2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Өліге Ясин сүресі оқылса, азабы жеңілдейді

Өліге Ясин сүресі оқылса, азабы жеңілдейді

Құнды діни кітаптардың барлығында «Өліге арнап жасалған ғибадаттың, қайырымдылықтың, оқылған Құранның, салауаттың, тәсбихтердың сауабы, етілген дұғалар өліге барады» делінеді.

Өліге арнап Құран кәрім, салауат, тәсбих оқып сауабын бағыштауға, дұға етуге, құрбандық шалуға, оның атынан нәпіл қажылыққа баруға, садақа беруге, мешіт, мектеп салу секілді қайырымдылықтың сауабын бағыштауға болады. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Өлі қабірінде теңізге құлап, батып бара жатқанда көмек сұрап айқайлаған адамға ұқсайды. Батып бара жатқан адам кім құтқарады екен деп біреуді күткеніндей өлі де ата-анасы, бауыры, достарынан келетін дұғаны күтеді. Оған дұға келгенде дүниеге және дүниедегілердің барлығына қауышудан да көбірек қуанады. Аллаһу та'ала өмір сүріп жатқандардың дұғаларының себебімен өлілерге таудай рақымдылығын береді. Тірілердің өлілерге сыйлығы – олар үшін дұға мен истиғфар ету». (Дәйләми).

Бір күні хазреті Әнәс «Йа, Расулаллаһ, өлілеріміз үшін жасаған дұғаларымыз, берген садақаларымыз, барған қажылықтарымыз секілді амалдарымыздың сауабы оларға жетіп бара ма?» деп сұрағанда «Иә, өлілерге жетіп барады. Сендерге табақпен сыйлық келгенде қалай қуансаңдар, олар да солай қуанады» деді. (Рәддул мухтар).

Кейбір адасқан сенімдегілер айтып жүрген «Өлі топыраққа айналып кетті» деген сөздің мәні жоқ. Сауап денеге бара ма? Сауаптың бәрі рухқа тиеді. Ал рухтар өлмейді. Қабірде топыраққа айналған өлі оған берген сәлемге жауап береді. Өйткені өлген рух емес, дене. Хадис шәрифте айтылған:

«Өлі зиярат етіп келген адамын таниды және сәлеміне жауап береді». (Ибн Әбиддуния).

Өліге Құран оқылғанда оның сауабы көбейеді. Өлі өте күнәһар болып, азабы ауыр болса, Құран оқылғанда оның азабы жеңілдейді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Өліге Ясин сүресі оқылса, азабы жеңілдейді». (Дәйләми).

«Ата-анасының немесе біреудің қабірін әр жұма күні зиярат етіп, «Ясин» сүресін оқыған адамға Аллаһ Ясиндегі әрбір әріп санындай кешірім танытады». (И.Рафии).

«Кімде-кім мазардың қасынан өткенде он бір рет «Ихлас» сүресін оқып, сауабын өлілерге бағыштаса, оған өлілердің санындай сауап беріледі». (Әтфал-ул мүслимин Имам Биргиуи).

Мазарда Құран кәрім оқу сүннет. (Сәйид Ахмед Тахтауи).

Мазарда дауыстап немесе іштей «Мүлк» сүресін немесе басқа да сүрелерді оқуға болады. (Захира).

Құран кәрімнің дауысын естіп өлінің рахаттануына ниет еткен адамның дауыстап оқуына болады. (Хания).

Осыншалықты құнды деректен аңғарылғаны бойынша мұсылман өлілерге жіберілген дұға, қайырымдылық және әр түрлі сауап оларға жетіп барады.