жасатып, оның ұлы Әбулхайр мырза 1144 жылы шейхулислам болып, 1154 [м.1741] жылы қайтыс болғанда медреседе әкесінің қасына жерленген. Мұхаммед Мұрад (қуддиса сиррух) 1055 жылы Кабулда дүниеге келіп, жоғары білім алған соң қажылыққа барды. Кейін Үндістанға барып, Мүжәддиди Мұхаммед Масум Фаруқидың [1007-1079] (қуддиса сиррух) жүрекке нәр беретін сұхбаты мен назары аясында дәрежесі көтеріліп, қайтадан қажылыққа, үш жылдан кейін Бағдат, Исфехан, Бұхара, Бәлх, Самарқанд, Мысыр, Шам және 1092 жылы Стамбұлға барып, хазреті Халид (радиаллаһу анһ) аймағында бес жыл бойы білім беріп дінді жайды. Шам жолымен төртінші қажылығын жасап, 1120 жылы қайтадан Стамбұлға барып, Сұлтан Селим (рахметуллаһи алейһ) аймағында Баджаклы ефенди деген жерде орналасты. 1132 [м.1719] жылы қайтыс болып, Әбулхайр мырза тарапынан медресесінің дәрісханасына жерленген (қаддәсаллаһу та'ала сирраһул азиз). Мұрад Мүнзауи (қуддиса сиррух) туралы мағлұматты «Қадири хана» атымен танымал ханекаһ-и Исмаил Румидың (қуддиса сиррух) қадірменді шейхтарынан және екінші Сұлтан Абдулхамид ханның [1258-1336 хижри, Чемберлиташта Сұлтан Махмұд кесенесінде жерленген] шейхтар мәжілісінің басшысы шәриф Ахмед Мухиддиннің [1327] «Стамбұл медреселері» рисаласынан алдық. Үлкен еңбек және жанкештікпен даярланған бұл рисала Стамбұл халқына ғасырлар бойы фәйз бен білім шашқан жүздеген әдептілік пен қасиеттілік қайнарын, бұларда жарқыраған мыңдаған білім мен нұр көздерін және бұлардың жүректерін жарқындатқан замандарды тамаша өнермен көрсеткен, шын мәнінде құнды тарих қазынасы. Мұрад Мүнзауидің (қуддиса сиррух) білімнің, тарихтың құнды ескерткіші болған мүбәрәк кесенесі қирайын деп тұрған кезінде 1402 [м.1982] жылы әскери үкімет тарапынан қайта жөнделіп, қалпына келтіріліп, безендірілген. 141.

179) МУРРӘ БИН КА’Б (радиаллаһу анһ): Асхаби кирамнан. Шамда орналасты. Елу жетінші [57] жылы қайтыс болды. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жетінші атасының есімі де Муррә бин Ка’б еді. Оның бір ұлынан «Бәни Махзум», екіншісінен «Бәни Тәйм», үшіншісінен «Бәни Хашим» тайпалары пайда болды. Расулуллаһ үшінші, Әбу Бәкір екінші, Әбу Жәһл бірінші тайпадан. 122.

180) МҰСА КАЗЫМ: Имам Жафәр Садықтың ұлы. Он екі имамның жетіншісі. 129 жылы Мәдинада дүниеге келіп, 186 [м.802] жылы Бағдатта қайтыс болды. Казмия деп аталатын жерде жерленген. Зухды мен тақуалығы, жомарттығы мен кеңпейілдігімен танымал. Саясатқа мүлде араласпаған болса да халифа Мұхаммед Мәхди оны Мәдинадан Бағдатқа әкеліп қамап қойды. Кейін халифа Харун да қамауға алып, ол зынданда қайтыс болды. Казимия ауданы Бағдаттың он километр солтүстік-батысында Дижлә (Тигр) өзенінен бес километр ішкі жақта. Кесенесі өте әдемі, әшекейлі болып, қасында үлкен мешіті бар. Тигр жағалауында Имам Ағзамның кесенесі бар. 36, 158, 311, 318, 389.