19 - Шәууал, 1445 жыл.
     28 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Уәжіп

Орындалуы парыз сияқты нақты әмірлер. Мұндай әмірлердің Құрандағы дәлелдері парыздардағыдай ашық емес. Құран кәрімде ашық білдірілмеген немесе бір сахабаның нақты білдіруімен түсінілген әмірлерге уәжіп делінеді. Уәжіптер занни дәлелдерге, яғни астарлы түрде бұйырылған дәлелдерге сүйенеді. Шафии мазһабында уәжіп делінген кезде фарз түсініледі.

Үәжіпті тәрк ету тахримән мәкрух яғни харамға жақын мәкрух. Уәжіпті орындамаған адам тәубе етпесе тозақта азапталады. (Ибн Абидин)

Намаздың уәжіптерінің бірін біле тұра орындамау намазды бұзбайды бірақ күнә болады. Ал ұмытып орындамаған адам сәһу сәждесін (ұмыту сәждесін) жасайды. Парыздың алғашқы екі рәкатында зәм сүресін (фатихадан кейін оқылатын сүрені) оқуды ұмытқан адам үшінші және төртінші рәкаттарында оқып, кейін сәһу сәждесін жасайды. Соңғы рәкатта отырмай орнынан тұрған адам сәжде етпей есіне түсетін болса дереу отырады, отыруды кешіктіргені үшін сәһу сәждесін жасайды. (Тахтауи)

Терминге сілтеме


Уәсуәса

Зиянды болған күмән, шүбһә, жаман ой дегенді білдіреді.

       Құран кәрімде былай делінеді:

       «Жыннан шықса да, адамбаласынан шықса да, адамдардың көкірегіне (көңліне) уәсуәса беретін ханнастың (шайтанның) жамандығынан адамдардың Раббысына сиынамын.» (Нас сүресі)

       «Шайтан көңілге уәсуәса береді. Аллаһтың есімі зікір етілгенде, айтылғанда қашады. Айтылмаса уәсуәсасын жалғастырады.» (Хадис шәриф - Бәриқа)

       «Періштеден келетін илхам, Исламға сай болады. Шайтаннан келетін уәсуәса Исламнан айрылуға себеп болады.» (Хадис шәриф - Бәриқа)

      «Уәсуәса шайтаннан келеді. Дәрет алғанда, ғұсыл алғанда және нәжістен тазаланғанда шайтанның уәсуәсасынан сақтаныңдар». (Хадис шәриф - Бәриқа)

       Кір жуғанда, су қолданарда бұл су таза ма екен деп уәсуәса ету (күмәндану) уәра емес (тақуалыққа жатпайды). Сыддықтар бұлай уәсуәса етпейтін. Әр тапқан суларымен дәрет алатын. Киімінің, судың тазалығына уәсуәса ету рияға (мақтаншақтыққа) жол ашады және нәпіске ұнамды келеді. (Имам Ғазали)

       Халал жеген адам илхам менен уәсуәсаны бір-бірінен ажырата алады. Уәсуәса - дұға және зікір ету арқылы азайып жоқ болады. Уәсуәса мен илхам тұрақты болмайды. (Мұхаммед Хадими)

Терминге сілтеме